жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-баба өнері
Бекітемін:
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп___№_28Мерзiм___Тақырып
«Ата-баба
өнері»
Құндылық. Ақылды болуға
үйрету. Қасиеттер .Қызығушылық
Мұғалiм_Маңғыбаева Салима Аманқосқызы.. Сынып 4а_Оқушылар саны_24___
|
Сабақ мақсаты: Оқушылардың « өнер құндылығы» туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: — Ата-баба өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; — Қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру; — Қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға,сақтауға тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,түсті қағаз,қайшы. |
2.мин |
|
1.Ұйымдастыру бөлімі: Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме? Оқушылар. Көңіл-күйлеріңіз қалай.? Оқушылармен танысу,оқушыларды түгендеу. |
2мин |
|
2.Шаттық шеңбері. — Бүгін халқымыздың дәстүрі бойынша ұл балалар бір-бірімен қол алысып,төс қағыстырып амандасады.Ал қыздар,бір-бірімен бас иіп сәлемдеседі. Сергіту сәті. |
4мин |
|
3.Әңгімелесу. 1.Ата-баба өнері дегенд.і қалай түсінесіңдер? 2.Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар? 3.Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай? |
4мин |
|
4.Мәтінмен жұмыс. Өсиет әңгіме. — Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар? — Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды? |
5мин |
|
5. Дәйексөз. «Еңбек-өнер өрісі.Өнер-өмір жемісі». Еңбек өнерді өрістетеді,ал өнер өмір жемісі дегені-ол ата-бабамыздан келе жатқан мұра. Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Әр өрнектің астарында мағыны болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
|
5мин |
|
6 Шығармашылық жұмыс. « Суреттерге қарап, оюдың қай түрі екенін әңгімелеп беріңдер, және өздеріңе ұнаған ою түрлерін дәптерлеріңе түсіріңдер.»..Дәйексөз. «Еңбек-өнер өрісі.Өнер-өмір жемісі». Еңбек өнерді өрістетеді,ал өнер өмір жемісі дегені-ол ата-бабамыздан келе жатқан мұра. Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. Әр өрнектің астарында мағыны болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады. |
5мин |
|
7.Ойын:
Ал енді балалар, қазір
сендермен бірге «Кім зейінді?» деген ойынды ойнап жіберейік. 2.Ойын: Дұрысын тап ойыны, балалар суретке қарап өнердің қай түрі екенін іңгімелеп береді.
|
5мин |
|
8.Тыныштық сәті. Оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі, баяу музыка қоюға болады.Мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады. — Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып ,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа , махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашыңдар! |
5мин |
|
9.Үй тапсымасы: Ою хан мен Жою хан. |
3мин |
|
10.Қорытынды: Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал – мәтелі, тиым сөздері – тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әде т – ғұрып пен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің қайнар көзіне айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз |
5мин |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген