Мазмұны
Аннотация............................................................................................................3-4
Кіріспе ..................................................................................................................5-6
Негізгі бөлім
2.1 Ұлттық қолөнер туындысының бірі ер-тұрман........................................7-8
2.2. Ертоқым түрлері...........................................................................................9-10
2.3. Ертоқымның жабдықтары.........................................................................11-14
Қорытынды..........................................................................................................15
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................16
Пікір........................................................................................................................17
Қосымша
Аннотация: Зерттеу ер-тұрман туралы толық мәлімет беруге бағытталған: қазақтың дәстүрлі қолөнері, ағашты ұқсату, ер қосу, ердің түрлері, ер-тұрман жасау және ағаш шеберлігі өнерін үйрету. Осындай ұлттық құндылығымызды дәріптейтін, атқа міну, оны қолға үйрету мәдениетінің Ұлы далада қалыптасқанының куәсін, ер тоқым арқылы көрсете отырып, этномәдениеттің тамыры қазақ даласында жоғары дәрежеде дамығанын жан-жақты саралап көрсету.
Аннотация: исследование направлено на то, чтобы дать полную информацию о седле: казахские традиционные ремесла, обработка дерева, добавление седла, виды седла, изготовление седла и обучение искусству столярного мастерства. Всесторонне дифференцировать корни этнокультуры в казахской степи, отражая через седло, историю становления в Великой степи культуры верховой езды, ее рукоделия, воспевающей такие национальные ценности.
Abstract: The study aims to provide complete information about the saddle: Kazakh traditional crafts, woodworking, adding a saddle, types of saddle and teaching the art of carpentry. To comprehensively differentiate the roots of ethnoculture in the Kazakh steppe, reflecting through the saddle the history of the formation of horse riding culture in the Great Steppe, its handcrafts, glorifying such national values..
Жұмыстың мақсаты:
Ер тоқымның шығу тарихы жөнінде жан жақты зерттеулер жүргізе отырып Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар екенін тереңірек қарастыра келіп, Ұлы Даланың кең сахарасында атқа міну, жылқыны қолға үйрету, мәдениеті қалыптасқанын, сонымен қатар Қазақ халқының өмірінде ер тоқым ат әбізелдердің алатын орыны ерекше екенін болашшақ ұрпаққа көрсету.
Ғылыми жаңалығы:
Ертоқымды көне заман көшпелілерінің дамытқан өнер туындысының бірі деуге болады. Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан құнды жәдігерлерінің бірі Ертоқым туралы болашақ өзім теңдес құрбыларыма тереңірек түсіндіріп беру жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі:
Адамзат тарихында атқа алғаш ауыздық салып, айшылық жерді. Ұлы дала төсінде адаспай тауып баратын көшпенділердің өнер таңқыштылығыда өзінше бір төбе болғанын көреміз. Арғы түбі аңызбен байланған, бергісі нақты айғақтарға құрылған ер-тоқымның адам ағзасына да, пайдалы екенін анықтап, ертұман жасау кеңінен қолға алынды. Бұл дегеніміз жұмыстың өзгешілігі болып табылады.
Кіріспе
Қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалатын үй және тұрмыстық бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардың жасайтын бұйымдарына қарай "үйші", "ерші", "арбашы", "ұста", "саз аспапшы" деп атаған. Көшіп қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат, соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше.
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы ат әбзелдерін ою-өрнекпен көркемдеп безедіріп отырған.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер.
Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.
Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауды талап ететіні белгілі.
Ер дегеніміз – салт атқа мінуге арналған ат әбзелдерінің негізгі құралы. Ертоқым мінген адамға жайлы әрі аттың арқасына батпайтын, жүріске бөгет болмайтын болуы шарт
Ел арасында сапалы ер-тұрманға деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантпай қоймайды. Бұл ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны сақтап, төл өнерімізді өркендетуге деген ықыластың артқанын аңғартады. Ұлттық қолөнерді дамытудың экономикалық тиімділігі де жоғары болмақ. Елімізге келген шетелдік туристер ең әуелі айқара көзге ұратын қазақтың ұлттық құндылықтарына айрықша қызығушылық танытатыны сөзсіз.
Қазақ тарихына тың көзқараспен түрен салатын дәуір туды. Елбасы еуропацентристік көзқарастан арылып, осы уақытқа дейін түрлі саяси ықпалдың салқынында қалып, бас қамын ойлаған кейбір ғалымдар есебінен бұрмаланып келген ақтаңдақ тарихты түгендеуді, сақтар мен ғұндар заманынан жеткен жәдігерлерді, бес қаруы бойында жүрген батыр бабалар жайлы бұлтартпас деректерді жан-жақты жинақтауды міндеттеді.
Бұл туралы Тұңғыш Президент өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында індете тоқталып, ғылыми тұрғыдан түсінікті де тиянақты әрі шынайы деректер ұсынуды меңзеді. Қазақтың қарт тарихын қаузаған мақалада жаһандық мәдениеттегі орнын айшықтау мақсатында ат әбзелдерінің ішінде ер-тұрманның ерекшеліктеріне айрықша назар аударылады.
Адамзат тарихында атқа алғаш ауыздық салып, айшылық жерді Ұлы Дала төсінде адаспай тауып баратын көшпенділердің өмірі еуропалықтар үшін талай ғасыр жұмбақ болып келді. Азияның ат құлағында ойнаған рухты халқы жайлы жазба дерек өте көп. Тұрмыс-тіршілігін етене зерттегендер де, сауда-саттықпен жолай соққандар да көшпенділердің кең танымына тоқталып, Ұлы Дала заңдылықтары туралы таңдай қаға жазып кеткен. Ал ер-тұрманның қалай пайда болғаны туралы аңыз тіптен қызық. Нәтижесінде, бір деректерде Жәмшид деп айтылатын әскери қолбасшы қатқан қамырдың қалыбында ағаштан ер-тұрман жасауды бұйырыпты-мыс. Әрине, арғы түбі аңызбен байланған, бергісі нақты айғақтарға құрылған ер-тоқымның адам ағзасына да, төрт аяқты жануарға да пайдасы шаш етектен әрі жүрісті де бірнеше есеге жеңілдеткен.
2.1. Ұлттық қолөнер туындысының бірі ер-тұрман
Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым, желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген, шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан, пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады.
Ер-тұрманның көшпенділер өмірімен етене екенін ғылым мінберінен дәлелдеу үшін тағы да қазба материалдарына жүгінуге мәжбүрміз. Сондай-ақ, тарихи айғақтардың бас-аяғын жинақтап, бірізді байлам айтқан ғалымдардың түйіндеріне тоқталамыз. Зерттеушілер алғашында ердің жұмсақ болғанын, бір айылмен тартылғанын айтады. Яғни, кәдімгі қарабайыр жайдақ тұрман тәрізді жасалған. Жұмсақ ердің ішіне шөп, бұғының жүні салынған. Бұл туралы тарихшы А.Тоқтабайдың зерттеу материалдарында айтылады. Жер қойнауынан табылған кейбір құмыраларда ер-тұрманның суреттерін анық байқауға болады. Онда жұмсақ ер-тоқымның бейнесін ажырату оңай. Ал біздің заманға дейінгі мыңжылдықта ер-тоқымның әлдеқайда дамытылған, ағаштан жонылған, артық-кем тұсы жетілдірілген түрі тұрмысқа енді. Шетелдік зерттеушілерден қазақтың ер-тоқымына қатысты пікір білдірген ғалымдардың бірі Д.Савинов орта ғасырлардағы ат әбзелдерінің салмағы да артып, үлгісі де өзгергенін сөз етеді. Уақыт өте ат пен жауынгер арасын байланыстырған әдемі әбзел қазақ мәдениетінің басты көрсеткішіне айналады.
Біздің мемлекеттің өткенін толықтыратын тағы бір дерек – ғұндар дәуірінде биік бекіністерді бірнеше ер-тұрманды қабаттап салып, соның үстіне шығып тұрғызғаны жайлы жазбалар. Ел ішінде ершілер аталып кеткен ер-тұрман жасаушылар үлкен сұраныста болған. Әсіресе, екі күннің бірінде ер етігімен су кешетін сындарлы сәтте атты әскер үшін ер-тоқымның маңыздылығы жоғары. Арнайы шеберлер жасақталып, қайың, үйеңкі, қара ағаштан жонылып, әр түрлі әдемілікпен ерлер дайындалды. Оған кептіріліп, одан тұзды суға салынып, кейіннен қайнатылып қолданысқа берілетін бірнеше сүзгіден өтуін қосыңыз. Мұның бәрі кескілескен шайқаста, ұзақ жорықтарда, көшіп-қонуда бұйымның беріктігін қамтамасыз еткен. Қызығы, қазақ жерінде әр аймақтың шеберлері әртүрлі әдіспен жасаған. Мысалы, Сыр өңірінің ершілері өзенге жақын жүргендіктен балықтың сүйегін пайдаланған. Ал батыста қайың ағашы қолданылған. Шөлейтті жерлерде отқа қыздыру, қайнату арқылы сапасын арттырған. Өкініштісі, жалпылама жазғанымызбен, ердің ағашын қалай өлшегендігі, қандай қалыпты қолданғаны жайлы тарихи мәлімет жоқтың қасы. Ердің биіктігі, алдыңғы және артқы қасы, бұрыштары арнайы сүйеммен өлшенген. Ерлер мен әйелдердің ер-тұрманы екі бағытта жасалған. Адам отыратын аралығы шынтақ пен қол басына дейінгі аралықпен анықталса, қапталының ұзындығы қарыспен белгіленген.
Қазіргі таңда ер-тұрманға деген сұраныс азайып, медицина дамығанмен нақты қандай пайдасы барын анықтау ғылыми тұрғыда тұжырымдалған жоқ. Бас-аяғын жинақтай жеткізгенде, адамның тепе-теңдігін сақтауына, сан мен жіліншік еттеріне, тірек-қимыл жүйесіне пайдасы жайлы тарихи жазбалар бар. Жамбас сүйектерін қа¬тайтып, омыртқаның үне¬мі қозғалыста болуына оң әсер етеді. Ең басты¬сы, ер-тұрман – қазақ мәдениетін толықтырып тұрған үлкен олжа.
2.2. Ертоқым түрлері
Ашамай – баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Тепкішек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын. Сәнді болу үшін оның беті кестеленіп, шүберекпен астарланады.

Құранды ер немесе үйсін ері – құрап жасалатын ерді осылай атайды. Құранды ер бірнеше бөліктен құралады: ердің алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал, белдік ағаштан тұрады. Жетісу жерінде көп таралған. Мұны үйсін ері деп те атайды. Үйсін ердің – «дулат ер», «албан ер» деген екі түрі бар. Құс бас болып келеді.

Айбас ер немесе найман ері – сәні бөлек, салтанаты өзгеше. Өйткені, бұл ерге күміс мол пайдаланылады. Қызыл-қоңыр немесе көк-жасыл ақық тастар ердің алдыңғы және артқы қасына әдемі әр береді. Ер-тоқымның басы жарты ай пішінді болып келетіндіктен, айбас ер деп аталған. Ел арасында найман ер деген аты бар.

Үйрекбас ер немесе арғын ері – Арқа қазақтарында кең таралған. Ердің басы үйректің басына ұқсайды. Арғын ері деп аталады. Сыртынан қараған адамға суда жүзіп жүрген үйректі көз алдыңызға әкеледі. Қазір бұл үйрекбас ер-тоқым Көкшетау жерінде көп кездеседі. Бұрын сал-серілер көп мінген. Әшекейі мол.

Қозықұйрық немесе адай ері – Қырынан қарағанда ер-тоқымның бейнесі жас қозыға ұқсайды. Ел ішінде адай ері деген де атауы бар. Басқа ер-тоқымдарға ұқсамайтын жері – белдемшесі. Кіші жүздің қозықұйрығын айтып, көрсетіп кеткен адамның бірі – Әлкей Марғұлан. Оның кітабында қозықұйрық ердің бірнеше түрі кездеседі. Адай ері күміс пен асыл тастар бөлек, түйе сүйегімен әшекейленген.

ШАППА ЕР – жуан томардан бүтіндей шауып жасалатын ер. Қазақ ерінің көп түрі шаппа ерге жатады.
2.3. Ертоқымның жабдықтары
Қазақтың ер-тұрман жабдықтары сақ, ғұн, көне түрік тайпаларының жасап-пайдаланған ер-тоқымдарының тікелей жалғасы. Қазақ халқының XX ғасырдың басына дейін пайдаланып келген ерлерінің ұлгі-нұсқаларының саны 20-дан асады екен. Ұлттық мәдениетіміздің үлкен бір саласы ерлердің жасалу жолдары, технологиясы, ер-тұрмандардың аймақтық ерекшеліктері тіпті қарапайым «ер-тоқым», «ер-тұрман», «төрт-тұрман», «бес тұрман», «ат-анжам» қатарлы сөз тіркестері және ол нені білдіреді, тұрмандардың атаулары мен қолданылуы қатарлы мәселелер кешенді түрле қарастырылған емес. Қазақ ерінің ең көп тараған түрі негізінде бес бөлек етіп, көбіне қайың ағашынан жасалады. Бұл туралы халық өлеңінде:
...Көшкенде жылқы айдаймын жиыстырып,
Ер—тұрманның безендірілуіне байланысты жасаған материалына байланысты атауларға бөлінеді. Мысалы: күміс ер, алтын ер, лажылы ер т.с.с. бағдарлы ер әйелдер мінетін ердің алдыңғы қасына, айыл - тұрманның, қалишының алақанына, салып салпимақшарына, асыл тастан көз орнатып,
Ердің үзеңгі бауы, қанжыға құйысқандығы(бүлдіргі) болуға тиіс. Үзеңгі бау алдыңғы қастың етегінен кейінірек қапталдан тесіледі.Ал құйысқан байланатын бүлдіргі мен қанжыға қапталдың артқы қанатынан тесіп өткізіледі. Ер тоқымның құрамына: терлік, киіз тоқым,қайыстан өрілген айыл-тартпа,үзеңгі,құйысқан, өмілдірік және көрпеше мен қанжыға кіреді. Осының бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны толықтырып ер-тоқым атауына ие болады.
Жалпы ер-тұрманды атаулары бойынша былай жіктеуге болады:
Ер – ердің ағашы, сүйегі, қаңқасы ағаштан жасалады.
Қас – ердің алдыңғы және артқы шошайып тұратын бөліктері. Қазақ ерлерінде алдыңғы қас және артқы қас болады. Алдыңғы қас артқы қасқа қарағанда биіктеу келеді.
Қаптал – ат арқасына үйлесімді етіп жасалған екі қисық ағаш. Ердің алды-артына байланысты «қапталдың алды», «қапталдың арты» болып бөлінеді.
Үзеңгілік – үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.
Үзеңгі – атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.
Ертоқым тұрманындағы тоқымның өзі ерді жабдықтайтын бірнеше бөлшектерден тұрады: тебінгі тоқым, ішпек, ішкілік, терлік, өң және көпшік, өткерме сияқты төсеніш жабдықтары кіреді.
Тоқым – аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.
Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі.
Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады.
Тұрман – аттың жабдығы, сонымен бірге, қазақта әр аттың өзіне ғана арнап тұрман жасату ертеден келе жатқан дәстүр.
Жүген – атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.
Сағалдырық – жүгеннің ат алқымы астынан орап тұратын бауы. Сағалдырық жүгеннің ат басынан сыпырылып түспеуі үшін қажет.
Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы. Ер-тұрман жабдықтарының даму эволюциясында құр тоқымды атқа бір немесе екі айылмен тартып мінген заманда өрге, тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.
Құйысқан – өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.
Әшекейлі сыйкәделік қазақ ері
|
р/с |
Ер-тоқымның бөлшектері |
Материалы |
|
1. |
Алдыңғы қасы |
қайың |
|
2. |
Артқы қасы (керсен) |
қайың |
|
3, |
Бел ағашы |
қайың |
|
4. |
Қапталы |
қайың |
|
5. |
Құйысқандық пен қанжыға |
|
|
6. |
Үзеңгілік |
|
|
7. |
Үзеңгі |
Күмістелген металл |
|
8. |
Оқпан |
|
|
9. |
Нақышталған әшекей |
Күміс, асыл тастар |
Сыйкәделік қазақ ерін жасаудың технологиялық картасы
|
р/с |
Орындалатын жұмыс |
Графикалық кескіні |
Құрал-саймандар |
|
1. |
Көрсетілген өлшеvдегі қайың ағашынан дайындама дайындау |
|
Қарындаш, өлшеуіш сызғыштар, ара |
|
2. |
Алдыңғы қасы, бел ағашын, артқы қасын тұтастай шауып дайындау |
|
Балта, қашау, ара, шот балта, түрпі, шарық қағаз |
|
3. |
Екі қапталды жұқа тақтайдан шауып дайындау |
|
Ара, балта, шот балта, өлшегіш, қарындаш, түрпі, шарық қағаз |
|
4. |
Екі қапталды белағашпен алдыңғы және артқы қастарға бекіту |
|
Бұрғы, бұрауыш, бұрама шеге,өлшегіш |
|
5. |
Ердің үстін былғарымен қаптау, алдыңғы қасын күміс өрнекпен, асыл тастармен әшекейлеу |
|
Балға, шеге, былғары, түсті метал,асыл тастар, шапқы, егеу, бұрғы |
Қорытынды
Қорыта айтсақ, ер-тұрман жабдықтарын өндіру тәсілдері мен оны күнделікті өмірде пайдалану жолдары қазақ қауымының ежелден бергі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас мәселелерімен де тығыз байланысты. Сондықтан бұл жағдайларды этнографиялық тұрғыда жан-жақты зерттеудің ғылыми мәні мен айрықша дәлелдеуді керек етпейді. Алайда бұл мәселе бірқыдыру авторлардың жұмыстарында жанай ғана сөз етілгені болмаса, жеке түрде зерттелмейді.
Бұлардың көпшілігі қазақтың ер-тұрманы жайында жалпылама пірірлер айтып, көбінесе қазақ ершілерінің өнеріне таңданумен ғана шектелетін. Ал енді осы мәселені зерттеуге байланысты өзінің мазмұны жағынан жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінен оқшаулау тұрған жұмыстар қатарына соңғы оң жыл ішіндегі Қазақстан этнографтарының жазғандары жатады. Бұлардың әрқайсысында Қазақстанның жеке аймақтарында кездесетін ер қосу ісінің әртүрлі тәсілдері қысқаша баяндалған. Қазақ халқының ауызекі мұрасына үңілсек, ер-тұрманның көшпенділер мәдениетіндегі рөлін аңғару қиынға соқпайды. Аңыз-әпсана, батырлар жырынан бастап, дауылпаз жыраулардың шығармаларынан, би-шешендердің сөздері, мақал-мәтел мен бертіндегі қаламгерлердің прозасынан ер-тұрман антологиясын құрастыруға болады. Ендігі кезекте ер-тұрманның орны музейден табылмасын десеңіз, әр қазақ күнделікті тіршілігіне енгізіп, атқа міну мәдениетін жаппай жаңғыртуы тиіс. Тоқетер сөзімізді ат спортына көне үлгіден келе жатқан ер-тұрман үлгілерін қосып, жас ұрпаққа таныстыра отырып, мәдени кодымызды төрт тарапқа мәшһүр етейік деп түйіндегіміз келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Шаңырақ» энциклопедиясы
2. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері»
3. «Қазақтың ұлттық қолөнері»
4. «Білім және еңбек» журналы
5. «Мектептегі технология» журналдары
6. Қуаныш Тұңғатар «Жеті қырым-жеті ғылым» Ер-тұман
Зерттеу тақырыбы: «Ата мұрасы ертоқым-ұлттық жәдігер»
Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Еркіншілік ауылының ЖОББ мектебі » КММ 4 «ә» сынып оқушысы Анес Айдын
Пікір:
4 «ә» сынып оқушысы Анес Айдынның «Ата мұрасы ертоқым- ұлттық жәдігер» атты ғылыми жобасымен толыққанды таныстым. Халқымыздың материалдық мәдениетінің тамыры тереңде екенін көрсете отырып этномәдениеттің бір пұшпағы ат әбізелдері екенін толыққанды көрсете алған. Жалпы жұмыс тиянақты ғылыми тілде жазылған.
Пән мұғалімі: ......................Анес Хуандаг
![]()
8
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ата мұрасы ертоқым- ұлттық жәдігер»

шағым қалдыра аласыз