"Ата салтым - асыл мұрам"

Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Ата салтым - асыл мұрам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бағытында өткізілген тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директорының ТІЖО:

Сахаева А. Қ.

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Жексенғалиева Ғалия Нұртайқызы

Күні:

05.12.2024ж

Сынып:

3 «А» сынып

Қатысушылар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Ата салтым - асыл мұрам»

Сабақтың мақсаты

Оқушы бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар


Басталуы


















Басы

Топқа бөліну

5 мин











Ортасы

























Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген ата - бабаларымыз ұл - қыздарын сан алуан іс - әрекетпен жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып, мінуге жарағаннан бастап, «Қолғанат» деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндердежұлдызды аспанға қарап бағыт - бағдарды белгілеп, қоныс - суды дәл табуға үйреткен.

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрметтеуді, сүйіспеншілікті, ана тілін, дінін, тарихын, рухани мәдени мұраларын құрметтеуге арналған, қасиетті қара шаңырағымыз Еңбекші жалпы орта мектебінде өткелі тұрған «Ата салтым асыл мұрам» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!

Барлық оқушы:

Ата салтым асыл мұра, ардағым,

Бабалардың жалғастырып арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірлім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Қара жорға» биі

Топқа бөлу «Бір шәугім шай» әдісімен жүзеге асады

І топ: «Ұлттық салт дәстүр»

ІІ топ: «Киіз үй»

ІІІ топ: «Ұлттық аспаптар»

ІҮ топ: «Ұлттық тағамдар»

І топ: Көрініс: «Босаға майлау» дәстүрі

Әже: Даяна «Үйге қонақ келсе, ырыздығын ала келеді» деген, кәне, келін, қазан көтерейік.

Келін: Аиша Иә, апа, біз қазан көтеріп, ас мәзірін дайындап та қойғанбыз.

Әже:Даяна Кәне, жиналып дастархан басына келіңіздер. Әй, Берік, Бекжан, Ислам, кәне, дастарханға келіңдер.

Қонақтар: Сезім Сәлембердік! Армысыздар!

Ата: Мирас Амансыңдар ма, бақытты болыңдар, айналайындар!

Әже: Даяна Амансыңдар ма, қош келдіңдер! Жоғары шығыңдар!

Қонақтар: Сезім Қоныс құтты болсын! Келінжан, шаңыраққа шашу шаша ғой!

(Келін шашу шашады Кәусар)

Әже: Даяна Шай құйыңдар, астан алыңдар!

Ата: Мирас Дәмнен алыңдар.

Қонақтар: Сезім Ал, көрші қазақтың дәстүрімен мына босағаңызды майлауға келіп едік. Босағаңызды майлап жіберейін, көктің сары майын алып келдім. Босағаларыңыз майлы болсын, құт берекелі болсын, шаңырақтарыңыздан береке кетпесін!

Әже. Даяна Рахмет, көрші!

Қонақ: Сезім Осы үйде той болсын, осы шаңырақта үбірлі шүбірлі болыңыздар!

Әже: Даяна Рахмет, айтқандарыңыз келсін! Келін шырағым, «Қуыс үйден құр шықпа» деген бар, сый сыяпатымызды берейік!

Ата: Мирас Құдай қосқан көршілеріміз, қош келдіңіздер, іргеміз жарассын! Мен бата берейін.

Дастарқаның тоқ болсын,
Уайым-қайғың жоқ болсын!
Бақ-дәулет берсін бастарыңа,
Ғұмыр берсін жастарыңа!
Пәле-жала, ешқашан,
Жоламасын қастарыңа!
Аллаһу ақбар!

«Бес тас» ұлттық ойыны












Интербелсенді тақта арқылы оқушылар қосылып айтады.


https://vm.tiktok.com/ZMhXtaXmU/

Самаурын мен кеседен шайды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.




Көрініс













https://www.youtube.com/watch?v=0gadJtXsKww

Бес асықпен ойын ойналады




Топтық жұмыс

20 мин




























































































Тапсырма орындау

10 мин


Қорытынды

Рефлексия

Бағалау

5 мин

ІІ топ: Киіз үй құрылымын таныстыру

Нұрарыс: Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй.

Гүлімжан: Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Наргиза: Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретінде бейімделетін үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Жансая: Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр – бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жаққа баса бермейді.
2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Елжас: 3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

3d форматта үлкен экранда таныстыру

«Сақина» ұлттық ойыны

ІІІ топ: «Ұлттық аспаптар»

Алихан: Қазақтың ұлттық аспаптары дыбыс ерекшелігіне қарай ішекті-шертпелі, үрмелі, ұрмалы деп бөлінеді. Ішекті-шертпелі аспаптарға домбыра, жетіген, шертер, қылқобыз жатады.

Инара: Үрмелі аспаптар – қамысты қос сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық, керней, сыбызғы. Ұрмалы аспаптар қатарында кепшік, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау бар.

Данияр: Домбыра-қазақтың ұллтық аспабы.Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап.Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп,шешен сөйлеуге тырысқан.

Нұрасыл: Қобыз-ысқыспен ойналатын,қос ішекті ескі музыкалық аспап.Халық арасындағы аңыздарына қарағанда,бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген,күй атасы Қорқыттың есімімен  тығыз байланысты.

Әмір: Жетіген-жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ.Сондықтан оны,құлақ күйі жеті асықты ілгерілі-киінді орналастыру арқылы келтіреді.Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.

«Еркем ай» күйі

ІҮ топ: «Ұлттық тағамдар»

Қазақ халқының бақ-берекесі де, құт-несібесі де – бай дастарханы. Босағасынан аттаған жанды ас ауыз тигізбей жібермейтін, қонағын құдайынадай күтетін халқымыздың ас әзірлеу шеберлігі, етті сақтауы, малды баптауы, ұлттық тағамдарының жасалу технологиясының өзі – тұнған ғылым.  

Раяна: Төңкерме

Төңкерме тез әзірленетін әрі жеңіл тамақ. Қызып тұрған қазанға бидай ұнын себелей отырып қуырып, басқа ыдысқа салып алады. Сосын қазанға малдың  құйрық майын турап шыжғырады. Еріген май үстіне су, сүт құйып, әлгінде қуырылып, дайын тұрған ұнды қосып, тұз салып араластырады. Бұлар толық араласқанда қоюланып, дәмді әрі жұп-жұмсақ төңкерме дайын болады. Бұл тамақты табаққа салып, қасықпен жей беруге болады.

Аяна: Түте
Халқымыздың ұлттық тағамдарының бірі – түте. Бұл жаугершілік заманда  ойлап табылған тағам түрі болса керек. Етті әбден мейіздей қылып сүрлейді де, тұз сіңіп, қатып қалған соң, алдымен балтамен жентектеп шабады. Сонан соң келіге салып, түте түтесін шығарып түйеді. Бұл түте, әсіресе, жолда келе жатқанда тойымды тамақ саналған. «Аттың жалы, түйенің қомында» келе жатып, қоржынындағы түтеден алып, бірер толғаса, өзегі талмай жүре береді деседі. Бұл да - мүлде ұмытылған тағамымыздың бір түрі.

Тілеуберген: Қарын бөртпе

Аты айтып тұрғанындай, бұл қарынға салынып пісірілетін ұлттық тағам. Оны пісіріп дайындау үшін жас ет туралады. Сүйектері ұсақталып шабылады. Сосын айналдырылған қарынға тұз, бұрыш, жуа қосылып, аузын мықтап буады да қазанға салып, суға қайнатады. Оның дәмі қазанға асқан еттей емес, дәмді, хош иісті әрі жұмсақ болады. Қарынның ішінде пісірілгендіктен, өз нәрі өзіне сіңеді. Бұл да кәделі тағамдар қатарына жатады.

Ғалымжан: Май шұрқан

Бұл тағамға қазақтар семіз ет, құйрық шарбы, өкпе, бүйрек қосып қайнатып тұз, сарымсақ, бұрыш салып, үстіне талқан немесе ұн, құрт қосып, майлы тұздығымен жеген. Бұл тағам көбінесе жорықта, жылқы қостарында әзірленген. Бұдан соң май шұрқанды қамырдың ортасына ұсақ туралған майлы ет немесе жанышталған ет салып пешке де пісіруге болады.  Майшұрқанды пешке салып пісірерде мүмкіндігіне қарай, ұнды суға емес, сүтке, ол болмаса, жас сорпаға илесе, дәмді және құнарлы болады.

Әмина: Шыж-быж

Қазақта «Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық» деген нақыл бар. Бұл шыж-быж тағамына қатысты айтылған дүние. Әдетте жылқы сойылып жатқанда, қасапшылар қуырдақ дайын болғанша жылдам әзірленетін жеңіл тағам дайындайды. Шыж-быж соғымның бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап  шала пісіру арқылы дайындалады. Шыж-быжға жаңа сойылған малдың өкпе-бауырын, мойын, төстік етін, жүрек, бүйрегін, сондай-ақ ішек-қарынын да қосуға болады. Жалпы, бұл тағамды «ауыл үйдің арасында араздасып жүрген адамдар болса, солардың көңілін жарастырып жіберу үшін де даярлайды» деседі.

Қорытынды

«Салт – дәстүр – асыл қазынам» (дәстүрге байланысты тест сұрақтары)

«Қазақтың дастарханы» әні

Кері байланыс

«Сарқыт» алу арқылы сабаққа кері байланыс береді


https://www.mozaweb.com/kk/search


























Домбыра

https://youtube.com/shorts/Ho-FOkhCNlQ?si=el6UJijW1_dtW1uj

қобыз https://youtube.com/shorts/gAQuA9CVkqs?si=IoMA6r3FFfyGjtSI

саз сырнай https://youtu.be/tk0fP4KsrI0?si=sqcbMpyvUpknK67C

жетіген https://youtu.be/uWkXRqyfdTw?si=NrKyaIYwrl2nLyfj

асатаяқ https://youtu.be/uWkXRqyfdTw?si=NrKyaIYwrl2nLyfj

дауылпаз https://youtu.be/Q2JJoLZlyLE?si=Q8XzZceGBeJgcdUo
























https://wordwall.net/ru/resource/64165092


https://www.youtube.com/watch?v=OOL__JMO0ao


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?


ІІ топ: Киіз үй құрылымын таныстыру

Нұрарыс: Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй.

Гүлімжан: Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Наргиза: Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретінде бейімделетін үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Жансая: Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр – бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жаққа баса бермейді.
2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Елжас: 3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.
4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

3d форматта үлкен экранда таныстыру

ІІІ топ: «Ұлттық аспаптар»

Алихан: Қазақтың ұлттық аспаптары дыбыс ерекшелігіне қарай ішекті-шертпелі, үрмелі, ұрмалы деп бөлінеді. Ішекті-шертпелі аспаптарға домбыра, жетіген, шертер, қылқобыз жатады.

Инара: Үрмелі аспаптар – қамысты қос сырнай, саз сырнай, үскірік, тастауық, керней, сыбызғы. Ұрмалы аспаптар қатарында кепшік, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау бар.

Данияр: Домбыра-қазақтың ұллтық аспабы.Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап.Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп,шешен сөйлетуге тырысқан.

Нұрасыл: Қобыз-ысқышпен ойналатын,қос ішекті ескі музыкалық аспап.Халық арасындағы аңыздарына қарағанда,бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген,күй атасы Қорқыттың есімімен  тығыз байланысты.

Әмір: Жетіген-жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ.Сондықтан оны,құлақ күйі жеті асықты ілгерілі-киінді орналастыру арқылы келтіреді.Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.







ІҮ топ: «Ұлттық тағамдар»

Раяна: Төңкерме

Төңкерме тез әзірленетін әрі жеңіл тамақ. Қызып тұрған қазанға бидай ұнын себелей отырып қуырып, басқа ыдысқа салып алады. Сосын қазанға малдың  құйрық майын турап шыжғырады. Еріген май үстіне су, сүт құйып, әлгінде қуырылып, дайын тұрған ұнды қосып, тұз салып араластырады. Бұлар толық араласқанда қоюланып, дәмді әрі жұп-жұмсақ төңкерме дайын болады. Бұл тамақты табаққа салып, қасықпен жей беруге болады.

Аяна: Түте
Халқымыздың ұлттық тағамдарының бірі – түте. Бұл жаугершілік заманда  ойлап табылған тағам түрі болса керек. Етті әбден мейіздей қылып сүрлейді де, тұз сіңіп, қатып қалған соң, алдымен балтамен жентектеп шабады. Сонан соң келіге салып, түте түтесін шығарып түйеді. Бұл түте, әсіресе, жолда келе жатқанда тойымды тамақ саналған. «Аттың жалы, түйенің қомында» келе жатып, қоржынындағы түтеден алып, бірер толғаса, өзегі талмай жүре береді деседі. Бұл да - мүлде ұмытылған тағамымыздың бір түрі.

Тілеуберген: Қарын бөртпе

Аты айтып тұрғанындай, бұл қарынға салынып пісірілетін ұлттық тағам. Оны пісіріп дайындау үшін жас ет туралады. Сүйектері ұсақталып шабылады. Сосын айналдырылған қарынға тұз, бұрыш, жуа қосылып, аузын мықтап буады да қазанға салып, суға қайнатады. Оның дәмі қазанға асқан еттей емес, дәмді, хош иісті әрі жұмсақ болады. Қарынның ішінде пісірілгендіктен, өз нәрі өзіне сіңеді. Бұл да кәделі тағамдар қатарына жатады.

Ғалымжан: Май шұрқан

Бұл тағамға қазақтар семіз ет, құйрық шарбы, өкпе, бүйрек қосып қайнатып тұз, сарымсақ, бұрыш салып, үстіне талқан немесе ұн, құрт қосып, майлы тұздығымен жеген. Бұл тағам көбінесе жорықта, жылқы қостарында әзірленген. Бұдан соң май шұрқанды қамырдың ортасына ұсақ туралған майлы ет немесе жанышталған ет салып пешке де пісіруге болады.  Майшұрқанды пешке салып пісірерде мүмкіндігіне қарай, ұнды суға емес, сүтке, ол болмаса, жас сорпаға илесе, дәмді және құнарлы болады.



Әмина: Шыж-быж

Қазақта «Мың сіз-бізден бір шыж-быж артық» деген нақыл бар. Бұл шыж-быж тағамына қатысты айтылған дүние. Әдетте жылқы сойылып жатқанда, қасапшылар қуырдақ дайын болғанша жылдам әзірленетін жеңіл тағам дайындайды. Шыж-быж соғымның бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап  шала пісіру арқылы дайындалады. Шыж-быжға жаңа сойылған малдың өкпе-бауырын, мойын, төстік етін, жүрек, бүйрегін, сондай-ақ ішек-қарынын да қосуға болады. Жалпы, бұл тағамды «ауыл үйдің арасында араздасып жүрген адамдар болса, солардың көңілін жарастырып жіберу үшін де даярлайды» деседі.
















Киіз үй - халқымыздың атамзаманнан бергі ең жақын серігі, асыл белгісі болып саналады. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға шыдамды. Төбесі күмбез тәрізді болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды. Киіз үйдің сүйегі жасалатын «Үй ағашты» алты ай немесе бір жылда даярлайды. Үй ағашты жасайтын шеберді әдетте «Үйағашшы» деп атаған. Үй ағашы негізінен тал мен қайыңнан дайындалады.

Ең әуелгі сөзімізді сықырлауықтан бастағанымыз жөн болар.

Сықырлауық - (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп - шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады. Сықырлауық киіз үйдің басқа материялдары сияқты жиналмалы болады.

Кереге - киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын - ерісін, қысқалауын - балашық, ең қысқасын - сағанақ деп атайды.

Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.

Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.

Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.

Шаңырақ - киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.

Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі. Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын - шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.

Киіз үйдің макеті

Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады.

Киіз үйдің ішкі баулары

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш - екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан - керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл - арқан.

Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау - өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті - дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

Белбау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

Киіз үйдің шилері

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары - күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою - өрнектермен безендіреді.

Туырлық - керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.

Киіз есік - сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Түндік - шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.

Қазақтың киiз бұйымдары

Киiз басып, одан алуан түрлi дүние-бұйымдар жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi. Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген. Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяқ-қаптар жасаған. Одан кебенек, киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне киiздi мал жүнінен өңдеу арқылы қолданған.

Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз үйдiң iшi сыртын безендiруге арналған. Қазақтың қолданбалы әсемдiк қолөнерiнiң үлгiсi болатыны да осы заттар.

Олардың арасындағы неғұрлым кең тарағандары:

Киiз - ақ немесе басқа түстерден басылған, киiз үйдiң жабуына қажеттi туырлықтар, түндiктер және шаруашылыққа қажеттi бұйымдар жасайтын жұмсақ жүн;

Текемет - киiз үйдiң iшiне төселетiн жайма киiз;

Сырмақ - басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек, бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сырылып жасалатын төсенiш кiлем;

Тұс киiз - киiздiң үстiне барқыт қиындыларымен жапсырыла тiгiлiп, өрнектелген қабырғаға iлетiн кiлем.

Киiз қапшықтар, ыдыс-аяқ салатын аяқ қап, кебеже, сандық салатын әбдiрақаптардың тұрмысқа пайдалы болғандығынан да киiз үйдiң iшiн әдемiлеп, көркем безендiруде алатын орыны ерекше маңызды болды. Бұл жиһаздар көркемдiгiмен көз тартады. Жұқа ақ киiздiң бетiне еркiн орналасқан ою өрнек үлкен киiз кiлемдердегi қатаң тәртiппен жүйелi салынған күрделi кестелеулерге қарағанда жеңiлдiк, әдемiлiк және талғампаздықты сездiредi.

Жоғарыда айтылған қазақтың киiз үйіне қатысты жасалған бұйымдарының көптеген түрлерiн, олардың дайындау техникасын, ою өрнек сырларын және бояу түсiнiң шешiмдерiн сараптай келгенде, киiз басу және ағаш материялдарын өңдеу өнерi ұрпақтан ұрпаққа барған сайын жетiлдiрiле отырып, қазақтың халық шеберлерiнiң қазiргi жоғары дәрежедегi ұлттық өнерiн қалыптастырды деп қорытынды жасауға болады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2024
105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі