Бақытжан
АЙДОСОВА,
«Салтанат» сарайы
жанындағы қалалық
үлгілі кітапхана
меңгерушісі,
Ақмола облысы,
Көкшетау қаласы
Ата заң - тұрақтылық кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елінің Ата Заңы турасында: «Конституция біздің Тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін қалыптастырды. Мемлекеттің басты байлығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы танылды. Бұл құжатта елдің аумақтық тұтастығының, қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, заң үстемдігі мен демократияның қағидалары бекітілді. Жаңа қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудың құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары айқындалды», – деген болатын. Иә, әрбір құқықтық мемлекеттің негізі – оның Ата Заңы. Ол тәуелсіз елдің басты нышаны, құқықтық өзегі. Қазақ тарихында «Қасым ханның қасқа жолынан» басталып, «Есім ханның ескі жолымен», «Тәуке ханның Жеті жарғысымен» жалғасқан заңдық жүйе елдігіміздің шаңырағын шайқалтпай, іргетасының беріктігін қамтамасыз етті.
Конституция дегеніміз – елдің
саяси құрылымын, басқару формасын, территориясы анықтайтын құжат.
Ең басты мақсаты – азаматтардың құқығын белгілеп, оны қорғау. Қазақ
елінің жаңа тарихында екі Конституция болғанын білеміз. Тарихқа
жүгінсек, тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет 1993 жылы Ата
Заңымызды қабылдасақ, 1995 жылдың 30 тамызында жаңа Конституциямыз
күшіне енді. Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа құжат
қоғам өмірін құқықтық жағынан реттеп, еліміздің жан-жақты дамуына
кең даңғыл ашты.
Конституциямызда мемлекеттің ең басты құндылығы ретінде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады, сонымен қатар қазақстандықтардың ешбірі тілі мен діні, нәсілі тұрғысынан кемсітілмейтіні, заң алдында бәрі бірдей екендігі, сондай-ақ зайырлы сипаттағы ел екендігіміз тайға таңба басқандай жазылған. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату – тәтті ғұмыр кешуде. Бұл еліміздің бейбітсүйгіштік бағыт-бағдарын анық аңғартады.
Бірлік пен сенім – «Жаңа Қазақстанның» негізгі тірегі. Халқымызда ертеңге деген сенім, ауызбірлік, татулық пен тұрақтылық бар. Ендігі кезекте, алға қойған биік мақсаттарға жету жолында қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасау – қазақстандықтардың ортақ мақсаты әрі мүддесі. «Ата Заң – айбыным» дейтін отаншыл ұрпақ өсіп-жетіліп келеді. Бүгінгі жасалып жатқан жұмыстар – сол ертеңгі ел тұтқасын ұстар жастардың игілігі. «Мәңгілік ел» идеясының мызғымас негізі.
Қазақстанның әлемдік кеңістікте өзге мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын зайырлы қоғамымен ерекшеленетіндігін ескерсек, ел азаматтарының қандай да бір өкілі болмасын елім, жерім деген ұстаныммен мемлекет болашағына қызмет етіп, Ата Заңның адал, әділетті орындалуына жұмыла қызмет етуіміз керек. Елдің дамып өркениетке айналуы әрқайсысымызға қатысты.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мерекесінің қарсаңында «Ата заң - тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстелдің жүргізілу тізгінін ұстадым. Қоғамдық келісім мекемесінің мәжіліс залында өткен шараға Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің мүшелері, этомәдени бірлестіктер, заң, кітапхана саласының өкілдері және жастар қатысты.
С
өз алған
спикерлер Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен
насихаттап, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, жастардың
бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, халқымыздың алға
қойған мақсат-мүддесін жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктерді беретін
басты құндылығымыз Ата Заң туралы салиқалы пікірлерін ортаға салып,
пікір алмасты.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов қазақ мемлекеттілігінің іргетасының қалануы барысындағы реформаларға тоқталып, заман ағымына қарай бірнеше рет өзерген Конституцияның тарихын саралады. Жаңартылған Конституция аясында енгізілген бірқатар маңызды өзгерістер туралы кең ауқымды ақпарат берді.
Әділет департаментінің Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі жайлы Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілі Тоты Берлібекова тоқталды. «Белсенді ұзақ өмір орталығы» директоры, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің, Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл тәуелсіздігімізді айғақтайтын, нақтылайтын негізгі құжат – Ата заңның пәрменділігі төңірегінде терең ой толғап, елімізде тұрып жатқан көптеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының негізі осы құжаттың өзегінде жатқандығын атап өтті. Қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Наталья Зомолотских «Конституция – бейбітшілік пен келісім негізі» тақырыбында сөз бастап, қатысушылардың назарын Конституцияның елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі ретінде қалай қызмет ететініне, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілік мәселесіне аударды. Сөз алған «Ақмола облысындағы «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев «Ата заңымыздың арқасында біз тұрақты дамуға қол жеткіздік. Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, құқықтары мен бостандықтарының сақталуы — осы Конституцияның негізінде жүзеге асырылуда. Сондықтан, Конституцияның мәні біз үшін өте зор»- дей келе, өз көзқарасымен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар еліміздің даму жолындағы жетістіктер мен өзгерістерге негіз болған Ата Заңның рөлі, құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңыздылығы, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқылады. Шара соңында қатысушылар «Конституция - әділет пен парасат жолы» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата заң -тұрақтылық кепілі

шағым қалдыра аласыз