Ата заңым айбыным

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата заңым айбыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата заңым айбыным тақырыбына арналған сценарий дайыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту, рәміздерге деген құрметін арттыру. 

Көрнекілігі:  Елбасы Н.Ә.Назарбаев,Қ.Ж.Тоқаевтың суреті, мемлекеттік рәміздері,слайд, ән ұранның фонограммасы, жалаушалар.

Балалар, топқа музыка әуенімен, жалаумен кіреді, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:

Елдігімнің

Теңдігімнің – тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі

Алтын - арай таңым дей отырып,бүгінгі-конституция күні құтты болсын!
Жүргізуші:

Ән ұраным - жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік “Ән ұраны” орындалады.

Жүргізуші:

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің –
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.

Тақпақтар:

Елім менің киелі,

Бақыттымын өзіңмен.

Құттықтаймын қазағым,

Конституция күнімен.


Отаным менің жүрегім,

Жарқырай бер,жайнай бер.

Ата заңым,жыл сайын,

Мерекеңді тойлай бер!


Жүргізуші:

Қазақстан Республикасы тәуелсіз егеменді мемлекет.

Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды.

Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң, 30-тамызда 1995 жылы өз Ата-Заңымыз қабылданды.

30 тамыз күнтізбеге Ата заңымыз қабылданған күн ретінде енді.

Жүргізуші:сұрақтар қояды, балалар жауап береді.


-Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?


-Қазақстан ел-ордасы қай қала?

-Ел басымыз кім?


-Біздің Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?


- Жарайсыңдар балалар.

Жүргізуші:
Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, “Конституция күні” атты іс - шарамызды аяқтаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі