Атадан - өсиет, анадан қасиет. Тәрбие сағаты.

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Атадан - өсиет, анадан қасиет. Тәрбие сағаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Атадан - өсиет, анадан қасиет. Тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді


Тәрбие сағаты

«Ата-аналар мектебі» жобасы бойынша «Атадан-өсиет, анадан-қасиет»

Күні

02.04.2024 жыл

Сынып жетекші:

Мирманова А.К.

Сынып: 4 б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Ата-аналар мектебі» жобасы бойынша «Атадан-өсиет, анадан-қасиет»

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының ырым - тыйымдары арқылы адамгершілік құндылықтарды анықтау, тәрбиенің көзі ретінде пайдалану, ұлағатты ұлы сөздерді қазіргі жастарымыздың санасына жеткізу.Оқушыларды қазақ халқының ырым - тыйым сөздерін сақтап, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Оқушыларды пазл бөліктері арқылы 4 топқа бөлу.

Пазлдарды құрастырғанда қандай мақал-мәтелді оқыдыңдер?

Мағынасы қандай?

Мақал-мәтелдерден басқа бұрынғы ата-бабамыздан келе жатқан тағы қандай тәрбие құралдарын білесіңдер?

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді.

Психологиялық ахуал

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Ертегі, аңыз, тыйым сөздер

Пазл бөліктері

Сабақ басы


Әр ұлттың тарихи дамуында ерте заманнан қалыптасып, келе жатқан рухани асыл мұрасы әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы халықтың күн көрісі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр сипаты айқын көрінеді.  Ата-бабаларымыз өздері тіршілік етіп отырған орта, табиғат, тұрмыс-тіршілік болмысын, ел-жұрт арасындағы  қарым-қатынас, жақсы-жаман кезеңдерді ой елегінен өткізіп, әр кез оған деген өз  көзқарасын білдіріп отырған.  Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жеткіншек ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, олардың сана-сезімін, дүниетанымдық қабілетін дамытуды көздейді. Халқымыздың ғасырлар бойы жасасып, бізге жеткен асыл мұралардың бірі-тыйым сөздер. Олардан халқымыздың әдет-ғұрпы, наным-сенімін ғана біліп қоймай, бойымызға тәлім-тәрбие сіңіреміз. Тыйым сөздер мазмұны мен мақсатына қарай тұрмыстық-шаруашылық, еңбек, мәдени-гигиена, экологиялық тәрбие, әдеп мәдениетіне тәрбиелейді.


Бейнебаян


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады





Бейнебаян

Сабақтың негізгі бөлімі

Мұғалім ойын кезеңдерімен, шартымен таныстырады.

  1. кезең. Төрт қазан.

Экранда 4 қазан. Жоғарғы, төменгі, оң және сол жақта. Әр топ кезекпен қазан таңдайды. Қазанның ішінде ребус. Ребусты шешкен топ тыйым сөзін оқиды. Дұрыс тапса, 10 ұпай қоржындарына салады.

  1. кезең. Суреттер сөйлейді.

Экранда 4 ұяшық. Ұяшықтардың ішінде 2 картинкадан бар. Әр топ өз картинкасына қатысты тыйым сөз айтады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

  1. кезең. Топтастыру.

4 түрлі тақыраптағы тыйым сөздер жазылған қағаз планшет таратылады. Топқа түскен тақырыпқа қатысты тыйым сөздерді қоршап сызады.

  1. кезең. Қара қобдиша.

Ортаға 4 қара қобдиша әкелінеді. Қобдишаның ішінде зат бар. Сол қатқа қатысты тыйым сөз айтады және оның мағынасын ашады.


Ойын кезеңдерімен, шартымен танысады.





Ребусты шешіп, топбасшысы жауабын беретін оқушыны көрсетеді.



Берілген суреттердің мазмұнына қарай тыйым сөз айтады.



Планшеттен өздеріне берілген тақырып бойынша тыйым сөздерді теріп алады.


Қобдишаның ішіндегі затпен танысып, ол затқа қатысты тыйым сөздерді жазады.

Слайд


Таймер


Қара қобдиша


Қуыршақтың шашы


Нан


Тұз


Су


Планшет қағаз


Қаламсап, қағаз


Сабақтың соңы

Қызықты деректер. Германияда кім де кім су толтырылған бокалды денсаулық үшін көтерсе, ол қасындағылардың барлығына өлім тілейді деген сөз екен.

Францияда егер кім де кім иттің нәжісін сол аяғымен басып кетсе, ырыс-құты артады деген ырым бар екен. Егер оң аяқпен басып кетсе, бұл жамандықтың бастауы деген сөз.

Испанияда түн ортасы болған кезде, тұп-тура 12 түйір жүзім жеу керек деген ырым бар көрінеді. Сонда алдағы он екі ай бойы ырзық-несібеге кенеліп өмір сүруге болады деген түсінік қалыптасқан.


Бейнебаян.


Қорытындылау.

Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады.


Рефлексия


Сәттілік нысанасы”

























Сәттілік нысанасы”




Бейнебаян























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2024
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі