Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә.Тәжібаев «Толағай». Шығарманың отансүйгіштік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы- Ә.Тәжібаев «Толағай».Шығарманың отансүйгіштік мәні (2-ші сағаты)

Мақсаты:

1.Білімділік.

Шығарманың отаншылдық қасиетін ұқтыру, идеясы мен тақырыбын анықтау, Толағай бейнесін мысалдар арқылы ашу ,алған білімін өмірде қолдана білуге жағдай жасау.

2.Дамытушылық

Көркем сөйлеуге , көркем ойлауға баулу, әдеби ертегінің ерекшеліктерін айыра білуге ,мәтінді түсініп оқып, талдай білу деңгейіне жеткізу , дағдыландыру , оқушыларды өз ойын дәлелдей білу-

ге ,түйінді пікір айта білуге жаттықтыру.

3.Тәрбиелік.

Қазақстандық патриотизмге баулу , өз Отанын сүйе білуге , адал азаматы болуға тәрбиелеу , Толағай бейнесі арқылы адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап , талдау-жинақтау , салыстыру , көрнекілік , СТО элементтері

Көрнекілігі: интербелсенді тақта , кестелер , слайд , суреттер ,буклеттер , ақын суреті , Қазақстанның географиялық картасы.иллюстрациялық суреттер ,тірек сызба, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:тарих ,қазақ тілі , өзін-өзі тану , география

Сабақты барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тесеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

Балалар,өткен сабақта біз ақын Әбділда Тәжібаевтың « Толағай» деген ертегісімен танысқан болатынбыз.Бүгін біз сендермен осы тақырыпта ары қарай жұмыс істейтін боламыз. Мақсатымыз-«Толағай» ертегісін талдау арқылы ертегінің тәрбиелік мәнін,отансүйгіштік қасиетін анықтау.

Осы мақсатты орындау үшін біз қойылған бірнеше міндеттерді орындауымыз керек.

Ол үшін біз мәтінмен толық таныс болуымыз керек. Сауатты оқи білуіміз керек .

Екіншіден , сабақта белсенді болуымыз керек . Мәтіндегі түсініктерді, әдеби-теориялық ұғымдарды , ережелерді дұрыс қолдана білуіміз керек , қазақ тілінен , география,тарих , өзін-өзі танудан алған



білімдерімізді дұрыс пайдалана алуымыз керек , көңіл-күйіміз жақсы болуы керек және тәртіп сақтай білуіміз керек.

Сабақтағы бес «Т» есімізге түсірейік.

ТАТУЛЫҚ , ТЫНЫШТЫҚ ,ТӘРТІП , ТАЗАЛЫҚ , ТАЛАП.

ҰРАНЫМЫЗ: « Біз талапты баламыз,

Тыныштықты жақтаймыз ,

Тәртіптіміз, татумыз ,

Тазалықты сақтаймыз !

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру .

А) Мазмұнын меңгеру ,оқу, жоспар бойынша мазмұндау . Ә)Үзінді жаттау б) Ерлік туралы мақалдар тауып жазу (оны сабақ барысында қолданатын боламыз) ,теориялық материалды қайталау

ІY.Өтілген материалды еске түсіріп,пысықтау

1.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін еске түсірейік.

2.Ертегілер дегеніміз не және оның қандай түрлері бар еді ? Халық ауыз ертегілерінің түрлерін, ерекшелігін атаңдар.

3.Ертегілердің кейіпкерлері кімдер және мысал келтірейік ? Қиял-ғажайыптың шыншыл ертегілерден қандай айырмашылығы бар?

4.Ертегілердің жанрлық ерекшелігі қандай?

5.Ертегілердің аңыздардан қандай айырмашылығы бар?

6. Әдеби ертегі дегеніміз қандай ертегі ? Қандай әдеби ертегілерді білеміз?

7. «Толағай» ертегісінің авторы кім еді? Автордың басқа қандай еңбектері бар?

8. «Толағай» ертегісінің мазмұнын қысқаша есімізге түсіріп өтейік.

А) Оқиға қай жерде өтіпті? Қанша уақыт бұрын өтіпті екен ? Жоспар бойынша қысқаша мазмұндату.

Композициялық құрылымы:

Басталуы—Толағайдың дүниеге келгені

Дамуы-ерекше болып өсуі

Шиеленісуі- Халықтың күйзелісі , Толағайдың ел жағдайын ойлап қиналғаны



Шарықтау шегі-Толағайдың тауды көтеріп әкелгені,жаңбырды жауғызғаны,халықты шөл азабынан құтқарғаны

Шешімі- Отаны үшін мерт болғаны.

Жақсы,балалар, әдеби ертегінің қысқаша мазмұнын есімізге түсірдік.

Енді бұл ертегінің әдеби ертегі екенін қалай дәлелдейміз?

Жауап: 1 нұсқалы , авторы белгілі.

Сұрақ: Балалар , осы жырдың кейіпкерлерін атайықшы. Кейіпкер дегеніміз кім?

Кейіпкерлер:Саржан ,Айсұлу , Толағай , халық.

Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз.

Слайдпен жұмыс

Әкесі Саржан жырда қалай бейнеленеді? Тауып оқиықшы.

Анасы Айсұлу ше? (слайд)

Слайд:Отбасының өнегесі

Нақылдарды оқып,талдату.Міне,ендеше осындай тамаша ата-анадан тәлім алған Толағайдың бейнесін ашайық. Тақтаға кластер сызу.

Кубизм бойынша 1-топ

Портретін тауып оқиды.

Толағайдың сырт бейнесі қандай екен? Ажары қандай екен? Портретін тауып оқиықшы.

Түйін---------------сұлу,ажарлы,өңді,нұрлы

2-топ. Алыптығы,ерекше бала болғаны. Тауып оқиық.

Түйін----------алып, күшті,әлді,қарулы



3-топ.Толағайдың мергендігі

Мерген---------------------жебесі ұшқыр,мерген

4-топ. Батырлығы ----------қайсар,ержүрек

5-топ.Шыдамдылығы--------------сабырлы,ұстамды

Мейірімділігі--------------қамқор



Shape1 қайсар сабырлы

Shape3 Shape2 сұлу мерген

Shape5 Shape4

Толағай



Shape7 Shape6 әлді қамқор

Shape10 Shape9 Shape8 қарулы мейірімді

алып



Енді осы қасиеттерді тұрақты тіркестермен қалай беруге болады?

Батыл-жүрегінің түгі бар , сұлу- айдай сұлу , күндей толықсыған , жауырыны қақпақтай -күшті , денелі ,құралайды көзге атқан-мерген , ет жүрегі елжіреген-мейірімді ,ел қамын ойлаған-қамқор , жердей төзімді-шыдамды.

Міне ,балалар,Толағайымыз осындай батыр , қайсар , өжет,шыдамды , ақылына ажары сай , күшіне мінезі сай , мейірімді ,елі үшін жан қиған азамат екен.

Шығарманың басты тақырыбы- ел қорғау, қиын жағдайда еліне қамқор болу ,елін қиыншылықтан құтқару.

Идеясы-елін апаттан,азаптан құтқарған Толағайдың ерлігін мадақтау , паш ету.

Идея дегеніміз не?Автордың айтайын деген ойы.

Енді шығарманы құрылысы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасайық.

Салйдпен жұмыс

Әдебиеттің неше тегі бар? Тегі-3: эпос, лирика , драма.

«Толағай» -эпостық шығармаға жатады . Неге? Оқиға,сюжет,мазмұны,баяндауы бар.

Эпосқа тағы не жатады?Ертегі , аңыздар , поэма , дастандар

Жанры-поэма. Поэма дегеніміз не? Өлеңмен жазылған көлемі ұзақ шығарма.Түрі- әдеби

ертегі , автор өзі ерлік туралы дастан дейді.

Құрылысы-39 шумақ,234 тармақтан тұрады.Тармақ дегеніміз не? Өлең жолын тармақ дейміз.

Әр тармақта -6 жолдан бар екен ,2 шумағы-7 тармақты , 2шумағы-5 тармақты.

Енді шығармадағы тұрақты тіркестер , синоним ,теңеулерге назар аударайық.

Тапсырма

Топтық жұмыс.1-топ 1-үзіндіден теңеу, тұрақты тіркестерді табады.

2- топ 2- үзіндіден теңеу,тұрақты тіркестерді табады.

3-топ 3-үзіндіден теңеу,тұрақты тіркестермен жұмыс жасайды.

4-топ Мәтіннен әсірелеу, кейіптеу, анафора табады.

5-топ Мәтіннен синонимдер , аллитерация , ассонанс табады

1-топ Теңеу дегеніміз не? Ол қалай жасалады?

Теңеу

Тұрақты тіркес

Аты Айсұлу-ақ маралдай,

Күн нұрынан жаралғандай,

Туған айдай екі қасы

Ақ тістері ақ меруерттей

Қос жұлдыздай қос жанары

Жанған өрттей қос беті

Айы толды,күні жетті-босанатын уақыты болды,көңілі жақын- ниеттес,бетінің қаны тамып-нұрланып,қабырғасы қайыспайды-күшті,шөл қандырды-шөлін басу, тілге келді-сөйлесті



2-топ.Тұрақты тіркес дегеніміз не?

Теңеу

Тұрақты тіркес

Көбелектей от айналған,аждаһадай аузын ашқан, ұршықтайын үйірілгендей, тал шыбықтай майыстырып

Көз қызығар-қызығу,көз тартар,әдемі, тәтті ұйқыны бұзбау-оятпау,

Сұсы басты-сескенді,қорықты, көз алмады-қадалып қарады, әл кетіпті-әлсірепті,ашу қысты-қатты ашуланды,таяұ құрлы көрмей –елемей,езу тартты-жымиды , етке тиді ауыр қамшы-жанына батты,еткен еңбек ұшты желге-еңбегі босқа кету




3-топ

Тұрақты тіркестер

Көзін алмай-қадалды,

Сусынын қандырамын-шөлін басамын,екі беті гүл-гүл жанды-жайнады,нұрланды,көңілі сүйген-ұнатқан,келген ізбен қайта оралды-қайта қайтты,жаны кірді-рақаттанды,құмары тарқады-рақаттанды,сыр бермеген-шыдаған,жас төге берді-жылады



4-топ Әсірелеу дегеніміз не? Құбылысты үлкейтіп айту.

Кейіптеу дегеніміз не ? Жансыз нәрсені жанды қып айту.

Анафора дегеніміз не?Өлең жолдарында бірінші сөздің қайталануы.



Әсірелеу

Кейіптеу

Анафора

Маңдайдан тер көл боп ақты,атқан оғы тасты уатты,темірден де өткізеді, түндік жерге жеткізеді, құйды жаңбыр,сел боп ақты,

Кеудесімен бұлт бөгеген, тау да басып шөге берді, түн қап-қара шашын жайды

Кім қалды екен егілмеген?

Кім қалды екен төгілмеген?





5-топ

Синоним

Аллитерация-дауыссыз дыбыстардың қайталануы

Ассонанс-дауысты дыбыстардың қайталануы

Айы толды-күні жетті-уақыты келді ,

Шетсіз,шексіз-ұшы-қиыры жоқ ,

Айналады,толғанады-еркелетеді , күлімдеді ,езу тартты-жымиды ,таңдап-талғап.

Темірден де өткізеді , түндік жерге жеткізеді, жылдар өткен жазғытұрым, таңдап жүріп тау жотасын ,талғай қарап орман-тасын, Толағайдың төңірегінде,толқындаған желмен бірге

Ел аузында ертеректен ертек болған қызық көптен,ерте солды гүл-бәйшешек, еркін өспей қуарды шөп,

Арқалады ауыр тауды , алыпты жұрт ардақтай-

ды ,алып атын бір атайды, алыпты тау басып жат-қан ,ана сүтін тас боп қатқан



Міне , балалар, шығарманың тілі осындай көркем екен. Мұнда балау-метафора , жауап тілемейтін риторткалық сұраулар да, эпитеттер де жеткілікті.

Риторикалық сұрау

Метафора

Эпитет

Кім қалды екен егілмеген?

Жалғыз ұлы-көз жанары,

Аң батыры-жолбарыс,

үлкен мысық,ұйықта,қозым

Ақ марал, кере қарыс,ақша маңдай,тәтті ұйқы,өр жолбарыс,қанды ауыз,жабырқаған жарлы қауым,асқар тау, ауыр тау



Сұрақ: Қандай салт-дәстүрлер кездесті?

Жауап:Отыз күндік мереке-той,отыз күн ойын,қырық күн тойын.

Бата беру

Балалар, Толағай сынды ел қамын ойлаған батыр қай ертегіде кездесіп еді?

Кендебай қандай кейіпкер? Слайдқа қарайық. Ұқсастығы,ортақ белгісі.

Айырмашылығы қандай? Венн диаграммасы бойынша жұмыс .

Shape12 Shape11

Толағай

Кендебай









Сонымен ертегідегі Толағай –қандай бейне?

Толағай- ел қамқоры,елін сүйген патриот, халықты ойлаушы.Түйінін тауып оқиықшы.»Алыпты жұрт ардақтайды,алып атын бір атайды,жылда жаңбыр жауған күні».

Тәуелсіз азат еліміздің Толағайы –сендерсіңдер. Еліңе қамқаор болатын болашақ-сендерсіңдер.

Шығармадан қандай ой түйдіңдер?

«Ер есімі ел есінде», «Халық батырын ұмытпайды».

Бүгінгі заманда Толағайлар бар ма?Бүгінгі заманның Толағайлары деп кімдерді айтуға болады? Спортшыларымыз,бейбіт күнде ерлік жасайтын батырлар.

Ертегі ұнады ма ? Егер жазушы болсаңдар , ертегіні қалай аяқтар едіңдер?

«Егер мен жазушы болсам....»

Сабақты бағалау,қорытындылау.Өлең оқыту

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12