15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атамекен - алтын бесік
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп: Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп Сынып:10 Оқушылар саны: 18
Мерзімі: 18.03.2018 жыл Мұғалім: Алхамова Ж.А.
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: № 23 кабинет
Тақырыбы: «Атамекен- алтын бесік»
Мақсаты: Ауылымыздың тарихымен таныстыру, ауылдағы ардагер және еңбек ерлері туралы айту және қазіргі ауылдың жеткен биігі туралы әңгімелеу. Оқушылардың бойында атамекенді құрметтеу сезімін күшейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
|
Ресурстары:(материалдары, көздері) Ауыл суреттері, ардагерлер мен еңбек ерлері туралы альбомдар Жыңғылды туралы видеоролик |
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары
1. Жыңғылды ауылы туралы тарихи деректер жинау, кітапханамен байланыс жасау және мұрағаттардан құжаттар сұрау. 2. Сынып сағатына қажетті әндер мен өлеңдер табу, оқушыларға шежіре білетін қариялардан мәліметтер жинауға тапсырмалар беру.
|
Талдау
|
Іс-шараны өткізудің жоспары Ұйымдастыру кезеңі: Сынып ішіне ауылдың ардагер ұстазы Базархан Сүйеуовтің ұлағатты сөздерін ілу. Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің, Қозы бағып, тау асып, дала кездім. Ауылым, қымбатсың-ау маған мәңгі, Қарашығы секілді қара көздің Базархан Суйеуов
Сынып ішіне жайлы атмосфера орнату.
Негізгі бөлім:
«Жыңғылдым » әніне түсірілген бейнебаян. Сөзі мен әні Е.Қорабаевтікі
Қоңыр тобы – «Туған жер» әні 1.Шөбі майса,жұрты жайсаң Туып кіндік кескен жер Жаңбыр жауса лай-батпағын Жалаң аяқ кешкен жер Алқам-салқам қой қайырып Тай-құлынмен лескен жер Қарның
тойса құрбыңды аңдып О-о-о қ-сы: Жұмақмекентуғанжер-ай Мыңжаялықжуғанжер Құртұрлатқанқалтаданбеу Шынбалалықдуман бел
2.Көше бойлап,асық ойнап Мәре-сәре болған жер Көше қайнап,көзім жайнап Кеуде нұрғай толған жер Жантақ тікен қаптаса да Бұл мен үшін орман бел Көп армандап сол орманға Бала қиял қонған жер О-о-о қ-сы: Жұмақ мекен туған жер-ай Мың жаялық жуған жер Құрт ұрлатқан қалтадан беу Шын балалық думан бел Құр қалдым деп дүмбілден, Қуаласып жүгірген. Қайран қамсыз бала күннің, Қайырылмасын кім білген.
3.Жер аударып арып-талып, Құрық дәнек сепкен жер. Милан қарға шабыттанып, Құрық салып кеткен жер. Тұңғиыққа мал тия алмай, Жүзсек сүңгіп шөпкен жер. Әуре-сарсаң әбігер боп, Әткеншегін тепкен жер. О-о-о қ-сы: Жұмақ мекен туған жер-ай, Мың жаялық жуған жер. Құрт ұрлатқан қалтадан беу, Шын балалық думан бел. Құр қалдым деп дүмбілден, Қуаласып жүгірген. Қайран қамсыз бала күннің, Қайырылмасын кім білген!!
Оқушылармен ой бөлісу.
|
|
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Алхамова Жемісгүл
Мектеп директоры: Саудабаева Ақкүміс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген