Материалдар / Атаның сөзі-ақылдың көзі. 1 Қазан –Қарттар күні.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атаның сөзі-ақылдың көзі. 1 Қазан –Қарттар күні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Атаның сөзі-ақылдың көзі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: _______________


Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Сафиева М

Күні:

25.09.2023

Сынып: 5 «В»

Қатысушылар саны:31

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Атаның сөзі-ақылдың көзі. 1 Қазан Қарттар күні.

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру;
Үйретушілік; оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дамыту;

Шешендік сөздер, мақал - мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілетін дамыту;

Құдылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық ахуал туғызу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Әр оқушы нақыл сөздің мағынасын аша отырып, тақырыптың атауын біледі.


ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ

Сабақтың ортасы

20 минут

Мұғалім:

Бүгінгі «Ата сөзі - ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тілін, дінін, өнеге - өсиетін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Олай болса бізде өз үлесімізді қоса отырып, бабалар қалдырған өсиеттердің мағыналарына терең бойлап, сөз маржандарының теңізінде жүріп көрейік! Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, І. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

«Асылдың сөзі - ақылдың кені» бөлімінде сұрақ – жауап әдісі қолданылады. Бұл кезеңде топтарымыз салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді.
1. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, не деп ырымдайды? (Малы пышаққа түседі)
2. Жеті жарғы заңы бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған? (өлім жазасы)
3. Киіз үйдің 12 қанатты үйін қалай атайды? (Ақ Орда)
4. Баланың (ұл, қыз) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны қалай атайды? (Тұлым).
5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді?(Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып, өседі дейді.)

6. Жеті жарғы бойынша жазықсыз кісі өлтіргендерге қандай жаза қолданған. (Өлім жазасын бұйырған).
7. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі? (уық)
8. Ұзатылған қыз өзінің тетелес сіңлісіне басына тартатын орамал береді. Бұл – ендігі кезек сенікі дегенді білдіреді. Бұл дәстүр қалай аталады? (Шарғы)
9. Қазақта тіл ұшын жесе сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Ал, таңдай жесе... (Шешен болады)
10. Тұрмысқа шыққалы отырған қыздың туған туысқандарымен қоштасу өлеңі?(сыңсу)
11. Жүн сабарда, сабап болған соң тамақ беру дәстүрі? (Тулақ шашу)
12. Құмырсқалар күндіз илеуіне асығып жатса, нені білдіреді? (Ауа райы бұзылады.)
13. Ұста пышаққа жарымас, етікші неге жарымас?(Етікке жарымас)
14. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (аяққа)
15. Қылыштан өткір не бар? (тіл)
16. Ең киелі құс?(аққу)
17. Сәукеле желегін кім қай уақытта киген? (қалыңдық киген)
18. Қазақ шопандарының шахматы? (тоғызқұмалақ)
19. Жаңа дүниеге келген сәбидің киетін алғашқы киімі?(иткөйлек)
20. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран).

ІІ. «Ескірмейтін есті сөз» бөлімі. Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл ырым - тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т. с. с.

1.Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Аң - құс балалағанда, төлдегенде, құстар балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан - жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау).
8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп - шалам, шіркей түсіп кетеді және жын - шайтан жалап кетеді дейді)
9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді).
«Тапқыр болсаң озып көр».
Киелі сандарға байланысты сенімдер мен нанымдар сөз болады. Оқушылар қоржындағы асықтарға жасырылған сұрақтарға жауап береді.
1. Үш санына байланысты қандай ұғымдар бар?( Үш жүз. Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.)
2. Үш жұрт (Өз жұртың, Нағашы жұрт, қайын жұрт)
3. Үш қуат (Ақыл қуат, жүрек қуат, сенім қуат)
4. Үш арсыз (Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
5. Үш дауасыз (Мінез, кәрілік, Ажал)
6. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Үш қадірсіз (Жастық шақ қадірсіз. Денсаулық қадірсіз. Жақсы жар қадірсіз.)



Тақырыпқа назар аударады.


















Сұрақтарға жауап береді.








































Сұрақтарға жауап береді.


























Берілген сөздердің мағынасын ашу.
















































Асық бойынша берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.


ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.





























































































Мадақтау.












Слайд

Қима қағаздар









Суреттер










Мәтін




















Слайд































































Қоржын.


Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау.

Міне оқушылар біз бүгін ата - бабаларымыздан мұра болып қалған асыл сөздерге тоқталып, олардың мән - мағынасына тағы бір мәрте саяхаттап қайттық.

Үй тапсырмасы:Эссе жазу.

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!