Материалдар / Атақты зергерлер

Атақты зергерлер

Материал туралы қысқаша түсінік
Атақты зергерлер
Авторы:
23 Ақпан 2025
68
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Бейнелеу өнері

Бөлім:

Бізді қоршаған әлем

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 3 « »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Атақты зергерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.3.5.2 "Стильдеу" және "жалпылау" ұғымдарын және оларды бейнелер мен пішіндер көмегімен сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы білдіру мүмкіндіктерін білу және түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Зергерлік бұйымды сымнан жасауды үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

Қызығу

шылы қты ояту.

5 минут


Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз!

Нақты, дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Өткен тақырыпты есіңе түсір. Зергер дегеніміз кім?

Үйлеріңде зергерлік бұйымдардың қандай түрлері бар?

Атақты зергерлерді білесің бе?

Сәлемдеседі. Тыңдайды.


Оқушылар шеңберге жиналады. Көзілдірікті киіп, ортадағы оқушының жақсы қасиеттерін айтады.




Сұрақтарға жауап береді.



Әр оқушы жауабынан кейін қол шапалақтап, қошемет жасайды.











Интербелсенді тақта.

Сым, кемпірауыз, бисер мен моншақтар.

Жаңа сабаққа кіріспе 10 минут

















(ҰЖ) Талқылайық!

Қазақ зергерлері зергерлік бұйымдарды көбінесе күмістен соққан. Олар бұйымдарды ұлттық ою- өрнектермен өрнектеген.

Елімізде зергерлік өнермен айналысып, елге танымал болған зергерлер көп. Олар: Таймас Мұқашев, Берік Әлібай, Дәулет Дәркембайұлы тағы басқалар. Олар жасаған шолпы, білезік, жүзік және алқалар ұлттық бұйымдардың ерекшелігін көрсетеді.Төмендегі суреттерге назар аудар.

Қандай материалдардан жасалғанын анықта. Оларды жасайтын адамды кім деп атайды?

«Білгім келеді» айдары

Шолпы – зергерлік бұйым. Әсем шиыршықталған күміс үзбе бауға 9 теңге бекітіледі. Шолпы шаштың ұшына бірге өріледі.

Оқушылар жаңа ақпаратты тыңдап, сұрақтары болса, сұрақ қояды.




Мүсін өнері туралы ақпарат алады, түрлерімен танысады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.




Дескрипторлар:

  • Зергерлік бұйымдардың ұғымын біледі.

  • Қандай материалдардан жасалатынын есінде сақтайды айта алады.

Интербелсенді тақта. Тұсаукесер

Сабақтың ортасы Мағынаны ашу.

20 минут



(ЖЖ) «Орында» айдары.

Өткен сабақтағы нобай бойынша сым, бисер және моншақтан зергерлік бұйым жаса.


Сергіту сәті: «Сақина салу» ойыны (https://arqau.kz ). Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі ойнап тұрады https://youtu.be/jPy4GeiQrkM?si=9u_3Z29vwG8- FfB8


Оқушылар шеңбер болып тұрады, жүзікті бір- бірінің алақанына жылдам сала бастайды. Бір оқушы ортада тұрады. Күй тоқтаған кезде, ортадағы бала жүзік кімнің қолында екенін табу керек.

(ҚЕ) Қауіпсіздік техникасы ережелері:

  • Жұмыс орныңды таза ұста.

  • Бояуды партаға жақпа.

Тек арнайы жұмыс дәптерінде орында.


Практикалық тапсырманы орындайды.


Сыммен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін естеріне түсіреді. Қолданылатын құралдарды дұрыс ұстап дағдыланады. Алдымен өрнектің нобайын смызып алады.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.



Шығармашылық жұмыстың сәнді шығуына назар аудара отырып, бірін-бірі бағалау.

Дескрипторлар: Нобайын сызуды біледі. Гуашьпен бояуды біледі. Құралдарды дұрыс қолдана біледі.
















https://youtu.be/jPy4Gei QrkM?si=9u_3Z29vwG 8-FfB8





Қауіпсіздік ережесі жазылған слайд

Жеке жұмыс 5 минут

Көрме ұйымдастыру. «Галерея» әдісі» Оқушыларға жасаған жұмыстарын көрмеге ұсыну керектігі айтылады.

Көрмеге өздері жасаған бұйымдарын қояды.


Сабақтың соңы.

Ой-толғаныс. Рефлексия.

5 минут


Ескерту. Егер жұмыс толық аяқталмаса, келесі сабақта толықтыруға болады. Жұмысын аяқтаған оқушылар өз жұмысы туралы баяндайды.

«НЕГЕ? НЕЛІКТЕН? НЕ ҮШІН? сұрақтарына жауап береді.

  • Зергерлік бұйымның қандай түрлері мен тәсілдерін білдің?

  • Зергерлік өнерінің басқа өнер түрінен ерекшелігі неде?

  • Қандай материалдарды қолдануға болады?

  • Бүгінгі тақырыптың өзіңе ұнаған ерекшелігін әңгімелеп бер?

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

«НЕГЕ? НЕЛІКТЕН? НЕ

ҮШІН? сұрақтарына жауап береді.

Оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізіп отыру.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі