Атау септік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атау септік

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға өз септігін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Атау септік.

Сабақтың мақсаты: а)Атау септігіндегі сөз жекеше, көпше түрде қолданыла беретіндігі, өзіне тән жалғауы болмайтындығын түсіндіру.

ә)Әртүрлі сөйлем үлгілерінің ішінен атау септіктегі сөзді айыра білу

дағдысын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында туысқандар арасындағы бауырмалдық және

бейбітшілікке, сонымен қатар жануарларға деген қамқорлық жасау

сияқты қасиеттерін тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі:қайталау, талдау-жинақтау, жаттығу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама


Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жаттығуларын тексеру.

2.Ережелер сұрау.


- Қазақ тілінде неше септік бар? Әрқайсысын жеке-жеке атап шығыңдар.

- Септік жалғауларының қызметі қандай? (Сөз бен сөзді байланыстырады.)

- Зат есімнің септелуі деген не?


*Ақын Қадыр Мырза Әлидің «Септеу» атты өлеңі оқылады.

Септеу.

Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,

Байсалды да, ақылды да Марат бар.


Өлеңдегі Марат сөзіне сұрақ қойғызып, тақтаға төмендегі үлгідегідей кесте толтырылады.

(Атау. Марат – кім?)


Жеке басым ең алдымен Мараттың

Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.

(Ілік. Мараттың – кімнің?)

Сенбейсің бе, күнделікті парақта:

Талай «бестік» қойылыпты Маратқа.

(Барыс. Маратқа – кімге?)

Батыл емес дей алмайсың Маратты,

Сол үйретті ауылдағы бар атты.

(Табыс. Маратты – кімді?)

Алғыссыз күн болған емес Маратта,

Жетеді онда ынта, жігер, талап та.

(Жатыс. Маратта – кімде?)

Қай өнер де табылады Мараттан,

Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.

(Шығыс. Мараттан – кімнен?)

Міне, сондай жақсы бала Маратпен

Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең.

(Көмектес. Маратпен – кіммен?)

- «Дәптер» сөзін септеп көрейік.


Септіктер

Сұрақтары

Мысалдар

Атау

кім? не?

Марат, дәпер

Ілік

кімнің? ненің?

Мараттың, дәптердің

Барыс

кімге? неге? қайда?

Маратқа, дәптерге

Табыс

кімді? нені?

Маратты, дәптерді

Жатыс

кімде? неде? қайда?

Маратта, дәптерде

Шығыс

кімнен? неден? қайдан?

Мараттан, дәптерден

Көмектес

кіммен? немен?

Маратпен, дәптермен


III. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазу. Атау септіктің сұрақтарына жауап беретін сөздерді тапқызу.


2-жаттығу.

Мәтінді оқыту. Сөйлемдерден атау септіктің сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.


Құмырсқа, толқын, көгершін, мерген.


-Ертегіні қалай атар едің?

-Құмырсқа мен көгершіннің іс-әрекеті туралы қандай мақал айтуға болады?


4-жаттығу.

Сөйлемдерді оқыту.

Атау септіктің сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазғызу.


Балалар, апасы, Саян, от, құрылысшылар, оқушылар.


5-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқу. Атау септіктегі сөздерді теріп жазу.



IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

  1. Қызықты тапсырмалар.

  2. Топшамалар.


V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

3-жаттығу. (87-бет)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.08.2018
1014
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі