Атлас таспалардан гүл жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атлас таспалардан гүл жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Атлас таспалардан гүл жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жоба: Атлас таспалардан гүл жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар таспа туралы мәлімет алып, әртүрлі гүлдер жасап үйренеді.

Оқушылардың атлас таспадан гүл жасау дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артып, функционалдық сауаттылықтары жетіледі.

Оқушылар істі сапалы, талаптарға сай орындауға, әсемдікті көре білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрi: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы

Қолданылған стратегиялар: топтастыру, «Ойлан, жұптас, талқыла», «Өкіл» әдісі, бес бармақ

Құрал жабдықтар: түрлі түсті атлас таспа, ине, жіп, қайшы, от тұтатушы, сызғыш, моншақтар, ыстық желім, қосымша заттар.

Көрнекілiгi: тақырып бойынша презентация, атлас таспалардан жасалған гүл үлгілері, инструкциялық карталар

Пәнаралық байланыс: тарих, өсімдіктану, сурет, сызу, математика, музыка


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мақсаты

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Күтілетін нәтиже

Қызығушылықты ояту

-оқушының көңіл – күйі сабаққа аударылады;

-тақырыпты меңгеруге бағытталады;

Оқушыларды түрлі – түсті таспаларды таңдау арқылы топтастырады.

Психологиялық дайындық жүргізеді.

«Атлас таспадан жасалған түрлі бұйымдар» атты бейнероликті көрсетіп сабақтың тақырыбын хабарлайды.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар?

Өзін – өзі бағалау критериилерін топ мүшелеріне таратып береді.

Түрлі – түсті таспаларды таңдау арқылы 3 топқа топтасады.

Таңдап алған таспалардың түсіне байланысты әр топ бір – біріне тілектер айтады.



Бейне роликті тамашалайды, сабақтың мақсаттарын айқындайды.



Өзін – өзі бағалау критерийлерімен танысады.

-Оқушылардың тақырыпты меңгеруге қызығушылығы артады;

-Коммуникативтік құзыреттіліктері артады.









Топтың басқа мүшелерінен қалыспау үшін тырысады.

Мағынаны ажырату

-оқушылар жаңа мағлұматтармен танысады;

-ой түйеді;


Әр топқа мәтіндер таратып береді.

1 топ: Атлас таспаның тарихы.

2 топ: Түстердің үйлесімділігі.

3 топ: Атлас таспамен жұмыс жасағанда қолданылатын құрал – жабдықтар және қауіпсіздік ережелері: инемен жұмыс, қайшымен жұмыс, от тұтатқышпен жұмыс, ыстық желіммен жұмыс

Берілген мәтінді топ ішінде талқылап, «Өкілдер» басқа топқа барып түсіндіріп береді.

-Ақпараттық құзыреттіліктері артады;

-Оқушылар өз ойларымен, пікірлерімен бөлісе біледі;

-Басқаның пікірлерін тыңдай білуге үйренеді;

Ой - толғаныс

-оқушылар негізгі ойды талқылайды;

білімдерін нақтылайды, сарамандық жұмыс орындау барысында іскерлік қабілеттерін арттырады.

Әр топқа нұсқаулық карталарды таратып береді.

Баяу музыканы қосады.

Шопен «Вальс цветов»

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды.

Үйге тапсырма береді: Ғаламтордан гүл жасау үлгілерімен танысу.

Бес саусақ әдісі бойынша рефлексия жасауға бағыттайды.

Берілген нұсқау картасы бойынша атлас таспадан гүл әзірлейді, қорғайды.

Бағалау парағы бойынша есептеу жүргізеді, қорытындысын хабарлайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


Бес саусақ әдісі бойынша өз ойларын айтып, қорытынды жасайды.

-Атлас таспадан гүл жасау дағдылары қалыптасады, шығармашылық қабілеттері артып, функционалдық сауаттылықтары жетіледі.





А


Сайрам ауданы «№63 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ






Ашық сабақ тақырыбы:

Шығармашылық жоба: Атлас таспалардан гүл жасау

2016 – 2017 оқу жылы

Пәні: Технология

Мұғалім:Сарманова Н.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
472
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі