Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Ашық сабақ

Тақырып бойынша 27 материал табылды

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:


Пәні: Физика

Мектеп: Маржанбұлақ ОМ

Күні: 14.02.2024ж.

Пән мұғалімі: Турегалиева А

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.

Оқу мақсаты:

7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Атмосфералық қысымның не екенін біледі. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігін біледі. Барометрдің не екенін біледі

Оқушылардың көпшілігі:

Торричели тәжірибесінің мағынасын түсінеді. Барометр-анероидтың жұмысын түсінеді

Кейбір оқушылар:

Тәжірибе жасау арқылы қысым бар екенін және ауаның салмақ тигізетін әсерін дәлелдейді

Оқу дағдыларының деңгейі

Түсіну, білу, зерттеу, қолдану

Бағалау критерийі:



  1. атмосфералық қысым физикалық мағынасын ажыратады.

  2. барометр арқылы атмосфералық қысымды өлшейді.

  3. өмірдегі қолданысына мысалдар келтіреді.

Құндылықтар:

Қоғамдағы ұлттық бірлік. Тілдің біртұтастығы. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді негізге ала отырып, бірін-бірі құрметтеуге, еңбек сүйгіштік пен ынтымақтастыққа баулу, өзара түсіністікпен топта жұмыс істеу, толеранттылық таныту.

Пәнаралық

байланыс:

География пәнінен белгілі атмосфера құрылымы.

Биология пәнінен қан қысымы ,бұлшық еттің жиырылуы.

Алдыңғы білім:

Қысым, ауа қысымы .

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде оспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақ басы




5 мин




1.Ұйымдастыру:

Сәлемдесу.

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру:

«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

Топқа бөлу. Суреттерді таңдау арқылы

1-топ: Қатты дене

2-топ: Сұйық дене

Қатты дене, сұйық дене суреттерді тандату арқылы оқушыларды «Қатты дене», «Сұйық дене», «Газ» деп топтарға бөлу.























Сабақ ортасы


15 мин



























Үйге тапсырма

«Сұйық және газдар қысымы» жаттығу құралы

Электронды оқулық

Қалыптастырушы бағалау: Жарайсыңдар! Бәрекелді!


«Кім жылдам?» ойыны сұрақ жауап өзін-өзі тексеру

й жұмысын тексеру):

  1. Қысым дегеніміз не?

  2. Күш деп нені айтамыз?

  3. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Қатынас ыдыстарға қандай мысал келтіре аласыңдар?

  5. Қысымның өлшем бірлігі 1 Па-неге тең болады?

  6. Гидравликалық машиналар туралы не білесін?

  7. Газдардың қатты денелер мен сұйықтар дан өзгеше қандай қасиеттері бар?

Кері байланыс (қате жауапқа, дұрыс жауаппен түзету жасайды).


Жаңа сабақ

Атмосфера-(грекше) атмос - бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзінен құрылған.

Э. Торричелли- итальяндық физик және математик. Атмосфералық қысым теориясының негізін қалаушы. Ауаның салмағын өлшеген. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады.

Атмосфераның Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.

Атмосфералық қысымның бірлігі

1миллиметр сынап бағаны. [1 мм. сын.бағ.]

1 мм.сын. бағ.=133,3 Па.

1847 жылы алғаш барометр анероидты жасап шығарған. «Анероид» - сұйықтықсыз деп аударылады

Барометр-анероидтың құрылысы

1-дөңгелек жұқа металл қорапша

2-серіппе

3-беріліс тетігі

4-көрсеткіш

5-шкала

Жұппен жұмыс

Есептер шығару

  • 1-жұп

Теңіздің 9 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3

  • 2-жұп

100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтандар

  • 3-ежұп

Массасы 3кг ,ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

  • 4-жұп

Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге p = 300 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 4500 см3 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді.
























2 мин

Cергіту сәті

Біз қалай тыныс аламыз?

1) Диафрагма өкпенің көлемін ұлғайтады. Өкпедегі ауаның қысымы. Ол атмосфералық қысымға қарағанда Ауа өкпеге енеді.

2) Диафрагма өкпені қысқанда, өкпенің көлемі кішірейеді. Сондықтан өкпедегі ауаның қысымы Ол атмосфералық қысымға қарағанда Ауа өкпеден сыртқа шығады.



Сабақтың соңы

13 мин

«Жағдаят туғызу» топтық жұмыс (әр топқа тәжірибелік тапсырмалар)

1 топ. «Төңкерілген стақан». Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен?

(Бұл тәжірибелерден атмосфералық қысымның әсер ететіндігін анықтаймыз).

2 топ. «Су, шприц, стакан». Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Неліктен?

(Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым. Тәжірибенің мақсаты: атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдеу).

ҚБ: (Әр топтың жұмысын бағалау)

Топтық жұмыс

«Постер қорғау»

1-топ

«Атмосфераға зиянды заттардың қоршаған ортаға және адамға әсері»

2-топ

«Атмосфераға зиянды заттардан аулақ болу үшін не істеуіміз керек?





Бағалау

Кері байланыс


5 минут






«Білім қоржыны» кері байланысPicture 5



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Үйге тапсырма: Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.


Саралау, қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың

білімін қалай тексересіз

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелерін сабақ барысында сақтау

Барлық оқушылар:

Тақырып бойынша керекті мәліметтер оқып, дәптерге жазады.

Кейбір оқушылар

Өмірмен байланыстыра өзге де мысалдар келтіреді.

Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау кезінде «қысым» белгісімен берілген парақтармен әр кезеңдегі іс-әрекеттерін бағалау тиімді болды.


География, ағылшын тілі пәні алған білімдерін қолданады.

Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында физминутка жасалып, өздерін партада тік ұстап отыруларына нұсқау берілді.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жетуде қолданған әдістер оқушылардың белсенділігін артыруға жұмыс жасады.

Өмірден мысалдар келтіру қызықты болды.

Оқу мақсаттары толығымен ашылды.

Келесі сабақта өзін-өзі бағалау әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тақырып бойынша білімдерін нақтылау қажет.

Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Оқушыларға қосымша көмек көрсету үшін қосымша тапсырмаларды алдын ала дайындап қоямын. Қабілетті оқушыларды үнемі назарға алып, олардың бос отырып қалмауларына назар аударамын.

Оқушылардың қаншалықты үйренгенін тексеруді жоспарланған критерийлер арқылы анықтаймын.

Тәжірибе кезінде құралдармен жұмыс жасаудың қауіпсіздік шараларын естеріне саламын.

Интернет ресурстардың адресін беремін

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары шынайы.

Оқушылар атмосфералық қысымның бар екенін және оның немен өлшенетінін білді. Оны өлшеу үшін қолданатын құрылғы түрлерімен танысты.

Сыныптағы оқушылардың білім алуға деген ұмтылысы өте жақсы болды.

Жоспарлаған шараларым тиімді болды.

Жоспарланған уақытта үлгердім. Сабақ сәтті болды.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық жұмыс сәтті шықты. Оқушылар осы тақырыпты қызығушылықпен топтарда талқылап пікірлерін айқын айта білді.

2: Барометрдің құрылысымен танысу

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Уақытты үнемді пайдалану

2: Оқушылардың назарын атмосфералық қысымның табиғаты мен оны өлшеу әдістеріне үнемі аударып отыру.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі