Іс-шара атауы:"Бейбіт атом – ертеңіміздің кепілі"
Іс-шара мақсаты:
Атом саласының маңызын түсіндіру;
Атом саласы қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу;
Оқушыларға бейбіт атом жайлы мағлұмат беру;
Ғылым мен техниканың дамуына қызығушылық ояту.
Іс-шара орны:Мектептің акт залы
Ұзақтығы: 40 минут
СЦЕНАРИЙ
Жүргізуші:
– Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біз ерекше әрі маңызды күн – Атом саласы
қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шараға жиналып отырмыз.
Бұл күн – еліміздің ғылымы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек
етіп жүрген мамандардың еңбегін бағалайтын
күн!
Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауында мемлекеттік маңызды мәселелер көтерілді.
Солардың бірі – елімізде қуат көздерін көбейте отырып, энергия
тапшылығын жою. Осы мақсатта қабылданған батыл шешімдер, жасалынып
жатқан қадамдар да жоқ емес. Солардың санатында Қазақстанда атом
электр стансаларының құрылысын салу жобасын атауға болар
еді.
Жүргізуші:
Ми – реактор,
Отыны оның – Ой-атом,
әлсiн-әлсiн ұшқын атып қоятын.
Сол жойқын күш жүрегiме қозғау сап,
жiбередi сезiмiмдi оятып!
Ұлы iстермен жасалады ұлы өмiр,
дүрсiлдейдi генератор-Жүрегiм.
Кеуде-залды кернеп Шабыт-кернеуiм,
Сезiм-қуат төкпелейдi
Жыр-өнiм... дей келе «Атом энергиясы» жайлы бейнероликті
тамашалайық. https://youtu.be/vgCXBY7wib4?si=3SialtXkMGshFKzz
Жүргізуші:
Атомның ашып сырын
терең,
Ғалымдармен өсті әлем.
Энергия- күш пен үміт,
Бейбіт жолмен болсын дер едім!
Қазақстан- атом елі, Курчатовтай қаласы бар,
Қаламызда күн шығады, ғылымменен нұр жауады.
Қазатомның ер еңбегі Бейбітшілікке жол ашады.
Ендігі кезекті «Атом энергиясы, АЭС» жайлы оқушы баяндамасына кезек берейік.
Оқушы баяндамасы:
–
Атом сөзі – грек тілінен
аударғанда "бөлінбейтін бөлшек" дегенді білдіреді.
– Атом энергиясы – қазіргі заманғы ғылым мен техниканың ірі
жетістігі.
– Бейбіт мақсатта қолданылатын атом – электр энергиясын өндіру,
медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында кеңінен
қолданылады.
– Қазақстанда әлемге әйгілі Байқоңыр,
Семей ядролық
полигоны,
Үлбі металлургиялық
зауыты,
Қазатомөнеркәсіп
сияқты маңызды нысандар
бар.
Жүргізуші: Көрініс: «Ғалымдармен кездесу»
Оқушылар ғалымдар рөлін ойнап, атомның пайдасы мен қауіптері жайлы пікір алмасады. Кейіпкерлер:Атом ғалымы, Энергетик, Эколог, Медицина маманы, Журналист (сұрақ қойып отырады)
Жүргізуші: Атом энергиясы жөнінде қоғамда кереғар пікірлер көп. Ол туралы аңыздар мен фактілер де қатар жүреді. Көп жағдайда «жасыл технологияны» қолдайтындар бұл энергия жөнінде жалған ақпараттар шығарып, сол арқылы Жер тұрғындарын атом энергиясына қарсы тұруға үгіттеп жүргені де рас. Не десек те, кез келген энергия түрі секілді атомның да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бүгін біз сіздерге энергияның осы түрі жөнінде біршама қызықты деректер мен жалған аңыздарды тізіп шықпақпыз.
1. Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі. Атом электр станцияларының (АЭС) қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат (байытылған уран) пен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан-теңіз.
2. АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкемия (ақ қан, рак) ауруы жиі кездеседі деген түсінік бар. Алайда ол ғалымдар тарапынан еш дәлелденбеген тұжырым саналғандықтан, оны жалған аңыз деп айтуға толық негіз бар. Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады. Ол АЭС-тің жаны болсын, табиғаты сұлу аймақ болсын статистика бойынша бәрі бірдей.
3. Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей, біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз. Бірақ, бұл да даулы сұрақ. Өйткені көбіне жел станциялары суқоймалардың жанына салынғандықтан, ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады. Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі. Ал АЭС-тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен.
4. Кейбіреулер АЭС отын ретінде пайдаланатын уран жақын болашақта сарқылады дегенді айтады. Бұл – түбегейлі қате пікір. Себебі уранның Жердегі мөлшері алтыннан 600 есе көп. Бұл – шамамен 500 жылдық қор деген сөз. Ол біткен күннің өзінде ғалымдар торий элементін химиялық өңдеуден өткізіп, одан оп-оңай уран ала алады. Ал торийдің қоры ураннан үш есеге дейін мол екенін айта кетейік.
5. Атом энергиясының бағасы жөнінде көпшілік арасында әртүрлі ой бар. Бұл энергияның 10 пайызын ғана уранның бағасы құрайды. Оған әлемдік нарықтағы қойылған баға да мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты. Бүгінде атом энергиясына деген баға тек газдан ғана қымбатырақ. Ал жел энергиясынан жиырма есеге дейін арзан тұрады.
6. АЭС құрылысы өте ұзақ уақытқа созылады деген де аңыз бар. Бірақ бұл нысандар әрі кетсе 5 жылдың ішінде толық салынып бітеді. Бұл – мұндай алып қуаттағы станцияға соншалықты көп уақыт емес.
7. Бәрінен бұрын адамдарды атом электр станцияларынан бөлініп шығып, "қоршаған ортаға үлкен залал келтіретін газдың мөлшері" толғандырады. Алайда соңғы есептеулер бойынша, АЭС-тен бөлінетін газ күн және гидроэнергиямен салыстырғанда әлдеқайда аз көрінеді. Сондай-ақ бәзбіреулер радиоактивті қалдықтарды "көметін жердің болмауын" ойлап, түршігеді. Шындығына келгенде, АЭС-тен шығатын қалдық мөлшері өте аз және оны сақтайтын қоймалар тек 20-40 жылда ғана толығып отырады.
Жүргізуші: Атомға байланысты Ақберен Елгезектің «Ақын мен атом» шығармашылығына кезек берсек.
Генералдар «қызыл түйме»
басқанда,
Тозақ оты көтерілді аспанға.
Дегелеңнің қақ жарылып бүйрегі,
Дала жатты жанарынан жас парлап.
Ауылдарда алдын ала тасталған
Иттер менен мысықтар жүр аш қалған.
Біреуінің жүні жидіп,
Бірінің
Жанары ағып...
Аппақ сүйек бас қалған.
О, қас жандар, бұл не деген масқара!
Қандай зұлмат қара жерде басталмақ?!
Орман-тоғай тамырлары үзіліп,
Жапалақтап күл жауады аспаннан!
Дауыл соғып, тұншықтырып жер бетін,
Өзгертуде кербез дала келбетін.
Жер ананың шашы ағарып ілезде,
Қарғап жатты қасиетсіз жендетін...
Қандай қайғы көрмеді бұл мекенім,
Қаншама ұлдар қаза тапты шекелі!..
Аштықты да, айдауды да көрсе де,
Білмеді ғой жынды атомның не екенін!
Бұза алмаған қанша жасын-жебелер
Быт-шыт болды таулар киген көбелер.
«Мақшар күні келген екен!» деп жүрді
«Қызыл жұмақ – коммунизм!» деген ел...
...Жылдар өтті, дала ерні кезерген.
Жанданар ма орман-тоғай, өзен-көл?
Жапырақтың жанарынан қырдағы
Жасырынған сәуле дертін сезем мен.
Түзде қайта көк өсуде ұйысып.
Тек Сөз ғана сақтайды екен иісін:
Азалы жұрт Абай жырын жаттаумен
Аман қалды, жусан аңқып ми
іші!
Жүргізуші: "Атом туралы не білесің?" мини-викторина
Атом дегеніміз не?
Атом энергиясы қай салаларда қолданылады?
Қазақстанда атом саласының дамуына үлес қосқан қала? (Курчатов)
Атомның планетарлық моделін ұсынған кім? (Э.Резерфорд)
АЭСтің негізгі артықшылығы қандай? (Экологиялық таза энрегия өндіру)
Радиоактивтілік ұғымын алғаш енгізген ғалым? (А.Беккерель)
Қазақстан уарн өндірісі бойынша әлемде нешінші орында? (1-орын)
Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қай күні аталып өтіледі? (28 қыркүйек)
Қазақстанда атом саласына мамандарды дайындайтын университет? (Әл Фараби атындағы ҚазҰУ)
6. Қорытынды – 2 минут Арнайы сурет көрмесін ұйымдастыру ("Бейбіт атом", "Ғарыш және атом", т.б.)
Жүргізуші:
– Атом – күш! Бірақ бұл күш бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс.
Біз – болашақ ғалымдар, инженерлер, экологтар – атомды бейбіт
мақсатта пайдалану жолында терең білім алып, еліміздің жарқын
болашағына өз үлесімізді қосуымыз керек!
Барша атом
саласының қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды
білдіреміз!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Атом- бейбітшілік мақсатта!

шағым қалдыра аласыз