Атомның құрамы мен құрылысы. Атом - күрделі бөлшек. Радиоактивтілік.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атомның құрамы мен құрылысы. Атом - күрделі бөлшек. Радиоактивтілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты, міндеттері: - Элемент атомы өзінің сыртқы қабатын толтыру үшін электронды қосып алып немесе беріп жіберіп нәтижесінде ион түзілетіндіктерін түсіну; - Меңгерілген білімдерді электрондардың электрондық қабаттарда орналасуының модельдерін қолдану; - Атомның құрылысы туралы заманауи ғылыми көзқарастарды түсіндіру; - Атомның негізгі бөлшектерін (протон, нейтрон, электрон) сипаттау және олардың қасиеттерін түсіну; - Нуклид ұғымын енгізу және оның физикалық мағынасын ашу; - Атом ядросының құрамындағы бөлшектердің (протон мен нейтронның) рөлін анықтау; - Оқушылардың атом құрылысы туралы білімдерін нақты мысалдар арқылы дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атомның құрамы мен құрылысы. Атом - күрделі бөлшек. Радиоактивтілік. (сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Химия

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс, _________

Сабақтың түрі: теориялық

  1. Мақсаты, міндеттері:

- Элемент атомы өзінің сыртқы қабатын толтыру үшін электронды қосып алып немесе беріп жіберіп нәтижесінде ион түзілетіндіктерін түсіну;

- Меңгерілген білімдерді электрондардың электрондық қабаттарда орналасуының модельдерін қолдану;

- Атомның құрылысы туралы заманауи ғылыми көзқарастарды түсіндіру;

- Атомның негізгі бөлшектерін (протон, нейтрон, электрон) сипаттау және олардың қасиеттерін түсіну;

- Нуклид ұғымын енгізу және оның физикалық мағынасын ашу;

- Атом ядросының құрамындағы бөлшектердің (протон мен нейтронның) рөлін анықтау;

- Оқушылардың атом құрылысы туралы білімдерін нақты мысалдар арқылы дамыту.

  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:

Атом құрылысы туралы заманауи теорияларды сипаттай алады; Атомның негізгі бөлшектерін (протон, нейтрон, электрон) атап, олардың сипаттамаларын түсіндіре алады; Нуклид ұғымын түсіндіреді және оны изотоптармен ажырата алады; Массалық сан, заряд саны, ядро құрамы арасындағы байланысты анықтай алады; Химиялық элементтердің периодтық кестесіндегі орнына байланысты атом құрылысына талдау жасай алады; Атом бөлшектерінің физикалық маңызын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып түсіндіреді.

  1. Қажетті ресурстар: интерактивтік тақта, дәптер, кітап, электронды оқулық, Менделеев кестесі.

  2. Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: (Амандасу, кабинеттін дайындығына көз жүгірту, студенттердің сабаққа қатынасын тексеру) (3 минут)

Оқу мақсаттарын көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырын айқындау.

II. Кіріспе нұсқау. Өткенді қайталау,еске түсіру (15 минут)

III. Ағымдағы нұсқау (22 минут)

«Атом» грекше бөлінбейтін дегенді білдіреді. Шамамен ХІХ ғасырдың соңына дейін атом бөлінбейтін бөлшек депсаналып келді. Бірақ 1897 жылы ағылшын физигі Д.Томсонның электронды ашуы, француз ғалымы А.Беккерельдің радиоактивтілік құбылысын ашуы атом құрамының күрделілігін және олардың өзара бірі-біріне айналумүмкіндігін көрсететін маңызды дәйектемелер болды.

1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атом құрылысының ядролық моделін ұсынды. Бұл модельге сәйкес атом оң зарядты ядродан және электрондардан тұрады. Атомның массасы оның ядросына шоғырланған.

Атом ядросын құрайтын протондар мен нейтрондар бірге нуклондар деп аталады, яғни ядроны құрайтын бөлшектер (лат. nucleus – ядро деген сөзінен шыққан). Атом ядросы – өзара ядролық күштермен байланысқан нуклондардан тұратын күрделі бөлшек.

Заряд саны (Z): Ядродагы протондар саны

Массалық сан (A): Протондар мен нейтрондар санының қосындысы

?=?+?

A=Z+N

мұндағы N – нейтрондар саны

Нуклид - белгілі A және Z мәндерімен сипатталатын атом. Нуклид (лат. Тілінде nucleus – ядро және ежелгі грек тілінде түр, сұрып) – ядро заряды (Z) пен массалық саны (А) бірдей атомдардың жиынтығы.

Мысалы:

₆¹²C – көміртек-12 нуклиді

₁₇³⁷Cl – хлор-37 нуклиді

Изотоптар - протон саны бірдей, нейтрон саны әртүрлі атомдар

Мысалы:

₆¹²C және ₆¹⁴C – көміртек изотоптары.

Физикалық мағынасы:

Протон – оң зарядты, элементтің реттік нөмірін анықтайды.

Нейтрон – электр заряды жоқ, ядроның массасын арттырады.

Электрон – теріс зарядты, химиялық байланысқа қатысады.

Атом өлшемдері

Атомның өлшемі өте кіші: 10⁻¹⁰ м шамасында

Ядроның өлшемі одан да кіші: 10⁻¹⁴ м

Атом массасының 99.9%-ы ядрода шоғырланған

IV. Қорытынды нұсқау (3 минут)

Бекіту сұрақтары:

  • Протон, нейтрон және электрон қайда орналасады?

  • Заряд саны мен массалық сан деген не?

  • Нуклид пен изотоп арасындағы айырмашылық қандай?

  • Қай модель атом құрылысының заманауи бейнесіне жақын?

  • Көміртектің ₆¹²C және ₆¹⁴C изотоптарын салыстырыңыз.

  • Изотоп, изобара және изотон дегеніміз не?

Тапсырма. Келесі атомдардың протон, нейтрон және электрон сандарын жазыңыздар.

2042Ca, 2658Fe, 1939K

Студенттердің жұмысын тексеріп, орындаған жұмыстарын жария ете отырып, бағалау

( жалпы, жеке қателектерін көрсетіп, түсіндіру).

  1. Сабақ бойынша рефлексия (2 минут)


Нені білемін

Нені білдім

Нені білгім келеді





  1. Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша керекті мәлеметтерге конспект жасау, элементтердің протон, нейтрон және электрон сандарын есептеу, бекіту сұрақтарына жауап беру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі