400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Атқа міну

Материал туралы қысқаша түсінік
Атқа міну тақырыбы бойынша мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы


АРҒЫМАҚ – АДАМЗАТТЫҢ ЖАН СЕРІГІ

Ержан Әлішер Ержанұлы

87073670920


Елбасымыздың Ұлы даланың жеті қыры мақаласында тарихымыздағы жеті ерекшелік туралы ойларында тарихи мұрамыздың мол екеніне мән беріліп отыр. Уақыт тұрғысынан айтылып отырған мәдени жетістіктердің қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық. Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде тарихи жәдігерлер, өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғанын және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізген дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Нақты ғылыми деректердің негізінде қазақ тарихының бүкіләлемдік тарихтағы өзіндік ерекше орны бар екенін мақтанышпен айта аламыз.

Ұлы даланың жеті қырының кез келгені қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері - «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын Түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркенденуіне септігін тигізген - Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана емес, сонымен қатар әрбір Қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар болып табылады.

Соның ішінде жеті ерекшеліктің бірі атқа міну мәдениеті және жылқы шаруашылығы туралы айтатын болсақ.

Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Жылқы шаруашылығы және атқа міну мәдениеті жер жүзіне Ұлы Даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңірінде энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында үйретілгендігі дәлелденді. Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Атап айтатын болсақ: Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйіткіген, ал сақтар кезеңінде Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған. Жылқының қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, әскери және шаруашылық саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. [1]

Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі мәдени кодының айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр-жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрмет белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.

Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киіміңді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік береді. Дала тұрғындары теріден,киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің мұрагерлері екені белгілі.

Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.

Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңзды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі- айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті. [2]

Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанын. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді.

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар “Ер Төстік”, “Алтын сақа” ертегілерінде, батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропа зерттеушілері еңбектерінде жазылып қалған. Қазақ даласында өсірілген жылқылар 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған.

Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген.

“Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады. Мысалы, А. Вилькинистің 1885 ж. “Журнал коневодства и коннозаводства” басылымында жарық көрген “Заметки о лошадях Туркестана” деп аталатын мақаласында мынадай пікір айтылады: “Орта Азия халықтарының ішінде атты алысқа шабуға машықтыратын қазақтар мен түрікмендер 25-тен 40 верстке (1 верст – 800 м) дейін ат шабысын ұйымдастырған. Ал Әулиеата қазақтары қашықтығы 100 версттік бәйге ұйымдастырып отырған”. Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір бар: “...Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып, 18 күнде барып қайтқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған.

Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған. [3]

Жылқы шаруашылығын дамыту әлемде үлкен жолға қойылған. Олардың ішінде жылқыларды асылдандыру қолға алынуда. Қазіргі кезде жылқы тұқымдары өте көп.Соның ішінде салт мінетін спорт аттары жер шарының бүкіл құрлығында өсіріледі. ТМД - да 20 –дан астам салт мінетін, жегілетін жылқы тұқымы бар. Олар қазіргі спорттық жарыстарда, ат ойындары мен ат туризмінде табысты пайдаланылады.Соған орай басқа елдерге экспортқа шығарылады.Көптеген тұқымдар (ахалтеке, қарабақ, дон, буденный, терек, кабардин, қостанай т.б) – біздің ұлттық мақтанышымыз. Олар жылқы зауытының дүниежүзілік алтын қорына енуге әбден тұрады.

Бізде өсірілетін, салт мінетін, жылқы өздерінің төзімділігін, жұмысқа деген аса жарамдылығын, жұмысқа деген аса жарамдылығын, бір сөзбен айтқанда, таптырмайтын тұқым екенін сонау азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысы жылдарында анық көрсетті. Қазіргі кезде ат спортының шеберлері ахалтеке, буденный, терек т.б салт мінетін жылқы тұқымдарымен Олимпиядалық ойындарда, еуропалық дүниежүзілік чемпионаттар мен басқа да халықаралық жарыстарда табыспен өнер көрсетіп келеді. Салт мінетін жылқы тұқымдары мен топтары адамдар өмірінде, басқаша, жаңа әлеуметтік мәнге ие болған. Олар халқымыздың көңілді тынығуының, бой жазуының, денсаулығын нығайтуының басты құралына айналған. Соның ішінде Ахалтеке жылқысы, Дон жылқысы, таза қанды салт мінетін жылқы, Қостанай жылқысы, Көшім жылқысы, Қазақы жылқы, Жабы жылқысы, Адай жылқылары елімізде кеңінен таралған. Бұл жылқылардың әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.[4]

Қазақ тумысынан жылқымен жағаласып, жылқымен жарысып өскен. Жер жүзінде жылқының жасын, мінез-құлқын, түр-түсін, қадыр-қаиетін, түп тұқиянын өзгеден артық білетін бір жұрт болса, ол – қазақ. Соның үшін де қазақ тілінде жылқыға байланысты, соның ішінде тек атқа байланысты «ер қанаты- ат», «атың барда ел таны желіп жүріп», «жылқының үсті – жел, сүті – ем», «тигізбейді қазанат қамшы, азамат жоғын білгізбейді», «ат айналып қазығын табар», «ат тұяғын тай басар», «ат аунаған жерде түк қалар»… т.б. толып жатқан мақал-мәтелдер туса ат төбеліндей, ат бауырына түсіп, ат құлағында ойнау, атқа мінер, аттың жалында деген қатарлы фразеологиялық тіркестер қалыптасты. Ат ән мен күйге арқау болды. «Маңмаңкер», «Ақ бақай», «Сал торы», «Қара жорға» сынды әндер, «Құлжагер», «Тел қоңыр», «Қос күрең», «Көк дөнен» сияқты күйлер өмірге келді.

Халқымыздың жылқы малына деген сүйіспеншілігі еш төмендеген емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып, жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дәуіріне сай тіршілік-тұрмысын жылқымен байланыстырған жаңа қанатты сөздер туындап отырды. Аса талапты, таланты тас жарып тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға келіп тірелеміз. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» Абай сөзі осыған дәлел. Және дарынды мен дарынсызды, жақсы мен жаманды шенестіргенде айтылатын «тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,оған да үкі тұмар тағылса да» деген де Абайдан қалған қанатты сөз. Албаты кетіп, арам тер болған дарақылықты «Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық» (Шалкиіз жырау) деп түйрейді. Қалжырағанды қатайтып, шаршағанды шыңап, босағанды беркінтіп ерлікке шақыратын жігерлі сөздер Махамбет аузынан түйдек – түйдегімен түсіп жатады. Өйткені жылқыны білу, жылқыға үйір болу, шамасы келгенінше жылқыны танып өсу – ұлтық сана-сезімімізді сергітер, жасыған жадымызды серпілтер, тектілігімізбен табыстырар тағылым-танымдықтың ең қуатты құралының бірі болса керек. [5]














Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бозымбаев Қ - Жылқы және түйе шаруашылығы.-/Алматы: Қайнар, 1993 ж.

2. Н.Ә.Назарбаев - «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Астана 2018ж.

3. Жаубай Ержан - Арғымақ танымдық порталы.

4. Қазақ энциклопедиясы - «https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Жылқы_(қазақ_дәстүрі)&oldid=2462736» бетінен алынған

5. 2013-2019. QAZAQSTAN TARIHY ПОРТАЛЫ

6. Massaget.kz, 2011-2019

7. Егемен Қазақстан газеті

8. jasqazaq.kz Ақпарат агенттігі

9. Жылқы-Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

1. Ержан Әлішер Ержанұлы

2. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

3. Тарихшы

6. 87073670920 erzhanuli_alisher@mail.ru

8. АРҒЫМАҚ – АДАМЗАТТЫҢ ЖАН СЕРІГІ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
627
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі