Аттандық бала шақтан болашаққа!
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға..
Музыка қосылып тұрады оқушылар кезекпен кіреді
4 «а» сынып жетекшісі Сейітмұрат Айымкүл апай мен Спортқа шебер,сабырлы жігіт Исабай Нұрдәулет
Алғыр,биязы жігіт Қойшыбай Нұрислам мен ерке де пысық ару Исрайл Нұрсәуле
Әдепті де, салмақты жігіт Есмахан Жасұлан мен мың бұралған сүйкімді ару Серік Айзере
Қайсар,жайсаң жігіт Ізбасар Нұрдос пен сүйкімді де, ақ жарқын ару Тұрлыбек Гүлсезім
Мейірімді кеңпейіл жігіт Қалдарбек Ынтымақ пен көркем инабатты ару Айдарханқызы Жәния
Тапқыр, ақжүрек жігіт Әбдімәлік Рамазан мен ерке де сымбатты ару Сүлеймен Сезім
Батыр да адал жігіт Али Бақберген мен жан-жақты білімді,биші ару Пердебай Назерке
Сөзге шешен жігіт Жомартұлы Әділжан мен ақылды да өнерлі ару Тоқболат Қаракөз
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
4 «а» сынып оқушыларының ұстаздарға арнау тақпақтарын қабыл алыңыздар
Нұрсәуле : Басқаруда оңай емес алтын ұя мектепті
Мақсатыңыз биік сапа ,асқар шыңға жетпекті
Мұхтар ағай,ұстаздарды асқақ жолға жетелеу
Қолынан ғана келеді тұлғалардың сіз текті
Орындалсын ұлы мақсат оңала берсін ісіңіз
Біз де сіздей жаны жайсаң асылдардың ізіміз
Шәкірттерге жол сілтейтін мамандардан құралған
Ұстазадардың басшысы да қосшысы да өзіңіз
Назерке: Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң жайдары жан
Ұғындырған сөз сазын
Ұмытпаймыз ардақтаймыз
Мөлдір апай сізді біз
Қаракөз: Байсалды мінезіңіз бірқалыпты
Менің де көкейімде із қалыпты
Айымкүл апай неткен мықты төзімдісіз
Шәкіртім білім алсын,білсін дейсіз
Нұрислам: Тәрбиенің тал бесіктің бұлағы
Біздің мектеп мейірімнің тұрағы
Гүлбанудай апайлар
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы
Гүлсезім: Музыка атты пәніміз
Айтылар онда әніміз
Зәуреш апай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз
Рамазан: Көңіліміз болсын ақ қардай
Жарқылдап көзді тартқандай
Ел жұртың сізді апрдақтап
Жүре берсін Ләззат апай
Айзере: Ұстаздардың арқасында шаттандық
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық
Еңбек пәні мұғалімі Ербол ағай
Барлығымыз жүре тұғын мақтан ғып
Жасұлан: Оқушыға қатаң тәртіп қоятын
Сыныбында тәртіпсізді жоятын
Ұмытсаңыз әкелетін форманы
Нұрбол ағай бізді тұрғызып қоятын
Сезім: Үйренеміз жалықпай
Ағылшын тілін шарықтай
Тіл сындырып ,ән айтып
Шаттанамыз қалықтай
Гүлнара апай тәлімі
Сәулесін шашқан шырақтай
Жәния: Орыс тілін оқытып
Тілімізді ширатқан
Сыныпқа кіріп келгенде
Қимылдамас еш пенде
Нұрила апай тәртіпті
Ұғындырған біздерге
І жүргізуші:
Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ІІ жүргізуші :
Келесі кезекті керемет әнге
берйік.Орындайтын Ізбасар Нұрдос
«Сыңғырла сыңғырла тағыда » әнімен
І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
ІІ-жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
1-жүргізуші: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би: Өзбекше биі» ҚЫЗДАР БИІ
2-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
Ән: Тоқболат Қаракөздің орындауында «Соңғы қоңырау» әні
1-жүргізуші: Келесі кезекті ойындарға кезек берсек
-
ші ойынымыз
Шарты: Тақтада ішінде сұрақтары бар шарлар ілулі тұрады .Балалар кезекпен шығып шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беруі қажет.
Күй: Нәр ағашы орындайтын мектебіміздің сұлу қыздары
І жүргізуші:
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Ұлдарымыз бар біздің
Заманауи би билейтін деп ортаға бишілерімізді
шақырайық.
Жігіттер биі
2-ші жүргізуші Мектеп сенсің адалдықты үйреткен
Мектеп сенсің жамандықтан жиренткен
Мектеп -сенсің жақсылықты ұранғып
Мектеп сенсің мені жұртқа сыйлы еткен деп отырып 4 «а» сынып қыздарының «Прекрасная далеко» хорын қабыл алыңыздар
2ші ойын Ата-аналармен ойналады. 3 ата-ана шығады . 3 түрлы әріптер тарқатылады
Сұрақтар қойылады сол әріптен басталатын сөзбен жауап беру қажет
ІІ жүргізуші:
Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?
1 жүргізуші: Ата- ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Оқушыларымыздың ағылшынша тақпақтарын қабыл алыңыздар
Хор:
ПопурриЖүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Аттандық бала шақтан болашаққа"

Попурри
шағым қалдыра аласыз