Аттестация жаңа тесттер 23.04.25

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аттестация жаңа тесттер 23.04.25

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестациядан өтуге арналған тест сұрақтары
Материалдың қысқаша нұсқасы


6-Нұсқа. 4.04.2025 ж


1.«Менің атамның жасы алпыстарда»- сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түріА )Болжалдық

2. Толымды сөйлем А)Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді. Шашубай мерген еді

3. «Бейнелеуі, еліктеуіш, еліктеуіш» сызбасына сәйкес мысалдар.С) Маң -маң, тарс-тұрс, гүрс-гүрс

4. Сапалық сын есім.С)Таза

5. Диалект сөз.В) Леген, кірлен, шылаушын

6. Таулы жер, бұлақсыз болмас,

Сулы жер-құрақсыз болмас. Берілген мақал-мәтелдегі сын есімдердің тұлғасына қарай түрі.В)Туынды

7. Синонимдік қатар С)Мейрам, мереке, той

8. – Отырсайшы, шай қояйын, - деді Хадиша. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрі.А)Бұйрықты

9. сөз бен сөздің, сөз бен қосымшаның арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір –бірне ықпал етуі.

Д)Дыбыс үндестігі

10. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.С)Семасиология

11. Себеп-салдарлы салалас сөйлем.Д) Бұл шаруа келінге сырылды : ол жер жағдайын жақсы біледі

12. Талғаулы салалас құрмаластың жалғаулықтары.В)Не, немесе, яки, болмаса

13. Біздерге, 8-сынып оқушыларына аса үлкен міндет жүктелген . сөйлемдегі айқындауыш мүше

В) 8-сынып оқушылары

14. Етіс не болымсыз етістік тұлғасына - ғы / гі - қы / кі жұрнақтары жалғану арқылы жасалған рой

В)Қалау рай

15. Тек тоғыспалы ықпалдан тұратын сөздер қатары. Д)Амангелді, мен келдім, дос-жаран

16. Ірі топқа жататын ғылыми мәтіндер. С)Монография,оқулық, лекциялар, курс

17. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем .Ж. Ол өзінің жұмыс істейтін жерін көрсетпек болып, бүгін цехқа жолдасы екеуі келіп еді

18. Ол оң жағында тұрған қызыл көйлекті баладан есімінің кім екенін сұрады.Сөйлемдегі төлеу сөз жасап тұрған көмекші етістік В). Екенін

19. Сын-қимыл үстеуіне жатпайды.А)Сонымен

20. Орфоэпиялық нормаға сәйкес емес қатар.Д)Өткір, өткінші, өтірікші

21.Түркі халықының жеңіліс тауып, дұшпанға алданған сәтіндегі сипаты (Күлтегін жыры)

А)Бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды

22. Ш. Айтматовтың «алғашқы ұстаз» повесіндегі оқиғалардың өрбуіне арқау болды

А) Ауылда өскен суретші қиялы

В) хат тасушы пошташының хатты бермеуі

С) Кеңес өкіметінің жаңадан құрылуы

Д) ауылда өскен академиктің Мәскеуде білі алуы (Қате)

23. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңінің екінші шумағындағы автор ұсынған кеңес

А) Адал дос таңда

24. Е Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі автордың өмір шындығын суреттеудегі бейнелеу тәсілі. А)Сарказм

25. Т. Ахтановтың өнер құдіретінің шексіздігін дәлелдейтін туынды

А) «Күй аңызы»

26. Адам өмірінің өткінші екенін білдіретін Қорқыттың нақыл сөзі

В) Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті

27. М. Әуезовтің «Тек бір өз басының ақындық жолындағы іздену ғана емес, мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғуымыз керек» деген пікірі айтылған Абай өлеңі

Д)«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

28. «Біз түркілерміз» өлеңіндегі қазақтың аруақтанып, айбаттанып кететін қасиетін көрсететін тармақ

Д)Атқа мінсем кетемін айбаттанып

29. Қазтуған толғауларының шыққан кезеңі мен себептері. А)Қазақ халқының халық болып құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, құтты мекен іздеу мәселелері

30. Д. Исабековтік «Әпке» пьесасының жазылуына себеп болған жағыдай

А)Автордың өз өмірі себеп болды

31. «Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білмлідікке бермей таласқанда өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз» үзіндіде автор айтқысы келген идея.А)Хайуанмен салыстыру

32. Өз өмірбаянын өзі жазып кеткен , өз шығармаларында туып-өскен ортасы, алған тәрбиесі мен шығармашылық жолын шеберлікпен баяндаған жазушы

С) Б. Момышұлы

33. «Қар күреген бала» бөлімінідегі Қажымұқан әрекеті

В) Он адам көтере алмаған кеспекті көтереді

34. Сол Алатаудай үйілген қардан алақанымен ысыра салыпты дейді (Қ. Әбдәқадіров «Қажымұқан») үзіндідегі көркемдеуіш құрал В) Гипербола

35. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесіндегі інісіне ағалық қамқорлық танытуда, тіл қатуға қымсынған кейіпкер. Д) Манап

36. Ислам діні қыпшақ даласына келгенге дейін дәуірлерде айтыла бастаған Қорқыт жыры. С) «Байбөрі баласы Бамсы - Байрақ туралы»

37. Б. Соқбақбаевтің «Менің атым-Қожа» хикаятындағы Қожаның армандаған мамандығы.В)Жазушы

38. М. Темірханның «Тәуелсізбін» өлеңінде тыйым салынған тақырыпты қозғауға қатысты тармақ

А) Жазарымды отқа салды, қуырды

39. «Қараадырдың қарағанды сайы елсіз... Тағы бір ретте қалың шилі қорықта отырған бес-алты ауылдың үстіне келді. Күндіз болатын. Күн шаңытқан аяз еді» деген үзінді кездесетін шығарма

С) М. Әуезов «Көксерек»

40. Берілген үзіндінің авторы мен шығарма атауы

«...Қоныстар қонған өкінбес...
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес...
Торы төбел ат мініп ,
Той тойлаған өкінбес...» А)Доспанбек жырау «Қоғалы көлдер қом сулар»


Мәтінмен жұмыс «Достығы жарасқан елміз»

41. Қазақтың кеңдігі С)Ұлт өкілдері

42.Мәтін мазмұнында бар сұрақ. А) Қазақстан жерінде жерленген неміс жазушысы кім?

43. Сөйлемдегі жалғау жалғанған сөздер саны. Сондықтан олар Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатыр.С) 2

44. Соңғы сөйлемдегі тәуелдік жалғаулы сөз. В)Достығы

45. Мәтінге сәйкел келмейтін мақал-мәтел. С)Заманы бірдің-амалы бір

Екінші мәтін Б. Момышұлы «Ұшқан ұя»

Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай - бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды - Момыш ауылы дейді екен.

Шаруамыз шап-шағын еді. Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді-енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан. Ешкімді жалдамаған, ешкімге жалданбаған.

Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал, әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын. Әжем оны «Тарамыс» деп те атайтын. Сол күштілігіне бола атаса керек.

Ертексіз өскен бала-рухыни мүгедек адам... ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әли ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қазіп қойып мәпелейтін еді.


46. «Ат тергеу» дәстүрі кездесетін азат жол В) Үшінші

47. Төртінші азат жолға сай келетін қатар

В) әжесін мақтап-мадақтау

С) ұлттық рухани құндылықты дәріптеу

48. екінші азат жолда айтылған мәселе. В)Адал жолмен еңбектену

49. Үшінші азат жолдағы көркемдегіш құралдың түрі. С) Сипаттау

50. «Бөстек» деген не? А) Иленген теріден жасалған жұмсақ төсеніш



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2025
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі