Материалдар / Аттестацияға дайындық тест

Аттестацияға дайындық тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған Аттестацияға дайындық тест
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

01 Отбасындағы дәстүр мен мерекелер

 

Бердібек Соқпақбаев қай жерде түрлі қызметтер атқарған? 

Қазақстан Жазушылар Одағында

 

Бердібек Соқпақбаев неше жасынан бастап өлең жазған?

14-15

 

«Тоқта, ботам!» өлеңінің авторы кім? *

М.Мақатаев

 

Бердібек Соқпақбаев туған ауылында кім болып жұмыс істеген? 

мұғалім

 

"Тоқта, ботам!" өлеңінде кім кеңес береді? 

Өлеңде әкесі баласына кеңес береді.


Бердібек Соқпақбаев 1949 жылы қай оқу орнын бітірген?

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын

 

Бердібек Соқпақбаев қашан және қайда дүниеге келген?

1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында

 

Бердібек Соқпақбаев қандай журналдарда жұмыс істеген?
«Жұлдыз», «Балдырған»

 

Бердібек Соқпақбаев кім? 

Белгілі балалар жазушысы

 

«Тоқта, ботам!» өлеңі не туралы?

Өлең үлкенді құрметтеу туралы

 

01 Отбасындағы дәстүр мен мерекелер

 

Бердібек Соқпақбаев балаларға арнап нелер жазды?*

пьеса, әңгіме, киноға сценарий

 

Бердібек Соқпақбаевтің 1950 жылы «Пионер» журналында қандай өлеңі жарияланды?*

"Бұлақ"

 

Бердібек Соқпақбаевтің шығармасын атаңыз. *

"Балалық шаққа саяхат"

 

«Менің атым – Қожа» повесі алғаш рет орыс тілінде қайда жарық көрді? *

Мәскеудегі «Детская литература» баспасында

  

«Менің атым – Қожа» повесі алғаш рет орыс тіліне, кейін қай тілге аударылды?    *

Француз тіліне

 

«Менің атым – Қожа» повесі неше тілге аударылып, дүниежүзіне таралды?*

30 тілге

  

Қай жылы «Қазақфильм» киностудиясы  "Менің атым - Қожа" туындысы бойынша фильм шығарды? *

1963 жылы

 

"Менің атым - Қожа" фильмінің режиссері кім? *

А. Қарсақбаев

 

"Менің атым - Қожа" фильмінің  сазгері   кім? *

Н. Тілендиев

 

Қожаның рөлін ойнаған кім? *

Н. Сегізбаев

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы қазақ тілінен сабақ беретін *

Майқанова апай

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы  Қожаны о баста қалай атаған?*

Қожаберген

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы   «Сары Қожа» кімнің баласы? *

Сүттібайдың

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы    «Қара Қожаның» әкесінің аты кім?  *

Қадыр

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы Жанардың әкесінің аты кім, ол кім болып жұмыс істеген?  *

Балабек, бригадир болып істеген

 

"Менің атым - Қожа" шығармасының  басты кейіпкері кім?   *

Қожа

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы   орыс тілі мұғалімі кім?*

Анфиса Михайловна


«Менің атым – Қожа» фильмі қандай сыйлыққа ие болды?*

Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа

 

«Менің атым – Қожа»  фильмінің сценарийін жазған?*

Б.Соқпақбаев, Н.Зелеранский

 

"Менің атым - Қожа" шығармасындағы ең ақылды қыз кім? *

Жанар

 

02 Еңбек нарығы және сұраныс

 

Пойыз алғаш өткенде көпірдің астында қалу құрметіне кім ие болды?*

Жұмыстағы ең озат адам Әліш Үмбеталов

 

Жиырма бес жылғы теміржолға үздіксіз еңбегін еске ала отырып, пойыздарды тоқтаусыз жүргізуде зор жетістікке ие болған Әліш Үмбеталов қандай орденмен марапатталды?

"Ленин" орденімен

 

Қай газетте указ басылыпты? 

«Правда» газетінде

 

Жазушы әрі журналист Б.Қыдырбекұлы қандай ордендермен марапатталған? *

"Еңбек Қызыл ту", "Халықтар достығы"

 

Балғабек Қыдырбекұлы Қазыбек бек Тауасарұлының қандай қолжазбасын тауып, кітап етіп шығарды? *

«Түп-тұқияннан өзіме шейін»

 

Қарағандыға мамандар қайдан келді?

Донбастан, Москвадан

 

Мәскеуде оқу бітіріп, Қарағандыға қызметке кетіп бара жатқан 

Мейрам

 

Балғабек Қыдырбекұлының ірі тұлғалардың бейнесін шебер сомдаған шығармаларына  жатпайды*

«Шайтанның шатағы»

 

Қайсысы Балғабек Қыдырбекұлының       шығармалар жинағы емес?*

«Қарағанды»

 

Балғабек Қыдырбекұлының 1962 жылы алғашқы фельетондар жинағы қандай атпен жарық көрген?*

«Ешкімге айтпа»


«Теміржолшы» әңгімесінің авторы*

Б. Қыдырбекұлы

 

«Қарағанды» деген ат қайдан алынған?

«Қарағанды» деген өзектің атынан

 

Балғабек Қыдырбекұлы не жазған?*

сықақ, фельетондар

 

Балғабек Қыдырбекұлына не үшін мемлекеттік марапаттар берілді?*

Қазақ журналистикасы мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін

 

Қарағандыны күзетіп қалған жұмысшы 

Ермек

 

Әліштің ендігі бастығы кім болады? *

Тарасов

 

Қандай қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті? *

Шойыннан жол салынғалы жатыр...

 

 Б.Қыдырбекұлы қашан, қай жерде қайтыс болған?*

1995 жылы 25 маусымда Алматы қаласында

 

Қарағанды көмірін кім тапқан? 

Бапаң аулының бір жігіті

 

Балғабек Қыдырбекұлы неше мәрте Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды?*

екі мәрте

 

Столяровтан жұмыс сұрай келген кім?*

Әліш

 

Тельман аудандық атқару комитетінің председателі 

Қанабек

 

Игілік байдың баласы – Тәти Қарағандыны орыс байларына қанша сомға сатқан?

250

 

Өлі Қарағандыға жан салмақ болып келгендердің қатарына жатпайды

Тарасов

 

«Қарағанды» романының тақырыбы

өндіріс

 

Балғабек Қыдырбекұлы өз шығармаларында нені зерттеді? *

халық тарихын, сөз өнерін

 

Қой бағып жүріп, суыр інінен көмірді кім тапқан? 

Аппақ Байжанов

 

Кім Қопа бойына жұмыс іздей келіп, Әлішке хабар беріп кетті? *

Тосқанбай

 

Балғабек Қыдырбекұлы қашан, қайда туған?*

1929 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран ауылында туған

 

Балғабек Қыдырбекұлының әңгімелері *

«Теміржолшы», «Жалғыз жолбарыс өлімі»


03 (01) Ұлы Дала табиғаты

 

Кішкентай Томиристі кім тәрбиелейді? *

Әкесі

 

Кир неліктен массагетттерге шабуыл жасайды?*

Тұмар ұсынысын қабылдамағанын сылтау етеді

 

Массагеттердің патшайымы кім?*

"Томирис"

 

Томирис неше жасынан бастап асау атқа мініп жүрген?*

5

 

Сұрапыл қырғын соғыста кім жеңіске жетеді?*

Массагеттер

 

Тұмар кімнің ұрпағы?*

Скифтердің көсемі – ишпақайдың ұрпағы.

 

Кир Тұмардың ұлын қалай тұтқын етті? *

Шарап ішкізіп, алдап

 

Кім жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады? *

Кир

 

Тұмар кімнің қызы?*

Массагеттердің патшасы – Сыпырдың қызы.

 

Тұмар кімнің шөбересі?*

Скифтердің патшасы – Мадийдің шөбересі.

 

Томирис бала кезінен қандай ортада өскен?*

Әскери іс-қимыл мен қару-жарақ пайдаланатын ортада

 

Сақ патшайымы Тұмардың есімі ежелгі жазбаларда кім деп көрсетілген? *

"Томирис"

 

Томирис  кіммен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған? *

Әкесімен

 

Томирис неше жасында қолына ақинақ – қысқа семсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған?*

6

 

Кімді жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған? *

Кир патшаны

 

Кир патша нені көздеген? *

Шығыстағы массагеттерді жаулап алуды


Тұмардың ұлы неліктен өзін-өзі өлтіреді?*

Намысқа шыдай алмай

 

Аңыз бойынша, шайқас аяқталған соң не болады? *

Кир патшаның басын кестіріп, қан толтырылған меске салады

 

Патшайымның анасы қашан қайтыс болады?*

Томиристің сәби шағында

 

Кир елші жіберіп не сұрайды? *

Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын


03 (02) Ұлы Дала табиғаты Д. Досжан «Жібек жолы» романы (үзінді)

 

«Жібек жолы» романының алғашқы нұсқасын «Volk und Welt» баспасы қай жылы шығарды?

1987 жылы

 

Дүкенбай Досжан қашан қайтыс болған? 

2013 жылдың 15 қыркүйегінде

 

Ұстазы қоғамды нешеге бөледі? 

2

 

Дүкенбай Досжанның қанша әңгімесі бар? 

100-ден астам

 

Дүкенбай Досжанның шығармалары әлемнің неше тілінде жарияланған? 

20

 

«Лазурит жолы» арқылы не тасымалданған? 

Лазурит тасы

 

Кіші қоғамға кімдерді жатқызған? 

Жеке-дара қала халқын

 

Дүкенбай Досжан кім?*

Жазушы

 

Толық қоғам неше түрлі?

3

 

«Нефрит жолы» арқылы не тасымалданған? 

Зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит

 

Тасболат тамдарды кімдер жайламайды? *

Диқандар

 

Дүкенбай Досжан  қай оқу орнын бітірген? *

Қазақ Мемлекеттік университетін

 

Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында оқырманды немен таныстырады? 

Қыпшақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, өнерімен

 

Орташа қоғамға кімдерді жатқызған? 

Белгілі бір ел, мемлекет

 

«Жібек жолы» романын кімдер жоғары бағалап, 3 мың данамен жариялады?

Лео Кошут пен Рапрехт Вилноу

 

Кітапта ұлы ғұлама не туралы айтқан? 

Қоғам

 

Тасболат тамдар қалай салынған? *

Төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған

 

«Дала жолы» арқылы не жеткізіліп тұрды?  

Қытай жібегі мен Иран кілемі


«Жәдігер» деген не? *

Тастан салынған ымырат

 

Дүкенбай Досжан қайда дүниеге келген?*

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында

 

Иланшы Қадырхан кім туралы ойлады?

Ақиық ұстазы – Әбу Насыр әл-Фараби туралы

 

«Дің үй» деген не? *

Түрі киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен

 

«Жібек жолы» романы Берлин қаласында екінші мәрте қай тілде жарық көрді? 

Неміс тілінде

 

Иланшы Қадырхан Әбу Насыр әл-Фарабидің қай шығармасын еске алды? 

"Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітап"

 

Осы қалаларды қалай бөледі? 

"ізгі", "надан"

 

Әуелде араб жиһанкездері Отырарды қалай деп жазып жүрді?*

«Фараб»

 

Дүкенбай Досжан қашан туған?*

1942 жылдың 9 қыркүйегінде

 

Жолдың бұлай аталуына не себеп болды?

Сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата

 

«Бас Жібек жолы», «Жау жолы» қай қаланың үстінен өтеді? *

Отырар

 

Иланшы Қадырхан Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармасын неше рет оқыған?

3

 

Саудагерлер Отырардың қандай базарында саудасын салады?*

«Қан базары»

 

Үлкен қоғамға кімдерді жатқызған? 

Бүкіл жержүзіндегі ақылды адамзатты

 

Тасболат тамдарға тән тұрақты құбылыс қандай? *

Есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы

 

Дүкенбай Досжанның неше романы бар? 

11

 

Үй тас пен кешендерді көбіне кімдер мекендейді? *

Диқандар

 

«Құндыз жолы» арқылы не тасымалданған? 

Бағалы аң терілері

 

Иланшы Қадырхан қандай кітап жазып жүр? 

Қыпшақ өлшемдері туралы

 

Дүкенбай Досжанның неше хикаяты бар? 

22

 

Арыстан бап ескерткішінің ерекшелігі қандай?

Күмбез астына бірде-бір тұғыр не тіреу қойылмаған

 

Надан қалаларды Әбу Насыр неше түрге бөледі? 

8


03 (03) Ұлы Дала табиғаты І.Есенберлин «Көшпенділер»  (үзінді) Қ. Мырзалиев «Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңі 

 

Ілияс Есенберлиннің  шығармалары қандай тілдерге аударылмаған?*

қырғыз, қыпшақ, түрік

 

Бейбарыс баһадүр мәмлүктер гваридиясымен қай жерді босатты?

Бағдатты

 

Шыңғысхан Үгедейге қалай жауап беріпті? 

«Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады»

 

ХІІ ғасырда Мысырды кімдер шабуылдады? 

Шығыстан моңғолдар, батыстан кресшілер

 

«Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімі қалай аталады? 

«Алмас қылыш»

 

«Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңі не туралы?

Дала туралы


Шыңғысхан Жошыға қалай  жауап беріпті? 

«Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, мінезі күншуақты, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы керек»

 

Сирия әскерінің қолбасшысы кім?

Бейбарыс

 

«Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңінің авторы кім?

Қ. Мырзалиев

 

Трилогияда не суреттелген?

XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі

 

 Кімі болып ойнап барып, құлын боп ойнап қайтады?

ұлы

 

Ілияс Есенберлиннің  ең көрнекті шығармасы қандай? *

"Көшпенділер" трилогиясы

 

«О, далам менің, байтағым,

«Далам!» - деп өлең айтамын...» қай өлеңнен алынған үзінді?

"Табиғат – жаратылыс пернесі"

 

«Көшпенділер» трилогиясының үшінші бөлімі қалай аталады? 

«Қаһар»

 

Кімдер Мысыр мен Сирияны моңғолдардан құтқарды?

Мәмлүктер араб жауынгерлерімен бірігіп

 

Шыңғысхан Төлеге қалай жауап беріпті?
«Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алатын хан әрқашан да абыройлы болады»

 

Төртінші баласы Төле қандай сұрақ қойыпты?

«Қандай хан абыройлы болады?»

 

Солған Ай болып барып, қандай Ай болып қайтады?

Толған

 

 Әбілқайыр ханның ойына кімнің қиғадасы түсіпті?

Шыңғысханның

 

Мәмлүк сұлтандар басқарған Мысыр жерінде кімдер Алтын Орда мен қазақ жерінің әдет-ғұрпын, тәртіп-дәстүрін енгізді? 

Қыпшақтар

 

Үшінші баласы Үгедей қандай сұрақ қойыпты? 

«Хан қайткенде тағынан түспейді?»

 

«Көшпенділер» трилогиясының негізгі идеясы қандай? 

Қазақ руларының бірігуі, бір хандықта бейбіт өмір сүруі

 

Үлкен ұлы Жошы қандай сұрақ қойыпты? 

«Хан қандай болуы керек?»

 

«Көшпенділер» трилогиясының екінші бөлімі қалай аталады? 

«Жанталас»

 

Бейбарыс кім?

Қыпшақ жерінен құлдыққа сатылып, қолбасшы деңгейіне көтерілген қыпшақ баласы

 

Шыңғысхан Жағатайға қалай жауап беріпті?

«Халқың сыйласын десең, тағыңнан түспе!»

 

І.Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи шығармасы неше бөлімнен тұрады?*

3 бөлімнен

 

Қыпшақтың бектері мен байлары өздерінің жас кездерінде бабалары мінген пәуескемен  қайда серуендеді?  

Ніл өзенінің жағасында

 

Ілияс Есенберлин кім?*

Қазақтың көрнекті жазушысы

 

Екінші баласы Жағатай қандай сұрақ қойыпты?

«Ханды қайткенде халқы сыйлайды?»


04 (01)  Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 

 

«Әпке» драмасы М. Әуезов атындағы драма театрында алғаш рет қашан қойылған?

1978 жылы

 

Қай жылы Шәкен Айманов «Атаманның ақыры» атты соңғы фильмін түсірді?*

1970 жылы

 

Қай жылы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театры алғаш қойылым көрсетті?*

1926

 

Омар қандай кейіпкер? 

Білімді, жаны ғылымды сүйеді


М. Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында  алғаш қойылған спектакль

«Алтын сақина» пьесасы


М. Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрын алғаш ұйымдастырушылар:*

Әртістер С. Қожамқұлов

жазушы-драматург М. Әуезов

режиссер Ж. Шанин

Шәкен Айманов ұлттық кино өнерінде қай жанрдың негізін қалаушы?*

комедия

 

Шәкен Айманов орта мектепті бітірген соң қайда оқуға түседі?*

Семейдегі педагогикалық техникумға

 

«Әпке» драмасындағы Қамажайдың сіңлісі

Нәзила

 

Қамажайды ұнататын жігіт. 

Қабен

 

Шәкен Айманов қазақ киностудиясын, кино үйін салу арманын кімнің қолдауымен жүзеге асырды?*

Д.А. Қонаевтың

 

Темірбек қандай кейіпкер? 

Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

 

1932 жылы Шәкен Аймановты қайда шақырады?*

Алматыдағы қазақ драма театрына

 

 Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры қай жылы ашылды?

2001 жылы

 

Шәкен Айманов 1914 жылы қайда туған?*

Павлодар облысыныңБаянауыл ауданында

 

«Әпке» драмасындағы Қамажайдың бауыры емес

Сұлтан

 

Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры қай жылы ашылды?

1933 жылы

 

Драматург-жазушы Дулат Исабековтің үздік шығармаларының бірі.

«Әпке»

 

 Өз мектебі қалыптасқан режиссерлердің бірі — ... .

Ә. Мәмбетов

 

Қазақ киносының атасы кім?*

Шәкен Айманов

 

Шәкен Айманов  қай жылдар аралығында қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас режиссері болды?*

1947-1951

 

«Әпке» драмасындағы Темірбектің сүйген қызы

Кәмила

 

Қамажай қандай кейіпкер? 

Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.

 

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры алғаш рет қай операны қойған?

«Біржан-Сара» операсы

 

Қайсылары Шәкен Айманов қойған фильмдер қатарына жатпайды?*

"Менің атым Қожа", "Алпамыс мектепке барады"

 

 Алматы қаласында ... орналасқан.

Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония

 

«Әпке» драмасындағы Қамажайдың бауыры

Темірбек

 

Шәкен Айманов қандай рөлді сомдамады?*

Ромео


04 (02) Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы (үзінді). Сәбит Оразбай «Өмірдің өзі театр» әңгімесі

 

Қайрош Сарталиев кімнің прототипі?*

Қайырғали Смағұловтің

 

М. Өтекешова кімнің рөлін сомдады?*

Жібек

 

Сераға деген кім?*

Серке Қожамқұлов

 

"Еңлік-Кебек" пьесасы қайда көрсетілді?*

Ойқұдық жайлауында Абайдың жары - Әйгерімнің үйінде

 

Сәбит Оразбай не жазды?*

театр саңлақтары мен режиссерлер туралы естеліктер

 

Өнер ордасы қалай атанды?*

"Қазақ драма театры"

 

"Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы кім?*

Қали Сәрсенбай

 

Қойылымда Кебектің рөлін кім ойнаған?*

Ақкенже (Ахмет)

 

Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби театр қашан ашылды?*

1925 жылы

 

М.Әуезов қай жанрдың іргетасын қалады?*

драма жанрының

 

 Борашты өгей шешесі неден құлатып жіберді?*

қораның төбесінен

 

Қазақ театрының тарихында сахнада тұңғыш қойылған пьеса?*

"Еңлік-Кебек"

 

"Қазақ солдаты" романындағы оқиға орны*

Гурьев (Атырау) қаласы

 

"Қобыланды" спектаклінің бас режиссері кім?*

Ә. Мәмбетов

 

"Сәке, сенің де бір әңгіме шертетін қасиетің бар, осының бәрін түртіп қойсаңшы",- деп кім айтқан?*

Сайын Мұратбеков

 

Ғабит Мүсірепов қайда дүниеге келген?*

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында


Бораштың аяғын не кесіп кетті?*

соқа

 

Қ. Тастанбеков кімнің рөлін сомдады?*

Төлеген

 

Ғабит Мүсірепов  қай қаладағы рабфакта оқыған? *

Орынбор қаласындағы

 

Қ. Тастанбеков пен М. Өтекешова қандай фильмде ғашықтардың рөлін сомдады?*

"Қыз Жібек"

 

Мәскеуге қандай спектаклді апарды?*

"Қобыланды"

 

Ғ. Мүсіреповтің романы*

"Қазақ солдаты"

 

Қызылорда қаласындағы тұңғыш кәсіби театр қашан Алматы қаласына көшті?*

1928 жылы

 

 Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.*

Шеген

 

Сәбит Оразбайдың жазған естеліктері қандай атпен кітап болып шығады?*

"Өмірдің өзі - театр"

 

"Қазақ солдаты" романында кеңес жауынгерлерінің көптеген сыры кімнің бейнесі аарқылы ашылды?*

Қайроштың

 

Тұңғыш пьесаны М.Әуезов 1917 жылы неше жасында жазған?*

20

 

"Қазақ солдаты" романында автор неге ерекше тоқталады?*

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтар достығына

 

Ғ. Мүсірепов кім?*

классик жазушы

 

Қашан Ғ. Мүсіреповке әдебиетке сіңірген еңбегі үшін "Социалистік Еңбек Ері" құрметті атағы берілді?*

1974 жылы

 

Қ. Тастанбеков пен М. Өтекешова қашан отау құрды?*

1970 жылы

 

Сәбит Оразбай "Өмірдің өзі - театр" кітабын неше жыл жинақтаған?*

1

 

"Еңлік-Кебек" пьесасы ең алғаш рет қай жылы қойылды?*

1917 жылы мамыр айында

 

"Қазақ солдаты" романының кейіпкері емес*

Темірбек

 

Ғабит Мүсірепов  қай жылдары өмір сүрген? *

1902-1985


05 Ұлттық экологиялық мәдениет. Мұхит – тіршілік мекені Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар Қадыр Мырзалиев «Аралым» өлеңі. Т. Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді). Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі.

 

Қадыр Мырза Әлі еңбек жолын қайдан бастаған?*

"Балдырған"

 

"Қадырды білмейтін қазақ жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. 

Өзін білмесе де, сөзін біледі." пікірінің авторы.

Ә. Кекілбаев

 

"Байқоңырдың" биогравитацияны жеңіп шыға алуы - *

осы ұйқының арқасы.

 

Қаншайым әже кім туралы айтты?*

немересі

 

Қадыр Мырза Әлі қайда оқыған?*

Қазақ мемлекеттік университетінде

 

Талап Сұлтанбеков қашан және қайда жұмыс істеді?*

1962-1970 жылдары"Білім және еңбек" журналында

1985-1991 жылдары"Киноорталық" бірлестігінде

1955-1959 жылдары "Жетісу" газетінде

1970-1985 жылдары"Қазақфильм киностудиясында

 

Қадыр Мырза Әлінің "Көктем" тұңғыш жинағы қашан жарияланды?*

1959 жылы

 

Экипаж мүшелерінің ойы - *

"Байқоңыр" анау-мынау боп кетсе, материалдар өлмесін

 

"Соңғы дем" әңгімесінің авторы*

Думан Рамазан

 

Қадыр Мырза Әлінің "Аралым" өлеңінің тақырыбы*

Аралдың экологиялық жағдайы

 

Т. Сұлтанбековтің шығармасы*

"Ғажайып планета"

 

Талап Сұлтанбековке тән емес сипаттама*

ақын

 

"Ғажайып планета" шығармасындағы жасанды адам *

Кибер

 

Нұрбек шөп шапқан жер *

Дегелеңнің маңы

 

Қадыр Мырза Әлі 76 жасында 2011 жылдың 24 қаңтарында қай қалада қайтыс болды?*

Алматы қаласында

 

Нұрбектің сырқаттануының негізгі себебі*

атом

 

Қадыр Мырза Әлі қайда туған?*

Орал облысы Жымпиты ауылында

 

Талап Сұлтанбеков қазақ әдебиетінде қай жанрдың дамуына үлес қосқан?*

фантастика

 

Қадыр Мырза Әлінің неше томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді?*

16

 

Ғажайып құбылыс - *

жанды планета.

 

Қадыр Мырза Әлінің өлеңі*

"Аралым..."

 

Әңгімеде кімнің "соңғы демі" туралы баяндалады?*

Нұрбектің

 

Гүлжан мен Қаншайым әжей не туралы сөйлесті?*

жарылыстардың әсері туралы

 

Талап Сұлтанбеков қашан Алматы облысы Ақсу ауданында туған?*

1930 жылы

 

Гүлжанның сырқат жары*

Нұрбек

 

Экипаж кемедегі жұмыстың бәрін ... жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кеткен.*

автокосмонавқа

 

Қадыр Мырза Әлі қашан туған?*

5 қаңтар 1935 жылы


06 Ұлттық таным және мерекелер. Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі. О.Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен (үзінді).Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді)

 

Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір ….

сағым

 

Қайыңды иіп, апасы не жасап берген?

шана

 

Ж. Аймауытов 1907 жылдан бастап қай жердегі орысша-қазақша мектепте оқиды?*

Баянауылдағы

 

Ж. Аймауытов 1915 жылы қай қалада "Біржан мен Сара" спектаклін сахналап, өзі Біржанның рөлін ойнаған?*

Семейде

 

Жүсіпбек Аймауытов өлеңді кімге еліктеп шығара бастаған?*

Абай

 

Автордың ойынша, оларды асыраған не?*

келі мен астау

 

Апасының қымбат заты қайдан келген?*

төркінінен Алтайдың арғы бетінен

 

Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды?  

сандыққа

 

Өлеңдегі әженің баланы еркелеткенде айтатын сөзі*

"Қошақаным"

 

Ж. Аймауытовтің мол мұрасын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, 1996-1999 жылдары неше том етіп шығарды?*

5

 

Фариза Оңғарсынованың өлеңі*

"Оюлар"

 

Ж. Аймауытовтің көлемді әңгімесі*

"Күнікейдің жазығы"

 

Жаз шыға барлығы тоғайға неге барады?*

отынға

 

Ж. Аймауытов Семей қаласында алашордашылармен бірге қандай журналды шығарады?*

"Абай"

 

"Апамның астауы" шығармасында әпкесінің жасауын кім дайындады?

апасы

 

Наурыз сауығына кімді ән айтуға шақырды?

Әмірқан

 

"Оюлар" өлеңінде қандай ою-өрнек түрі сөз болады?*

"Қошқармүйіз"

 

"Апамның астауы" шығармасындағы үлкен әпкесінің есімі

Шолпан

 

Кеңес үкіметі кезінде неше жылдан астам уақыт бойы Ж. Аймауытовтің шығармалары оқытылмады?*

60

 

Ж. Аймауытов пьесалары*

"Ел қорғаны", "Шернияз"

 

Жетішатыр” қаласының екінші аты

Семей

 

Апасы қарағайдың қабығына тонды қандай түске бояды?

қызыл

 

Наурыз сауығын “басқарушы” кім?

Әбіжан

 

Оралхан Бөкейдің шығармасы

"Апамның астауы"

 

Ж. Аймауытовке 1929 жылы қандай жала жабылды?*

"Революцияға қарсы жасырын ұйымның мүшесі"


"Апамның астауы" шығармасы кімнің атынан баяндалады?

автордың

 

 

Өлеңде Фариза Оңғарсынова неге тамсанады?*

текеметке

 

Ауылдан неше шақырымдағы "Қаражер" деп аталатын фермада тұрады?*

10

 

Ж. Аймауытов қай жылдары Семейдегі оқытушылар семинариясын оқып бітіреді?*

1914-1918 жылдары

 

"Апамның астауы" шығармасында әкесі қайда бастық болатын?

"Ынтымақ" колхозының сиыр фермасында

 

Өлеңде кім келіп шашынан сипағандай көрінеді?*

әжесі

 

Ж. Аймауытов қай жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған?*

1893 жылы

 

Ж. Аймауытов 1911-1914 жылдары кім болып жұмыс істейді?*

мұғалім

 

"Апамның астауы" шығармасындағы апасы қандай еді?

қолы алтын, құдіретті

 

Ж. Аймауытовтің романы*

"Ақбілек"


07 Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда. Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» (10-сынып, 2-бөлім) Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар» (8-сынып, 1-бөлім)

 

"Дүние қалай етсең табылады?" әңгімесіндегі тіленші жігіт - 

Антон

 

Абай кімнің шығармаларын аудармады?

Достоевский

 

Ыбырай Алтынсарин кім?  *

атақты ақын, аудармашы, ағартушы

 

"Дүние қалай етсең табылады?" әңгімесі кім туралы болды? *

Қайыр сұрап жүрген тіленші туралы

 

«Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңінде автор оқырманды неге шақырады?

жан-жағын абайлап, өзі де бір бағдарлауға

 

Неліктен тіленші жігіт мұндай күй кешті?

Қалай еңбектенудің жолын білмеді.

 

Ыбырай Алтынсарин қай шығармасында адал еңбекпен дүние табудың үлгісін көрсеткен?

"Дүние қалай етсең табылады?"

 

Антонмен араға неше жыл салып көрісіп қалады?

25

 

"Абаймен бірге қазақ өміріне, өнеріне, мәдениетіне жаңа бағыт келді" - деген пікірдің авторы

Зәки Ахметов

 

1815 жылы қай қалада Антонның купец болып кеткенін көреді?

"Брюссель"

 

«Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңінің авторы

А. Құнанбаев

 

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? 

1841 жылы

 

Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ашқан мектепке неше бала қабылданды?

14

 

Антон жолаушының айтқанын қалай жүзеге асырды?

кітап дүкенін ашты

 

Ыбырай Алтынсаринның мектеп ашудағы мақсаты қандай болған?

балаларды қалай да пайдалы адам етіп шығару

 

Абай Семейдегі медреседе оқыған кезінде қай тілді меңгермеді?

француз

 

«Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңінде кімдерге үміт артады?

"Сәулесі бар жігіттерге"

 

Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқанын айтып кімге хат жазған?

Н.И. Ильминскийге

 

"Дүние қалай етсең табылады?" әңгімесінде студент апта сайын қай қаладағы шешесіне жаяу барып жүретін?

"Версаль"

 

«Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңіндегі "базар" дегеніміз - 

өмір


08 (01) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі Қ. Аманжолов «Жас дәурен» (9-сынып, 1-бөлім) Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы (11-сынып, 2-бөлім) 

 

Абай: "Балаларыңды әке орнына бағу қарызым болар", - деп кімге ант берді?*

Құдайбердіге

 

Абайға қатты әсер еткен, соның куәсі болған қандай оқиға болды?*

"Қодар-Қамқа" оқиғасы

 

Абай Әбішті қалай қарсы алды?*

құшағын жайып, бауырына алды

 

Әбіш қандай оқуда оқыды?*

Петербургтегі Михайлов атындағы артиллерия училищесінде

 

"Қайтқанда" 1-кітабында Абайдың қайдан келген кезі суреттеледі?*

қаладан

 

Қасым Аманжолов қай жерде дүниеге келген?*

қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында

 

Қасым Аманжоловтің өлеңі*

"Жас дәурен"

 

Қасым Аманжолов қай жылы үйленген?*

1946 жылы

 

Абайдың өз шешесі*

Ұлжан

 

Абайдың қасында отырған інісі, жас бозбала Әмір кімнің баласы?*

Құдайбердінің

 

Әбіш әкесінің қай өлең жолдарын мысал етті?*

Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

 

Абайдың екінші шешесі*

Айғыз

 

Қасым Аманжоловтің жалғыз ағасы*

Ахметжан

 

Қасым Аманжолов Пушкиннің қай шығармасын аударды?*

«Полтава»

 

Абай ең бірінші болып кіммен амандасты?*

әкесімен

 

Абайды қалай атаған?*

Телғара

 

Абайдың әжесі*

Зере

 

Қасым Аманжоловтің жұбайы *

Сақыпжамал

 

Абай аулында үлкен бір әбігер. Бұның себебі - *

Әбіш

 

Қасым Аманжолов Лермонтовтің қай шығармасын аударды?*

"Маскарад"

 

Қасым Аманжолов қай жылы дүниеге келген?*

1911 жылы

 

Абай мен Әйгерімнің бұл жолғы қонақтары кімдер болатын?*

тобықты жастарының ең бір өнерлі, нәрлісі болатын

 

Әбіштің ниеті қандай оқу орны еді?*

политехникалық институт

 

Абай кімді сағыныпты, кімді іздеді?*

кіші інісі Оспанды

 

"Қарауылға тұрған ай" да, "заңғарда жүзген жұлдыз" да, "Сарыарқа жақтан ескен жібек қанат самал" да Қасымды еске салады" - деп кім жазған?*

Т. Әлімқұлов


08 (02) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі (7-сынып, 2-бөлім), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді) (8-сынып, 2-бөлім)

 

Мағжан Жұмабаев 1905 жылы қайда оқуға түседі?*

Қызылжардағы медресеге

 

Мағжан Жұмабаев білімін қай жердегі "Ғалия" медресесінде жалғастырады?*

Уфадағы

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын кім Петерборда сенатқа, білім орындарына апарып көрсетеді, қайдан тапқанын айтады?*

И. Беленицин

 

Қандай мүсіндерді 1771 жылы Григорий Волошин, 1856 жылы Шоқан Уәлиханов қағаз бетіне түсірген?*

қасиетті құты ұстаған үш әйел мен бір еркек бейнеленген мүсіндерді

 

Лиро-эпостық жырды ата*

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу"

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күмбезінің есігі қайда қаратылған?*

шығысқа

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күмбезі немен қаланған?*

гранит және сабан аралас балшықпен

 

Мағжан Жұмабаев қай қаладағы оқытушылар семинариясын алтын медальмен аяқтады?*

Омбыдағы

 

Эпостық жанрға не жатпайды?*

тұрмыс-салт жырлары

 

Мағжан Жұмабаев кімнің 1909 жылы Петербургте жарық көрген шығармаларын оқиды?*

Абайдың

 

"Алтын Алашқа құрбан болған ақ жаны, Ақындықтың мұздай мөлдір маржаны", - деген өлең жолдары кім жайлы?*

Мағжан

 

Мағжан Жұмабаев Шығыс әдебиетінің қай даналарының шығармаларын түпнұсқадан оқып-үйренбейді?*

Ғазиз

 

Қозы мен Баянның махаббатына кім кедергі келтіреді? *

Қодар

 

Мағжанның мектеп мұғалімдеріне арнап жазған еңбектері*

"Педагогика", "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні"

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырының қазақша ескі қолжазбасын алғаш (1827 жылы) тапқан?*

И. Беленицин

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күмбезі қай жерде тұрғызылған?*

Шығыс Қазақстан облысы Таңсық ауылы Аягөз өзеніне жақын жерде

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күмбезінің жанында нелер болған?*

тас мүсіндер

 

Мағжан Жұмабаев өлеңдері тұңғыш рет қай баспаханада басылып шығады?*

Кәрімовтер баспаханасында

 

Мағжан Жұмабаев өлеңдері тұңғыш рет қай қалада басылып шығады?*

Қазанда

 

Қозының әкесі - *

Сарыбай

 

Лирикалық жанрға не жатпайды?*

батырлар жыры

 

Мағжан кімнің әңгімелерін қазақ тіліне аударды?*

М. А. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк

 

"Қыз Жібек" оқиғасы осыдан шамамен 500 жыл бұрын Ақтөбе облысының аумағында болғаны туралы нақты тарихи деректер бар", - дейді*

Меруерт Өтекешова

 

Мағжан таңдаулы прозалық шығармаларды аудару арқылы қазақ әдебиетіне қандай талдау әдісін енгізді?*

психологиялық талдау әдісін

 

Мағжан кімнің өлеңдерін қазақ тіліне аудармады?*

М. А. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк

 

Мағжан Жұмабаев неше жасынан хат таниды?*

4

 

Мағжан Жұмабаев қай жылы туған?*

1893 жылы

 

А.С. Пушкин 1833 жылы жазып алып, не жазуды жоспарлағаны анықталды?*

поэма

 

Баянның әкесі - *

Қарабай

 

Балалар неше жасқа келгенде Қарабай басқа жаққа көшіп кетуді ұйғарады? *

8

 

Ғашықтық, сүйіспеншілік туралы жырлардың басты кейіпкерлері*

қарапайым адамдар

 

Мағжан Жұмабаевтің өлеңдерін тұңғыш рет жариялау ісінде көмектескен ұстазы?*

Ғалымжан Ибрагимов

 

Г. Саблуков "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырының бір сюжетін кімнен түсіріп алады?*

Семей губерниясындағы Көкпектіде жүрген орыс чиновнигінен

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдан бастап жазып алған шығыстанушы кім?*

Г. Саблуков

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдан бастап жазып алған орыс ақыны кім?*

А. Пушкин

 

Мүсіндерде кімдер бейнеленген?*

Баян, Айғыз, апасы, Қозы

 

Мағжан Жұмабаев қайда туған?*

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы "Сасықкөл" деген жерде

 

"Мен жастарға сенемін!" өлеңінің авторы*

Мағжан Жұмабаев

 

Мағжан Жұмабаевтің поэмасына жатпайды*

"Ескендір"

 

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күмбезі қай ғасырларда тұрғызылған?*

Х-ХІ


09 Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы (10-сынып, 2-бөлім). Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады». (11-сынып, 2-бөлім) 

 

Төлеутай деп отырғаны кім?*

қарттың жалғыз немересі

 

Байтас қарт қайда өмір сүрген?*

Қытайда

 

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің алғашқы әңгімелер жинағы*

"Қаздар қайтып барады"

 

 Қабдеш Жұмаділовтің тарихи тақырыпқа арналған шығармасы*

"Дарабоз"

 

Байтас қарттың тұмарында не болды?*

туған жердің топырағы

 

Ұлықбек Есдәулет еңбек жолын 1971 жылы қай газетте корректорлықтан бастаған?*

"Коммунизм туы" (Дидар)

 

"Қара пима" поэмасында кім ішуге сылтау табады?*

әкесі

 

"Қара пима" поэмасының басты кейіпкерлері*

әке мен бала

 

"Қаздар қайтып барады" повесінің басты кейіпкері кім?*

Байтас

 

"Қара пима" поэмасында жылдың қай мезгілінде болған оқиға суреттеледі?*

қыс

 

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің романы*

"Көкейкесті"

 

Ұлықбек Есдәулет Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қашан бітірген?*

1977 жылы

 

Ұлықбек Есдәулет қашан дүниеге келген?*

1954 жылы 29 сәуірде

 

Повесть неге "Қаздар қайтып барады" деп аталған?*

Қаздар үнемі туған жеріне оралады

 

"Қара пима" поэмасында әкесі баласының қай затын алып кетеді?*

пимасын

 

"Шіркін, жалған-ай, дəл қазір қасымда томпаңдап Төлеутайым еріп келе жатса, арманым болмас еді-ау. Қайран құлыным, сенен қалай ғана тірі айырылдым екен? Мен сорлыны жер соқтырып кеттің-ау сен мүлде... Тірі болсам, туған жерді бір көрсетем деуші едім. Ол күнге құдай жеткізбеді ғой. Қайтейін!.." Қай шығармадан алынған үзінді?*

"Қаздар қайтып барады"

 

Байтас қарт үшін не үлкен мереке болып еді?*

Төлеутайы жетіге толып, мектепке барғаны

 

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері қай газетте басылып шығарылды?*

"Шыңжаң"

 

Байтас қарт неше жыл бұрын туған жерден жыраққа кеткен?*

40

 

 Қабдеш Жұмаділовтің негізгі еңбектері топтастырылған "Он екі томдық" шығармалар жинағы қай баспадан шыққан?*

"Қазығұрт"

 

 Қабдеш Жұмаділовтің "Соңғы көш" романы қай тілде жарық көрген?*

түрік

 

Байтас қарт Қытайдан қайда келді?*

туған жеріне

 

"Қара пима" поэмасында бала әкесіне не деп жалынады?*

"Арақ ішпе!"

 

"Қара пима" поэмасының соңында әкесі баласына не сатып әкеледі?*

пима

 

Ұлықбек Есдәулет 2018 жылы Тұңғыш Президент жарлығымен қандай лауазымға сайланды?*

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы

 

"Қара пима" поэмасында баласымен қандай жағдай орын алады?*

аяғын кесіп тастайды

 

Қабдеш Жұмаділовтің ""Тағдыр" романына қай жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді?*

1990

 

Қырық жыл бойы күндіз ойынан, түнде түсінен шықпаған *

Айнабұлақ

 

Алай да дүлей ақ боран

Ысқырып, ұйтқып, бұрқырап, 

Аттаған жанды қақпадан 

Қақпақыл қылар жұлқылап... 

Үзінді қай шығармадан алынған?

"Қара пима"

 

Байтас қарт неліктен қаздарды атуға болмайды деді?*

себебі олар жолаушылар

 

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің жастық шақта жазылған өлеңдері қандай атпен жинақ болып шығарылды?*

"Жас дәурен"

 

Ұлықбек Есдәулет М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы  Жоғары әдеби курсын қай жылдары бітірген?*

1983-1985 жылдары

 

 Қабдеш Жұмаділовтің нешеге жуық кітабы бар?*

30-ға жуық

 

Ұлықбек Есдәулеттің поэмасы*

"Қара пима"

 

Ұлықбек Есдәулет қай жерде дүниеге келген?*

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында

 

Байтас қарт жолда қандай қиындық көрді?*

қасқыр оның соңына түсті

 

Қытай жеріне келгелі қарттың кәсібі ...*

аңшылық болатын

 

 Қабдеш Жұмаділовтің екі кітаптан тұратын романы*

"Соңғы көш"

 

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің әдеби қызметі қайда оқып жүрген кезде басталған?*

Шәуешек гимназиясында

 

Байтас қарттың қандай арманы болды?*

Туған жерге оралу


09 (01) Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі (11-сынып, 1-бөлім)

 

Ерболат Әбікенұлының әңгімесі*

"Пәтер іздеп жүр едік"

 

Кеште ойламаған жерден жаңбырлатып кім қонаққа келіп қалды?*

қайнағасы

 

Пәтер іздеуші қандай?*

аңқау

 

Пәтер іздеушілерді алдаған қара келіншектің есімі*

Сұлушаш

 

"Пәтер іздеп жүр едік..." әңгімесінде көтерілген әлеуметтік мәселе - *

тұрғын үй мәселесі

 

Бөлмеде, ең бастысы, не жоқ екен?*

терезе

 

Иттің ұясындай бөлінген бөлмені қаншаға жалдайды?*

10000 теңгеге

 

Сендер жатқан бөлмеге ... жатады.*

Лайкам

 

"Жетім бұрыш" деген не?*

төмен бағада пәтер жалдап алуға болатын жер

 

Пәтер іздеушілер маклерге қанша мың теңгеге алданып қалды?*

1000


10 Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы Бердібек Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі (10-сынып, 2-бөлім) Қ.Т. Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт» (7-сынып, 1-бөлім). М. Әлімбаев «Ең үлкен байлық» ертегісі (5-сынып, 2-бөлім)

 

Қиясқа егін басына тамақ алып, кім келді?*

Сауыт

 

Тынымбай Нұрмағамбетовтің пьесасы*

"Табалдырығыңа табын"

 

Мұраттың әлсіз болуының себебі неде?*

қорғаштап өсіруден

 

Мұрат қандай бала болатын?*

аурушаң

 

Мұрат неше күннен бері ауру?*

3

 

Мұрат Батырбаев неше жасында жеңіл салмақтылар бойынша дүние жүзінің чемпионы атанды?*

16

 

Тынымбай Нұрмағамбетов қай телефильм сценарийінің авторы?*

"Тырналар ұшып барады"

 

Қиястың бауыры?*

Сауыт

 

"Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармаларында нәзік лиризм басым... Шығарма кейіпкерімен  бірге қуанып, бірге жылап, бірге қобалжып, уайымдап отырады" деген пікірді кім айтқан?*

С.Ержанова

 

Қияс тарылықты суаруды кімнен үйренді?*

әкесінен

 

Қария жігітке не деді?*

Сен нағыз бай адам емессің бе?

 

"Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден бекерге шимайламайтын еді ғой. Жазады, түбін түсіріп барып бірақ тоқтайды"  пікірінің авторы*

Сайын Мұратбеков

 

Шіркін-ай, менің байлығым болса, ... (шығарма желісі бойынша жалғастыр)*

жақсы өмір сүрер едім.

 

Тынымбай Нұрмағамбетов 1968 жылы қай оқу орнын бітірген?*

Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында

 

"Ең үлкен байлық" шығармасындағы ақылшы қария?*

тас қашаушы

 

Қиястың әкесі қайда?*

майданға кетті

 

Қияс қандай қиындыққа тап болды?*

су сарылдап далаға кетіп жатты

 

Адамның ең үлкен байлығы - *

күш-қуаты мен денсаулығы

 

"Бердібек Соқпақбаев - ірі тұлға, үлкен талант иесі" пікірінің авторы*

Әлнұр Мейірбеков

 

Тынымбай Нұрмағамбетов 1971 жылы алғашқы әңгімелер жинағы қандай атпен шыққан?*

"Қауын иісі"

 

"Он алты жасар чемпион" әңгімесінің авторы?*

Б.Соқпақбаев

 

Мұрат спорттың қай түрімен айналысты?*

бокс

 

"Ең үлкен байлық" шығармасында жас жігіт неге жылады?*

кедейлігін айтып

 

Қияс тарылықтың неше гектар жеріне жауап береді?*

алты

 

Тынымбай Нұрмағамбетов қайда туған?*

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

 

Тынымбай Нұрмағамбетов қашан туған?*

1945 жылы 10 маусымда

 

Тынымбай Нұрмағамбетовтің бірнеше шығармасы қай тілге аударылып, кітап болып басылып шығарылды?*

орыс

 

Мұрат кімдердің сүт кенжесі?*

Батырбай қария мен Ұлжанның

 

Мұрат жазғы демалыста қайда барды?*

пионер лагеріне

 

Қиясқа Айбол шал не жасап берді?*

өлшегіш таяқ

 

Қиястың анасына не болды?*

ауырып қалды

 

"Бердібек әскери адам сияқты, әбден жинақы"  пікірінің авторы*

Қадыр Мырза әлі

 

"Бердібек Соқпақбаев — адал да қырағы, оқиға өрнектерін жазбай танып, тап басатын шыншыл, реалист жазушы"  пікірінің авторы*

Төлен Қаупенбайұлы

 

Жігіт неге шошып кетті?*

көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын деп

 

Тынымбай Нұрмағамбетов қандай орден иегері?*

"Құрмет"

 

Тынымбай Нұрмағамбетовтің көп шығармасы қандай тақырыпқа арналған?*

еңбек

 

"Ең үлкен байлық" авторы*

М.Әлімбаев

 

Тынымбай Нұрмағамбетов еңбек жолын қайдан бастаған?*

"Су құрылысшысы" газетінен

 

Тынымбай Нұрмағамбетовтің кітабы*

"Балалық шақтың әуендері"

 

"Он төрт жасар жігіт" әңгімесінің авторы?*

Т.Нұрмағанбетов

 

Мұрат қай қалада өткен дүниежүзілік сайыста чемпион атанды?*

Парижде

 

"Он төрт жасар жігіт" әңгімесінің басты кейіпкері*

Қияс

 

Мұраттың жаттықтырушысы кім?*

Николай Трофимовичч

 

Мұраттың АҚШ-тан келген қарсыласы?*

Питер Сандорес

 

Қария денсаулықты неге байлық деп бағалады?*

Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
















Грамматика 1 вариант

«Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

артқа

Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.


Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

Жиналыстан кейін.

Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.

Қар еріп жатыр.

Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.

Хабарлы

Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

ә

Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.

Мал мен бас.

Синоним сөздерді табыңыз.

Мұғалім, ұстаз, оқытушы

Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

Тамаша


Көптік мәнді зат есімді табыңыз.

Күріш

Тура толықтауышты табыңыз. Сәуле дүкеннен қызық кітап сатып алды.

Кітап

Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.

Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

Анықтауыш

Тек ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

қала, мереке

Жекіру одағайын көрсетіңіз.

Жә!

Мақалдың жалғасын табыңыз.

Жеті жұртың тілін біл,

Жеті түрлі ... ... .

білім біл.

Атаулы сөйлемді табыңыз.

Аппақ қар.

Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз. Мүмкін, келіп қалар.

Қыстырма

Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.

тар, -тер

Синоним сөздерді көрсетіңіз.

Көркем, сұлу, көрікті

Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

қ, ң

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

бірақ

Антоним сөздерді табыңыз.

Жылдам, ақырын

Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

Раушан жазғы демалыста ауылға бар.

Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. Я, яки, не, немесе.

Талғаулықты

Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

Қызыл тіл

Болжалдық сан есімді табыңыз.

Беске таман

Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді.

Түбір сөзді табыңыз.

Қон

Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді табыңыз.

Ойбай ай




ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Испустинова Асель
14 Қаңтар 2025
392
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі