Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Авогадро заңы. Молярлық көлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жаңартылған білім бағдарламсы бағытында құрылған, оқушыларға функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмалар құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы


Мектеп:Қостанай облысы Рудный қаласы №19 орта мектебі

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Асылбекова Асель Камзаевна


Сынып

8 «А,Ә,Б,В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Авогадро заңы. Молярлық көлем.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты / оқу бағдарламасына сілтеме

8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық білім алушылар үйренеді:

Зат мөлшерінің, мольдің, Авогадро заңының, газдың молярлық көлем анықтамасын біледі, формуласын жаза алады

Білім алушылардың көпшілігі үйренеді:

Зат мөлшерінің, Авогадро заңының, газдың молярлық көлемін не үшін қолданатынын түсінеді,есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбір білім алушылар үйренеді:

Формулаларды түрлендіріп, күрделі есептер шығара алады. Өз бетімен есеп құрастыра алады.

Бағалау критерииі

1.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде Мольді анықтайды және Авогадро санын есептер шығаруда қолданады.

2.Көлем мен молярлық көлемді ажырата алады.

3.Газдарға қатысты есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қазақша

Орысша

Ағылшын

Моль

Моль

Mol

Авогадро саны

Число Авогадро

Avogadro number

Молярлық көлем

Объем молярная

The molar volume

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

моль дегеніміз-........,

қ.ж. көлем дегеніміз-...........,

салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз-.......

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандықпатриотизм мен азаматтық жауаптылықты еліміздің территориясында периодтық жүйедегі барлығы дерлік химиялық элементтердің кездесетініне көз жеткізу арқылы- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

Пән аралық байланыс

Математика, физика

Алдыңғы білім

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут





2 минут






6 минут

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал туғызу

Шаттық шеңбері әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, ортаға біреу шығып айнаны қолына алып, бір сыныптасының атын атайды оқушылар сол аталған баланың бір ауыз сөзбен жақсы қасиеттерін айтады.Солай кезек-кезек жалғастырады.

Сол тұрған бойымен 1-2-3-4 саналып топқа біріктіріледі.

Оқушылар топқа біріктіргеннен кейін әр топтан топ басшысын сайлайды


Кім жылдам әдісі арқылы үй тапсырмасын әр топқа деңгейлік тапсырма беру арқылы сұраймын

1 –деңгей тапсырмалар. Химиялық элементтердің олардың таңбаларын оларға сәйкес келетін қазақша және латынша атауларымен сәйкестілігін табу

1. Сu темір cupprum

Fe сынап hydrargyrum

H сутек hudrogenuim

Hg мыс ferrum

2-деңгей тапсырмалар. Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есепте?

Мr (СаО)= Мr (BaSО4)= Мr (P 2О 3)= Мr (КМnO4)=

3 –деңгей тапсырмалар. (әр топқа бір есептен беріледі)

16г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?

Нәтижесінде 2 моль оттек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?

Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?


ҚБ «Қол шапалақ»



презентация



қима қағаздар





















Сабақтың ортасы

27 минут









10 минут

Жаңа тақырыпқа шолу. Мұғалімнің түсіндірмесі. INSERT әдісі бойынша Оқушыларға физика курсында қаралған газ заңдарын еске түсіру арқылы жаңа сабақты бастаймын. Газ заңдарының бірі- Авогадро заңы (1811ж).Қалыпты жағдайда кез-келген газдың көлемі 22,4 л/мольге тең (Vm). Көлемді анықтау формуласы V=n*Vm осы формуладан зат мөлшері n=V/Vm. Газ тәрізді заттардың массасы немесе молекула саны берілсе, алдымен сол заттың зат мөлшерін анықтап, көлемін есептейді. Газдардың салыстырмалы тығыздықтары арқылы газ тәрізді заттардың 1 молінен неше есе ауыр немесе жеңіл екенін және белгісіз газдың мольдік массасын есептеуге болады. D=M(газ1)/М(газ2) Осы формуладан мольдік масса М(х)=Д(в)*М(в) Қалыпты жағдайдағы тығыздық p=M/Vm. Осы формулалар көмегімен есептер шығарып, тапсырмалар орындайық.


1-тапсырма Сәйкестендіру тесті (жұптық жұмыс) Сәйкестендіру әдісі. Жаңа тақырыптағы формула мен өлшем бірліктерді әйкестендіру

Авогадро саны

22,4 л/моль

Мольдік көлемнің өлшем бірлігі


1 атм. р=101,3кПа

Көлемді анықтау формуласы


л/моль

Қалыпты жағдай


V=n*Vm

Қалыпты жағдайдағы көлем


6,02х1023


Дескриптор:

1. Мольдің көлемнің формуласын, өлшем бірлігін біледі

2.Авогадро санының мәнін анықтайды 3.Қалыпты жағдайды өлшемін біледі

ҚБ Ынталандыру, қолдау көрсету әдісі


2-тапсырма Зерттеушілік конференциясы әдісі арқылы тапсырманы топта талдап, постер қорғау.(топтық жұмыс)

1-топ Ыдысқа 2 моль азот сыйады.Ыдыстағы азоттың молекула санын, көлемін анықтаңдар. Кері есеп құрастыр.

2-топ Стакандағы көмірқышқылының молекула саны 9,03х1023. Стаканда неше моль және қанша көлем көмірқышқыл газы бар. Кері есеп құрастыр.

3-топ 88г иіс газының зат мөлшері мен көлемді анықта. Кері есеп құрастыр.

Дескриптор:

Газ тәрізді заттардың молекула, моль санын және көлемін анықтайды

2 Формуланы қолданып есептер шығарады

3 Кері есептерді құрастыруды үйренеді.

Постермен тақырыпты қорғайды .Топ мүшелерімен бірлесе орындалған жұмыстарды өзара стикерлер арқылы бағалайды


3-тапсырма Дұрыс, бұрыс ойыны (жеке жұмыс)

Берілген тапсырманың дұрыс не бұрыс екенін "+" - белгісі арқылы белгілейді


Зат мөлшерінің өлшем бірлігі-г\моль


6,02х1023моль-1 Авогадро тұрақтысы



2моль суда 2моль сутек болады


Бөлшектер саны N= n х NА


Алюминий оксидінің молярлық массасы 43г\моль


98г\моль күкірт қышқылының молярлық массасы


3,01х1023молекула азоттың зат мөлшері 1моль




4-тапсырма Есепте,ойлан әдісі арқылы сабақты бекіту. Жек жұмыс Оқушыларға тақырыпқа сай формула көмегімен шығатын есептер беру.

1,5 моль сутегінің молекула санын анықта.

Молекула саны 3,01*1023 тең неон газының көлемін есепте.

Көлемі 44,8 л тең көмірқышқыл газының көлемін анықта.

Дескриптор

Қосылыстардың зат мөлшерін,молекула санын және көлемді формула көмегімен есептеуді үйренеді.


1 топ:Массасы 200 г болатын кальции оксидінің зат мөлшерін тап.

2 топ:Массасы 300 г болатын калий оксидінің зат мөлшерін тап.

3 топ.Массасы 400 г болатын мыс оксидінің зат мөлшерін тап.

Флипчарт















Сабақтың аяғы

3 минут

Рефлексия

Бүгінгі тақырыпқа сай білім алушылар тақырыпты меңгергені

үш түсті алмалар арқылы бағалайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12