жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Австралия және Океания халықтары
Дәрістің тақырыбы: Австралия және Океания халықтары
Жоспары
1.
Австралия және Океанияның тарихи мәдени
аудандастырылуы.
2.Австралия
және Тасмания халықтары.
3.Меланезия
халықтары.
4.Полинезия
халықтары.
5.Микронезия
халықтары.
Мақсаты: Австралия
және Океанияның географиялық жағдайын,
этникалық тарихын, социогенезін,
шаруашылығы мен мәдениетін қарастыру.
Жиі кездесетін сөздер. Абориген, табу, мана, Австралия тілдері, «унгуд».
Австралия
мен Мұхит халықтары. Австралия
мен Мұхит төрт аймақтан тұрады: Австралия
мен Тасмания; Мелонезия мен Жаңа Гвинея;
Полинезия мен Жаңа Зеландия және
Микронезия.
Австралия
мен Тасмания.
Антарктиданы
қоспағанда Австралия Жер шарының басқа
құрлықтарынан бөлек орналасқанн. Оны
мұхиттар мен теңіздер қоршап жатыр. Бұл
жерге ең жақын тұрғаны солтүстіктегі
Малай арзипелагтары. Осы архипелагтармен
көптеген аралдар арқылы Австралия
Оңтүстік Шығыс Азиямен байланысып
жатады. Австралияның жер көлемі 7,7 млн.
шаршы шақырым шамасында. Жер бедері
біркелкі, аса биік таулары жоқтың
қасы. Тасмания
аралы да Австралияның оңтүстік шығысына
жақын орналасқан. Жер көлемі 68 мың шаршы
шақырымға жуық. Геологиялық құрылысы
бойынша ерте заманда Австралия құрлығы
мен Тасмания бір болған. Тасманияның
төңірегінде алғаш рет 1798 жылы Флиндереом
және Бассом жүзіп келіп, осы аралдың
бар екенін анықтаған. Оң жағасы көптеген
шығанақтармен қоршалған. Тасмания
аралын солтүстіктен оңтүстікке қарай
екі тау жотасы басып өтеді. Бұл тау
жоталары өсімдікке бай, оның бөктерлерінде
ормандар көп. Климаты қоңыржай, дымқыл.
Қыста жиі –жиі қар жауып тұрады.Австралияның
климаты тропикалық, субтропикалық,
қоңыржай болып келеді. Тек оның шығыс
және орталығында шөлді дала кездеседі.
Олардың көлемі онша көп емес. Австралияда
өзен мен көлдер көп емес.Ондағы ең үлкен
өзен-Муррей-Дарлинг. Одан басқа да
Виктория Орд, Балонн, Барку т.б. өзендер
бар. Өзендері онша ұзын емес. Олардың
көпшілігі жаңбыр аз жауған кездері
құрғап өқалады. Бұл жердегі ұлкен-кішілі
көлдердің жалпы саны 763-ке жетеді. Австралия
мен Тасмания аудандарының табиғи-географиялық
жағдайларына бейімделген әртүрлі
өсімдіктер өседі. Бұл жерлердерді
климаттық жағынан бірнеше аймақтарға
бөлуге болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс
аймақтарында қалың жасыл тропиктік
орман болады. Бұл жерлерде: пальма, фикус
арауктар, эфкалипт, акация, казуарин(темір
ағашы) т.б. өседі. Австралияда эфкалипттің
150-ден, астам түрлері кездеседі.
Австралияның шығысынан батысына қарай
жүрген сайын ормандар, ағаштар сиреңкіреп
барып, оның орта жеріндегі сахаралық
шөл, шөлейт жерлерде мүлде ағаштар
өспейді. Олардың ішіндегі ірі шөлдерде:
Симпсон, Үлкен Виктория шөлі, Гиссон,
Үлкен Құмды шөл.Австралияда жануарлар
әлемі де онша көп емес. Жергілікті
жануарларда: кенгуру, вомбат(кеміруші),
коал(қалталы аю);құстардан: тауық, эмо
түйеқұсы, лира-құсы және т.б.Әртүрлі
құрт-құмырсқалар, жабайы ара, бал
құмырсқасы, қоңыз, балықтар, омыртқасыздар
жергілікті австралиялықтар Жер бетіндегі
қыбырлап жүрген осы жан-жануарлардың
бәрін тамақ етеді.
Кейінгі
кездердегі жүргізілген зерттеушілердің
нәтижесінде Авсралияның жерасты
байлықтарының көп екені байқалып отыр.
Бұл құрлықтың: тас көмір, қоңыр көмір,
мұнай, газ , уран, темір, мыс, қалайы, хром
және т.б. кен көздері бар.
1901жылдың
1қаңтарынан бастап Австралия өз алдына
ерікті федеративтік мемлекет болып,
Британиямен қарым-қатынастағы ел болып
есептеледі. Халқының 97,1 %-ы қалада
орналасқан. Олар құрлыққа біркелкі
таралмаған. Жер шарының тарихи-географиялық
қолайлылығына қарап, адамдардың көпшілігі
Австралияның шығыс, оңтүстік-шығыс және
оңтүстік –батыс жақтарында тығызырақ
орналасқан.
Австралия
мен Тасмания осы күнгі халықтың басым
көпшілігі еуропалықтардың, оның ішінде
ағылшындардың ұрпақтарынан қрлыған.
Аборигендердің Еуропадан келген
отаршылдармен соғыстарынан нәтижесінде
олардың көбі қырылған. Тірі қалғандарды
шөл, құнарсыз жерлерге ығыстырып
шығарған. ХІХ ғасырдың 70 жылында ең
соңғы тасмандық –Уилльям Лэннин қайтыс
болған.
2.Австралия
және Тасмания халықтары.Австралиялықтардың
ата-бабалары бұл құрлыққа қайдан және
қашан келген? Бұл мәселеге Австралия
мен мұхитты ерттеген әр елдің ғалымдары
бұл жөнінде көптеген пікірлерін
қалдырған. Солардың бірі ол 1819-1821 жылдары
антарктикалық экспедициясына қатысқан
орыстың ғалымы И.М. Симонов. Бұл кісі
австралиялықтардың ата-бабалары
индиялықтардың төменгі кастасынан
шыққан болу керек деген болжау айтады.
1847 жылы ағылшын антропологы Дж. Причард
австралиялықтарды зерттеп, олар ертедегі
мұхиттық аборигендердің қалдықтары
болу керек деген пікірді білдірген.
1870 жылы әйгілі орыс ғалымы , саяхатшы
Н.Н. Миклухо-Маклай да бұл құрлық
халықтарының арасында болып, тұрғындардың
тұрмыс мәдениетімен танысады, ғылымға
керекті деректер жинайды. Н.Н. Миклухо-Маклай
Австралияның көп жерлерін аралап,
аборигендердің антропологиялық және
тұрмыс жағынан біркелкі екенін байқаған.
Австралиялық нәсілдің негізгі белгілері:
түсі қара-қоңыр, шүаштары бұйра, беттері
мен денелерінде түк көп өспейді, мұрындары
жалпақ, жақ сүйектері қусырыңқы, бойлары
ортадан жоғары. Бұл айтылған антропологиялық
белгілерді австралиялықтардың басым
көпшілігінен байқауға болады. Тасмандықтардың
пайда болуы өте нашар зерттелінген.
Антропологиялық жағынан тасмандықтар
меланезиялықтарға ұқсас. Австралиялықтардың
шаруашылығы- күн көріп, тіршілік етуге
бейімделінген. Олар аң аулап, құрт-құмырсқа
, өсімдіктердің дәндерін жинап және
теңіз жағалаулары мен көлдерден балық
ұстаған. Аңшылық аборигендердің
өміріндегі басты кәсібі болып табылады.
Негізгі құралдары: найза, найзаны
лақтыруға қолданылатын темірдер
істелінген атқы тақта, бумерангтар. Осы
құралдардың жәрдемімен австралиялықтар
жердегі жүретін аңдарды ғана емес, ұшқан
құстарды да ұстай берген. Кенгурудан
кейінгі үлкен аңдардың бірі- эмо түйеқұсы.
Ол- өте жүйрік құс. Бірақ эмоны аборигендер
алдап ұстайды. Австралиялықтар жоғарыда
көрсетілген ірі аңдармен қоса інді
мекендеуші, бауырымен жорғалаушыларды
да аулаған. Олады көбінесе әйелдер мен
балалар ұстаған.
Балықшылық
Австралия тұрғындарының өмірінде үлкен
орын алады. Балықты шанышқы, қармақ,
тор,сүңгі және т.б. құралдармен аулаған.
Балық аулаудың бірнеше жолдары мен
тәсілдері болған. Көп адамдар бірігіп,
балықтарды судың таяздау жеріне үркітңп
әкеліп, қолдарымен ұстаған. Австралия
тұрғындары біздің түсінігіміздегідей
егіншілікті білмесе де, әртүрлі
өсімдіктерді жинап, олардан күнделікті
тамақтар дайындаған. Себебі, бір
аңшылықпен күн көру қиын болған. Егер
де аңшыларлдың кейбір сапарлары сәтсіз
болса, олардың отбасы тарығып, аш болып
қалу мүмкін. Сондықтан австралиялықтар
басқа да қорек түрлерін жинаушылықпен
кең көлемде айналысқан. Жинаушылықтың
көбірек орын алған жері құрлықтың
–шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс
жақтары Олардың қонысы мен үйлері
жөнінде этнографтардың ортасында дұрыс
пікір болмай, олар жергілікті тұрғындарды
үйсіз-күйсіз көшіп жүрген деп жазып
жүрді. Жергілікті халықтардың тұрмысын
жақсыра үйренудің нәтижесінде
австралиялықтардың өздеріне тән үйлердің
болғандығы байқалған. Олардың негізгі
үйлері күркелер мен лашықтар болып
келеді.
3.Океания
халықтары. Океания
үшке бөлінеді:Мелонезия және Жаңа
Гвинея, Полинезия және жаңа Зеландия,
Микронезия аймағынан құрылған.
Океанияның
климаты ыстық экваторлық болғанымен
тропиктік климатқа ұқсас келеді. Мұхиттан
және теңіздерден соққан жел ыстық
ауа-райын жұмсартып, тұрғындар, өсімдіктер
мен жануарларға қолайлы жағдай
тудырады.Окенаия аралдары жасыл желекке
бай, мәңгі көгеріп тұратын тропиктік
өсімдіктер мен ормандар мол. Әсіресе,
тропиктік өсімдіктер батыс, оңтүстік
аралдарды көп болса, шығыс және солтүстік
аралдарда сиректеу.Кейбір өсімдіктердің
тұқымдары мұхит, теңіз сулары арқылы
океания жерлеріне келген болуы
тиіс.Океания жан-жануарларынан бұл
аралдарға жабайы шошқа, кускус, кенгуру
және әр түрлі құстар мол тараған.Тек
Бисмарк архипелагінде жануарлардың
түрлері өте аз.Океанияның үлкенді-кішілі
аралдардың бәрінде адамдар мекендейді.
Океанияның этникалық құрамын жақсырақ
түсіну үшін Мелонезия, Полинезия және
Микронезия аралдарына қысқаша тоқталып
өтейік.
Мелонезия
(гректің «мелас» - қара, «несос» - арал)
– қара арал деген сөзінен шыққан.
Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың
сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген
аралдарына да «қара» деп ат қойған.Мелонезияда
папуастар мен милонезиялықтар тіршілік
етеді.Олар өздерінң нәсілдік белгілері
бойынша австронегроидтыққа жатады.Полинезия
- грекше «поли» - «көп», яғни көп аралдан
құрылған ел деген мағына береді.Олардың
ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай,
Тонга және т.б. жатады.Отаршылар келгенге
дейін бұл жерлерде 1,1 млн. адам тұрған
болса, қазір не барі 450 мың тұрғын
қалған.Микронезия – грекше «микро»
«кішкентай, кішігірім» көптеген аралдар
жиынтығы.океанияның солтүстігінде
орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары
– полинезиялықтардың, милонезиялықтардың
қосылуынан шыққан будандар.Сөйтіп,
Океания халықтарының этникалық құрамы
жергілікті тұрғындармен бірге Еуропа,Азия,
Америка және т.б. жерлерден келген
адамдардан құралған.
Мелонезия
мен Жаңа Гвинея халықтары.
Меланизияға
қарайтын үлкенді-кішілі аралдардың
барлығына ел ертеден мекендеген.18
ғасырдың ақырындағы мағұлұматқа
қарағанда, Мелонезияда шамамен жергілікті
халықтардың саны 1,5 млн-ға жеткен. Кеңес
антропологтарның, соның ішінде
Я.Я.Рогинский мен Н.П.Чебоксаровтардың
пікір бойынша, Мелонезилықтар экваторлық,
негро-австралиялық нәсілге жатқызады.
Жаңа
Гвенияның тұрғындарын этнографиялық
тұрғыдан терең зерттеген Н.Н.Миклухо-Маклай.
Оның еңбектерінде Мелонезияның
аборигендерінің тарихы, сан-салалы
тұрмыстары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері
және мәдениеті ғылыми негізде
қарастырылған.Аборигендердің
антропологиялық белгілері: шаштары
бұйра, түстері күңгірт қоңыр, мұрындары
жалпақ, еріндері қалыңырақ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген