Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.В.Сухомлинский туралы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
А.В.Сухомлинский туралы жазылған. Мұғалімдерге арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ізгілік педагогикасының классигі А.В.Сухомлинский туралы эссе.

Ұлы ізгілік педагогикасының классигі А.В.Сухомлинский қатігез де, қатал соғыстан өткен адам. Соғысқа қатысқан. Жұбайы Вера Петровна жүкті болғандықтан, өзінің әке-шешесінің үйінде болған және өте қатал түрде баласымен бірге өлтірілген. Ал соғыстан кейін ашаршылық, адамдардың көтерілістері басталды. А.В.Сухомлинский көп қайғы-қасірет көрді және Рабиндранат Тагордың мына сөзін көп қайталай берген екен: «Адам жануардан жаман, егер ол жануар болса».

Бірақ қиын өмір оны рухани түрде әлсіретіп жіберген жоқ, ол одан қатігез болып кеткен жоқ. Керісінше, адамдарға көмектесе бастады, әр адамға жылылық танытып жүрді. А.В.Сухомлинский Полтавтық педагогикалық оқу орнын бітірген соң Павлыштық ауылдық мектепке барып, директор болады. Ол балалардың оқуына және түсіністікпен жұмыс жасауларына, бір-бірінің алдарында және өздерінің ар-ұждандарына жауапкершілікті сезінуіне көп мән беретін. Оны ешкім жақтамаған, керісінше оның гуманистік идеяларының дұрыс еместігіне көз жеткізгілері келді. Осыларға қарамастан өзінің ерлігінің арқасында адам бойында адамгершілікті оята білді.

А.В.Сухомлинскийдің ішкі рухы оны алға ұмтылдырған, ол әлеуметтік қайғыдан да, өмірдегі отбасылық мәселеден де, соғыстан да еш басын түсірмей өтті. Ол балаларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге талпынды. Ертегілерде, әңгімелерде Василий Александрович Сухомлинский адамның көлікке айналуына қарсы, ол адамның бойындағы адамгершілігі жайлы баяндаған.

Өзінің тәрбиелік көзқарастарын «Сердце отдаю детям» кітабында жазып өткен.

«Сердце отдаю детям» кітабында А.В.Сухомлинский бастауыш сыныптағы балаларды рухани-адамгершілікке, әріпті тануға, оқуды тануға, есептей білуге, сұрақтарға жауап беруге, ертегі құрастыра білуге, өмірді тануға үйрете отырып, бір-біріне деген сыйластық, табиғатқа деген құрмет, қиянат жасамау, ақиқатты тану, сезіне білуді, адамды түсіне білуді үйретті. Ол өзінің директор болып отырғанына налыған. Балалармен жұмыс істеп жатқан мұғалімдерге қызыққан. Ол да балалармен бірге айналысып, оларға тәрбие үйреткісі келетін. Педагог өз сөзінде былай деген: «Мен директор болып отырып, мұғалімдерге ақыл беруім үшін де, балалармен жұмыс жасауым керек қой»,-деп. Содан А.В.Сухомлинский өзінің «Бақыт мектебін» ашады. Бұл мектепте партада отырып алып жазу, оқу емес, ол өзгеше болған еді. Ең басында педагог балаларды қабылдап алған, олардың өмірін зерттеген, бұл балалар соғыстан кейінгі зардапты көрген, біреуінің әкесі, анасы қайтыс болған, ал кейбірінің әке-шешесі ішкіш, кейбірінікінің анасы өгей, ал тағы біреудікі анасы тек аузына салып беріп, менменшіл адам ретінде тәрбиелеуде, ал кейбіреуінің қолы мен аяғы жоқ, соғыс кезінде немістер мина тығып қойып, бала бақшасына барып бір нәрсе тауып алдым, дегенінде атылып, қолы мен аяғынан айырылған. Кейбіреулерінің балалары көп, балалары үйде барлық жұмысты жасап ойнауға да үлгермейтін. Осылай «Бақыт мектебіне» педагог 15 ұл, 16 қыз жинап алды. Педагог осы балаларды көргенінде көздерінен мұң көрді, олардың мұңдарын қалай сейілтіп, өмірге деген құштарлықтарын қалайша арттырамын деген ойлар мазалап жүрді. Алғаш мектепке балалар өздерінің әдемі аяқ киімдерімен келді. Бірақ В.А.Сухомлинский ата-аналарына ескертіп, ендігәрі жалаң аяқ жүргенін қалады. Барлық балаларды жинап алып баққа барып, балаларға ертегілер айтып беруден бастады. Бірақ жалықтырмас үшін соңын үзіп тастап, ертеңіне жалғастырған. Осы бақта балалар көргендерін сурет дәптерлеріне салған, ертегілер құрастырған, әдемі табиғаттың музыкасын да естіп жатқан, саяхатқа да шыққан, бір-екі күн түнеген, яғни табиғатпен етене байланыста болған. А.В.Сухомлинский балалардың табиғатпен байланысын құптаған, табиғаттың ғажап сырларын білу арқылы балалар оқуды да, адамгершілік құндылықтарды да үйренеді деп айтқан. Балалар жалаң аяқ жүру арқылы педагог олардың денсаулығының сауықтыруына көп көңіл бөлген. Далада жаңбыр болсын, қыс болсын, бұршақ атып жатса да балалармен бірге педагог табиғат аясында жүретін. Балаларды қиянат жасамауға, қамқор болуға мына жағдай арқылы үйретті, барлық балалармен орманға шығып, табиғат аясын қарауға, зерттеуге, бақылауға талпындырды. Сонда Коля деген бала жапырақтарды жұлып жүрді, оны жұлма деп педагог ешқандай оған мін таққан жоқ. Содан бақта кішкентай жарақаттанып қалған бозша торғайды көріп, Коля күле бастады, түрегеле алмағаны оған қызықты болып көрінді. Баланың былай жасаған себебі, бұл бала тек қрып-соғуды, қасіретті көрген бала, бала тек сондай қатал тағдырды көрсе, олар әдемілікке, жақсылыққа, мейірімділікке талпынбайды, қатігез бола бастайды. Лиза деген қыз бозша торғайды қолына алып, Коляның күлмей, құсқа қамқорлық жасау керектігін ескертті. Бозша торғайды балалар мектепке әкеліп, оны емдеп, тамақтандырып, ұя жасап берді. Содан балалар тағы жараланған құсты әкеле бастады, одан тағы біреуін содан Коляға балалардың оларға қамқор болып жүргендері, мейірімділік танытып тамақтандырғандары ұнап, ол да тамақтандырып жүрді. Бірақ бұл балада адамгершілік құндылықтардың әлі ашылмағандығы, баланың жай тамақтандырғандары үшін қызыққанын көрсетті. Балалар жараланған мысықты, одан қоянды алып келіп, мектептің бір бөлмесі зоопаркке айналды. Балалар мысық пен қоянның ұйықтап жатқанын көріп, оларға таң қала қарап, сүйкімділіктеріне риза болды. А.В.Сухомлинский сонымен қатар табиғаттағы өсімдіктерді де аялай білуге үйретті. Баққа балаларды ертіп апарып, өсіп тұрған бақытгүлін көрсетті. Балалар бір-бірлеп оларды жұла бастады. Алдында бақ гүлдерге толып әдемі болып тұрған еді, ал оларды жұлып алған соң түк те қалмай, әдемілік жоғалды. Үлкен балалардың оларды өсіріп, баптап, күткенін айтты, ал балалар оларға қиянат жасап жұлып алды. Енді аналарға да 8-наурызға гүл сыйлай алмайтынын ескертті. Келесі жылы бақытгүлдері әдемі болып гүлдеп шыққан еді, балалар баққа барды, бірақ біреуін де тиіспейтін болды. 8-наурызда аналарына бір-бір шоқ гүлдерді сыйлады. Өздері осыған риза болды. Педагог осы әдістерін мұғалімдерге де үйретіп жүрді. «Баланың қиыншылығын, бақытын бірге бөлісетін мұғалім рухани түрде бай»,- деген еді.

А.В.Сухомлинский балаларға қоршаған ортаны тану арқылы рухани-адамгершілікке, жақсылыққа, түсіністікке, қамқорлыққа тәрбиеледі. Сонымен қатар, еңбек етіп жатқан ата-аналарының еңбек орындарына барып еңбек етудің қызықтығына балалардың көздерін жеткізді. Музыка мен табиғаттың байланыстығын көрсете отырып, балалардың жүректерін әсемдікке, сезімталдыққа жақындата түсті. Армандауға үйретті. Көріп тұрған затының суретін салуға үйретті. Педагог айтқан ертегіні балаларға салып көрсетіп жатса, қасындағы бала да салып балаларға көрсетіп еді, балалар педагогтың емес, баланың суретіне қызыққан, өйткені балалар табиғатты, өмірді өздерінше қиялданып қабылдайтынын айтып өтті. Қыстыгүні далада үйшік жасап, аққала, төбешік жасап балалардың рухани бай өмірі ашылады екеніне А.В.Сухомлинский көзін жеткізді.

Балаларға оқу мен жазуды да табиғат аясында үйреткен, мысалы, қоңыз ұшып бара жатса, бұл қоңыз деп, балалар сурет дәптерлеріне суретін салып, қоңыз сөзін жаза бастаған екен. Осылайша балалар оқуға да, жазуға да үйренді.

Адамдарға көмектесуді де педагог үйрете бастады. Андрей деген қарттың балалары соғыста қайтыс болған және жұбайы да. Қарт жалғыз өмір сүрген жалғызбасты адам еді. Балалар оған ботқа пісіріп, сурет салып беріп, түрлі-түсті тастар жинап беріп,ұлдар шөптен қартқа тақия тоқып беріп, онымен әңгімелесіп, қарттың көңілін көтеріп қайтқан екен. Ал қарт оларға ағаштан әр түрлі жануарлардың фигураларын жасап берді.

Балалар рухани түрде бір-біріне қамқорлық жасағанда, мұң мен қиындықты аз қабылдаған еді. Балалар Нина мен Сашаның сабаққа мұңлы болып келетінін көріп,оның анасының жағдайын сіңлілерінен сұрап алып, анасының жағдайы нашар екенін естіп, бақшадағы арамшөптерді жұлып, картоп жинап берді. Балалар орманға серуендеуге шығарда әрдайым Нина мен Саша шыға алар ма екен деп ойлайтын, олар үйден шыға алмайтын өйткені әкелеріне көмектесу керек еді, содан балалар тағы да қолдарынан келгенінше көмектесетін.

«Сезінуге үйрету-бұл өте қиын тәрбиелеу. Жүрек, сезім, қамқорлық мектебі-бұл достық, үйлесімді қарым-қатынас, ағайындылық. Бала басқа адамның қиындығын бақыт,қуаныш, ішкі тыныштық үшін жасаса ғана көреді екен»,-деген А.В.Сухомлинский.

Педагог былай айтады: «Баланы өмірдің тек бақытын көруге үйретпеңіз, өзіңіз қайғы жұтып отырып, балаға өтірік күлкі сыйламаңыз, бала да өмірдің бір жағын қиындығын көре білуге үйренсін. Әйтпегенде, бала менменшіл, өзімшіл болып өседі»,-деген еді.

Педагогтың мақсаты, ол балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының, адамгершілік құндылықтардың бір-бірімен бөлісіп бақытқа бөленуі.

А.В.Сухомлинскийдің бір әдісі өте қызық ол тек балаларға төрт және бес деген баға қойған, екі деген бағаны мүлдем қоймаған, баланы төмендетпеген, жазғанын дұрыстасын деп оны талпындыртқан. Кейде жылдық қорытындыға алты балаға баға қоймаған, ата-аналар білетін баға қойылмаса, онда баласының бір нәрсені түсінбегенін, содан педагогтар, ата-аналар бірлесіп, балаларға көмектескен. Баға үшін емес, бала қалай да болса білуі керек деп оқытқан, түсінбей жатса, басқаша сұрақтар дайындаған. Балалардың сұрақтарына педагог күнделікті жауап іздеп жүрген екен, өйткені баланың сұрақтары өзгеше, барлығына ұқсас емес сұрақтар. Олар барлығын білгісі келетін, ал көп ойланып қалатын балалардың өмірдегі жағдайларының, денсаулықтарының нашарлығынан деп түсіндірген. А.В.Сухомлинский балаларды жүрекпен сезе білуге, қасындағыларға тек жақсылық жасай білуге, қайғысын бірге бөлісуге, жанның тазалығына өздерінің талпынып жетуіне үйрткен. Бар өмірін балаларға арнаған. Балалардың қоғамда өз орындарын таба білуіне көмектескен.

«Сердце отдаю детям» кітабы маған өте әсер етті. Бұл кітаптағы әңгімелер өте қызықты, әсерлі жазылған. Мұғалімдерге ұлы педагогтан көп әдісті үйренуге болады. Заманның ағымымен емес, өктемділікпен емес, жүректің, жан тазалығының әсерімен балаларды үйрете білген, балалардың әрқайсысының жалпыадамзаттық құндылықтарын ашуға көмектесе білген.



Астана қаласы № 44 орта мектеп өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Калменбаева Кунсулу Мирамовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.08.2018
1317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12