Автобус көлігінде үлкендерге орын беру:
міндет пе, құрмет пе?
Қазіргі уақытта Алматы
қаласында 3700-ден астам автобус көлігі
жүріп жатыр. Ал қоғамдық көлікте үлкен
кісіге орын беру-күнделікті өмірде жиі
кездесетін жағдай. Автобусқа жасы үлкен
кісі кірген кезде кейбір жастар орын
береді, ал кейбірі үндемей отыра береді.
Бірақ үлкендерге орын беру — міндет
пе, әлде адамның өз еркімен жасайтын
құрметі ме?
Бір қарағанда бұл
қалыпты жағдай болып көрінеді, бірақ
жастардың орын бермеуінің кесірінен
үлкен жанжал туып жатыр. Әсіресе таңертен
және кешкі уақыттарда автобус көліктері
толып, адамдар бір орында тұрып тұрады.
Ал қарт кісілер орын беру міндетті
дейді. Қазірде қазақ ұғымынды
“Үлкенге-құрмет,кішіге-ізет” деген
сөз халық арасында әлі де өз маңызын
жоғалтқан жоқ. Автобуста орын беру де
сол тәрбиенің кішкентай болса да бір
көрінісі. Орын беру арқылы біз үлкенді
сыйлайтынымызды көрсетеміз. Бірақ бұл
жерде орын бермейтін жастарды да түсінуге
болады. Студенттік өмір, таңертеңнен
кешке дейін сабақ, одан уақыт қалып
жатса жұмыс істеп жатады, ал кейбірі
өзін жайсыз сезініп отыруы да мүмкін.
Бір қарастыратын жайт, қарт кісілердің
осы мәселені түсірбеуі. Жастардың орын
бермегеніне үлкен дау шығаруы. Мысалы,
биыл қаңтар айында Атыраудағы №51
автобуста студент қыз орын бермегені
үшін соққыға жыққан. Сонда қыздың кінәсі
тек орын бермегенінде ме? Әрине, үлкен
адам автобусқа кіргенде оған орын беру
— жақсы тәрбие. Бірақ оны талап етіп
және орын бермеген адаммен жанжалдасу
шектен шығуы. Осы арқылы біз адамдардың
бір-біріне деген қарым-қатынасын көре
аламыз. Қарт адам орынға мұқтаж болса,
оны жай ғана сұрауға да болады. Ал жас
адам да жағдайын түсіндіріп айта алады.
Ең бастысы — бір-біріне дауыс көтермей,
түсіністікпен қарау. Алайда бұл мәселені
тек “жастар орын бермейді” деген
біржақты пікірмен қарастыруға болмайды.
Қоғамдық көліктегі қарым-қатынас жалпы
қала мәдениетінің бір бөлігіне айналып
отыр. Автобуста болған кішкентай ғана
жағдайды айналадағы адамдардың барлығы
көріп, оған әртүрлі пікір білдіреді.
Бірі жастарды кінәласа, енді бірі үлкен
адамның әрекетін дұрыс емес деп санайды.
Әлеуметтік желілерде осындай оқиғалардың
таралуы да адамдардың бұл мәселеге
назарын күшейтіп отыр. Мұндай жағдайлар
қоғамдық көлікте ортақ әдеп ережелерінің
қаншалықты қажет екенін көрсетеді. Әдеп
дегеніміз тек үлкенге орын беру емес.
Ол — өзгенің жеке кеңістігін сыйлау,
қатты сөйлемеу, жолақыны уақытында
төлеу, қоқыс қалдырмау, жүргізушіге
кедергі келтірмеу және қиын жағдайда
қалған жолаушыға көмектесу. Яғни бір
орынға байланысты дау қоғамдық көліктегі
жалпы мәдениет мәселесіне ұласады.
Сондықтан бұл жағдайдан
сабақ алатын екі жақ та бар. Жастар
үлкендерді құрметтеуді ұмытпауы керек,
ал үлкендер жастардың да өз мәселелері
мен жауапкершілігі бар екенін ескергені
жөн. Қоғамдағы сыйластық бір адамның
ғана міндеті емес. Сыйластықты екі жақта
көрсетуі керек деп есептеймін.
Қоғамдық көліктегі
бір орын — үлкен мәселе болып көрінбеуі
мүмкін. Бірақ Атыраудағы жағдай осы
қарапайым мәселенің де үлкен жанжалға
айналуы мүмкін екенін көрсетті. Бір
орын үшін адамның ар-намысына тиіп, күш
қолдану — дұрыс емес. Үлкенге орын беру
— міндеттен бұрын құрмет , ал құрмет
өзара түсіністіктен басталады.