15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Автокөліктерді жөндеу технологиясы
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
МАҚТААРАЛ АУДАНЫ
№14 КОЛЛЕДЖ МКҚК
ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ
Тақырыбы:
Автокөліктерді жөндеу технологиясы (мазмұны)
Дайындаған:
Оқу өндірістік шебері Дедов Александр Сергеевич
Атакент кенті 2019 ж
Автокөліктерді жөндеу технологиясы (мазмұны)
Автокөліктер мен агрегаттарын жөндеуге және сақтауға қабылдау (АРП).Қабылдау үрдісінің кезеңдері: алдын-ала жасалатын техникалық тексерулер мен жиынтығын анықтау; сыртқы жуып тазалау; қорытынды техникалық тексерулер; жөндеу үшін қоймаға жіберу (жөндеуге дейін сақтау). Автокөліктер мен агрегаттарын КР тапсырудағы техникалық жағдай: белгіленген ресурс қызметін атқарған нысандар қабылданады (мысалы, ЗиЛ жүк көлігінің бірінші КР ресурсына дейін қабылданады, толық жинақты -280 мың,км, қозғалтқыштар-200 мың.км, КП-280 мың, км және т.б); жөндеуге жіберілген нысандар жинақы толық болуы қажет (жүк көлігі мен олардың агрегаттары үшін бірінші және екінші жинақтылық белгіленген; автобустар мен жеңіл көліктер үшін тек бірінші, күш агрегаттары, демек беріліс қорапты қозғатқыштар мен ілінісулер үшін-бірінші); нысандар АКБ және шиналар игеруге жарамды болуы қажет, автокөліктердің техникалық жағдайы қозғалтқыштарды қосуда және 3 км жүргізулерде сынақтан өтуде жарамдылық беруі тиіс. Қабылдау кезінде қабылдап - беру актісі жасалады.
Автокөліктің сыртын жуу. Автокөлік техникасының топтары (барлығы 12) мен ластану түрлері. Жуу құралдары. Жуатын құралдардың механизмі. Жуу технологиясы: алдын-ала жуу, негізгі тазарту, қорғаныс полиролдарын жағу және кептіру. Жоғары қысым (гидродинамикалық тазарту) бере отырып, сораптардың, түрлі саптамалары кигізіп бүріккіш пистолеттері бар шлангілерін көмегімен сорғылату әдісі арқылы тазартып жуу (сұйықтық арындарының потенциалды күшін сорғылардың кинетикалық энергиясына түрлендіріп, тегіс, 15-1200 бұрышта желпуішті сорғылар). Жоғары қысымды тазартқыштармен жуу режимі мен техникасы (гидравликалық мониторлы жуатын машинамен, гидродинамикалық тазарту әдістерімен орындалатын қарапайым қондырғымен). Автоматы щеткалы тазартулар (щеткалар мен су сорғыларының көмегімен) порталды және туннельді көлік жуатын орындарда қолданылады. Қол тигізбей жуу.
Бөлшектенген бөлшектерді жөндеу үшін тазартулар мен жуу орны. Жуу мен тазартудың технологиялық үрдістері: жуатын камерада жуатын ерітінді сорғыларының гидранттарымен бағытталған тұрақты немесе үздіксіз жуып тазартулар; шомылғыларға батыру (жуатын ерітіндімен, қыздырғыш элементімен, дірілдетуші платформамен); сұйықтық немесе сұйықтықтардың бу қоспасы түріндегі жуатын құрал циркуляциясымен; құм сорғыларымен немесе ұнтақтармен тазарту; гидро абразивті тазарту;ультрадыбысты тазарту; болат сымнан жасалған щеткамен тазарту және т.б. Ластану түрлері: ұсталған бөлшектер - жуу мен тазарту әдістері (әдістерді таңдау мен режимдерін белгілеу).
Автокөлікті құрастыру және оның агрегаттары. Құрастыру ережелері. Құрастыру тәсілдері. Құрастыру жұмыстарының механизмдері. Технологиялық құрастыру орны металл құрылымының кеңістігі болып табылады, оған механизм құралдары орналасып, бейімделіп, жүк көтеретін құралдар орналасқан. Шарнирлі-балансирленген манипуляторлардың универсалды жұмыс орындарын қолдану қолмен басқарылады. Құрастыру жұмыстары мен құрастыратын жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Автокөлік бөлшектерін қосу және құрастыру талаптары. Бұрандалы қосылыстарды құрастыру ерекшеліктеріне келетін болсақ, осы кезде қолданылатын (кілт, аша сомын, ауыстырмалы бастиектері бар қапталды және қаптамалар, сонымен қатар ұрғылы кілттер, сомын кілттері) механизмденген (бұрандалы сомын, шпилькабұрағыштар) құралдар алынған. Қосылыстарды тарта отырып құрастыру (трбеліс мойынтіректері, төлкелер, тегершік, саусақшалар, сұққыш) остік күштерімен бірге жылу деформацияларын (қамтылған бөлшектерді қыздыру немесе суыту) қолдануға бағытталады, демек бұл кезде келесі құралдар қолданылады: баспалар, алынғыш, құралбіліктер, жұмсақ ұштары бар қаққы, газды қыздырғыштар, индукцялық қыздырғыш қондырғы.
Бөлшектердің дефектациясы.Дефектілер түрі мен сипаты: орнаасқан орны бойынша-локалды (жарылымдар, бұзылыстар және т.б), барлық беткі қабат немесе көлемі бойынша дефектілер (химиялық құрамының сәйкес келмеуі, механикалық өңдеулердің сапасы және т.б), бөлшек бетіндегі шекті зоналардағы бұзылыстардың көлемі (толықсуарылмаған зоналар, жемірленген жаралар, жергілікті тойтарылыған жерлер және т.б), ішкі (треңдетілген) және сыртқы (беткі және қабат үсті); түзетілу мүмкіндігі бойынша - түзелетін және түзелмейтін; нормативтік құжаттамалардағы көрінісі бойынша-жасырын және ашық; пайда болу себептері бойынша-құрылымды, өндірістік және эксплуатациялық. Құрастыру бірліктерінде пайда болған бұзылыстар: қосылыс қаттылығының жойылуы, беткі байланыстардың бұзылыстары, бөлшектерді орналастыру және өлшем тізбектерін орнату. Бөлшектерде пайда болған жалпы бұзылыстар: біртұтастылықтың бұзылыстары (жарылымдар, сынықтар, ажыраулар және т.б), бөлшек пішіндері (иілгіштік, бұралу, жұмсартылуы және т.б) мен өлшемдерінің сәйкес келмеуі. Жеке беткі қабаттарда пайда болған бұзылыстар: цилиндрлік емес, тегіс еместік, перпендикулярлық емес, өстік сәйкессіздік және т.б. Бақылау әдістері: визуалды тексеру (бөлшектің сыртқы жағдайы, деформацияларды табу, жарылымдар, сызаттар, тесіктер және т.б); бұзайтын құралдарды қолдана отырып тексерістер жүргізу (бөлшектердің жасырын бұзылыстарын анықтау), шкалалы өлшегіштер (калибрлер мен деңгей өлшегіштер) мен микрометриялық құралдар (сызғыштар, штангенин құрал, микрометрлер және т.б) бөлшектің беткі қабатын, пішіндерін, өлшемін алуда қажет. Бөлшектердің жасырын бұзылыстарын бұзбайтын құралдармен бақылап анықтауға болады, атап айтсақ: визуалды-оптикалық, магнитті-ұнтақты, электромагнитті, ультрадыбысты, капиллярлық және компрессорлау әдістері мен ағызу әдістері. Бөлшектерді жарамдылықтарына қарай, қалыпқа келетін немесе жарамсыз түрлеріне сұрыптау жүргізіледі. Жарамдылық коэффициенті, ауыстыру және қалыпқа келтіру. Бөлшектердің бұзылыстарына қойылатын техникалық талаптар картасы. Дефектілер тізімі.
Бөлшектерді жинақтау: даналап, топтап, араластырып. Жинақтау кезінде орындалатын жұмыстар кешені: жинақтау, жөндеуден өтпеген жарамды бөлшектерді сақтау, қалыпқа келтірілген түрлерін сақтау, есепке алу; көлемі мен номенклатура бойынша құрамдас бөліктерді алу; сәйкес өлшемдері бойынша жанасқан бөлшектерді алу, өлшемдік және жаппай топтарды алу. Базалық бөлшектерге жанасқан (поршень, гильза, иінді білік және т.б) бөлшектерді анықтау. Жинақтап құрастыру кезінде орындалатын дәнекерлеп-қиыстыру шарасы (астарларын қыру, клапандарды сүрту және т.б) орындалады. Жинақталған карталардың мазмұны (құрастырылған әрбір бұйым үшін). Құрастырып жинау аумағында құрастырғыштың жұмыс орнын белгілеу.
Құрастыру нақтылығын қамту әдісі:толық өзара алмасу әдісі, толық емес өзара алмасу әдісі, топтық өзара алмасу әдісі (селективті әдіс), реттеу әдісі мен қиыстыру әдісі. Өлшем тізбектері мен элементтері.
Автокөлік бөлшектерін құрастыру. Қосу түрлері мен құрастыру технологиясы: шешілетін және шешілмейтін құрастыру кезінде тұтастығын сақтау бойынша; қозғалыстағы және қозғалмайтын құрамдас бөлшектердің өзара орын алмасу мүмкіндігі бойынша; түзілу әдістері бойынша-бұрандалы, баспалы, оймакілтекті, кілтекті, дәнекерленген, тойтармалы және т.б; жанасқан беткі қабаттар бойынша- цилиндрлі, тегіс жазықты, конусты, бұрандалы, қималы және т.б. Бұрандалы қосылыстарды құрастыруда қойылатын талаптар: бұрандама өстерінің сәйкестігі, түйреуіш, бұрамалардың бұрандалы тесіктерге сәйкес келуі; бұрандалармен орнату тығыздығы, жанасқан бөлшектердің беткі қабатына байланысты бұрама бастиектері немесе сомын қапталдарындағы қиғаштанулардың болмауы; топтық бұрандалы қосылыстарда кезекпен, тұрақты бекіткіш бөлшектердің тартылуы. Баспалық қосылыстарда термо әсер етулерді қолдану (майлы шомылғыларда бөлшектерді қыздыру, электрлік пештерде, индукциялық қондырғыларда қыздыру және т.б, сұйық азотпен, мұзбен, қатты көмірқышқылдармен салқындату). Тербеліс мойынтіректермен қосып құрастыру: құрал біліктер көмегімен баспалау кезінде басу күштері сәйкес сақиналы шетжақтауларына беріледі: ішкі-білікке баспалау кезіне, сыртқы-корпусты баспалау кезінде орындалады. тесіктер бойынша тісті дөңгелектердің орналасуын, тісті берілістерді құрастыру кезінде ілінісулер мен қосылыстарды тексеру. Құрастыру түрлері: түйінді және жалпы құрастыру; кезекті, паралельді және кезекті-параллельді құрастыру; қолмен, механизмденген, автоматтандырылған, автоматты құрастыру; ағымдық, топтық, даналап құрастыру және т.б.
Автокөліктің қосалқы бөлшектерін құрастырудағы технологиялық үрдістер: қозғалтқыштар, КПП, артқы Арқалық, карданды берілістер, рульдік басқару және т.б. Қозғалтқыштың құрамдас бөліктері: сермерлі және іліністі ЦПГ, КШМ, майлы сорап және т.б. цилиндр бойынша поршен таңдау және ШПГ құрастыру үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру. Өлшем топтары бойынша цилиндр блоктарын сұрыптау (жанасқан бөлшектердің аралықтарын бірнеше интервалдарға бөле отырып) және таңбалау (санмен, әріппен немесе бояумен). Цилиндр бойынша поршенді (ір жаппай топта) алып, әрбір цилиндр тобының өлшемін поршен тобының өлшемдерімен сәйкестендіру қажет. Алынған поршен жинақтарынан поршен саусақшаларын алу (дөңесшелердегі тсік топтарының өлшемі бойынша ). Жоғарғы бастиектерінің тесіктеріне сәйкес келетін поршенді саусақшалар бойынша бұлғақтарды таңдау. Түйістердегі саңылау өлшемдерінен цилиндр бойынша поршен сақиналарын поршен жырашықтарына орналасуын тексеру. Шешкіштер көмегімен поршен сақиналарын кигізу (шешу). Бұлғақты поршен жинағын өлшегендегі салмақтық айырмашылықтарды анықтау. Құрастыру мен құрастыру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру.
Бөлшектерді және құрастыру бөлшектерін теңестіру.Айналмалы бөлшектердің теңсіздіктері (дисбаланс). Теңсіздік (бұйым өсінің орналасуы мен басты инерциялық өске байланысты): статикалық, моменттік, динамикалық. Теңестіру (бұйымның дисбалансын анықтау және салмақтың белгілі бір нүктелерін анықтауда түзетулерді енгізу немесе жою жолдарын кеміту/жою): статикалық және динамикалық. Иді болады. Ал универсалды теңестіргіштер білдекте теңестірілмеген салмақтарды анықтайды.
Автокөліктер мен агрегаттарын жөндеу сапасын бағалау және бақылау. Техникалық бақылау және оның түрлері. Бақылау әдістері: бұзатын және бұзбайтын; органолептикалық (визуалды бақылау және техникалық тексеру) және құралды (сынақпен, диагностикалау). Бақылау жүйесі. Сапаны басқару жүйесі мен автокөлік жөндеу өндірісіндегі ОТК міндеті. Жөндеу сапасының көрсеткіштері: бірлік, кешенді және интегралды (негізделген). Жөндеу сапасын бағалау әдістері: дифференциалды, кешенді және интегралды. Жөнделетін бөлшектерді сынақтан өткізу: үйкеліске, беріктікке, қаттылыққа, тозуға және т.б. жөнделген агрегаттарды сынақтан өткізу (сынақтар жөндеуден кейін болады): қабылдау, бақылау, қабылдау-өткізу, эксплуатациялық, инспекциялық. Ауыспалы токты дөңгелету-тежеу қабырғасында қозғалтқыштарды сынақтан өткізу және іске қосу (суытып және ыстық күйінде жүргізіп , бейімдеу). Қозғашлысты барабандары бар қабырғаларда автокөлікті сынақтан өткізу. Жөнделген көліктерді беру және сынақтан өткізу. Түрлі режимді жұмыстар мен жол жағдайында сынақтар өткізу.
Әдебиеттер: (2 с, 200..208, 311...323; 5, с 28..143)
Бақылау сұрақтары:
1. Ластануды жою үшін қандай АРП жуатын құралдары қолданылады?
2. Көліктерді жуу үшін АРП қандай қондырғылар қолданылады?
3. Автокөліктер мен агрегаттарын құрастыру үрдісінде қандай талаптарды сақтау қажет?
4. Бұзып-құрастыру жұмыстарын орындау кезінде қандай қосылыс топтары бөлінеді?
5. Цилиндрлік және конусты тісті берілістерді құрастырудың ерекшеліктері қандай?
6. Шлифтеу алдында иінді білікртер қалай бақыланады?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген