Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Автоматты бөлшектеу және жинақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау тәртібін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі: Оқушыларға Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау тәртібін түсіндіру

Дамытушылық: Білім алушылардың  өзіндік  ізденісін, шығармашылық қабілетін  арттыру, теориялық  білімін  практикада  қолдана  білуге  дағдыландыру, таңдаған  мамандығына  деген  қызығушылығын  арттыру.

 Тәрбиелік : Білім алушыларды  өз беттерімен  жұмыс жасауға, ізденіске,  жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке  тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: АӘД оқулығы

Құрал-жабдықтар: АК-74 макеті.

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сапқа тұрғызу

2.Рапорт қабылдау

3.Киім үлгісіне назар аудару

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

1.Автоматтың калибрі неше?
2.Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа қосымша не бекітілген?
3. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін автомат пен пулеметке не бекітіледі?
4. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта неше оққа дейін?
5. Атыс кезінде патрондардың берілуі пулеметте неше оққа дейін?
6.Атудың көздеу қашықтығы неше метр?
7.Жерүсті нысаналары бойынша автомат пен пулеметте нақты атыс қашықтығы?
8. Әуе нысаналарын ату қашықтығы?
9.Сүңгі пышақты қынабымен қосқандағы массасы?
10. Ұрыстың ату жылдамдығы минутына кезекпен ату автоматтан және пулеметтен неше оққа дейін?
11. Ұрыстық ату жылдамдығы минутына жекелей атқанда автоматтан және пулеметтен неше оққа дейін?

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру.

Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Жоспары:
1.
Автоматты бөлшектеу және жинақтау туралы түсінік.
2.Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі.
3. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейінгі жинастыру реті.


Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болып екіге бөлінеді.
1). Толық емес бөлшектеу- автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін қажет.
Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі. Бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі нөмірлер бір-біріне сәйкес келуі керек.

2). Толық бөлшектеу- Жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты,
бұрауышты, қаққышты шығару қажет.
3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш - компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық
тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.
5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.
6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы
механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.
8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.
9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте
түтігінен шығарып алады.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады.
2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.
3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл - пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.
4. Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.
5. Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізіледі, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.
6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
7. Автоматқа ұңғылы - тежеуіш компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш - компенсаторды қарауыл бойындағы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш - компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш - компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес)
9. Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына қақпақша жабылатындай етіп кіргізеді. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салынады.
10. Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе құндағынан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.


Өтілген сабақты(материалды) бекіту.

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар. Сұраққа жауап берген оқушы автоматты бөлшектеп жинайды

1) Автоматты (пулеметті) жартылай бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

2) Автоматты жартылай бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер?

3) Автоматты бөлшектеудің неше түрі бар және оларды ата?

4) Автоматты толық емес бөлшектеп жинау?

5) Автоматты толық бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

6) Автоматты толық және толық емес бөлшектеу қандай жерлерде жүргізіледі?

7) Автоматты жинақтау кезінде несіне мән беріп салыстырып қарау керек және оларды ата?

8) Автоматты бөлшектеу кезінде оның бөлшектері мен механизмдерін қалай орналастыру керек ?

9) Бекітпе мен қоса бекітпе жақтауын алу тәртібі.?

10) Ұңғы қорабының қақпағын алу тәртібі?

11) Оқтықта оқтың бар жоғы қалай тексеріледі?

12) Тежеуіш -компенсаторды бөліп алу тәртібі?

Үйге тапсырма: Автоматты бөлшектеу және жинақтау тәртібімен айту.

Оқушыларды бағалау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1163
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12