Тақырып бойынша 11 материал табылды

АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.3 – суретте, ал жеңіл машиналардікі 1.4 – суретте көрсетілген.




Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған.Сондықтанда ол таситын жүктің түрінеқарай әртүрлі болады.Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып,жүргізуші отыратын кабина жасалады.Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардыңкузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететінқондырғылар орнатылады.

Қозғалтқыш автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуаттытудыратын бөлігі.Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін ( көбінесе жылуды)екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады.Осы қозғалтқыштаналынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жолбетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетіменжүруге мүмкіндік береді.Сондықтанда қозғалтқыштың басқа осындай жұмыс атқаратынгенератордан айырмашылығы, қозғалтқыштан тек қана механикалық энергия алынады, алгенераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін.

Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктіргенбөлігін айтады.Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретіндөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғыларкіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнешемеханизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Трансмиссия – двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретінқондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарайтүрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда,оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше.Оның үстіне машина жүріс бағытын даөзгертуі мүмкін.Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасызетеді.Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

Алдыңғы және артқы белдемелер – негізінен автомобильдің салмғын дөңгелектер арқылыжол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлімеханизмдер орналасады.Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның,тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқарумеханизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 – суреттердебелгіленген.

Машина тұғыры – автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса, двигательмен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады. Осы ек іжағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады.

Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Басқару жүйесі * көптеген механизмдерден құралады. Олардың негізгісі – машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.

Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып, тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады.



Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі АБМ(КШМ)-нің құрылысы.

Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмінің құрылысы :

1. поршень;

2. шатун;

3. коленвал;

4. маховик;

5. цилиндрлер басы мен блогы.




- Поршень

Поршень цилиндр тәріздес болады және алюминий қоспасынан жасалады.







-Шатун

Шатун- болат немесе титаннан жасалады.

- Коленвал

Болат немесе шойыннан жасалады.

- Маховик

Маховик коленвалға орнатылады.Қазіргі кезде екі дискі біріктірілген қос салмақты маховиктер қолданылады.













Цилиндрлердің басы мен блогы шойыннан жасалады .

Қазіргі қозғалтқыштарды 16 немесе одан да көп цилиндрлер бар

Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі

1. шатун подшипнигінің басы

2. шатунның жоғарғы басы

3. поршень сақиналары

4. поршень

5. поршень сақинасы

6. сақина

7. шатун

8. коленвал

9. шатун подшипнигі.




























Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері

Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (3 сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері – кейінді қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет – ретімен қарастырылады.

Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалған жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз (3 – сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.

Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (3.б – сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.




3-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс схемасы:

а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару.

Поршень жоғары жеткен кезде (3.в – сурет) қысылып тұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.

Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады.Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді.Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (3.г – сурет).

Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады.Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады.Бұл процесті – шығару процесі деп атаймыз.Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.

Сонымен, іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмысы поршеньнің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты екен.Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай қозғалтқыштарды төрт тактылы қозғалтқыш деп атауға болады.Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді.Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісіне атқарылатын болса, онда ондай қозғалтқыштарды екі тактылы іштей жанатын қозғалтқыш деп атайды.

Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 5 – суретте көрсетілген.

5-сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.







1Сабақ жоспары

Пән атауы: «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету»

Сабақтың тақырыбы: Автомобиль қозғалтқыштары

Сабақтың түрі: зертханалық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға техникалық қызмет көрсету операцияларын орындату, теориялык білімдерін нығайту.

Сабақты материалдық техникалық жабдықтау: Қозғалтқышқа қызмет көрсету жүйесіне техникалық қызмет көрсету операцияларын орындау кезінде қолданылатын құрал жабдықтар .

Теориялық мәлімет.

  1. Қозғалтқыш қызметі

  2. Қозғалтқыштардың жіктелуі

  3. Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

  4. Қозғалтқыштың жұмыс принциптері

  5. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі

  6. Қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері

  7. Қозғалтқыш ақаулары

  8. Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету

Қозғалтқыш қызметі

Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық жұмысқа айналдыратын машинаны қозғалтқыш деп аталады. Автомобильдерде поршеньді төрт тактылы бензинді (карбюраторлы) және дизельді іштен жану қозғалтқыштарын қолданады.

Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбат компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандартты енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды.

Поршеньді қозғалтқыштардың өлшемдері болып анықталатындар: цилиндр диаметрі; поршень жүрісі; цилиндр саны; цилиндрдің жұмыс көлемі; сығымдау дәрежесі; қозғалтқыштың тиімді қуаты; қозғалтқыштың айналдырушы моменті; қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі; жанармайдың үлестік шығыны және қозғалтқыштың үлестік салмағы;

Литражы бойынша қозғалтқыш аса кіші литражы (1,2 литрға дейін), кіші литражды (1,2-2 литр), орта литражды (2-4 литр) және үлкен литражды (4 литрдан жоғары) болып жіктеледі. Сонымен қатар жүк автомобильдерінде және автобустарда қозғалтқыштың аса үлкен литражды түрі пайдаланылады.

Отын жануы үшін оттегі қажет, сондықтан отынды оттегімен араластырады. Тозаңдатылған отынның ауаның белгілі бір салмақ пропорциясымен араласқан қоспасын жанғыш қоспа деп атайды. Жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндріннде жанғыш қоспа қалдық газбен араласып, жұмыстық қоспа құрайды.

Егер қозғалтқыштағыі отын ауамен арнайы прибор — карбюратор арқылы араласса, онда мұндай двигательді карбюраторлы деп атайды. Онда жанғыш қоспа электр ұшқынымен тұтанады. Дизельді двигательде жанғыш қоспа цилиндр ішінде пайда болады және сығылған ауа қызуынан тұтанады. Қарбюраторлы двигательді негізінен алғанда жүк көтергіштігі шағын және орташа автомобильдерге, сондай ақ тракторларда негізгі қозғалтқышты жүргізу үшін қолданады.

Қазіргі кездегі жүк көтергіштігі жоғары автомобильдерге негізгі қозғалтқыш ретінде дизельді қозғалтқыштар немесе дизельдер қолданылады.

Дизельді двигательдің жұмыс қызметін қарапайым схема үлгісімен қа-растырайық (1-сурет). Цилиндрге (6) поршень (7) орнатылған. Поршень шатун (9) арқылы иінді білікпен (12) косылысқан. Егер цилиндрдегі поршень жоғары-төмен орын ауыстырса, онда оның тура сызықты қозғалысы шатун мен кривошип арқылы иінді біліктін айналма қозғалысына айналады. Иінді біліктің шетіне маховик (10) бекітілген. Ол —двигатель жүмыс істегенде біліктің бір қалыпты айналуы үшін қажет. Цилиндр қалпақшамен (1) нығыз жабылған. Цилиндр қалпақшасында екі клапан бар. Енгізу клапаны (5) цилиндрге ауа енгізетін канал тесігін ашады. Шығару клапаны (4) пайдаланылған газды шығаратын тесікті ашады. Клапандар клапан серіппесі арқылы жабылып, таратқыш (жұдырықшалы) біліктің (14) беріліс деталы (16) арқылы орын ауыстыратын күйентенің (2) көмегімен ашылады. Таратқыш білік пен отын насосының білігі (дизельді двигательде) иінді біліктің шестерняларымен (13) айналады. Дизельді двигательде отын цилиндрге форсунка (3) арқылы отын насосынан келеді.

1-суретте дизельді бір цилиндрлі двигательдің схемасы көрсетілген. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің айырмашылығы, мұнда клапанмен (5) жабылатын енгізу каналы арқылы цилиндрге жанғыш қоспа сорылады, ал форсунканың (3) орнына цилиндр калпақшасына оталдыру свечасы орнатылған.
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12