15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
авторлық бағдарлама
Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі
Шиелі ауданының білім бөлімі
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: Мектеп оқу ісі жөніндегі
Ермаханова Г. Орынбасары:
Ибадуллаева М
Авторлық бағдарлама
Тақырыбы: «Дыбыстар құпиясы»
Сыныбы: 5
Орындаған:
№157 Б.Пәрімбетов атындағы
қазақ орта мектебінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Алданазарова Фарида Нүритдинқызы
Алғабас ауылы
2018-2019 оқу жылы
Автор туралы мәлімет
Аты-жөні: Алданазарова Фарида Нүритдинқызы
Білімі: Жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті
Қызметі: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: 11 жыл
РЕЦЕНЗИЯ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алданазарова Фарида Нүритдинқызы мектебіміздегі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің бірі. Мұғалімнің 5-сыныбына арнап жазған «Дыбыстар құпиясы» атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында біздің мектеп әкімшілігі бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:
-бағдарлама құрылымы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес;
-балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен сөздерді сауатты жаза білуіне үйретеді;
-тіл дыбыстарының түрлері, жүйеленуі, жасалуы жайлы меңгертеді;
-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;
-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;
-оқушылардың әдеби тілде сөйлеу арқылы коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады;
-оқушыларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған қорытындыға келе отырып №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектептің әкімшілігі оқу-әдістемелік кешенді жасау мен рәсімдеу кезінде мұғалім Алданазарова Фарида Нүритдинқызы «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып жасағанына толығымен келіседі.
Мектеп директоры: Ермаханова Г.
Мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ибадуллаева М.
Түсінік хат
Оқушыларға теориялық білімді берумен бірге алған білімдерін тиянақтаудың маңызы зор. Ойын толық жеткізіп, әдеби тілде сөйлеу, сауатты жаза білу де мектеп бағдарламасында басты орын алады.
Бағдарламада негізінен оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыру көзделді. Сол мақсатта теорияны еске түсіре отырып, тіл ғылымының лексика, фонетика салалары бойынша сөз мағыналары, топтары, тіл дыбыстарының түрлері, жүйеленуі, жасалуы жайлы меңгерген материалдарын терең талдау, жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары, қайталау сабақтары жүргізіледі. Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістердің дамуына ықпал ететін жұмыс түрлері де қарастырылады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған және бекіткен оқулықтар мен әдәстемеліктерге сүйене жасақталды. Тіл дыбыстарының материалдарын кең көлемде меңгеруге арналған.
Аптасына 1 сағат,қана қоймай, тілдің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай тілдік қарым-қатынасқа түсуге, өз ойын түсінікті әрі әсерлі жеткізе білуге, басқалармен диалогке түсе білуге төселдіру қажет. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдығы рөлін сналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді.
Мақсаттары:
«Дыбыстар құпиясы» факультатив курсы 5-сыныптарда оқылатын қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға қосымша құрал.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Лексика мен фонетика тіл білімі саласының бірі екендігін таныту;
Сөздерді мағыналық топтарына қарай жіктей алуын, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жүйеленуін, буын түрлерін меңгерту;
Дыбыстық талдау жасау дағдыларын тұрақтандыру, сауаттылыққа баулу;
Өз ойын кең түрде жатық ауызша да, жазбашада жеткізе білуге үйрету;
Ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
Міндеттері
Бағдарламада
көрсетілген материалдарды толық
меңгерту.
Оқушылардың
танымдық
қызығушылығын, сауатты жазуы мен
шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Өз
бетімен жұмыс түрлерін істей білуге
дағдыландыру.
Сөз
мәдениетін сақтай отырып, өз ойын толық
жеткізуге баулу.
Сөздік
қорын молайту, аударма түсіндірме және
т.б. сөздіктерін пайдалана алу.
Орфографиялық
және орфоэпиялық нормаларды дұрыс
қолдануға үйрету.
Өзектілігі:
Ана тілін оқытуда тіл білімінің саласын ғылыми жүйелі меңгерту – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Тілдік материалдарды оқушыларға меңгерту лексика, фонетика саласынан басталып негізін қалайды, сондықтан оқушыларға тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын таныту көзделеді.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Сөз байлығын, сөздік құрам тармақтарын түсіну, оларға төн сөздерді жіктей алу;
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жүйеленуін білу;
Қазақ әліпбиінің құрамындағы тіл дыбыстары мен орыс тілі арқылы енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;
Сөздердің мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
Ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу;
Тілдік талдауды ғылыми жүйелі меңгеру;
Күтілетін нәтиже
Лексика сөз мағынасын, фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімі саласы екенін біледі.
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жүйеленуін біледі.
Буын, буын түрлерін, екпін түрлерін, тасымалдауды біледі.
Ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді орфоэпия, орфография нормаларына сай қолданылады.
Фонетикалық талдауды меңгереді.
Курстың мазмұны мен құрылымы:
«Дыбыстар құпиясы» факультатив курсының бағдарламасы 5-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды. Факультатив курсы төмендегідей 7 бөлімнен тұрады:
Кіріспе.
Сөз бен мағына
Сөздік қор, сөздік құрам.
Фонетика.
Буын. Тасымал.
Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар.
Үндестік заңы.
Кіріспе (1 сағат).
Лексика туралы түсінік (1 сағат)
Сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Тура және ауыспалы мағынаның ерекшеліктеріне тоқталу.
Сөз бен мағына (10 сағат).
Көп мағыналы сөздер туралы мағлұматтарын кеңейту. Омоним, синоним, антоним сөздердің ерекшеліктерін түсіндіру. Эвфемизм мен дисфемизм сөздер, тұрақты тіркестер, оның ерекшелігі туралы түсінік бере отырып, қолдана білудің жолдарын меңгерту. Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктерін, ғибраттық мәнін түсіндіру.
Көп мағыналы сөздер (1 сағат)
Омоним сөздер (1 сағат)
Практикалық жаттығулар (1 сағат)
Синоним (1 сағат)
Антонимдер (1 сағат)
Жаттығулар жұмысы (1 сағат)
Эвфемизм мен дисфемизм (1 сағат)
Тест жұмысы (1 сағат)
Тұрақты тіркестер (1 сағат)
Мақал-мәтелдер (1 сағат)
Сөздік қор, сөздік құрам (4 сағат).
Сөздік қор және сөздік құрам туралы түсінік қалыптастыру. Қазіргі көнерген сөздердің жаңғырылуы туралы мағлұматтарын кеңейту. Жаңа сөздердің тілге сіңуі туралы білімдерін молайту. Кірме сөздердің қазақша баламаларын түсіндіру.
Көнерген сөздер (1 сағат)
Шығармашылық жұмыс (1 сағат)
Кірме сөздер (1 сағат)
Диалект сөздер (1сағат)
Фонетика. (7 сағат).
Қазақ тілінің әліпбиі, тіл дыбыстарының бөлінуі, дауысты және дауыссыз дыбыс түрлері туралы түсінік бере отырып, дыбыстық талдау түрлерін меңгерту.
Тіл дыбыстары. Қазақ әліпбиі (1 сағат)
Дауысты дыбыстар (1сағат)
Логикалық тапсырмалар (1сағат)
Дыбыстық талдау түрлері (1 сағат)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері (1 сағат)
Дауыссыз дыбыстар емлесі (1 сағат)
Ашық хат жұмысы (1 сағат)
Буын. Тасымал (4 сағат).
Буын, оның түрлерін меңгерте отырып,фонологиялық талдауға баулу. Тасымалдың өзіндік ерекшелігіне тоқталу.
Буынның түрлері (2 сағат)
Фонологиялық талдау (1 сағат)
Тасымал (1 сағат)
Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар (2 сағат).
Сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуындағы негізгі ерекшеліктерді түсіндіре отырып, практикада қолдану жолдарын меңгерту.
Орфография, орфоэпия (1 сағат)
Тіл ұстарту «Дыбыс-сөз тірегі» (1 сағат)
Үндестік заңы (4 сағат).
Үндестік заңы, негізгі белгілері мен ерекшеліктері, үндестік заңына бағынбайтын сөздер мен қосымшалар, ілгерінді және кейінді ықпал аражігін ажырата білудің жолдарын қарастыру.
Үндестік заңы (1 сағат)
Дыбыс үндестігі (1 сағат)
Ілгерінді ықпал. Кейінді ықпал (1 сағат)
Шығармашылық жұмыс (1 сағат)
Жыл бойы өткенді қайталау (2 сағат).
Қызықты грамматика. «Фонетика патшалығына саяхат» (1 сағат)
Қорытынды бақылау тест (1сағат)
Тақырыптық жоспар
5-сынып. «Дыбыстар құпиясы» аптасына 1 сағат.
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Дидактикалық материалдар |
Жұмыстың түрі |
Қосымша тапсырмалар |
||
|
||||||||
1 |
Лексика. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. |
1 |
|
Газет-журнал, көркем әдебиеттер. |
Топтық жұмыс, жекелеген үлестірмелі парақшалармен жұмыс. |
Сөздіктермен жұмыс. мысалдар жазып, сөйлемдер құрау |
||
|
||||||||
2 |
Көп мағыналы сөздер |
1 |
|
Көркем әдебиет, түсіндірме сөздіктер. |
Түсіндірме сөздікпен жұмыс. |
Көп мағыналы сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастыру |
||
3 |
Омоним сөздер |
1 |
|
Әдебиет, кестелер. |
Топпен сөзжұмбақтар шешу. |
Мәтін ішінен омоним болатын сөз тіркестерін құрау. |
||
4 |
Практикалық жаттығулар |
1 |
|
Әдебиет,газет-журналдар |
Жекелей, жұптық жұмыстар жүргізу |
Талдаулар жасау. |
||
5 |
Синоним |
1 |
|
Әдебиет,газет-журналдар |
Топпен, жұптық жұмыстар. |
Мәтін, мақала ішінен синоним сөздерге мысал жазу. |
||
6 |
Антонимдер |
1 |
|
Әдебиет қазақтың би шешендері |
Жекелей үлестірмелі парақшалармен жұмыс |
Антоним сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрау. |
||
7 |
Жаттығулар жұмысы |
1 |
|
Көркем әдебиет, кестелер. |
Топтық жұмыстар |
Әңгіме жазу «Менің жанұям» |
||
8 |
Эвфемизм мен дисфемизм. |
1 |
|
Көркем әдебиет, газет-журналдар, мақал-мәтелдер |
Жекелей, жұптық жұмыс |
Дисфемизм сөздерді эвфемизмге айналдыру |
||
9 |
Тест жұмысы |
1 |
|
|
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Талдау |
||
10 |
Тұрақты тіркестер. |
1 |
|
Кеспе қағаздар,сөздіктер |
Жекеленген, топтық жұмыстар. Фразеологиялық сөздікпен жұмыс. |
Тұрақты тіркесті пайдалана отырып, мәтін құрау. |
||
11 |
Мақал-мәтелдер. |
1 |
|
«Қазақтың мақал-мәтелдері» |
Топтық сайыстар |
Мақал-мәтелдерді қатыстырып «Ана тілім-дана тілім» атты шығарма жазу |
||
III.Сөздік қор, сөздік құрам. |
||||||||
12 |
Көнерген сөздер |
1 |
|
Қазақ тілі, тарих, түсіндірме сөздік |
Жекелеген үлестірмелі парақшалармен жұмыс |
Әңгіме «Біздің тарихымыз» Мәтіндерден көнерген сөздерді теріп жазу. |
||
13 |
Шығармашылық жұмыс |
1 |
|
Карточкалар, кесте-сызбалар |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
«Табиғатты сүй, қорға» жарнама. |
||
14 |
Кірме сөздер |
1 |
|
Ол кім? Бұл не? кітабы, сөздіктер |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Сөздіктермен, мәтіндермен жұмыс. Мәтін ішінен кірме сөздерді теріп жазу. |
||
15 |
Диалект сөздер |
1 |
|
Көркем әдебиет, газет-журналдар, сөздіктер |
Топтық жұмыстар жүргізіледі |
Сөздіктен диалект сөздерді теріп жазып, сөйлем құрау. |
||
IV. Фонетика |
||||||||
16 |
Тіл дыбыстары |
1 |
|
Кестелер, сызбалар, анаграммалар |
Жеке, топтық,жұппен жұмыстар |
Сөздерге фонетикалық талдау жасау. Сурет бойынша мәтін құрау. |
||
17 |
Дауысты дыбыстар |
1 |
|
Мақал-мәтелдер,жұмбақтар, кестелер, сызбалар |
Жекеленген жұмыстар |
Мақал-мәтелдерден, мәтін ішінен жоғалған дыбыстарды табу |
||
18 |
Логикалық тапсырмалар |
1 |
|
Үлестірмелі кеспелер |
Жекеленген, топтық жұмыстар жүргізу |
Жаттығу жұмыстары. Өлеңдер, жаңылтпаштар- жұмбақтар құрастырып жазу |
||
19 |
Дыбыстық талдау түрлері |
1 |
|
Кестелер, сызбалар |
Жалпылай, жекелей тапсырмалар орындау |
Дыбыстық талдау жасау. |
||
20 |
Дауыссыз дыбыстардың түрлері |
1 |
|
Кесте- сызбалар, өлеңдер жинағы |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Мәтіндерге дыбыстық талдау, өтірік өлеңдер құрастыру |
||
21 |
Дауыссыз дыбыстардың емлесі |
1 |
|
карточкалар |
Топтық, жекеленген тапсырмалар беру |
Метаграмма құрастыру. Жаттығулар орындау, талдау. |
||
22 |
Ашық хат |
1 |
|
|
Жалпылай, топтық тапсырмалар беру |
Дыбыстық талдау жасау. |
||
V. Буын. Тасымал |
||||||||
23-24
|
Буынның түрлері |
2 |
|
Газет-журналдар, сызбалар, карточкалар |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Мәтіндердегі сөздерді буынға бөлу, буын түрлеріне ажырату. «Өмірде не қымбат?» (шағын шығарма) |
||
25 |
Фонологиялықталдау |
1 |
|
Үлестірмелі, карточкалар кеспелер |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Дыбыстық талдау жасау «Қазақстан қалалары» (әңгіме) |
||
26 |
Тасымал |
1 |
|
Кесте- сызбалар, өлеңдер жинағы |
Жалпылай, топтық тапсырмалар беру |
Жаттығулар орындау, талдау. |
||
VI Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар |
||||||||
27 |
Орфография, орфоэпия |
1 |
|
Кесте- сызбалар, сөздіктер, карточкалар |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Сөздіктен орфография және орфоэпиялық нормасын сақтап жазу. |
||
28 |
Тіл ұстарту |
1 |
|
|
Жекеленген, топтық жұмыстар |
Дыбыстық талдау жасау. |
||
VII .Үндестік заңы |
||||||||
29 |
Үндестік заңы |
1 |
|
Сөздіктер, сызбалар |
Жекеленген жұмыстар |
Ребустар шешу. Мәтіндерден буын үндестігі сақталған сөздерді жазу. |
||
30-31 |
Дыбыс үндестігі. Ілгерінді және кейінді ықпал |
1 |
|
Сөздіктер, кесте-сызбалар, карточкалар |
Жалпылай, топтық тапсырмалар беру |
Тақырып бойынша жаттығулар орындау |
||
32 |
Шығармашылық жұмыс. Дыбыстық жұмбақтар |
1 |
|
Карточкалар, өлеңдер жинағы |
Жекеленген, топтық жұмыстар |
«Біздің өлкеміз» тақырыбына шығарма жазу |
||
VIII. Жыл бойы өткенді қайталау. |
||||||||
33 |
Қызықты грамматика. «Фонетика патшалығына саяхат» |
1 |
|
Газет, журнал. Дидактикалық материалдар |
Жалпылай, топтық тапсырмалар беру |
Ойындар, дыбыстық талдау жасау. |
||
34 |
Қорытынды бақылау тест |
1 |
|
|
Топтық жұмыстар |
Тест жұмысы |
||
Барлығы: 34 сағат
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Лексика және фонетика саласында тілдік білімдерін меңгеруі тиіс:
Сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;
Сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен қолданылады;
Жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;
Тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар,кестелер құрастырады, оны таратып түсіндіреді;
Өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс.
Мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;
Оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, мәтін құрайды;
Сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналық сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданылады;
Дыбыс түрлерін ажырата алады, дыбыстық талдау жасайды;
Білімді меңгеру барысын анықтау түрлері:
-сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, талдау арқылы
-мұғалім әрбір тақырып бойынша ой толғау, пікір, эссе жаздыру, сұрақ
тапсырмалар арқылы курсты меңгеру деңгейінен анықтайды.
-оқушының білім деңгейін «меңгерді», «меңгермеді» деген қорытындымен айқындалады.
Оқушылар төмендегідей біліктілік дағдыларын көрсетуі керек:
-өтілген тақырып бойынша қосымша іздену, жинаған деректер мен дәйектерді ауызша немесе жазбаша түрде баяндау;
-мерзімді баспасөз материалдарын, кітапханадағы қосымша әдебиеттерді тиімді пайдалана білу;
-өз пікірін дәлелдеп, тиісті қорытынды – түйін жасау;
-өз беттерінше реферат, шығарма, конспект дайындап, оқушылар алдында қорғау, пікірталастарға қатысу;
-көркем шығарманы мазмұндап, көркемдеп баяндау;
-оқиға, кейіпкер жөнінде ой қорыта білу;
-кез-келген тақырып аясында өз ойын еркін жеткізе білу;
-тілдік тәсілдерді, стильдік құрылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйрену, дағдылану.
Қолданылатын технологиялар элементтері:
1.Модульдік.
2.Сын тұрғысынан ойлау.
3.Жобалау технологиясы.
4.Іскер ойын технологиясы.
Курсты оқыту барысында қолданылатын әдістер:
1.Лекциялар мен талқылаулар.
2.Топпен жұмыс.
3.Пікір алмасу.
4.Жоба бойынша жұмыс істеу.
5.Өзіндік жұмыс.
6. Жеке, топтық,жұппен жұмыстар
Оқушылар пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ тілі. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Алматы 2002 ж.
2.Абай өлеңдері. Алматы. 1995 ж.
3.Қазақ мақал-мәтелдері Ө.Тұрманжанов. Алматы: Ана тілі, 1997 ж.
4. «Сөз өнері» З. Қабдолов
5.Қазақ тілі. К.Сариева. Алматы «Білім» 2001 ж.
6.Этнопедагогика. 2005 ж. №2
7.Қазақ тілі. С.Жұманова, Д.Актайлакова. Алматы. «Мектеп» 2008 ж.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:
1.Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныпта қазақ тілін оқыту
әдістемесі. Алматы. «Атамұра». 2005ж.
2.Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған
оқулық. Алматы. «Атамұра». 2005ж.
3.Ұлттық дүниетаным. А.Құралұлы. Алматы. Өнер. 2002 ж.
4.Қазақ тілінен дидиктикалық материалдар. 5-сынып. Алматы.
«Атамұра». 2001 ж.
5.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. №6, 2006ж. №3,8,12. 2008ж.
6.Қазақы тәрбие. Т.Байқұл. Алматы. Өркениет. 2002 ж.
7.Өрнекті сөз – ортақ қазына. М.Әлімбаев. Алматы. Қазақстан. 1967 ж.
8.Халық даналығы. Б.Адамбаев. Алматы. Мектеп. 1976 ж.
9.Қанатты сөздер. Н.Төреқұлов. Алматы. Жазушы. 1997 ж.
10. Қазақ тілі. Бектұров Ш.Қ. Алматы. 2006ж .
11.Қызықты грамматика. Ишмұхамедов Ә. Алматы. Мектеп. 1984 ж.
12.Біз қалай туысамыз? М.Ниязбеков. Алматы. Өнер. 1992 ж.
13. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздігі. Алматы.
Қазақстан. 1988 ж.
14.Аударма, түсіндірме сөздіктер.
15. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар. Алматы, «Ана тілі», 2001ж.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі (факультатив )
2.Сыныбы: 5 «В»
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: IІІ
5.Мұғалім: Алданазарова Ф
Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Орфография мен орфоэпия туралы білім беру және нақтылы мысалдармен түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке дұрыс сөйлеу мәдениеттілігіне, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардыңжалпы сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:
Дыбыс үндестігі туралы түсінік.
ІІІ Білім тексеру:
Сатылай фонетикалық талдау үлгісі:
Сөз
1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз
2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу
3.тасымал
4.екпін
5.буын үндестігі
6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді
талдау жасау.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.
«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Орфография дегеніміз не?
Орфоэпия дегеніміз не?
Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру
Мына сөздердің айтылуын жаз.
Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Мақал-мәтелдер жарысы:
2.Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.
Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса,
балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл
ІІ деңгей
Төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық.
Башшы, өнүм, тұу, ыйық, тоқыу, іріу.
ІІІ деңгей
Орфография мен орфоэпия туралы айт. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Орфография мен орфоэпия туралы түсінік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген