Әдістемелік құрал
Ағылшын тілін оқытуда
оқушылардың сөйлеу дағдысын
қалыптастыру мақсатында әдістер мен жаттығуларды пайдалану
Мазмұны
-
Кіріспе
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары 4
-
Негізгі бөлім
-
Қорытынды 20
-
Қосымша материалдар 21
-
Пайдаланылған әдебиеттер 28
Мақсаты:
-
Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығын айқындау;
-
Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологияларды айқындау;
-
Ауызша сөйлеуді дамыту үшін орындалған іс-тәжрибелік жұмыстар нәтижесін айқындау;
-
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тексеру.
Егер оқушылардың сөйлеу дағдысында әдістер мен технологиялар тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен сөйлеу дағдысы қалыптасып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды.
Міндеттері:
-
Оқушылардың ағылшын тілінде ойлау қабілеттерін жетілдіру.
-
Оқушылардың ағылшын тілін тыңдап түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
-
Сөздік қорын байыту.
-
Грамматикалық дағдыны дұрыс қолдана білу.
-
Дұрыс сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
-
Сөз әрекетінің түрлері бойынша ауызша дағдыларын қалыптастыру.
«Жаңартылған білім мазмұны бұл- мүлде жаңа бағдарлама, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» ( Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндігі атты Қазақстан халқына жолдауынан)
Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда Білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Осындай қоғамда келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді?
Бұл сұрақ әрбір педагогті толғандырары сөзсіз.Баланың білім алуына мұғалім маңызды роль атқарып келді.Дегенмен де білім беруде балаға не білу керектігін түсінсек те оны қолдана алуды қалай үйрету керектігін білмей қиналып жүрген шақтарымыз болды.Заман ағымына ілесе алатын ,мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту –басты міндет болып табылады.Яғни Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес, «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек » ,-деген түсінік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе – ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог –білім тасушыдан - білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.
Сонымен Жаңаша білім беру жағдайында ұстаз қандай болуы тиіс:
- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
-
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,
-
рухани дамыған,
-
толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз — рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру - басты мақсат болып табылады.
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаhандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаhандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек». (АндреасШлейхер, 2014)
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Біліктілікті арттыру оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру болып табылады.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет». Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен
тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіру.
Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс- тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше. сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне енгізу
Ағылшын тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан- жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.бЛ.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», – деген.Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік
ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді.
Ағылшын тілін коммуникативтік әдіс- тәсілдер арқылы ауызша сөйлеуге үйрету
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он жылдығындағы негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде.Осы жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету – білімді, білікті жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті.Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылғанқоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы білім беру саласына зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын әдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:
-
Ауызша әдіс — теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда,
ережелерді қайталауда пайдаланылады. -
Көрнекі әдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
-
Практикалық әдіс — практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
Аталған әдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек . Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет . Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мына жаттығуларды беруге болады:
-
Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу.
-
Мазмұнын түсіну.
-
Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ- жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс- әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе
келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне
«Warming up» жаттығуы жатады .
«Warming up» жаттығуы. «Do you know?»
What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London?
Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. Әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және
сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ауызша сөйлеуді меңгеруде мәтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мәтінді ауызша мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар және тәсілдерді қолдана отырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту әдістері қолданылады.Көлемді мәтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады .
Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады:
My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her
stay in the kitchen. Neither his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі —
«Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.
«Brainstorming» әдісі. Бұл әдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:
-
Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,
-
Think of as many things as you can that are
-
How many methods of travel can you think of?
-
What if you were caught in an avalanche?
-
What if tobacco wasn’t brought to Europe?
Сабақта Интернеттен алынған әндермен қоса, ән туралы қызғылықты қысқаша деректер, әннің нотасын және фразаларды қолдануға болады. Әннің мәтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б
«Spring is green» әнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]
is green, spring is is bright. Summer is is yellow autumn, is is white. Winter is
Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады.
Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат
— естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.
Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау:

Ауызша сөйлеуді үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы әр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, оқушылардың сөздік қорын
байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап және де әр жағдайда қандай мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог және монолог құрастыру арқылы жұмыстар жүргізуге болады.
Ағылшын тілін монолог арқылы ауызша сөйлеуге үйрету
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің ролі өте зор. Оқытудың ең басты мақсаттарының бірі – сөйлеуге үйрету. Сөйлеу адамдар арасында өзара түсінушілікті дәлелдеу, сендіру, эмоционалды сезімдерін білдіру түрінде қалыптасатын тілдесудің ауызша түрі. Ол монолог және диалог сөйлеу болып бөлінеді. Монолог түрінде тілдесудің мәні – оқушының жеке меншікті ойы. Монолог сөйлеу дегеніміз – белгілі бір адам өз ойын, ниетін, оқиғаны бейнелеуін білдіреді. Мектептердегі бағдарлама бойынша, шетел тілін үйретудегі мәселелердің бірі – монолог сөз сөйлеуге үйрету . Мұндағы мақсат – монолог сөзді сөйлеуге меңгеруді қалыптастыру, оның ішінде коммуникативті- дәлелденген, логикалық дәйекті және қисынды сөйлеуді қалыптастыру, тілдік қатынаста айтарлықтай толық әрі жөнді, ауызша түрде өз ойын баяндау. Қазіргі кезде мектептерде монолог түрде пікірін айтуға үйретуге аса мән берілмейді. Бұл жаңсақ көзқарас, себебі оқытудың осы аспектісі тыңдарманға өз ойын жеткізу үшін ойды жинақтауға септігін тигізеді, логикалық ойлауды, соған сәйкес мазмұндамасын, ішкі жай-күйі, тебіренісін жеткізуді үйретеді . Монолог (гр. monos
-
дара, logos- сөйлеу) кейіпкердің тілдік құралдарды пайдалана отырып, көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Монолог сөз продуктивті және репродуктивті түрінде келеді. Репродуктивті сөйлеу коммуникативтілікке жатпайды. Мектептерде қойылатын талаптардың бірі дайындалмаған продуктивті сөйлеуді дамыту. Монолог сөз диалог сияқты жағдайға (ситуация) байланысты шартты және психологтардың айтуынша дәлелденген, сонымен қатар оқушының бір нәрсені көпшілікке жеткізуге ниеті, ықыласы болуы керек. Содан кейін монолог өзінің жеке ортасын құрайды, ол –
мәнмәтін (контекст) . Диалог және полилогпен тығыз байланысты болғандықтан монологты мәнмәтінді деп атау қажет. Сондықтан оған айрықша талаптар қойылады. Монолог сөз сөйлеу келесі коммуникативті қызметтерді атқарады: - ақпараттық (белгілі бір пән жайлы білімін немесе қоршаған орта жайлы шындық, оқиға, іс-әрекет, жағдайы туралы жаңа ақпаратты қабылдау) - ықпалды (белгілі бір ойлар, әрекет, наным, көзқарастардың дұрыстығын сендіру) - эмоциялы-бағалау Мектептерде монолог сөйлеуді үйретерде ақпараттық қызметі – өзектісі болып табылады. Жоғарыда айтылған қызметтердің әрқайсысының өзіндік тілдік сөйлеу амалқұралдары және психологиялық ынталандыруы (стимул) болады. Психологиялық әдебиеттерде, диалог сөйлеуге қарағанда монолог сөйлеу күрделі әрі қиындау. Ол сөйлеуші адамнан қисынды және дәйектілікпен өз ойын баяндауды, оны түсінікті әрі анық жеткізуді талап етеді. Шет тілінде монолог сөйлеуді меңгеру кезінде тілдік құралдарды еркін қолданбағандықтан, оқушыға өз ойын жеткізу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Монолог сөз келесі коммуникативті мақсаттарға бөлінеді (А.Қ. Артықбаева, Н.В. Долгалова, М.Н. Кальнин, О.А. Нечаева, Л.И.Новожилова, О.Г.Резель және т.б.): монолог хабарлама, монолог-сипаттама, монолог-пайымдау,монолог-әңгімелеу, монолог- сендіру. Барлық айтылған түрлері көп жағдайда сөйлемдерді байланыстыратын мезгіл үстеу (lately, then, next, soonafterthat), себеп-салдар үстеуі (thus, therefore, firstly, secondly), сонымен қатар сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, жалғаулық сөздерді қолдана отырып оқиғалар, деректерді, ойды дұрыс жеткізуді меңгереді деп топшыланады. Монолог ниет білдіру кезінде өте анық көрінеді. Мектептерде монолог сөйлеуді меңгерудің өзектілігі жоғары деңгейде болмаса да, коммуникативтілік жағынан жетерліктей деңгейде өзі жайлы, қызығушылығы, мектебі, туған қаласы, отбасы туралы және барлық қызықты деген тақырыпта өзінің құрбы-құрдастарына немесе шет тілін иеленушіге әңгімелеуде көрінеді. Монолог сөйлеуді үйрету мектептегі оқу жылдарының алғашқы жылдарынан басталып, аяғына дейін созылады .
Монолог сөзді оқытуда қолданылатын жаттығуларды анықтамас бұрын келесі критерийлерді есепке алу керек:
-
Монолог түрлері (хабарлама, сипаттама, пайымдау, әңгімелеу, сендіру);
-
Қисындылығы, ойға қонымдылығы;
-
Әңгімелеуде көркемділігі – мәтіннің тақырыбын ашу деңгейі және сөйлемдер саны;
-
Тілдік құралдарын (грамматикалық, лексикалық) қиыстыру деңгейі, сөйлеудегі шығармашылық сипаты;
-
Коммуникативті бағыттылық, мағыналы аяқталуы.
I want to write a letter. So, I will go to the post office where I will buy an envelope, stamps. Then I will write a letter, put it into the envelope, stick it and drop the letter in the mailbox – деген сияқты монолог әңгімелеу теріс - әрекеттің жиынтығы.
Мәселен, Our classroom is large. Our classroom is clean – дұрыс құрылмаған сөйлем, өйткені бір үлгіде құрылған. Our classroom is large. There are four windows in it – дұрыс құрылған. Бұл кезеңде кездесетін қайшылықтарды жеңіп шығу қажет, оқушыларға мазмұнсыз сөйлемдер құрамауға, үйлесімді әңгімелеуге үйрету қажет.
Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау керек. Ол әдістің бірі – диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдалану тиімді. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдерді пайдалануға болады:
-
сөздік арқылы тіл дамыту;
-
мәтінге байланысты тіл дамыту;
-
көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
-
үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Ағылшын тілі сабағында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдаланудың маңыздылығы
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады. Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы
– тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
-
Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
-
Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
-
Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
-
Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
-
Шағын көріністер даярлату;
-
Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен жұмыс.Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір
сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
-Мәтінді өзгертіп баяндату. Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану;
-Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады;
-Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады;
-Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру.
Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән – мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
-
Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.
-
Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
-
Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
-
Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
-
Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Мысалы: 8–сыныпта “Great Britain” тақырыбын өткенде оқушылар мәтінді төмендегі сатылай кешенді талдау арқылы әңгімелей алады.
Great Britain
-
Country Great Britain
-
Population 57 million
-
Capital. London
-
The area of UK 244.100 square kilometres
-
Parts England. Scotland. Wales. Northern. Ireland.
-
Islands 5500 islands
-
Climate Mild climate
-
Rivers the Thames/the Seven
-
Weather often rains in England
Pupil1: What do you like to read?
Pupils 2: I like to read the detective stories. Pupil 1: What is your favorite author?
Pupil 2: My favorite author is Agatha Christie. But what about you?
Pupil 1: …
-
Listen the stories and find the difference.
-
Listen the text and remember for life how to be the safe in the road.
-
Read and compare these school uniforms with your school uniform.
-
Complete the text.
-
Interview your classmate about his/her hobby (favourite subjects).
-
Write a plan of a holiday. Advertise the programme. Whose programme and advertisement are the best?
Ex. Make up exclamatory sentences according to the model.
Model: competent advice — What competent advice! good question — What a good question!
1.original advice great idea 2.beautiful nature difficult character
-
fashionable furniture big refrigerator 4.modern equipment ancient fortress 5.unexpected money great fortune 6.wonderful music sentimental tune.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған әдістер мен жаттығулар
-
«Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру. Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптер ілініп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты
табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.

Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп
тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді. Мысалы: Swim – son, well, ill,
mother
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы
керек.
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: менкешебір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті сусабыным «Көгершінді» сыйлады.
Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I love swimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.

Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы
ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұраққоюғаболады.
Мысалы:
-
Is it a man (a women)?
-
Does he/she live in…?
-
Does he/she singer (actor, writer)?
-
Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
-
Does he/she wear glasses?
-
When they think they know the person name, they say:
-
Is he …(name)? or is she …(name)?
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
arm washer
tele chair
win pet
dish phone
car ture
pic dow
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушымен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.
Мақсаты: оқушыларды өзін – өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суреттім - ишарамен, іс – қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандықиесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.

Қорытынды
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана
емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі жас ұрпақтың рухани байлығына, мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, логикасын дамытып болашақта өз бетінше білім алу қабілеттерін арттыруда жетекші рөл атқарады. Әртүрлі пәндерді оқыту барысында ортақ тақырыптар аясында берілетін білімділік,функционалдық сауаттылық, өмірмен байланыс,адами құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуын жүзеге асыруда белсенді оқу әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор.
-
Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылы артады;
-
Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру арқылы сөйлем құрауға үйренеді;
-
Оқушылар топқа бөлініп, өзара сөйлесіп, сөздік қоры дамиды;
-
Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастырып, тілдік дағдылары коммуникативтік қабілеттері артады;
-
Шағын көріністер даярлатып, оқушының ағылшын тілінде сөйлеуге жағдай жасалып, ақыл - ой белсенділігі қалыптасады ;
-
Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып, жаңадан сөйлем құрай алуға баулиды.
Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады.
Яғни, баланың қиялын ұштап, шығармашылығын шыңдай отырып, ағылшын тілінде сөйлеу ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің өмірге деген қызығушылығы артады, шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеті жоғары деңгейге көтеріледі. Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс- тәсілдерді, жаттығуларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Осыған орай, осы әдістемелік құралда оқыту үдерісінде инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың таным қабілетін арттыруға арналған және оқу үдерісінде пайдалы қызықты танымдық тапсырмалар арқылы балаларды шығармашылыққа баулуға бағытталған материалдар жинақталды.
Бұл әдістемелік құрал бастауыш және негізгі сынып пән мұғалімдеріне және жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Қосымша материалдар
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ үлгісі
|
Long-term plan Unit: 8 Sport for all |
School: |
||||
|
Date: |
Teacher name: |
||||
|
Grade: 5 |
Number present: |
absent: |
|||
|
Theme of the lesson: Sport for all |
|||||
|
Learning objectives(s) that this lesson is contributing to |
5.L3 understand an increasing range of unsupported basic questions on general and curricular topics 5.S7 use appropriate subject-specific vocabulary and syntax to talk about a limited range of general topics 5.R1 understand the main points in a limited range of short simple texts on general and curricular topics |
||||
|
Lesson objectives |
All learners will be able to:
Most learners will be able to:
Some learners will be able to:
|
||||
|
Assessment criteria |
|
||||
|
Previous learning |
World |
||||
|
Value links |
when students work in groups, they will learn to be polite and respectful to each other to teach learners to keep fit and to love sport |
||||
|
Cross curricular links |
Physical Training |
||||
|
Plan |
|||||
|
Planned timings |
Planned activities |
Resources |
|||
|
Beginning 3min |
(W) Warm-up Repeat and show |
https:// youtu. be/ |
|||
|
4 min |
|
Hands up, Hands down Hands on hips, sit down Hands to the sides Bend left, Bend right One, two, three hop! One, two, three stop! Stand still! Sit down! (W) Activity 1 «Brainstorming» Working with pictures. Look at the board answer the question. (Pictures of sportsmen) |
T37bGn0N 8x4 |
|||
|
|
|
|
||||
|
|
|
|||||
|
|
5.Who is your favourite sportsman? Why? Ok, they are sport stars, today we 'll speak about sport. We are proud of them. |
|||||
|
Middle 7 min 5 min 3 min |
Presentation of the new words.
Video about types of the sports.Listen and repeat new words
Let's divide these words into 3 boxes Cycling, cricket, table tennis, tennis, skiing, chess, running, hockey, rugby, figure skating, swimming, baseball, boxing. |
https//youtu .be/UiF7S_t dZIk |
||||
|
|
individual |
Team games |
pair |
|
http://bilims ite.kz /agilshin/81 30-my- favourite- sport.html |
|
|
Cycling skiing |
Cricket hockey |
table tennis boxing |
||||
|
(G) Activity 4 Replace pictures with words First, let’s work with our tongues: Sport is fun for girls and boys. It’s much better than the toys. |
||||||
|
5 min 3 min 5min |
You can sledge and ski and skate And play snowballs with Kate, You can swim and play football, Hockey, tennis, basketball. You can jump, and you can run, You can have a lot of fun. Differentiation by tasks (G) Activity 5 Teacher divided into 3 groups with the pictures. Group 1 (G) Reading and speaking. Worksheet2 Read the text about Ben. Hello. My name is Ben. I’m 11. I go in for sport. I like to play football. I go to the stadium to play football. I can play football very well. My favourite sport is skating. I cannot play basketball. My father can play baseball very well. What sport do you like? Say true, false or don't know. To correct the sentences, if necessary. True/False Ben is not a pupil. (F) He is a good football-player. (T) Skating is not his favourite sport. (F) He cannot play baseball. (T) His mother can play baseball very-well. (F) Physical Activity . Can-Do Listening and speaking Pupil ask questions each other what can they do T:Can you play football? Р1:Yes.I can. Do you swim? P2: No, I don't.Can you play tennis? P3: Yes, I can. Can you play cricet? Group 2 Worksheet 3 (P) Reading and writing Prepare 2 or 3 questions for different kinds of sport each of you Football is one of the world's most popular games. It is played in nearly every country, by everyone from kids in vacant lots and back streets to professional players in giant stadiums. Volleyball is a team sport. It has six players on each team. The point of the game is to keep the ball in the air. The ball can be played with any part of the body, with a maximum of three strokes a team. |

5min |
Skiing is a recreational activity and competitive sport in which the participant uses skis to glide on snow. Basketball is played on a court with a large orange ball. There are five players on each team. Each team moves the ball across the court by bouncing. Tennis is the kind of sport. Tennis is a very beautiful game. It is played with a small ball and rackets on a level court. Swimming is enjoyed by a great many people, firstly because it is a recreational sport and secondly because it keep one fit. Group 3 (I) Listen to what Len says at the team meeting and answer the questions. Use no more than THREE WORDS or a NUMBER in your answer. We are going to win!
1. a football coach 2. the Zebras. 3. by plane. 4. 11.15. 5. at the stadium 6. on Saturday. |
CD1. Tapescript 14. |
|
End 5 min |
Singing a song “The favourite sport song for kids” Answer the questions
Feedback «Five fingers» Place your hand on a piece of paper and draw around your fingers. Each finger has its own meaning and according to it express your thoughts on them
|
http//youtu. be/UExR8G ZmRLA |

|
|
to…
Evaluation of learners Teacher gives evaluation list for the self- assessment |
|
||||||||
|
|
Name Date |
Understa nd |
Don’t understan d |
Help |
|
|||||
|
1. |
Vocabulary work |
|
|
|
||||||
|
2 |
Answer the questions |
|
|
|
||||||
|
3 |
Give the their opinion |
|
|
|
||||||
|
Additional information |
||||||||||
|
Differentiation – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the |
Assessment – how are you planning to check learners’ learning? |
Cross- curricular links Health and safety check ICT links Values links |
||||||||
|
Support for weaker students Encouraged to do more writing; assist weaker students by tasks |
Monitor when learners divide words into 3 boxes Monitor when reading the text and giving true or false statments Monitor when doing activity |
Health promoting techniques Breaks and physical activities used. when students work in groups, they will learn to be polite and respectful to each other to teach learners to keep fit and to love sport |
||||||||
|
Reflection |
The lesson objectives were achieved through different activities: Watching the video “Learners Sports in English Teach” Singing a song “The favourite sport song for kids” Doing different tasks ( to recon weake0r and strength learners) Working in pairs, individual, group and whole class |
|
Were the lesson |
|
|
objectives/learning |
|
|
objectives realistic? Did |
|
|
all learners achieve the |
|
|
LO? |
|
|
If not, why? |
|
|
Did my planned |
|
|
differentiation work well? |
|
|
Did I stick to timings? |
|
|
What changes did I make |
|
|
from my plan and why? |
|
|
Summary evaluation |
|
|
What two things went really well (consider both teaching and learning)? |
|
|
1: |
|
|
2: |
|
|
What two things would have improved the lesson (consider both teaching and |
|
|
learning)? |
|
|
1: |
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) «Қазақстан мектебі» журналы. № 9 2009 жыл 2)Қ.Ө.Бітібаева.Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары
-
« Қазақстан мектебі»журналы №11-12 2007 жыл
-
ҚР Білім туралы заңы
-
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
-
Н.С.Сарсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологиясын енгізудің тиімді жолдары»Алматы 2006жыл
-
«Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал, 9)«Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал.
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев зияткерлік мектебі» - ДББҰ, 2012ж.
-
А. Алимов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. –Алматы, 2013
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Авторлық бағдарлама

шағым қалдыра аласыз