400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама - "Дұрыс ұйымдастырылған командалық ойындар жетістікке жетелейді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы





































Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы

№18 орта мектеп-лицейі



Дұрыс ұйымдастырылған командалық ойындар жетістікке кепілдік береді


Авторлық бағдарлама

Тоқжігітов Дархан Нұрханұлы



Picture 3


Талдықорған қаласы, 2020 жыл

№........

Рецензент:

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, доцент Битлеуов Берік Амантайұлы



Тоқжігітов Дархан Нұрханұлы

«Дұрыс ұйымдастырылған командалық ойындар жетістікке кепілдік береді» - авторлық бағдарлама

Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама мемлекеттік дене шынықтыру бағдарламасының талаптарына және жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес келеді. Бұл бағдарламада командалық жұмыс арқылы оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын нығайтуы көзделген.











ÓТоқжігітов Д.Н., 2020 жыл.

Ó Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі, 2020 жыл.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Ұ.Ж.Мұхамеджанова: Дене шынықтыру пәнің оқыту әдістемесі. Астана, 2011.

Ханин Ю.Л. Спорттағы қарым-қатынас психологиясы / Ю.Л.Ханин. М .: Дене тәрбиесі және спорт, 1980.208с.

Малкин В.Р., Рогалева Л.Н. Дене тәрбиесінің психологиясы: оқулық. жәрдемақы / В.Р.Малкин. 2007.258 с.

Коломейцев Ю.А. Спорттық топтағы қатынастар

Коломейцев М .: Дене тәрбиесі және спорт, 1984. 128с.

Ашмарил Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі / Б.А. Ашмарил М .: Дене шынықтыру және спорт, 1978. 223 б.

Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы – оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы.

Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. -Алматы.

Жумадилова Г.С. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері.//Салауатты өмір салты: Әлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде.-Астана

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=135



«Қызықты алып волейбол» және

«Таяқшамен қызықты волейбол» ойындары


Ойын ережесі волейбол ережесіне сайкес келеді. Айырмашылығы, ойын үлкен көлемді доппен жүргізіледі. Бұл жерде допты ойынға ортадан да қосуға болады. Екінші ойын да волейбол ережесіне сай жүргізіледі. Айырмашылығы әр ойыншының қолында таяқша болады. /суретте көрсетілген/



Түсініктеме

 

«БІРГЕ ЖИНАЛУ - БҰЛ БАСТАМА. БІРГЕ БОЛУ - БҰЛ ПРОГРЕСС. БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ – БҰЛ ТАБЫС» ГЕНРИ ФОРД


Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жүрген балаларымызды спортқа деген қызығушылықтарын оятуымызға барынша күш-жігеріміз бен әдіс-тәсілдерімізді жұмсауымыз қажет. Себебі, қазіргі кезде, технология дамыған заманда, түрлі гаджеттердің адам өміріндегі орын алып тұрғаны барлығымызға мәлім. Жасөспірімдердің түрлі компьютер ойындары мен ғаламтордағы онлайн ойындарды ойнауы, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт отыруы, шынайы өмірден гөрі виртуалды өмірде жүргені саналарын улап жатқаны қазіргі ғасыр дерті деуге болады. Осы себептен бұл бағдарламаны осы проблеманың алдын алудың тиімді шешімі ретінде және оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауда өзіндік көмекші құрал ретінде есептеймін.

Командалық спорт ойындары - бұл бірнеше спортшылар бірге жұмыс істейтін ойындар. Ойын спорттарының көпшілігі командалық болып табылады, және әлемде ең танымалдары да осы санатқа жатады. Мұнда көптеген мысалдар бар: футбол, хоккей, баскетбол, волейбол, гандбол және қозғалмалы ойындар мен эстафеталық ойындар жатады. Командалық спорттың қандай пайдасы бар? Команданың түрлері құрдастарымен көп қарым-қатынасты қамтиды. Бала үшін бұл өзінің хоббиімен бөлісетін жаңа достар табудың тамаша тәсілі. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестік, өзара көмек, жеке және қоғамдық мүдделерді бөлу қағидаттары туралы түсінік қалыптасады. Егер ол көшбасшылыққа бейім болса, баланың бойында күшті көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік туады. Спорттық команда - жоғары топтық дайындығымен ерекшеленеді - бірлескен іс-қимыл, бір-бірін басқару және бағыну қабілеті, үйлесімді әрекеттерге, өзара түсіністікке қол жеткізеді. Команданың бұл ерекшелігі ортақ мақсаттарға жету үшін қарқынды күрес кезінде топ мүшелерінің жинаған бірлескен іс-тәжірибелерін сипаттайды. Бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілік кейбір спортшыларды ойынды өз мойнына алу тәжірибесімен қаруландыруды, ал басқалары - өз әрекеттерін жетекшіге, әр ойыншыға қолдау көрсетуді, үйлестіруді және бағынуды - белгілі бір жағдайға дайын болуды және бүкіл командаға қажетті әрекетке жауап беруге дайын болуды білдіреді. Бірлесіп әрекет ету қабілеті спортшылардың бір-бірінің өзара түсінушілігіне негізделген, ойыншылардың алаңда бір-бірін көруі және таба алуы, идеяларды алдын-ала білуі, оларды алдын-ала анықтап, жүзеге асыруы. Спортпен айналысу - салауатты өзін-өзі бағалауды дамытады, өзіне деген сенімділікті қалыптастырады, ұжымда өзара әрекеттесуді және олардың командадағы рөлін білуге ​​үйретеді. Көптеген спорт психологтары спортпен шұғылданатын балалар стресстік жағдайларда әлдеқайда жақсы жұмыс істейтінін және проблемаларды шешудің инновациялық тәсілдерін табатынын атап өтеді. Балалар үшін командалық спорт әсіресе пайдалы. Дәл осы жағдайда сіздің балаңыз командада жұмыс істеуді үйренеді, дұрыс әлеуметтенеді және көпшіл адам болып өседі. Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, баллар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады.

Бұл бағдарламада 6-8 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардағы 6 бөлімде көрсетілген «Шытырман және команда құруға арналған ойындар» , «Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс- әрекеті» тақырыптарында жүргізуге болатын және сыныптан тыс іс шара ретінде жүргізуге оңтайлы ойындар топтамасы жинақталған.







«Шеңбермен бірге жылжы!» ойыны


Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлініп, сөреге тұрғызылады. Әр командаға ойыншы санына қарай шеңбер ұсынылады. Әр топ ойыншысы өз шеңберіне орналасып тұрады. Спорт залда әрбір жерде кубиктар шашыраңқы қойылады. Пәрмен берілгенде әр команданың соңғы ойыншысы алдында тұрған ойыншының қасына тұрып, өз шеңберін топтың бірінші тұрған ойыншысына қарай аяқпен жылжытып жібереді, ал бірінші ойыншы өз кезегінде сол шеңберге тұрады. Ойын осылайша жылжу әдісімен өтеді. Тапсырма: осы әдіспен жылжу арқылы залдағы кубиктарды жинап шығулары қажет. Қай топ ережені бұзбай көбірек кубик жинаса, сол топ жеңіске жетеді.


Picture 11





















«Допты аяқпен бер!» ойыны

Бұл ойында қатысушыларды бірнеше топқа бөлуге болады. Әр топ шеңбер айнала, аяқтарын созып отырады. Әр топтың ортасында бір доптан болады. Тапсырма: пәрмен берілгенде команда капитаны допты аяқпен қысып жанындағы әріптесіне береді, ол өз кезегінде допты осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Осылайша допты шеңбер айналдыра бір-біріне берулері керек. Қай топтың добы тез арада қайтадан капитанға қайтып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Picture 9

«Шынжыртабанды доңғалақ» ойыны

Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлініп, сөреге тұрғызылады. Әр команда тығыз матадан /банер, брезент т.с.с/ жасалынған шынжыртабанды доңғалақтың /гусеница/ ішінде тұрады. Пәрмен берілген кезде топ мүшелері барлығы бірлесе мәреге қарай жылжып барады. Қай топ мәреге бірінші болып жетсе, сол топ жеңіске жетеді.

Picture 10











«Дұрыс ұйымдастырылған командалық ойындар жетістікке кепілдік береді» - авторлық бағдарлама


Мақсаты:

Оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Физикалық тұрғыда үйлесімді жетілген, белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру. Көшбасшылық қабілеттерін дамыту.


Міндеттері:

  • Балаларды белсенді және дербес ойнауға үйрету

  • Кез-келген ойын жағдайынан шыға білуге үйрету

  • Рухани-адамгершілік сезімдері мен сана-сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету

  • Оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.

  • Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу


Күтілетін нәтиже:

  • Техникалық әдістер мен тактикалық әрекеттерді орындай алады

  • Дене тәрбиесі пәні мен спортқа деген қызығушылықтары артады

  • Ойын кезінде өз әл-ауқатын бақылай алады

  • Өзіне деген сенімділігі қалыптасады

  • Ұжымда өзара әрекеттесуді және командадағы рөлін білуге ​​үйренеді

  • Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, эстетикалық талғамы артады



Тақырыптық жоспар

№

Мазмұны

Мерзімі

1

«Біз зияткер спортшымыз!» зияткерлік ойын


2

«Батыр. Ханшайым. Айдахар» ынтымақтастыққа шақыру ойыны


3

«Спорттық сөз құра!» - әріптерден сөз құру


4

«Жазғы спорт пен қысқы спорт» - «спорттық құралдар» суреттерімен ойын


5

«Олимп шыңы» - олимпиада жүлдегерлерін жыл реттілігімен қойып шық


6

«Қызықты жұптасқан волейбол» - екіжақты ойын


7

«Жанды баскетбол себеті» екіжақты ойын


8

«Қызықты шортрек» ойыны


9

«Қозғалыстағы шеңберден өтіп көр!» ойыны


10

«Жанды баскетбол себеті-2» екіжақты ойын


11

«Танымал тұлғаларды белгіле!» ойыны


12

«Допты аяқпен бер!» ойыны


13

«Шынжыртабанды доңғалақ» ойыны


14

«Шеңбермен бірге жылжы!» ойыны


15

«Қызықты алып волейбол» екіжақты ойын


16

«Таяқшамен қызықты волейбол» екіжақты ойын






«Қозғалыстағы шеңберден өтіп көр!» ойыны

Әр топ бір сызықтың бойында сапқа еркін түрде тұрғызылады.

Жүргізуші гимнастикалық шеңберді топқа параллельді айналдыра жібереді. Топ мүшелері сол шеңбердің ортасынан құлатпай өтулері керек. Қай топ мүшелері шеңберді құлатпай көбірек өтсе, сол жеңіске жетеді. Тапсырманы орындауға әр топқа 3 мүмкіндік беріледі. Жақсы көрсеткіш есепке алынады.

Picture 7











«Танымал тұлғаларды белгіле!» ойыны

Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлініп, сөреге тұрғызылады. Әр команда алдында, мәре алаңында орналасқан үстел үстінде еліміздің таңымал тұлғалардың суреттері бейнеленіп тұрады. Пәрмен берілгенде бірінші тұрған ойыншылар әр суреттің тұсына аты-жөнін жазып, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.Эстафета осылайша жалғасып, тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындаған команда жеңіске жетеді.

Picture 8











«Қызықты шортрек» ойыны


Бұл ойында қатысушыларды бірнеше топқа бөлуге болады. Әр топ 4 ойыншыдан құрылған. Жүгіру алаңына немесе спорт залдың іші болған жағдайда жүгіру алаңын фишкалар арқылы белгілеп, екі топ қарама-қарсы жақтарға сөреге тұрғызылады. Пәрмен берілген кезде әр топ қарама қарсы топты қуып жетіп, сол топтың ойыншысына қолын тигізу арқылы ойыннан шығарып отырады. Осылайша қай топтың мүшесі шыдамдылық тантып, жүгіру алаңынан шықпаса сол команда жеңіске жетеді.


Picture 5











Picture 6













«Біз зияткер спортшымыз!» атты зияткерлік ойын


Ойын жалпыға мәлім зияткерлік ойындардың ережелері негізінде өткізіледі. Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлінеді. Топтарға ойын ережесі түсіндіріліп, бағалау критерийлері көрсетіледі. Ойын бірнеше кезеңнен тұрады. Ойын соныңда жинаған ұпай сандарына қарай жеңімпаздары анықталады. Ойын интербелсенді тақта арқылы немесе басқа да АКТ құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Ойын кезеңдері:

  1. Команданы таныстыру.

  2. Ойын – «Жұмбақ сурет» деп аталады. Экранда спорттың, яғни суреттін бір фрагменті ұсынылады, сол фрагмент бойынша қай спорт түрі екенің анықтау қажет.

  3. Ойын – «Адасқан әріптер» деп аталады. Ретсіз жазылған әріптерден, танымал спортшылардың атын немесе тегін табу шарт.

  4. Ойын – «Мен оны білемін!» деп аталады. Экранда спорттық терминдер немесе атаулар жазылады, соны түсіндіріп, айтып беру керек.

  5. ОPicture 1 йын – «Шабыт» деп аталады. Экранда көрсетілген сөздерден спорт туралы өлең шұмақтарын шығару керек


Picture 9


Picture 6




Picture 5





«Батыр. Ханшайым. Айдахар» ынтымақтастыққа

шақыру ойыны

Picture 12 Жүргізуші қатысушыларды 2 топқа бөліп, сол топтарды параллель бір – біріне қарама – қарсы тұрғызады. Топ мүшелеріне «Айдахар», «Ханшайым», «Ханзада» сөздері беріледі. Топ мүшелері өздері топпен ақылдасып осы сөздердің біреуін таңдап, бір мезетте бір – бірлеріне көрсетеді. Онда Айдахар – Ханшайымды, Ханшайым – Ханзаданы, Ханзада – Айдахарды жеңеді.










«Спорттық сөз құра!» - әріптерден сөз құру

Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлініп, сөреге тұрғызылады. Әр команда алдында, залдың ортанғы сызық тұсында орналасқан үстел үстінде А4 қағазында жазылған араласып әріптер жатады. Пәрмен берілген кезде әр команданың 1-ші ойыншысы араласып жатқан әріптерден спорттық сөз шығарып, сөздің бірінші қарпін алып кетіп, мәре сызығына барып, іс-қимылмен сол спорт түрін әріптестеріне көрсету керек. 2-ші ойыншы сол спорт түрінің екінші қарпін мәреге жеткізіп қатарға тұрады. Осылайша ойын «сөз» толық шыққанша жалғасады. Сөз команда мүшелері санына қарай тандалуы керек. Мысалы: Топ 7 адамнан тұратын болса - Биатлон, Гандбол сөздері сияқты.

Picture 13








«Жанды баскетбол себеті» екіжақты ойын


Ойын ережесі баскетбол ережесіне сайкес келеді. Айырмашылықтары, баскетбол себеті орнына әр топтан бір оқушы қолына шеңбер ұстап тұрады. Ойын шарты бойынша ойыншылар қарсылас команда жақтағы шеңберге шабуыл жасап, сол «жаңды себетке» допты лақтырып, кіргізулері керек. Шеңбер ұстап тұрған ойыншы шабуылшы команданың мүшесі болуы тиіс. Ол өз кезегінде әріптесі лақтырған допты барынша шеңбер ортасынан өткізіп, ұпай жинауы тиіс. «Жанды баскетбол себеті-2» ойыны дәл алдынғы ойын ережесіне сай жүргізіледі, тек қана шеңбердің орнына себетті пайдалунаға болады.

Picture 3









Picture 4













«Қызықты жұптасқан волейбол» - екіжақты ойын


Ойын ережесі волейбол ережесіне сайкес келеді. Айырмашылықтары, алаңдағы әр жұптың қолында тығыз мата /немесе банер, кесілген қап т.б./ болады. Ойын жұптардың допты қолдарындағы матамен тордан асырып, қарсылас команданың алаңына қарай лақтырудан басталады. Қарсылас команда допты қағып алып, олар да допты қарсыластары жаққа қарай жолдайды. Ойынның негізгі шарты допты қарсылас команданың алаңына қарай жерге түсіріп, ұпай жинау болып табылады.


Picture 1











Picture 2













«Жазғы спорт пен қысқы спорт» - ойыны

Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлініп, сөреге тұрғызылады. Әр команда алдында, залдың ортанғы сызық тұсында орналасқан үстел үстінде жазғы және қысқы спорт түрлері суреттері араласып жатады. Пәрмен берілген кезде әр команданың бірінші ойыншысы үстел үстіндегі жатқан суреттердің ішінен өздеріне берілген тақырыптағы суретті тауып алып, мәреде орналасқан қорапшаға салады. Содан эстафетаны екінші ойыншыға береді, екніші ойыншы дәл солай тапсырманы орындайды. Осылайша ойын өз жалғасын тауып, тапсырманы қай топ бірінші болып орындаса, сол топ жеңіске жетеді. Тапсырма: 1-ші топқа жазғы спорт түрлері суреттерін жинақтау болса, 2-ші топқа қысқы спорт түрлері суретін жинақтау керек болады.

Picture 14





«Олимп шыңы» - олимпиада жүлдегерлерін жыл

реттілігімен қойып шық


Қатысушылар 2 (3,4) топқа бөлініп, сөреге тұрғызылады. Әр команда алдында, залдың ортанғы сызық тұсында орналасқан үстел үстінде елімізден шыққан олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері суреттері ретсіз қойылады. Тапсырма: Олимпиада жұлдыздары суреттерің жыл реттілігімен қойып шығу керек. 1970-ші жылдардан бастап кейінгі жылдарға дейінгі аралықта. Бұл тапсырманы командалар өзара ақылдасып орындайды. Бұл жерде тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындауы қажет. Қателескен команда жеңіліс табады. Сондай-ақ бұл ойынды интербелсенді тақтада да жүргізуге болады.

Picture 15












Picture 16


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі