Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / Авторлық бағдарлама Әдебие және табиғат
Жамбыл облысы Талас ауданы Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Гульнуры Адилбековна
«Әдебиет және табиғат»
Бастауыш сыныпқа арналған авторлық бағдарлама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы Талас ауданы
Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова
Гульнуры Адилбековна
«Әдебиет және
табиғат»
Бастауыш сыныпқа арналған
авторлық бағдарламасы
Мектеп директоры :
___________
М.О.
Мұғалім: бастауыш сынып
мұғалімі Мырзахметова Гульнуры Адилбековна
Қараой
ауылы
Аннотация
Жамбыл облысы Талас ауданы
Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова
Гульнуры Адилбековна
әдебиет пәніне арналған
«Әдебиет және табиғат» атты вариативті курс бағдарламасының мақсаты
болжамды экологиялық проблемаларды әдеби тілімен шеше отырып,
оқушылардың қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім,біліктілігін
дамыту.
Білім беру жүйесіндегі негізгі
ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін
орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай
туғызу.Бұл ағымды іске асыру саралап оқыту арқылы жүзеге асатыны
мәлім. Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы
саралау.
Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаға көзқарасы мен
дүниетанымы ең басты пән-әдебиет пәні арқылы қалыптасады.Ал әдебиет
біздің күнделікті өмірімізде.Әдеби шығармаларды оқыту - оқушылардан
ойлауды кажет ететін сапалы тапсырманы орындау. Олар жоспарлы және
бірізді іс атқаруға жетелейді, нәтижесінде білім алынады, тұрақты
қабылданады, жетілдіріледі және дұрыс іске асырылады. Әдеби
шығармаларды оқыту арқылы оқыту мен тәрбие беру мақсаттарына жетіп,
сонымен қатар қоршаған орта туралы ұғымдарды қалыптастыруға болады.
Сондықтан бастауыш сыныптан бастап экологиялық мазмұнды әдеби
шығармаларды оқыту өте орынды және өзекті мәселе деп
ойлаймын.
Аталған курс бағдарламаларға
қойылатын талаптар мен критериийлер бойынша құрастырылды. Атап
айтсақ, ғылымилық, практикалық бағыттылық, жүйелілік, уақыт қорына
лайықтылық т.б. принциптерге сай жасалды. Вариативті курсты өткізу
барысында бастауыш сынып оқушыларына әдеби шығармаларды оқытумен
қатар,қоршаған ортадағы экологиялық жағдайларды біле отырып,ол
мәселелерді шешуге талпындыру.
Мазмұны
Кіріспе
Түсіндірме
хат
Табиғат пен әдебиет пәнаралық
байланысы
Аймақтық компонентке қатысты
құрылған экологиялық мазмұнды шығармалар.
Нормативті
бөлім
Курс бағдарламасының мазмұны
мен құрылымы
Күнтізбелік тақырыптық
жоспар
Сабақ
жоспарлары
Ақпараттық әдістемелік
бөлім
Курсты оқытуды ұйымдастырудың
формалары
Білімдерін тексеру
формалары
Білім мен біліктерге қойылатын
талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Оқушылар
үшін
Мұғалім
үшін
Жарияланған мәселе (ұсынып
отырған жұмысы) бойынша жарияланымдардың, мақалалардың тізімі мен
көшірмесі.
Пікір білдірушілер: /пікір
білдірушілер саны 3-4 болу керек/
Қосымшалар
Түсінікхат
Әдеби
тіл - адамның бір
–
бірімен пікір алысу, қарым - қатынас жасайтын құралы, тілдің қоғамдағы қызметі ерекше.Таза, мәнерлі тіл
ойлау жүйесі. Баланы ана
тіліне дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойына тілдік мәдениетті қалыптастырады. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеу отбасының, мектептің қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асады.
Қоғамның қазіргі кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай
анықталған мақсаттар мен
міндеттер «Әдебиет және
табиғат»
бағдарламасында басшылыққа алынды. Бағдарламаны жасау барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларын, оқу тапсырмаларын деңгейлей орындай отырып, көтеру ескерілген. Бағдарламада ұсынылған көркем шығармалар оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес іріктеліп алынды. Әр тарауда берілген тақырыптар арқылы оқушылар жаттауға, әңгімелеуге, мәнерлеп оқуға, сурет бойынша әңгіме құрауға, сұрақ тапсырмаларға ойланып жауап жазуға, жұмбақтар мен
сөзжұмбақтарды дұрыс шешуге және
мақал – мәтелдер, жаңылпаштар жаттап дағдыланады. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету
үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс-тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік ойын, ) ұсынылады.
Бір сөзбен айтқанда, бағдарламада оқушылардың оқу
жұмысына педагогикалық тұрғыдан жетекшілік етуге ыңғайлы жүйе
жасалған. Ең бастысы, оқушылар тапсырмаларды орындай отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге үйренеді.
«Әдебиет және
табиғат»
бағдарламасы аптасына 1-сағаттан жылына 34 сағатты қамтиды. «Әдебиеттік оқу» пәнін «Әдебиет және
табиғат»бағдарламасында тереңдетіп оқытуға дайындау үшін
«Отан отбасынан басталады», «Әдептілік әдемілік», «Ертегілер елінде», «Халық ауыз
әдебиеті», «Ойнайық та
ойлайық» деген бөлімдер қайта қарастырылады.
Жас ұрпақты қазақ тілінің нәрімен сусындатып, адамгершілігі жоғары, талғамы биік
азамат қалыптастырудағы қиындығы мен
қуанышы қатар жүретін ұстаздық еңбегіме сәттілік тілеймін!
«Әдебиет және
табиғат»бағдарламасыныңмақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсініп оқуы, санасында қайта жаңғыртуы және
шығармадан алған білімін өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
«Әдебиет және табиғат»
бағдарламасының басты
мақсаты:
- оқушының өзіндік ой –
пікірін қалыптастыру;
- көркем шығармаларды оқыту
арқылы қазақтың рухани қазынасын
меңгерту;
- оқушының әдеби сауаттылығы
мен теориялық білімді ұштастыра білуіне қол
жеткізу;
- көркем сөзді оқу барысында
орфоэпиялық заңдылықтарды
үйрету;
- оқу сапасын (дауыстап,
іштей, түсініп,мәнерлеп, болжап, көз жүгіртіп)
жетілдіру;
-
мәтін мазмұнына , тақырыпқа сәйкес жазба жұмыстарын орындай алуға,рөлдік, сюжеттік ойындарды, сахналық қойылымдарды қоя
білуге үйрету;
-
оқылған шығарманың сюжетінің ізімен ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру;
-
шығарманың түпкі мазмұның – мәнін түсінуі, кейіпкердің ерекшеліктерін аша
білуге бағыттау.
Күтілетіннәтиже:
Оқушылар өз
бетінше оқуға, жеке тапсырма орындауға, топпен жұмыс жүргізуге, ұжымдық жұмыстарға үйренеді.Шығармашыл жеке
тұлға қалыптасады.
Оқушылардың бағдарламаны
меңгеру талаптары:
Бағдарламаны жүзеге асыру
стратегияларын оқушылардың меңгеруі тиіс.әдебиеттік оқу пәні
бойынша жасалған бұл бағдарламада оқушының қажетті білім алуына,
ауызекі сөйлеуін дамытып, ойын көркем сөз өрнектерімен жеткізу
барысында жүзеге асады.
«Әдебиет және табиғат»
бағдарламасына қойылатын
талаптар:
-тақырыптық жүйемен берілген
тапсырмаларды орындай білуі
тиіс;
- тілдегі дыбыстарды анық,
таза, дұрыс айтып, бір- бірінен ажырата білуі
тиіс;
-
мәтін мазмұнына , тақырыпқа сәйкес жазба жұмыстарын орындай алуы
тиіс;
450 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз