Абай облысы Аягөз аудандық білім бөлімінің
«Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Альжанова М.А.
Биология және денсаулық
(Биология пәнінен авторлық бағдарлама)
Абай облысы 2023 жыл
УДК 225.018. А - 93
Пікір жазған: «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ доценті , п.ғ.к. Г. Джумажанова
Абай облысы Аягөз аудандық білім бөлімінің «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектебі» КММ әдістемелік кеңесінің сараптама шешімімен басуға ұсынылады.
«Биология және денсаулық» биология пәнінен авторлық бағдарлама/ Абай облысы Аягөз аудандық білім бөлімінің «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі Альжанова М.А.
«Биология және денсаулық» биология пәнінен авторлық бағдарламасы тақырыбындағы курсты таңдау арқылы болашақ жаратылыстану саласындағы, медицина саласындағы мамандарды және ауыл шаруашылығы қызметін таңдайтын оқушылардың білімдері терең де мазмұнды болуына ықпал тигізеді.
Түсінік хат
Қазіргі таңда жаратылыстану ғылымында оқушыларды білім, білік, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландыруда, елімізде болып жатқан пандемияға байланысты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауда, салауаты өмір салтын қалыптастыруда курстың маңызы зор.
Бұл курс оқушылардың таңдап алынған ғылым саласында білімдерін арттырудың, сананы меңгеруіне бағыт-бағдар беруге болады. Биология мен медицина ғылымының дамуы мен біртұтастығы туралы іздену, жаңалықтар ашуға бағыт беруде курстың атқаратын жұмысы зор.
Қазіргі таңда медицина мен жаратылыстану ғылымының жедел дамуы баршаға мәлім. Сол себепті биология пәнінің ерекшеліктерін оқушылар тереңірек игеру керек. Ситуациялық сұрақтарды шешу, белгілі бір жағдайды сипаттау, талдау, түсіну оқушының шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырумен қатар, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда, пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыра түсуі тиіс.
«Биология және денсаулық» тақырыбындағы курсты таңдау арқылы болашақ жаратылыстану саласындағы, медицина саласындағы мамандарды және ауыл шаруашылығы қызметін таңдайтын оқушылардың білімдері терең де мазмұнды болуына ықпал тигізеді.
Бағыты: биология, медицина
Жаңашылдық: бұл авторлық бағдарламаны қолданбалы курс ретінде жоғары сынып оқушыларына меңгерту арқылы мамандық таңдауға, кәсіпке бағдарлау;
Өзектілік: биология пәнін медицинамен байланыстыра оқыта отырып, жан-жақты, функционалды дамыған тұлға қалыптастыру;
Мақсаты:
-
Білім алушыларды әлеуметтендіру;
-
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
-
Биология мен медицина ғылымдары туралы жан-жақты білім беру;
-
Адамгершілікке тәрбиелеу;
-
Оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеу;
Міндеті:
- Оқушы ойын дамыту;
- Кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;
- Салауатты өмір салтын насихаттау;
- Өз білімдерін қорыта білу;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар қабілеттеріне сай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады;
-
Өз бетінше ойлай білетін белсенді, өзін-өзі тани алатын, жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптасады;
-
Оқушылардың ойлау қабілеттері, ізденімпаздық дағдалары қалыптасады;
-
Салауатты өмір салтын ұстанатын, функционалды сауатты тұлға қалыптасады;
-
Ақпараттарды талдап, дәлелді пікір айтуға дағдыланады;
-
Теорияны практикамен ұштастырып, зерттеушілік қабілеттері дамиды;
Курстың мазмұны
-
Кіріспе (3 сағат)
-
Эндокриндік мүшелер жүйесі (2 сағат)
-
Жүйке жүйесі (3 сағат)
-
Сенсорлық жүйе (3 сағат)
-
Тірек-қимыл жүйесі (3 сағат)
-
Ағзаның ішкі ортасы (3 сағат)
-
Жүрек-қантамырлар жүйесі (3 сағат)
-
Тыныс алу жүйесі (2 сағат)
-
Ас қорыту жүйесі (3 сағат)
-
Зәр шығару жүйесі (3 сағат)
-
Көбею (1 сағат)
-
Жабын жүйесі (3 сағат)
-
Курсты қорытындылау (2 сағат)
Оқу-тақырыптық жоспар
|
№ |
Бөлімдер |
Тақырыптар |
Оның ішінде |
Жалпы сағат саны |
Мерзімі |
|
|
тео рия |
прак тика |
|||||
|
1 |
Кіріспе (3 сағат) |
Кіріспе. Адам туралы ғылымдар |
1 |
|
1 |
|
|
2 |
Жасуша – тіршіліктің негізгі құрылымдық бірлігі. |
|
1 |
1 |
|
|
|
3 |
Адам денесіндегі ұлпалар |
1 |
|
1 |
|
|
|
4 |
Эндокриндік мүшелер жүйесі (2 сағат) |
Эндокриндік мүшелер жүйесі |
1 |
|
1 |
|
|
5 |
Гормондар қызметінің бұзылуынан туындайтын аурулар |
1 |
|
1 |
|
|
|
6 |
Жүйке жүйесі (3 сағат) |
Жүйке жүйесі. Жұлын |
1 |
|
1 |
|
|
7 |
Ми және оның бөліктері |
1 |
|
1 |
|
|
|
8 |
Жүйке жүйесінің гигиенасы. Темекі мен ішімдіктің жүйке жүйесіне әсері. |
1 |
|
1 |
|
|
|
9 |
Сенсорлық жүйе (3 сағат) |
Сенсорлық жүйе. Есту, көру мүшесі |
|
1 |
1 |
|
|
10 |
Иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелері |
|
1 |
1 |
|
|
|
11 |
Көз, құлақ аурулары, олардың гигиеналары |
1 |
|
1 |
|
|
|
12 |
Тірек-қимыл жүйесі (3 сағат) |
Тірек-қимыл мүшелер жүйесі. Сүйек, оның типтері |
1 |
|
1 |
|
|
13 |
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы |
1 |
|
1 |
|
|
|
14 |
Буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Денені шынықтырудың маңызы |
|
1 |
1 |
|
|
|
15 |
Ағзаның ішкі ортасы (4 сағат) |
Ағзаның ішкі ортасы |
1 |
|
1 |
|
|
16 |
Қан арқылы берілетін аурулар |
1 |
|
1 |
|
|
|
17 |
Қан топтарына арналған биологиялық есептер |
|
1 |
1 |
|
|
|
18 |
ЖИТС – ғасыр індеті |
1 |
|
1 |
|
|
|
19 |
Жүрек-қантамырлар жүйесі (3 сағат) |
Жүрек-қантамырлар жүйесі |
1 |
|
1 |
|
|
20 |
Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары |
1 |
|
1 |
|
|
|
21 |
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем |
|
1 |
1 |
|
|
|
22 |
Тыныс алу жүйесі (2 сағат) |
Тыныс алу жүйесі |
1 |
|
1 |
|
|
23 |
«Туберкулез» , «Ковид-19» |
1 |
|
1 |
|
|
|
24 |
Асқорыту жүйесі (3 сағат) |
Асқорыту жүйесі |
1 |
|
1 |
|
|
25 |
Асқорыту мүшелерінің аурулары |
1 |
|
1 |
|
|
|
26 |
Тамақтану гигиенасы. Диетология |
1 |
|
1 |
|
|
|
27 |
Зәр шығару жүйесі (3 сағат) |
Зәр шығару жүйесі |
1 |
|
1 |
|
|
28 |
Бүйрек аурулары |
1 |
|
1 |
|
|
|
29 |
Алкогольдік заттардың адам ағзасына әсері |
1 |
|
1 |
|
|
|
30 |
Көбею (1 сағат) |
Адамның ұрпақ жаңғыртуы және ұрықтың дамуы |
1 |
|
1 |
|
|
31 |
Жабын жүйесі (2 сағат) |
Жабын жүйесі. Терінің құрылысы. |
|
1 |
1 |
|
|
32 |
Тері аурулары және олардың алдын алу |
1 |
|
1 |
|
|
|
33 |
Курсты қорытындылау |
Жоба қорғау |
1 |
|
1 |
|
|
34 |
Курсты қорытындылау |
1 |
|
1 |
|
|
Авторлық бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету
Сипаттамасы
«Биология және денсаулық» авторлық бағдарламасы биология және медицина саласы бойынша мамандық таңдаңдап отырған жоғары сынып білім алушыларын ҰБТ-ға дайындауда, таңдап отырған мамандығы бойынша білім беруде, кәсіпке бағдарлауда мол үлесін тигізеді. Авторлық бағдарлама адам анатомиясы мен физиологиясы жайлы, мүшелердің құрылысы мен қызметі, әр түрлі аурулар, олардың алдын алу, алғашқы көмек көрсету сияқты білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған.
Тақырып бойынша жоспарланған сабақ түрлері: лекция, зертханалық-практикалық сабақтар, конференция, дәрігерлермен кездесу, ауруханаға экскурсия, ойын сабағы, дәстүрлі сабақ.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері мен формалары: «Рөлдік ойын», «Венн диаграммасы», «БББ», «БЛУМ таксономиясы», «Веер», «Бірге ойлаймыз», «Борт журналы» , «Идея туралы пікір», «Жұптық жұмыс», «Топтық жұмыс», АКТ, макеттер, муляждар.
Тақырып немесе бөлім бойынша қорытынды шығару формалары: тест, модельдеу, слайд-презентация дайындау, жоба қорғау;
Тақырып бойынша жоспарланған сабақтар топтамасы
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.
Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді.
Гормондардың қасиеті:
Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі жасушаларға әсер ету.
Эндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу | қайнарын өңдеу.
Толық мақалалары: Гипоталамус және Гипофиз
Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы
Қалқанша без[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Қалқанша без
Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.
Қалқанша маңы бездері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Қалқанша маңы безі
Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.
Гормондар қызметінің бұзылуынан туындайтын аурулар
Гормон –
эндокриндік бездер шығаратын
биологиялық белсенді
заттар.
Эндокриндік бездер гормондарды қанға шығарады.
Қанмен бірге
гормондар бүкіл
денеде жүреді,
зат алмасуды
және белгілі
бір ағзалардың жұмысын реттейді.
Адамның 9
эндокринді бездері бар
және олардың
әрқайсысы бірден
бірнеше гормонға
айналады. Кейбір
ағзалар,
нақтырақ айтқанда бүйрек,
асқазан-ішек
жолдары және
бауыр
гормондар шығаруға
көмектеседі. Мидың
кішкене бөлігі
болып табылатын
гипоталамус – барлық
гормондардың жұмысын
ұйымдастырады. Егер
гормонның бөлінуінде ешқандай кінәрат
болмаса, адам
өзін жақсы
сезінеді әрі
денсаулығы жақсы
болады. Ал
егер гормон
дұрыс бөлінбесе, онда денсаулығы сыр береді.
Гормон қалай
жұмыс істейді?
6:00-ге
дейін
ағзаңызда бақыт
гормоны, яғни
серотонин оянады.
Таңғы 6:00- де
кортизол оянады.
Бұл гормон
ағзаңызға күні
бойы қуат
сыйлайды. Ал
егер ұйқыдан
тұра салып,
500 мл
су
ішіп, таңғы
жаттығуға кіріссеңіз, онда стресс
гормонын шайып
жібересіз. 7:00-де
мелатонин гормоны
бөлінуін тоқтатады. Өз
орнын
жыныс гормондарына босатады. Ары
қарай ұйықтаудың қажеті жоқ.
таңғы 8:00-де
жыныс гормоны
өз
жұмысын
бастайды. Міне
осы кезде
жаттығу жасап,
спорт залына
барсаңыз ағзаға
өте пайдасы
мол болады. 10:00 – 14:00
– нейрогормон қызметке
кіріседі. Ол
есте сақтау
қабілетінің жақсаруына, мұқияттылық танытуға,
қырағы болуға
септігін тигізеді. 14:00 – 16:00
– ұйқы келетін
уақыт. Осы
кезде өзіңізді
қинамай, 20
минут көз шырымын
алыңыз. 20
минутта ештеме жоғалтпайсыз. Керісінше кешкі
жұмысқа қабілетіңіз оянады. Ең
бастысы, бұл
уақытта ӨСУ
гормоны белсінділік танытады. Бұл
гормон сұлулық
пен жастыққа
жауап береді.
17:00-де
кортизол
жұмысын баяулатады. Маңызды шаруаларды қабылдауды кейінге
шегересіз. Ал
спортпен айналысуға үзілді-кесілді
қарсылық танытыңыз.
21:00-де
мелатонин
гормонының жұмысы
басталады. Дене
қызуы төмендеп,
жаныңызға жылу
іздейсіз. Осы
кезде мейлінше
отбасыңыздың,
жақындарыңыздың жанында болуға,
оларды құшақтауға тырысыңыз.
22:00-де наркотикалық қасиеті
бар эндорфин
гормоны бөлінеді.
Тап осы
уақытта ұйқыға
жатсаңыз, түніңіз
тыныш әрі
жайлы болады.
Сонда күні
бойы алған
стрестен арыласыз,
шаршау басылады
әрі таңертең
сергек оянасыз.
2:00-де
ӨСУ
гормоны оянады
да,
кішкентайларды тәтті ұйқы
құшағына алып
кетеді. Ал
үлкендердің сұлу
әрі өмір
бойына жас
қалпын сақтап
қалуға ықпал
етеді.
Гормонның бұзылуына не себеп болады? Ұзаққа созылған стресс және толқу. Бір жағдайға байланысты осындай мазасыздыққа тап болсаңыз,
кортизол атты гормонның бөлінуі бұзылады. Гормондық дәрілерді қабылдау.
Есіңізде болсын!
Біреуден естіп гормондық дәрілерді қабылдаушы болмаңыз.
Аурудың белгілері бірдей болғанымен,
сіздің ағзаңыз,
ауруыңыз басқаша болатыны анық.
Міндетті түрде арнайы маманның кеңесін алғаныңыз жөн. Тұқымқуалау.
Өкінішке орай,
осы себептен гормонды бұзылыстар орын алса,
оны емдеу қиынға соғады.
Дұрыс тамақтанбау.
Кейбір тағамдардың құрамында гормонның бөлінуіне
кедергі жасайтын заттар болады.
Сондықтан да мейлінше дұрыс тамақтануға әдеттеніңіз.

Гормонның
бұзылғанын қалай
білеміз? Егер
гормон өз
деңгейінен асып
кетсе немесе
кеміп қалса,
ағза мынадай
белгі береді: -
әлсіздік; - естен
тану немесе
себепсіз салмақ
жоғалту; -
безеу, бөртпе шығу; -
инсулиннің жетіспеуінен қант диабеті
пайда болады; -
шаш түседі; -
әйелдердің денесіне
түк пайда
болады; - ұйқысыздық;
- төсек қатынасқа
құштарлық бәсеңдейді. Егер осы
белгілерді байқасаңыз, өз
бетіңізше
ем алуға асықпаңыз. Міндетті түрде
эндокринолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Гормон бұзылысын
қалай анықтаймыз? маңызды ағзаларды
УДЗ өткіземіз; тамырдан қан
тапсырамыз; бас
миды компьютерлік томографияға түсіреміз. Осы сараптаманың қорытындысына қарап
арнайы ем
шаралары жүргізіледі. Емделу жолдары:
арнайы диета;
гормоналдық терапия.
Яғни, дәрі,
пластырь, крем
және екпе;
дәруменді терапия.
Емді дәрігердің тағайындауымен ғана
жүзеге асыру
керек.
Жүйке жүйесі. Жұлын. Ми және оның бөліктері
ЖҰЛЫН
Құрылысы. Цилиндр пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналасады. Диаметрі 1 см, ұзындығы 42-45 см. Артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең сайша (борозда) жатады. Жоғарғы жағы сопақша миға жалғасады.Жұлын көлденең кесіндісінде 3 бөлімнен тұрады:
-
Ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық — жүйке жасушаларының тіршілік орталығы;
-
Өзектің пішінін көбелекке ұқсас сұр зат қоршап тұрады;
-
Сұр заттың сыртында ақ зат орналасады.
Қызметі.
Рефлекстік
Рефлекс (лат. reflexus — жауап қайтару) — ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үдерісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады.
Өткізгіштік
Жұлынның ақ заты өткізгіштік қызметін атқарады және оның әр бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Жұлын сезгіш нейрондардың аксондарынан түзілген артқы түбірлерінен қозуды жоғары миға және мидан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген алдыңғы түбірлер арқылы шеткі жүйке жүйесіне төмен қарай өткізіп отырады.
МИ
Құрылысы. Үш қабатты қабықшамен қапталған: қатты, торлы, жұмсақ. Қатты қабықша дәнекер ұлпасынан құралған, ол — бас сүйектің ішкі бетін қаптап жататын мидың сыртқы қабықшасы. Ортаңғы қабықшасы — торлы қабықша, ол қатты қабықшаның астында жатады. Торлы қабықша өте жұқа, онда жүйке мен қан тамырлары аз кездеседі. Ал ішкі қабықша қан тамырларынан тұрады. Қан тамырлары мен торлы қабықшаларының аралығында ми сұйықтығымен толған қуыс болады. Ми қабықшасы қозудың жүйке талшықтары арқылы өтуіне және бір талшықтан екінші талшыққа берілуіне бөгет жасайды. Ми жұлын сияқты ақ және сүұр заттан тұрады, бірақ мида сұр зат сыртта, ал ақ зат іште орналасады.
МИ БӨЛІМДЕРІ
Ми бөлімдеріне сопақша ми, артқы ми , ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми сыңарлары жатады.
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Осы жерде бір ми қарыншасы орналасады. Оның сұр затында адамның тіршілігі үшін маңызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстерге:
қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу);
қоректенумен байланысты (ему жұту, сөл бөлу, асқорыту бездерінің жұмысын реттеу);
автоматты түрде жұмыс істейтін (тыныс алу, жүрек пен қан тамырлар жұмысын реттеу) рефлекстер жатады.
Сондықтан, сопақша ми зақымданса, адам тыныс алу және жүректің тоқтауынан тез қайтыс болады. Сопақша ми жұлыннан келген қозуды мидың керекті бөліктеріне өткізеді.
Артқы миға көпір мен мишық жатады.
Көпір ортаңғы ми мен сопақша мидың ортасында орналасады. Ми көпірі үлкен ми сығарларын жұлын мен мишықтың қыртыстарымен жалғастырады. Ми көпірінің нейрондары бет терісі, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасынан, есту мүшесінен ақпараттар қабылдайды.
Мишық сопақша мидың үстінде орналасқан. Мишықтың сыртында сұр заттан құралған қыртыстары және иірімдері болады. Мишық жүйке талшықтары арқылы мидың басқа бөліктерімен байланыс жасайды. Негізгі атқаратын қызметі — адамның қимыл әрекетін, дене бұлшық еттердің қызметін реттейді. Мишықтың қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дене тепе-теңдігін сақтай алмайды.
Ортаңғы ми аралық және артқы мидың арасында орналасқан. Ол жүйкелердің жоғары және төменгі өткізгіш жолдарының қызметін атқарады. Жоғары өткізгіш жолымен қозу мишыққа және үлкен ми сыңарларына жетеді. Төменгі өткізгіш жолымен қозу сопақша ми мен жұлынға барады. Қызметі — кенеттен келген жарық және дыбыс тітіркеністеріне тез байқауды реттеу. Ортаңғы мидан бұлшық етке үнемі жүйке тітіркенісі жіберіліп, дененің ширығып тұруына мүмкіндік туғызады. Ол адамның еңбек қабілетіне әсерін тигізеді.
Аралық мида ми қарыншаларының біреуі орналасады. Құрылымында таламус, гипоталамус орналасады. Таламус арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім (ауырсыну, қанағаттану, мимика, т.б) қалыптасады. Гипоталамус — вегетативтік жүйке жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының орталығы. Ол барлық ми бөліктерімен байланысады, ішкі гормондарының бөлінуін реттейді, дененің температурасын, қан қысымын және ағзаның зат алмасу үдерістерін, ішкі ортасын тұрақтандырады. Зәр шығару, ұйқы, сергектік, бейімделу, т.б физиологиялық әрекеттер аралық мида өтеді.
Алдыңғы ми сыңарлары адамда басқа ми бөліктеріне қарағанда жақсы дамыған, мидың 80%-ын алып жатыр. Беті қатпарланып жатады, көлемі 2200-2500 см³, қыртыстың қалыңдығы 2,5-3 мм. Ол 14-18 млрд жүйке жасушаларынан құралады. Ми оң және сол ми сыңарларына бөлінген. Әрбір ми сыңары 4 бөліктен тұрады: маңдай, шүйде, төбе, самай. Маңдай және төбе бөліктеріне сезу-қимыл (аяқ, тұлға, қол, мойын, бет, ерінді қозғалту, сөйлеу аймағы) жатады. Көру аймағы шүйде бөлігінде, есту самай бөлігіндегі қатпарының үстінде, ал иіс пен дәм сезу самай бөлігінің алдында болады.

Жүйке жүйесінің гигиенасы
Жүйке жүйесі
жануарлар мен
адам организмдегі органдар мен
жүйелер әрекетін
біріктіретін және
организмнің тіршілік
әрекетінің сыртқы
ортамен үздіксіз
қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке
жүйесі ішкі
және сыртқы
тітіркендіргіш әсерін
қабылдайды, талдайды,
өңдейді,организм
қызметін реттеп
үйлестіреді.Бұның
негізгі бөлігі -
аса қозғыш
және қозуды
тез өткізетін
өсінділері бар
жүйке жасушасы
(нейрон). Жүйке
жүйесі филогенез
процесінде күрделі
өзгеріске ұшыраған.Адамның барлық
іс-әрекеті жүйке жүйесіне байланысты болғандықтан, оның гигиенасын сақтауға бәріміз
міндеттіміз. Жұмыс
кезінде ағзаның
қажуы алдымен
мидың қажуынан
басталады. Аурудың қандай
түрі болмасын
жүйке жүйесінің
қажуынан болады.
Адам ауырмай
әрқашан сау
жүру үшін
жүйке жүйесінің
гигиенасын сақтау
керек.Мектептен келген соң
бірден үй
тапсырмасын орындамай,тынығу
Үй тапсырмасын бір мезгілде орындауды әдетке айналдыру
Орташа қиыннан бастап,қиынға,сонан соң оңайға көшу
35-40 минуттан соң 5-10 минут үзіліс жасау
Тапсырманы алдымен жазбаша жұмыстан бастау
Оқыған материалды таңертеңгілік қайталау
Ой
еңбегі -
тікелей үлкен
ми
сыңарлары
қыртысындағы жасушалардың жұмысымен байланысты.
Ұзақ еңбектену - тез
шаршатады.
Шаршамас үшін: ой
еңбегінен кейін
жаттығулар жасап,
таза ауада
жүріп қайту;
арасында дене
еңбегімен шұғылдану
да
артық
емес.
Окушылардың негізгі ой
еңбегі -
оқу. Жүйке жүйесінің
гигиенасынсақтау үшін
мына ережелерді орындау керек
1.
Көзді бөгде
заттардың түсуінен
қорғай білу.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру.
3. Шам жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30 - 35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды 3 - 5 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
9. Темекі тартпау, зиянды әдеттерден аулақ болу.
10. Мектеп шеберханасында қорғаныш көзәйнек кию.
11.
Шаң - тозаң,
микробтардан сақтау.
Есту мүшесі
бас сүйектің
самай сүйегіне
терең орналасқан. Әйтсе де
зиянды әсерлерден, инфекция енуінен
сақтау керек.
Есту жолының
түбінде құлық
бөлетін бездер
бар.
Құлықтың жабысқақтығы сыртқы
құлақтан түсетін шаң
мен микробтарды
жабыстыру,
ұстау үшін
керек. Құлық
жиналып, естудің
нашарлауына соқтырады. Оны әр
түрлі затпен
алуға болмайды.
Тері сезімі
Тері сыртқы
ортамен тікелей
жанасады.
Сондықтан сыртқы ортада
жүретін өзгерістерді ең
алдымен
тері сезінеді,
ақпаратты қабылдайды. Ол
жанасу
мен қысымды, жылу
мен суықты,
ауыруды қабылдайды. Теріде
ауырсыну рецепторлары көп. 1см -
де, шамамен 100
рецептор бар. Ауырсыну
– бұл қорғаныш
реакциясы. Сипап
сезу - бұл
тері сезімі.
Олар саусақ,
тіл ұшында,
ерінде көп
болады.
Тамақты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді. Тіл ұшы - тәтті нәрсеге, Орталық артқы бөлігі - ащы, Алдыңғы және бүйір бөліктері - тұзды, Бүйір шеті - қышқылды сезеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Қышқыл, ащы, тәтті, тұзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады. Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей қалған кезде, тамақтың дәмі өзгереді. Иіс сезу мүшесі Адам үшін иіс маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, тамақтың ашып кеткендігі туралы хабар береді. Мұрын қуысында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл пішіні түйреуіш тәрізді, кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды.
Сенсорлық жүйе
Сенсорлық жүйе — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі, анализаторлардың шеткі бөлігі, немесе рецепторлар. Анализаторлар — дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Әрбір анализатор 3 бөліктен тұрады: шеткі — рецепторлық, өткізгіш бөлік және орталық бөлік. Егер де бір бөлігі зақымдалса, барлық анализаторлар қызметін тоқтатады. Ал рецепторлар дегеніміз сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары. Және олар өздері екіге бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар сыртқы өзгерістерге жауап береді, және оларға өзіміз білетін 5 басты сезім мүшесі жатады: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері түйсіктерінің рецепторлары. Мидың әр бөлімі түрлі сезімге жауап береді.Ал интерорецепторлар ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелердегі шет өзгерістерді қабылдайтын сезімтал құрылым. Ол мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруына жауап береді. Оған қоса, олар тірек-қимыл аппаратының мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Көру мүшесі
Көрудің негізгі қызметі — бақыланатын объектінің айқындығын, түсін, пішімін, көлемін анықтайды. Және де өзге анализаторлармен бірге дененің кеңістікте орналасуын, объектіге дейін арақашықтығын анықтауға көмек береді.
Көру сезімінің мүшесі — көз. Көз бас сүйектің көз шарасына бекініп орналасады. Көз алмасының сыртқы жағында орналасқан бұлшықеттердің жиырылу нәтижесінде қозғалады. Қосымша қорғаныш құрылымдарына кірпікшелер мен қабақ, қас және көз жас бездері жатады.
Көз алмасының пішінің көздің сыртқы ақ қабықшасы — склера анықтайды. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Алдыңғы жағынан ол қасаң қабықшаға өтеді. Оның астында тамырлы қабықша орналасқан. Тамырлы қабықша көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырлардан тұратын. Алдыңғы жағында тамырлы қабықша нұрлы қабықшаға өтеді. Ол қарашықтың мөлшерін анықтайды. Ішкі қабат — торлы қабықша, ол фоторецепторлардан — сауытшалар мен таяқшалардан тұрады. Торлы қабаттың жарығы жақсы түсетін жерін сары дақ деп атайды, ол жерде сауытшалар көп. Қасаң қабат пен көз бұршағы арасындағы кеңістік сұйықтыққа толы болады. Көз бұршағы қарашықтың артқы жағында орналасқан және нұрлы қабықшамен жанасып жатады. Және де көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза болып келеді.Оған кірпікшелі бұлшықет жанасады, ол көру қисығын көрсетеді. Көз алмасының ішкі жағын көлкілдеген мөлдір зат — шыны тәрізді дене толтырып жатады.
Көзде сәуленің екі сындырылатын ортасы болады — қасаңқабат және көз бұршағы. Көз бұршағы қисығының өзгеруінің арқасында объектілер туралы толық мәлімет ала алады. Көздің әртүрлі қашықтықтағы объектілер туралы толық мәліметті ала алатын, бейімделу қасиеті аккомодация деп аталады. Аккомодация кезінде бұлшық еттер жиырылу арқасында көз бұршағының қисығын өзгертеді. Көз бұршағы сындыру қисығы үнемі артық мөлшермен сындырылып отырса, онда жарық сәулелер торлы қабықтың алдына түседі де, нәтижесінде жақыннан көргіштік дамиды. Егер көз бұршағының сындыру қисығы жеткіліксіз болса, онда жарық сәулелер торлы қабаттың артқы жағына түседі де алыстан көргіштік дамиды.Көздің жарық сезетін аппараты. Жарықты қабылдау көздің фоторецепторлардан — сауытша мен таяқшалардың қозуынан басталады, оған алдымен фотохимиялық реакциялар себеп болады. Сауытшалар мен таяқшаларда жарық сезетін пигменттер болады. Сауытшалардың қызметі түсті қабылдауында. Ал жарыққа сезімталдық таяқшаларда көбірек, олар көруді жарық аз жерлерде қамтамасыз ете алады.
Тірек-қимыл жүйесі
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам
қаңқасының негізі
сүйек.
Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады.
Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйекқабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады:
(тығыз және кемік заттар.)Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі.
Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады.
Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис — жілік сүйектің ортасы).Кемік
сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да,
арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік майыныңканалдарында
сары түсті,
ал кемігінде қызыл түсті май бар.
Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер,
лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды.
Ересеккадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Оларкөбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.
Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде о с с е и н жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
О м ы р т қ а ж о т а с ы — бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері — денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
І-ші мойын омыртқасы — атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші мойын омыртқасымен жалғасады.
Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында — жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мүны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар. Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын л о р д о з ы ( лат. лордоз — алға қисаю, иілу), 6 айдан кейін отыра бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат. кифоз — артқа қарай иілу, қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа аралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.
Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.
І-ші құйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Екі ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек және бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері сегіз көзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-бірімен қимылы шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін шалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал ез есінде 120 градусқа дейін қозғалады. Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік тудырады
Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және т о с сүйектері жатады.
Қ а б ы р ғ а. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы , м о й ы н ы , д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасыңдағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы VII қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, УШ-ІХ-Х-қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғыларымен жалғасады, ал ХІ-ХП-жүп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І-УІІ-жұп қабырғаларды ш ы н, олардан кейінгі УІІ-Х-жүп қабырғаларды ж а л ғ а н, ал соңғы ХІ-ХП-жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.Төс суйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ұ ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
І-ші қабырға ойындысы төс тұтқасы мен денесінің қосылған жерінде басталып, қабырға ойындысы төс денесі мен семсершесінің қосылатын жерінде болады.
Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.
1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерінің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.
Ауыр жүмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланыстьі көкірек қуысының көлемі кішірейеді.
Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне үзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
3.Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және тос сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Ж а у ы р ы н — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетіңде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.
Б ұ ғ а н а (латынның) 8 әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатады. Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілік пен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.
Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бұдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.
Бақайшақтар бес ұсақ жүмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда — 17, жігіттерде — 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен құралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.
Т а б а н сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, үзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруыңда да кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаң аяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.
Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.
Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты жөне бет сүйектері. М и
с а у ы т ы адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол мандай, жұптасқан төбе, шүйде жөне екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты самай сүйегінің тесігі арқылы ішкі құлақпен, шүйде сүйегінің үлкен тесігі арқылы омыртқа өзегімен (омыртқа каналы деп те аталады) жалғасқан.
Бет сүйектері жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт-бет, тандай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бұлардың ішінде төменгі жақ сүйегі ғана қозғалмалы орналасқан. Қалғандары бір-бірімен қозғалмайтындай тығыз біткен. Бет сүйегінің біразы жұп (үстіңгі жақ, мұрын, көз қуысы, бет-тандай, төменгі кеуілжік сүйектері), тек үшеуі ғана жалғыз (жақ, тіл асты сүйектері) сүйектер.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытьшың сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың е ң б е г і деп атайды.
Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), мандайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.
Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері — ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, өсуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.
Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады.
Баланың сүйектерінің ерекшелігі. жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Соңдықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Ағзаның ішкі ортасы
Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады.
Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі.
Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады.
Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Қан, құрамы мен қызметі
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қанның қызметі:
адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-бірін өзара байланыстырады;
оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазарта-ды;
қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды;
дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).
Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы — плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.
Қан плазмасы (қан сарысуы) — қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты — қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,8% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферментер, гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады.
Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
Қан жасушалары. Қан жасушаларына — эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады.
Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, пробирканың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні — ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де — шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» — қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оксигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан — алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.
Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Бірнеше апталық нәрестелер қанының эритроциттері ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің «сары ауруы» деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. Гемоглобин — қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин болады. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді.Қорыта келгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көміртек қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды (жеткізеді).
Лейкоциттер. Лейкоциттер — ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.
Тромбоцит
(тромбоцит) (thrombocytos, грек, thrombos
-тромбы, kytos -
жасуша) —
қанның ұюын қамтамасыз ететін қан
жасушасы.
Тромбоцит — құстан бастап
төменгі сатыдағы
омыртқалы жануарлар
қанында болады.
Сұтқоректі жануарлар
қанында тромбоциттер пішіні әр
түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық
тәрізді т.б.)
Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі
грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.
протеин, май, көмірсулар жатады.
Құстардың жұмыртқа жасушаларында ұрықтың дамуына қажет трофикалық қосындылар сарыуыз түрінде коп мөлшерде жинақталған. Май қосымдылары — май жасушалары — липоциттерде (адипозиттер) қорланады. Өте ұсақ май тамшылары организмнің көптеген жасушаларында кездеседі. Көмірсулар жануарлар организмі жасушаларында негізінен гликоген (полисахарид) түрінде қорланады. Гликоген, әсіресе, бауыр жасушаларында, ет жасушалары мен талшықтарында көптеп кездеседі. Гликоген цитоплазма матриксінің құрамына да кіреді. Трофикалық қосындылар — қоректік заттар қоры және энергия көзі.[1] Тромбоциттер сүтқоректілерден басқа жануарлардың көпшілігінде қан клеткаларынан түзілетін, ұсақ, дөңгелек не ұзынша келген, тығыз ядролы және әлсіз базофильді, цитоплазмалы клеткалар түрінде кездеседі. Сүтқоректі жануарлардың қанында Тромбоциттердің орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді, т.б.) ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі. Қан табақшаларының құрамында арнайы 4 түйіршік: (дельта түйіршіктерінде азенозин екі фосфор және аденозин үш фосфор қышқылы, серотонин, кальций иондары; альфалықта – қан ұюына қатысатын, қабыну, иммунитет және бүлінген тіндердің қалпына келтіретін өсу факторы; лизосомалықта – гидролиздік ферменттер; пероксисомалықта –каталаза ферменттері) болады, сондай-ақ митохондрия табақшалардың жылжуын қамтамасыз ететін микротүтікшелер, гликоген түйіршіктері, кейде рибосома айқындалады. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі ірі клеткалар – мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары 8 – 11 тәулікке дейін тіршілік етеді.
Жүрек- қантамырлар жүйесі
Жүрек пен қан тамыр жүйесі құрамында жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Ағзадағы қан тамырлар жүйесі мен жүрек ондағы қоректік және биологиялық белсенді заттардың, метоболизм өнімдерінің мүшелерге таралуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты негізгі қызметтері:
— Тасымалдаушылық, ағзаны қан және лимфамен қамтамасыз етеді де, трофикалық тыныс алу және экскреторлы қызмет атқарады.
— Интегривті қызмет – мүшелермен жүйелерді бір – бірімен байланыстырып, ағзамен бір тұтастығын жүзеге асырады. Патологиялық үрдіс.
— Реттеушілік қыметі – мүшелермен тіндерге көптеген медиаторларды тасымалдап, олардың жалпы қызыметін реттейді.
— Жүрек пен қан тамыр жүйесі патологиялық үрдісте иммундық қызмет атқарады
Қан тамырлар – тасымалдау қызметін жүзеге асыратын мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар тіндер арасындағы зат алмасу процессін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.
Дамуы. Алғашқы Қан тамырлар эмбриогенездің 2 – 3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасындағы мезенхимадан пайда болады. Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан аралшықтары деген бөлігінде дамиды. Аралшықтарында орналасқан мезенхима жасушаларының біразынан алғашқы қан эндотелиі түзіледі. Ал аралшықтары орта бөлігінде жасушалар дөңгелек пішінге айналып, алғашқы қан жасушалары түзіледі. Құрсақта дамудың үшінші аптасында құрсақ тамырлары құрсақтан тыс тамырлармен байланысады. Қан тамырларының одан әрі дамуы күрделеніп, денедегі гемодинамикалық жағдайлар қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы тамырлар қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етеді.
Қан тамырларының жіктелуі .
Жалпы сипаттамасы.
Қан тамырлар жүйесіне: артериялар, артериолалар, гемокапиллярлар, венулалар, веналар мен артериола – венулярлы анастамоздар жатады. Артериялар мен веналар арасындағы анастамоздарды құратын микроциркуляторлы арналар болады. Бұл қан веналық қанды әкететін өкпелік артерияны есептемегенде оттегіге қанық. Вена арқылы қан жүрекке келеді. Гемокапилярлар артерияны көк тамырмен жалғастырады. Онымен қатар аттас екі артериялар арасында (мысалға бүйрек артериялары ) болатын ғажайып торлар деп аталатын бөліктер де бар. Қантамырлары қайсысы болмасын қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі ( tunica intima) ортаңғы (t.media ) сыртқы (t.adventita) Бұлардың қалындығы мен тіндік құрамы әр түрлі.
Артерия және олардың түрлері.
Артерия құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес үш топқа бөлінеді: эластинді, бұлшық етті және аралас (эластинді және бұлшық етті). Бұлардың ерекшелігі ортаңғы қабығында.
Эластин типті артериялар
Эластин типті артерияларға қан жоғары қысыммен (120-130 сынап бағ.) және үлкен жылдамдықпен жылжитын (0.5-1.3) ірі қолқа мен өкпе артериясы сияқы тамырлар жатады. Бұл тамырлар қанды тікелей жүректен, не соған жақын қолқа доғасынан келеді. Ірі калибрлі артериялардың алдымен транспортты қызмет атқарады. Қабырғасында эластинді элементердің көп болуы (талшықты мен мембраналар) бұл тамыларға жүректің сиастоласы кезінде созылуға, диастоласы кезінде бастапқы қалпына келуге жағдай жасайды. Эластинді тамырларға мысал ретінде аорта – қолқа құрылысы алынған. Қолқаның ішкі қабырғасында эндотелий, эндотели асты, эластин талшықтарының өрімі бар.Адам қолқасының эндотелиі базальды мембранада орын алған, пішіні мен мөлшері әр түрлі жасушалардан тұрады. Мұндай жасушалардың (эндотелиоциттердің) ұзындығы 500мкм, ені 150мкм болады. Эндотели асты қабатының қалыңдығы жалпы қабықтың 15 – 20% қалыңдығындай, жіңішке фибирилярлы жұлдыз тәрізді жасушалар мен миоциттерден тұрады. Эндотели астындағы ішкі қабықтың құрамында эластин талшықтарының өрімі бар. Қолқаның ішкі қабығының жасуша аралық аймақта гликоза амингликондар мен фофолипидтердің көп мөлшерде болатыны анықталды. Олардың трофикасында атқаратын рөлі зор. Бұлардың физика – химиялық жағдайы тамыр қабырғасының өткізгіштік дәрежесін анықтайды. Орта жастағы және қарт адамдардың жасуша аралық затында холестерин мен май қышқылдары болады. Қолқаның ішкі қабығы жүректің шыға берісінде үш қалта тәріздес қақпақша құрайды (жарты ай тәріздес клапан қақпақшасы болады). Қолқаның ортаңғы қабатының – құрамында көп мөлшердегі эластинді элеметтер бар, бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығы. Эластинді мембраналар арасында ет жасушалары мен аздаған фибробласт болады. Ортаңғы қабығындағы мұндай құрылымдар қолқаға созылғыштық қасиет береді. Электронды микроскоп арқылы зерттеулерде эластин мембраналардың үш түрі бар :гомогенді, талшықты және аралас түрі бар. Адамда осының екі түрі бар екені (гомогенді және аралас ) анықталған.
Ортаңғы қабықтағы миоцитердің секреторлық қызмет атқаратындығы да анықталғанды (гликозаамингликондар мен эластин коллагендер синтездейді).
Қолқаның сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен, сонымен қатар эластин және коллаген талшықтарынан тұрады. Қолқаның ортаңғы және сыртқы қабаттарында басқа ірі тамырлардағыдай қоректік жолдар мен нерв бағаналары өтеді. Сонымен қатар сыртқы қабаты созылып кетуден және жыртылудан сақтайды.
Ет типті артериялар
Ет типті артериялар негізінен диаметрі жағынан алғанда, орташа және ұсақ тамырларға жіктеледі. Ағзадағы артериялардың көпшілігі (дене, қол – аяқ және ішкі мүшелердегі) осы типке жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көптеген ет жасушалары орналасып, тамырға едәуір жиырылғыштық қасиет береді, ал бұл қанның мүшеге келуін реттеп отырады. Ішкі қабығында құрамында эндотелий асты және ішкі эластинді мембрана болады. Жүрек,б үйрек, аналық жыныс безінде, жатыр, өкпе артериялық ішкі қабығында миоциттер де баршылық. Ортаңғы қабығында өте көптеген ет жасушалары мен коллаген талшықтар бар. Коллаген талшықтары тамырдың каркасын түзеді. бұл тамырдың құрамында эластин талшықтары да кездеседі, бұлар тамыр қуысының жабыспауы үшін маңызды рөл атқарады. Ет жасушаларының қан қысымы бір қалыпты болуына, қан ағысын майда қан айналымдарға қалыпты өткізіп отырудағы маңызы өте зор. Ортаңғы қабық пен сыртқы қабық арасында эластинді мембрана орналасады.
Сыртқы қабығы – борпылдақ талшықты дәнекер тіні, құрамында vasa vasorum талшықтары болатындығымен ерекшеленеді.
Аралас типті артериялар
Артериялардың бұл түріне ұйқы және бұғана асты артериялары жатады. Қабырғасындағы ішкі қабығы базальды мембранаға бекінген: эндотелийден, эндотелий асты қабаттан және эластинді мембранадан түзілген. Соңғы мембрана ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында орналасқанды. Аралас типті артерияларының ортаңғы қабығы мөлшері жағынан тең дәрежедегі тегіс салалы ет жасушаларымен (миоциттер) cпиральды бағытталған эластинді талшықтарынан (1:1) және терезелі эластинді мембранадан тұрады. Бұлардың арасында аздаған фибробластар мен коллоген талшықтары да бар. Аралас артерияның сыртқы қабығы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты миоциттер жігінен, ал сыртқы ұзыннан және қиғаш орналасқан коллаген, эластин талшықтарының шоғыры болып табылады. Бұл қабықтың құрамында «Vasa vasorum» және нерв талшықтары да болады. Бұғана асты артериясының ерекшелігі белсенді түрде жиырылып қана қоймай, тіпті қанның қысымы артқанда анық білінетін жоғары эстетикалық қасиеттері де баршылық. Майда қантамырлар арнасына құрамында артериолалар, венулалар мен бірге артериола – венулярлық анастомоздары бар ұсақ тамырлар жүйесі жатады. Қан тамырлары лимфа капиллярларымен, дәнекер тінімен қоршала отырып, мүшелерге қан беруді (толтыруды) реттейді. Капиллярлар зат алмасумен қоса, дренижды – қан тасымалдау қызметін де атқарады. Арнаның құрамындағы капиллярға дейінгі, капиллярлық, капиллярдан кейінгі жүйесі немесе бөліктері болады.
Ағзадағы әрбір мүшелердің, кызметіне сәйкес микроциркуляторлық арна тамырларының (майда кан тамырлардың) өзіне тән ерекшеліктері болады.
Артериолалар
Артериолалар тым ұсақ, көбінесе ет типті, диаметрі 50-100 мкм-ден аспайтын, бір ұшы артериялармен байланысқан, ал екінші ұшы біртіндеп капиллярларға ауысып отыратын тамырлар жүйесі. Артериоларда жалпы артерияға тән үш қабық сақталады, ішкі кабығы базальді мембранаға бекінген эндотелийден, жұқа эндотелий асты қабаттан, ішкі эластинді мембранадан тұрады. Капилярларға дейінгі артериолада ет жасушалары жеке-жеке орналасады. Ет жасушаларының көп болуы жиырылғыштығын үдетеді. Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Функциональдық жағынан алғанда И.М. Сеченовтың айтуынша, артериолалар эфферентті нерв талшыктарымен нервтелетін, спиральді бағытталған ет жасушаларының жиырылу арқасында, ағзада қан ағысын реттеп отыратын «қан тамырлар жүйесінің крандары» болып табылады.
Капиллярлар
Капиллярлар диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі. Капиллярлардың мүшедегі ерекшеліктері, олардың функциональдық жағдайларымен анықталады. Ең жіңішке диаметрі 4,5-ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде, өкпеде, ал одан кеңірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады. Қан жасайтын мүшелерде, ішкі секреция бездерінде, бауырда диаметрі 20 – 30 мкм болатын капиллярлар кездеседі. Мүндай капиллярлар синусоидты деп аталады. Көптеген жағдайларда капиллярлар жүйесі, тұзақ (терінің емізікті қабатында, ішекте т.б) және шумақтар да түзеді (бүйректе). Түрлі мүшелердегі капиллярлардың саны әр түрлі. Жалпы капиллярлардың қабырғасында oтe жұка үш қабаты бар. Ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелий, ортаңғы қабаты перициттер (бұл да базальді мембранаға енгізілген), ал сыртқы қабаты аморфты затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады. Капиллярлар мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты, бірнеше топқа бөлінеді; 1. фенестрлі түрі — (бүйректегі капиллярларыдың шумақтары, эндокринді бездерде) эндотелийдің цитоплазмасында жұқарған жерлері болса, 2. синусоидты капиллярлар немесе саңылаулы капиллярлар, бұлардың қабырғасында тесік, саңылаулары болады (бауырда, көкбауырда). Үшінші түрі. Ең көп кездесетін соматикалық капиллярлар. бұлардың қабырғасы тұтас эндателийден базальді мембранадан, перициттерден, адвентициальды жасушалардан тұрады. (48-сурет).
Каплиярлардың эндотелиі, базальді мембранасы күрделі қызмет атқарады, олардың қалыңдығы 30 – 35 нм. Капилярлардың қуысы әр түрлі физиологиялық және потологиялық жағдайларда өзгеруі – капиллярлардағы қанның қысымына, артериолалар мен ұсақ веналардың, капиллярға дейінгі сфинктердің ет жасушаларының тонусына, артеиоловентрикулярлық анастомоздар мен принциптердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Венулалар үш топқа – посткапллярлық, жинақтаушы, етті болып бөлінеді.
Посткапллярлық венула d=8 – 30 мкм, өзінің құрылысы бойынша капиллярлардың веналық бөлігін еске түсіреді, бірақ құрамында перициттері көбірек. Жинақтаушы венула, d=8 – 30 мкм, құрамында ет жасушалары бар, сыртқы қабығы ерекше көрінеді.
Етті венула, d=8 – 30 мкм, құрамында ет жасушалары көп, сыртқы қабығы салыстырмалы түрде жақсы дамыған.
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу — жасушада органикалық заттардың тотығып, тіршілікке қажетті энергияның бөлінуі. Дененің беткі бөлігі жабыны немесе тыныс алу мүшелері арқылы организмнің оттекті сіңіруі мен көмірқышқыл газын бөліп шығаруы газ алмасу деп аталады. Тыныс алуға қажетті оттек өсімдікке лептесік, жасымықшалар, ағаш қабығындағы жарықтар арқылы енсе, жануарларда терісі арқылы (мысалы, шұбалшаңдар), тыныс алу мүшелері арқылы (жәндіктерде демтүтік, балықтарда желбезек, құрлық жануарлары мен адамда өкпе арқылы) жүзеге асады. Тыныс алу мүшелерінің бейімделуі, мысалы, сүтқоректі жануарлар мен адамда оттекті сіңіру мен көмірқышқыл газының шығарылуы өкпенің ұлғаюы есебінен жүзеге асады. Өкпеде көпіршіктер көп, олар қантамырлармен шырмалған, осы арқылы қан мен ауаның жанасу беті артады, оның есебінен газ алмасу қарқынды жүреді. Көптеген жануарларда, адамда оттектің тасымалдануы, оның түрлі мүшелер мен ұлпалар жасушасына таралуы қан арқылы жүзеге асады. Тыныс алудың екі түрін ажыратады: сыртқы (өкпелік) тыныс алу кезінде газ алмасу атмосфералық ауа мен қан арасында жүреді, ал ішкі (ұлпалық) тыныс алу қан мен ұлпа арасындағы оттектің сіңірілуі мен көмірқышқыл газының шығарылуы арқылы жүзеге асады.Қарапайымдар мен ішекқуыстыларда тыныс алу суда еріген оттекті бүкіл денесімен сіңіру арқылы жүзеге асады. Өсімдіктер де атмосфералық оттекпен тыныс алады, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Құрлық өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының астыңғы жағында, ал суда өсетін өсімдіктерде үстіңгі жағында орналасады. Тропиктік және жапырақтары тік орналасқан өсімдіктерде лептесік жапырақтың үстіңгі және астыңғы қабығында орналасады. Сырты қабықпен немесе тозбен қапталған ағаштарға, бұталарға ауа саңылаулар — жасымықша тесіктері арқылы енеді. Қайыңдарда жасымықшалар ірі және жіңішке күңгірт көлденең жолақтар түрінде жақсы көрінеді. Белсенді өсу кезінде өсімдіктердің жас ұлпалары мен мүшелері салыстырмалы түрде қарқынды тыныс алады. Өсімдіктердегі тыныс алудың қарқындылығы жасуша құрамындағы суға тәуелді болады. Тыныс алу — кез келген организмнің маңызды қызметінің бірі. Адам ұзақ уақыт бойы тамақсыз, сусыз, жарықсыз өмір сүре алғанмен, оттексіз үш минут та өмір сүре алмайды.
Өсімдіктердің тыныс алуы
Өсімдіктің тыныс алу процесі жануарлардың тыныс алу процесіне сәйкес және жануарлардағыдай жүреді: күндіз және түнде. Өсімдік тыныс алғанда атмосфералық оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады, ал көмірқышқыл газын фотосинтез процесінде пайдаланады. Тыныс алуда босап шыққан энергия организмнің әртүрлі қажеттіліктеріне жұмсалады. Тыныс алу тоқтаса, өсімдіктің тіршілігі де тоқтайды.Өсімдіктердің тыныс алуы жылықанды жануарларға қарағанда сонша қарқынды емес, бірақ оны суыққанды жануарлардың тыныс алуымен салыстыруға болады. Жасыл жапырақтың тыныс алу энергиясын анықтау (және жалпы хлорофилді мүшелерде) жарықта, әсіресе өте жарықта белгілі қиындықтар туғызады. Тыныс алу энергиясы өсу құбылысымен тығыз байланысты. Өсімдік неғұрлым тез өссе, соғұрлым көп оттекті сіңіріп және көмірқышқыл газын бөледі. Өсімдіктердің жарықта да, қараңғыда да тыныс алатынын білеміз. Дегенмен жарық өсімдіктердің тыныс алуына әсер етеді. Жарық өсімдік температурасын жоғарылатады да, өсімдіктің тыныс алу қарқындылығы күшейе түседі. Жарықсүйгіш өсімдіктерде көлеңкесүйгіш өсімдіктерге қарағанда тыныс алу қарқынды жүреді. Тұқымнан өнген балғын өсімдіктерде тыныс алу белсенді түрде жүреді және сонымен қатар біршама органикалық заттар жұмсалады. Тұқым өну кезінде тыныс алу қарқынды жүреді. Сенімді болу үшін бақылау жүргізуге болады. Екі банкаға бұршақтың тұқымын салып, оның біреуінде тұқымды сулаймыз, ал екіншісінде құрғақ қалдырамыз. Екі банканы қақпақпен жабамыз. Тұқымды сулаған банкада тұқымның өне бастағанын байқаған кезде кезекпен жанған шырпыны енгіміз. Сендер бір банкада шырпының сөнгенін, екіншісінде жанған күйінде қалғанын көресіңдер. Өнген тұқым тыныштық күйіндегіге қарағанда қарқынды тыныс алады. Қараңғыда ұзақ немесе аз уақыт өнгенде барлық органикалық заттың жартысынан көбі бұзылады. Мұндай бұзылу мен жану балғын өсімдікке қажет энергияны босатып шығарады.Ішкі жағдай тек тыныс алу қарқындылығына ғана әсер етіп қоймай, көмірқышқыл газы мен судың қатынасын өзгертіп, сапасына да әсерін тигізеді. Кейбір жағдайда тыныс алу кезінде босап шыққан энергия сәуле (флуоресценция) түрінде байқалады. Мұндай сәулелену кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырағында және төменгі сатыдағы өсімдіктерде (саңырауқүлақ, бактерияларда) байқалған.
Ас қорыту жүйесі
Адам өз
тіршілігіне қажетті
қоректік заттарды
тамақтану арқылы
алады.
Желінген тамақ сол
күйінде бойға
сіңбейді.
Сондықтан ол
ас
қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап,
соның нәтижесінде гіайда болған
заттардан организм
өзіне тән
бейімделген заттарды
құрады.Астың
құрамындағы заттар
бірнеше сағаттың
ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы
тиіс.
Тамақтың құрамы (нан,
ет,
ірімшік, кәртөп, сүт,
қияр,
қызамық, жұмыртқа, алма,
өрік т. б.)
адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде
ұқсамайтындықтан, олар
қорытылып, дененің
ұлпаларын жасауға
қажетті қарапайым
заттарға бөлінеді.
Мұндай бөліну
адам денесінде
ерекше жүйе
құратын — ас
қорыту мүшелерінде болады.Сол
сияқты жеген
тамақта ауыз
қуысынан тік
ішекке дейін
апарылады. Ас
ауыз қуысында,
одан соң
асқазанда, содан
кейін он
екі елі
ішекте, ащы
ішекте
біртіндеп қорытыла
және сіңіп,
ақырында қажетсіз
қалдық заттары
гік ішек
арқылы сыртқа
айдалады. Жеген
тамақ белгілі
бір жылдамдықпен ас
қорыту
мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір
бағытта жылжиды.
Егер ас
қорыту жолының
қозғалысы жылдам
болса, онда
жеген ас
толық қорытылып
үлгермейді. Ал,
керісінше, баяу
қозғалатын болса,
ас
қоймалжыңы бір жерде
тұрып қалып,
ас
қорыту
бұзылады. Ас
қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке
жүйесі реттейді.Бұл химиялық
«конвейерде» асты
қорыту
ерекше заттар –
ферменттер
арқылы
іске асады.
Ас
қорыту
мүшелерінің бәрі
дұрыс болғанымен, ферментсіз ас
қорыту жүйесінде
тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас
қоймалжыңы
бірнеше сағат бір
орында жатып
қалады да
шіріп, улы
заттарды, газды
боледі. Адамның
іші «кеуіп»
мазасы кетеді.Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар
мен көмірсу —
өте
күрделі
заттар. Олар
ас
қорыту
жүйесінің мүшелерінде қорытылып,
организмнің өсуіне,
жұмыс істеуіне қажетті
материал ретінде
пайдаланылады.
Тамақтың құрамындағы —
қоректік заттар —
организмге аса қажетті
қуаттың (энергияның) көзі.
Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне,
денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.Су,
минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей,
сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп,
қанмен күллі клеткаларға тасылады.
Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына,
ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар)
ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер —
адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар.
Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға,
заттар тобына,
молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді.
Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ,
өңеш, ас қазаны (қарын),
ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты)
бездері жатады.
Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері
Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату — ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.
Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа шығатын сілекейдің құрамында су көп болады. Құрғақ және қою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің және үрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. (Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі реакция болғаңдықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы м у ц и н н і ң маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.
Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы лизоцим ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды..
Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ олардың өндіретін сілекейінің мөлшері алғашқы айларда өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері көбейеді, бірақ Бұл кезде баланың сілекейді жүту қабілеті нашар болғандықтан сілекейі шұбырып, өте көп өндірілетін сияқты сезім тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай көбейетін мезгілі 9 бен 12 айда жоне 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.
Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада шамамен 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы балалардың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады. Жаңа туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің құрамында Бұл ферменттер бар. Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар ауыз қуысының, тілдің құрғап қалмауын қамтамасыз етеді.
Жаңа туған сәбидің сілекейінің реакциясы айтарлықтай тұрақты : әлсіз-сілтілі реакциядан сәл ғана қышқыл реакцияға дейін өзгереді, ал ересектерде күні бойы рН 5,6-дан рН 8,3-ке дейін, яғни қышқылды реакциядан сілтілі реакцияға дейін өзгеріп тұрады.
4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар үлкен өзгеріске үшырайды.
Соңғы кезде сілекейдің құрамында қанды үйытатын және қанның үюына кедергі жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті жиі болып тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның ағуын тоқтату, жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды. Ауыз қуысының жарасы терідегі жарадан анагүрлым тез жазылатыны мәлім.
Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздары ның тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. Сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздар дың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.
Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нәрестенің сүт тістері пайда болған мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады. Алғашқы екі жылда сүт тістері қарқынды қалыптасады да, 2-2,5 жаста барлық 20 сүт тістері болатыны айтылды. Осы кезден бастап бала ұзақ шайнауды қажет ететін қатты тамақты көп мөлшерде қабылдауына болады.
Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді.
Ауыз қуысында шайналып жұмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жұмсақ таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріліп, оның қуысының мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын қуысына кетпей, өңешке бағытталады. Бұған көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы өңешке қарай қозғалады. Жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, өңеш жолы ашылады да, жұтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға еттері жиырылып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.
Өңеш. Ауыз қуысында ұсақ талып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзын дығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мұнда ас қорытыл майды.
Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туган сәбидің өңешінің ұзын дыгы 10 см, 5 жаста — 16 см, 15 жаста — 19 см.
Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері
Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөл і н і ң құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы — қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.+
Әдебиеттер тізімі
-
«Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналы, 2016-2018ж
-
«Биология және салауаттылық негізі» 2009-2012ж
-
Bazarov Y, The dictionary of terminology: Biology, Almaty, 2017
-
А.Б.Мырзабаев «Биологияны оқыту әдістемесі», 2006ж
-
Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж.Қожантаева
Биология, Атамұра, 2006ж
-
А.Оспанова, Т.Ахметжанова, Қ.Кульбаева /Биология Шың кітап/
Алматы, 2009ж
-
«Денсаулық» журналы 2013-2016ж
-
Т.В.Иванова Тесты Биология 6-11 кл., «Олимп» 1999г
-
«Биология, география, экология» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, 2014ж, №1-6
-
М.Қ.Гильманов /Биология 2005ж
-
Қ.Мұхамбетжанов, Т.Қасымбаева Жалпы биология /хрестоматия/ 2006ж
-
«Биология» электронды кестелер мен сызбалар, 6-11 сыныптар,
-
Т.Қасымбаева, Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы
Тіршіліктану, Алматы «Мектеп» 2002ж
-
Ғаламтор материалдары+
Мазмұны
-
Түсінік хат........................................................................................................3
-
Оқу-тақырыптық жоспар................................................................................5
-
Авторлық бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету................................7
-
Тақырып бойынша жоспарланған сабақтар топтамасы .............................8
-
Әдебиеттер тізімі............................................................................................39
34
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Авторлық бағдарлама "Биология және денсаулық"

шағым қалдыра аласыз