жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама «Мағжантану» Қазақ әдебиеті пәні бойынша арнайы курс
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі
Тоқсан би орта мектебі
«Мағжантану»
Қазақ әдебиеті пәні бойынша арнайы курс
Авторы: Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
2017 жыл
Тоқсан би орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бейсенова Қарлығаш Тенесқызының
«Мағжантану» авторлық
бағдарламасы
Жалпы орта білім беретін мектептің 5-11-сыныптарына
арналған
( оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін)
Авторлық
бағдарламаның презентациясы:
Бейсенова Қарлығаш «Мағжантану» арнайы курсы ұлы ақынның
әдеби мұрасын түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын терең
оқытуға арналған.
Түсініктеме
Бұл арнайы курс бағдарламасы қазақ әдебиетін оқытуға арналған, орта буын және жоғары сыныптардың оқушыларының білімдерін жетілдіруге бағытталады. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дəрежесінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің əрбір оқушысы қазақ халқының тілі, əдебиеті,мəдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану жəне құрметтеу деңгейіне жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидалар бағдарламаның негіздерін құрайды. Курсты оқыту мақсаты-тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде халықтың мәдениеті мен әдебиетін,өнерін танып білуге,сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін тұлға қалыптастыру.
Мағжан Жұмабаевтың өмірін және туындыларын талдау оқушыларды өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге төселдіреді. Олардың рухани-адамгершілік тәрбиелілігін дамытып, әдебиеттік-эстетикалық көзқарастарын кеңейтуге ықпал жасайды.
Бұл бағдарлама аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Бағдарлама сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, саяхат сабақ, жоба қорғау т.б. Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады
Оқушылардың жетістіктері «Өзіңді бағала»әдісімен екі рет бағаланады . Балалар білімдерін көрсету түрін өздері таңдайды: жоба қорғау, өлеңдерін талдау, шығармашылық жұмыс жазу(өлең, аударма, ән, эссе).
Арнайы курсының мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары:
- ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру, Мағжан туралы зерттеу жұмыстармен оқушыларды таныстыру; ақынға арналған сәулетті өнер туындыларымен таныстыру;
- Мағжанға арналған әдеби еңбектермен оқушыларды таныстыру;
- Мағжан ақынның мұражайына сырттай саяхат жасау, мүмкін болса мұражайға апару
Міндеттері:
- оқушылардың қазақ халқының мақтынышына айналған ақын Мағжан Жұмабаев туралы , білімдерін кеңейту;
- ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге, мәліметтерді өз бетімен іздеп, талдауға оқушыларды қатыстыру;
- Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы арқылы, оның өмірлік ерлігін жастарға өнеге етумен оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін арттыру
Күтілетін нәтиже:
«Мағжантану» арнайы курсы бойынша жеке тұлға төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: ақынның өмірбаяны, өмір сүрген ортасы, тағдыры, әдеби мұрасының рухани көздері,шығармаларына талдау жасай білу.
Бағдарламаны оқытудағы қойылған мақсатқа жету әдістері:
1.Тақырып бойынша талдау жасау,бағдарламаның мақсаты мен міндеті,аталу себебіне талдау жасау.
2.Мектеп,ауыл,аудан кітапханаларындағы ғылыми және көркем әдебиеттерді,ғаламторды басшылыққа алу.
3.Ұлы ақынның шығармаларымен таныстыра отырып,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, пәнаралық байланыс жасауға ,тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге үйрету.
4.Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы игерілген білімнен тәлім-тәрбие алу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар:
1.Тақырыптың мақсаты мен міндетін толық ұғыну.
2.Кітапханалармен, мұражайлармен байланыс жасап, ғылыми еңбектермен танысу.
3.Өлеңдерін стильдік,тақырыптық тұрғыда және өлең құрлысына талдау жасай білу.
4.Ақынның шығармаларын тілдік тұрғыда және бейнелі ерекшеліктеріне талдай білу.
5.Кейіпкер мен автордың өзінді ұқсастықтарын ұғына білу.
6.Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын жатқа айта білу және шығармаларынан тәлім-тәрбие алу.
Алғы сөз
Мағжан Жұмабаев XX ғасырдың кеменгерлерінің қатарынан орын алады. Оның азаматтық , ақындық жолы бөлек те , ұстаздық жолы бір басқа. Ол қысқа ғұмырын қазақ халқының бақыты мен болашағына арнады. Ұлтты бақытқа жеткізудің жалғыз жолы – оқу, ағарту ісі екенін Мағжан ерте ұқты.
Ақын көзі жұмылғанша теңдікті, бостандықты аңсаумен өтті. Ол халық , ел тағдыры мен болашағы жастардың қолында деп сенді. Жас кезінен-ақ оқу-білімсіз халықтың ертеңі – бұлдыр, көкжиегі – тұман деп білген Мағжан қысқа ғұмырында өзі де оқып, елін де оқуға шақыру жолында болады.
“Мағжанның керемет лирикасы,”- көрнекті ақынның туындыларын Н.Назарбаев осылай бағалаған. Туған жерін,туған халқын жанындай сүйген ақын бар шығармашылығын соларға арнайды.
Қазақстан демократиясы дамыған, өркениетті елдер қатарына қосылуға бағыт ұстап отыр. Еліміздің Президенті ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары екені айтылады. Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару қоғамның басты парызы екені ескертіледі. Мағжан Жұмабаевтың саяси – қоғамдық және педагогикалық көзқарастарының қазіргі тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы орны маңызды, сондықтан ақынның шығармашылығын оқушыларға насихаттау керек.
Мағжан ақындығының көркем кеңістігі
Оның ақындығының көркем кеңістігі алуан түрлі: дала, орман, ауыл көрінісі, жол, көл, таулар. Кеңістік бейнесі А.С.Пушкиннен алынғандай. Оны “Қазақ Пушкині” деп жай атамаған.
Қазақ әдебиет пәні бойынша арнайы курстың жоспары
1 Мағжан - жаны нәзік, сыршыл ақын.Мағжан бейнесі. 2 сабақ қыркүйек
2 “Өмір- дала, ақын- бала қанғырған.”Мағжанның ақындығы туралы пікірлесу. 2 сабақ
3 “Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?” Өлеңді талдау 1 сабақ
4 Мағжан Жұмабаев – ұстаз- әдіскер.Бейнефильм арқылы сабақ жүргізу 1 сабақ
5 Бала бейнесі.Мағжан ақынның балаларға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу 2 сабақ
6 Табиғат көріністері. Туған жеріне арнаулар 2 сабақ
7 «Жанды билеп кететін ән, күй, сұлу картиналар» Менің көзқарасым, сұхбаттасу 1 сабақ
8 Туған жердің көріністері.Мағжанның туған өлкесі 2 сабақ
9 “Бұл жалған ойын емес, бейнет жері.” Өмір шындығы 1 сабақ
10 “Ер жігіт өнер табар ерте қуса.” «Қарағым» өлеңі 1 сабақ
11 Жаңа адам – Мағжан жобасында қала , даланы гүл қылатын адам. Дебат түрінде сабақ 1 сабақ
12 Мағжан Жұмабаев. «Жер жүзіндегі адамды адам сүймек» 1 сабақ
13 «Адам басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті.» 1 сабақ
14 «Батыр Баян» дастаны 2 сабақ
15 “ Мен жастарға сенемін” өлеңі. Ақынның өсиеті 2 сабақ
16 “Бесік жыры” өлеңі. Пікір алысу 1 сабақ
17 Мағжан өлеңдерінің тіл ерекшеліктері 2 сабақ
18 “Болашақ азаматтың бейнесі” Семинар. 1 сабақ
«Мағжантану»курсының мазмұны
|
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Өткізу түрі |
Мерзімі |
|
1 2 |
Мағжан - жаны нәзік, сыршыл ақын.Мағжан бейнесі. |
Презентация Фильм |
|
|
3 4 |
“Өмір- дала, ақын- бала қанғырған.”Мағжанның ақындығы туралы пікірлесу. |
Талдау Пікірлесу |
|
|
5 |
“Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?” Өлеңді талдау |
Талдау |
|
|
6 |
Мағжан Жұмабаев – ұстаз- әдіскер.Бейнефильм арқылы сабақ жүргізу |
Фильм |
|
|
7 8 |
Бала бейнесі.Мағжан ақынның балаларға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу |
Талдау Мәнерлеп оқу |
|
|
9 10 |
Табиғат көріністері. Туған жеріне арнаулар |
Дәріс Баяндамалар |
|
|
11 |
«Жанды билеп кететін ән, күй, сұлу картиналар» Менің көзқарасым, сұхбаттасу |
Пікірлесу |
|
|
12 13 |
Туған жердің көріністері. Мағжанның туған өлкесі |
Дәріс Саяхат |
|
|
14 |
“Бұл жалған ойын емес, бейнет жері.” Өмір шындығы |
Пікірлесу |
|
|
15 |
“Ер жігіт өнер табар ерте қуса.” «Қарағым» өлеңі |
Талдау |
|
|
16 |
Мағжан Жұмабаев. «Жер жүзіндегі адамды адам сүймек» |
Талдау |
|
|
17 |
«Адам басқа халықтардың адамдарын да сүюге міндетті.» |
Пікірлесу |
|
|
18 |
«Батыр Баян» дастаны |
Дәріс |
|
|
19 |
“ Мен жастарға сенемін” өлеңі |
Талдау |
|
|
20 |
Ақынның өсиеті |
Пікірлесу |
|
|
21 |
“Бесік жыры” өлеңі. Пікір алысу |
Талдау |
|
|
22 23 |
Ана тақырыбы Өлеңдерін талдау |
Жоба жұмысы |
|
|
24 25 |
Махаббат жырлары Шығармашылық жұмыс |
Дәріс Эссе |
|
|
26 27 |
Мағжан өлеңдерінің тіл ерекшеліктері |
Талдау |
|
|
28 |
«Сағындым» өлеңі |
Талдау |
|
|
29 |
«Жан сөзі» өлеңі |
Талдау |
|
|
30 |
«Толқын» өлеңі |
Жоба жұмысы |
|
|
31 |
«Қазақ тілі» өлеңі |
Талдау |
|
|
32 |
Прозалық шығармалары |
Оқу, талдау |
|
|
33 |
«Жырымен жұртын оятқан» |
Сын мақалаларды талдау |
|
|
34 |
“Болашақ азаматтың бейнесі” |
Семинар |
|
Әдебиеттер тізімі
1.
«Аңыз адам» № 1 саны 2012ж
2. Егемен Қазақстан №43 2014ж
3. Мағжан Жұмабаев «Сүй жан сәулем» Атамұра
4. Жұмабаев М. Адассам елім
деп адастым. Өлеңдер. Я солнцем огненным рожден. Стихи / Мағжан
Жұмабаев. – Алматы: RS, 2011. – 146 б. – каз., рус. – (Бірінші
республикалық Мағжан өнер фестиваліне
орай).
5.Жұмабаев М. Батыр Баян. – Петропавл: «Полиграфия» АҚ, 2008. – 36 б.
6.Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.
7.Жумабаев М. Исповедь / Пер. с каз. А.Кодара. - Петропавловск, 2011. - 376 с.
8.Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. – 2012, 2014.
9. Магжан Жумабаев. «Пророк» (Стихи и поэмы в пер. на рус. Сост. Б. Канапьянов). Алматы: «Жибек Жолы», 2002. -400 с.
10. Президент және Халық №50 2013ж.
11. Мағжан Жұмабайұлының, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298;
12. Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995
Сабақтарға арналған мәліметтер
-
Өмірбаяны
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым- қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.
Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.
Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Мағжан Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылыМ.Горький мен Е.Пешкованың арала-суымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
2. Мағжан поэзиясы
Жұмабайұлы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Жұмабайұлы – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
3. Мағжан поэмалары
Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалықтереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).
Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
4. Мағжан публицистикасы
Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блокөлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Жұмабайұлы“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
5. Қайтыс болғаннан кейін
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Жұмабайұлы есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Жұмабайұлы шығармалары басылмай қала берді.
1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен Жұмабайұлы толығымен, біржола ақталды. Жұмабайұлы есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Жұмабайұлы шығармаларымен жете таныса алмай келді.
Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы Жұмабайұлымен қызметтес, таныс болған адамдар Жұмабайұлын ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын. Бірақ Жұмабайұлының шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады.
6.Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы
Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.
7. Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi
Мағжан Жұмабайұлы және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.[3]
Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһарманов көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.
8. Киношежіре
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
-
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
-
2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
9. Ақын туралы мәліметтер
Мағжанды жазып жазықты болып едiк...
Мағжанға тағзым. Жас Алаш №67 (15629) 23 тамыз, сейсенбі 2011
Мағжанға тағзым. Жас Алаш №65 (15627) 16 тамыз, сейсенбі 2011
Мағжанның ақындығы туралы. Жүсiпбек Аймауытұлы. “Жас Алаш”, журналы, 1923 жыл. (Соңы)
Мағжанның ақындығы туралы. Жүсiпбек Аймауытұлы (Басы)
Мағжанның суреті туралы. Ербақыт Амантайұлы
Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың ескерткiшi
Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаевқа арналған порталы
10. Дереккөздер
-
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
-
Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Аймауытов Ж., Мағжанның ақындығы туралы. “Лениншіл жас” журналы, ғ5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әдебиет және сын мәселелері, Қ.-О., 1929; Мұқанов С., XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім, Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабайұлының, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298; Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.
-
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.ISBN 5-7667-2616-3
Қосымша презентациялар мен бейнематериалдар
тізімі
-
Мағжан Жұмабаев
-
Мағжан
-
Жырымен жұртын оятқан
-
«Түркістан» өлеңі
-
«Мен жастарға сенемін»
-
«Сен сұлу»
-
«Бәрінен де сен сұлу»
-
Мағжанның анасы
-
«Пайғамбар»
-
«Мағжан мен Есенин»
-
«Толқын»
-
«М.Жұмабаев және М.Лермонтов»
-
«Туған жерді Мағжандай жырла»
-
«Ұлтжанды ұстаз»
-
Бейнефильм «Мағжан»
-
«Екі ақын, екі тағдыр»
-
«Махаббат жырлары»
-
«Сұлулық»
13
28
Оқушылардың жоба жұмыстары
-
«Түркістан» өлеңі
-
«Мен жастарға сенемін»
-
Мағжанның анасы
-
«Пайғамбар»
-
«Мағжан мен Есенин»
-
«Мағжан мен Есенин»
-
«Туған жерді Мағжандай жырла»
Мұғалімнің шығармашылығы
-
«Ұлтжанды ұстаз» баяндама
-
«М.Жұмабаев және М.Лермонтов»
-
Бейнефильм «Мағжан»
-
«Екі ақын, екі тағдыр»
-
«Екі ақын, екі тағдыр»
-
«Екі ақын, екі тағдыр»
-
Ақынға арнау өлеңдерім
-
Аудармалар
-
Мақалалар
-
Буклеттер
Ақыным, сен өлмейсің бұл жалғанда,
Ақыным, сен өлмейсің , біз тұрғанда.
Көркейіп туған жерің құлпырғанда,
Туған елің бостандығын құрғанда!
Ақынды өлді деуге болама екен,
Артында оны сүйген елі бар да,
Артында өзі сенген жастар өскен,
Артында өлмейтұғын сөз қалғанда.
Туған жерді Мағжандай мен жырлайын
Мағжан ақын жырлап еді өз жерін,
Сол өлеңін оқып едім кезінде.
Жастық шақтың білемін мен қадірін,
Туып- өскем мен қазақтың жерінде.
Мен жазамын саған арнап, туған жер!
Жүрегімнің бір сезімін ашамын.
Көктем келіп, жерім менің көгерер,
Әсем кезде жеріммен мақтанамын.
Аспаннан тек қара бұлттар төнсе,
Даламды ақ жаңбыры суарар.
Көктемде жаңа күнді кім көрсе, Көңілденіп шексіз өзі қуанар!
Туған жерім менің қандай тамаша!
Сүйемін қазақ жерін , туған елді!
Көктемде далам осы жаңаша
Жайнайды да , ашады көңілімді!
Әдістеме жасау байқауына қатысуға тапсырыс
Тегім Бейсенова Атым Қарлағаш Әкемнің аты Тенесқызы
Мекеме атауы, лауазымы Тоқсан би орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі
Мекен – жайы (толық) СҚО. Ғабит Мүсірепов ауданы, Тоқсан би ауылы
Автордың телефоны (үйінің, қызметінің)29-3-50 29-3-17
Электронды адресі sapadschool@mail.ru
Курстың тақырыбы: «Мағжан өмірі мен шығармашылығы»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген