жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Авторлық бағдарлама «Ой ұшқырлығы» (Қолданбалы курстың берері мол...)
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
Авторлық бағдарлама
«Ой ұшқырлығы»
(Қолданбалы курстың берері мол...)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Г.Н.Нугманова
2018-2019 оқу жылы
Түсінік хат
Бір-екі жылдан бері орта мектепті
бітірушілерге бітіру емтихандарының түрі де,мазмұны да өзгертіліп
беріліп отырылғаны баршаға аян.Мектеп бітіруші түлек қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінен өзінің ой жүйесін,тыңғылықты білімін,он бір жыл
бойына алған терең түсінігін дәлелдейтін емтихан түрі-эссе жазу
түрінде беріліп отыр.Ал,эссені-ой ұшқырлығы десек те
қателеспейміз.Эссенің жазылуы мен оған қойылатын талаптарды
меңгерту,мазмұны құрылымына сай келетін,жақсы бағаланатын эссені
жазу үшін оқушыға тыңғылықты дайындық қажет.Сондай мақсатта биылғы
оқу жылында 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сынып
оқушыларына қолданбалы курс ретінде берілген сағатымды «Ой
ұшқырлығы» деген атаумен алып,мемлекеттік емтиханға дайындауға
бағыттап жоспарлап,аптаның әр дүйсенбісінде бір сағат арнап
жүргізіп отырмын. Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік өнер.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері
бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша
таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Шешендік сөз
парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Айтылған
ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару - шешендіктің басты
қасиеті.Шешендік өнерді «сөз маржаны» десе де болады немесе өз ойын
жеткізуде ой ұшқырлығын таныта білу шешен сөйлеудің бір бағыты десе
де артық болмас. Сондықтан оқушыларды шешендік өнерге,ойын әдемі
жаза білуге баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса
құрметпен бағалағандықтан, 11- сынып оқушыларын ата-баба ізімен
шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына
дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама 11-сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай
алынған.
11- сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей
отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің
арқасында шебер сөйлеуге,сөзін әдеби түрде жазып жеткізе алуға
жаттығады. Эссенің жалпы жазылу құрылымымен таныстыру мақсатында
бағдарлама түзілді. Бұл бағдарлама болашақта мектеп бітірушінің
емтиханға терең дайындықпен келуіне арналған жұмыс жоспарын
қамтиды. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем,
ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.Сонымен қатар,қазақ
әдебиеті пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмекші құрал боп
табыларына сенім мол.
Бағдарлама құрылымы 4 бөлімнен тұрады.
-
Түсінік хат
-
Мазмұндық бөлім
-
Нормативті бөлім
-
Ақпараттық – әдістемелік бөлім
Түсінік хатта:
* Курстың мақсаты мен міндеттерін;
*Берілген бағдарлама өзектілігінің (оның маңыздылығы және қажеттілігі) негіздемесін
*Оқу әдістерінің жалпы сипаттамасын
*Курс мазмұнының бағдарлы пән мазмұнына сәйкестілігін қамтиды.
Мазмұндық бөлімде : курстың құрлымы мен мазмұны сипаталады.
Онда:
-тараулар мен тақырыптар ерекшеленеді және олрдың көлемі анықталады.
* оқушы меңгеруі тиіс білім мазмұнына сипаттама беріледі.
* тиянақты меңгеруді талап ететін мәселелер ерешеленіп көрсетіледі
* курстың негізгі міндеті және қосымша мазмұны нақты көрсетіледі
* іс-әрекет түрлері мен тәсілдері , оқушылардың өзіндік және шығармашылық жұмыстарының деңгейі міндетті түрде сипаталады. (мұнда оқушылар орындауға қажетті барлық практикалық жұмыстар, серуен, жобалар, мини зерттеулер және т.б)
Нормативті бөлімде :
* жекелеген тақырыптарды меңгеруге бөлінетін уақыт (күнтізбелік жоспарлау)
* оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (білім,білік, дағдылар)
* білім ,білік дағдыларды қандай іс-әрекет түрлерімен беруге болатыны
* оқушылар қандай салаларды игеруі тиіс екені сипаталуы тиіс.
Ақпараттық әдістемелік бөлімде:
-
Оқушылардың білімін бағалау түрі көрсетіледі.
Курс бағдарламасында бағалаудың оқушыларға түсінікті нақты критерийлері көрсетілуі қажет. Мұндай критерийлер мұғалім мен оқушының оқыту кезіндегі өз ара қарым – қатынасын анықтайды. Соған сәйкес оларға төмендегідей талаптар қойылады.
* бағалау құралдары мен әдістеріне сипттама берілуі (әсіресе шығармашылық сипаттағы тапсырмалар үшін) ;
* оқушылардың білімін бағалауға олардың тұлғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін бақылау құралдарының әр түрлі болуы;
* бақылау құралдарының курстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;
*бағдарламаның міндетті мазмұны элементерінің дәл бағалануы;
* тек қорытынды бақылауды қарастырып қоймай оқытудың аралық нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік беруі тиіс.
Сонымен қатар бұл бөлімде ұсынылып отырған курсты оқыту барысында жүзеге асырылатын пән аралық байланыстар сипаты мен пайдаланылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Дайындалған курс бағдарламалары алдымен бірлестік мәжілісінде талқылануы керек . Курс бағдарламасын талқылау кезінде бірлестік жетекшілері мен бірлестік мүшелері төмендегі мынандай талаптарды басшылыққа алуы керек.
-
Бағдарламаның оқушыларға жаңалық ретінде танылу дәрежесі
базалық білім беру бағдарламасында берілмеген ,оқушыларға таныс емес білім мазмұнының қамтылуымен сипаталады.
2.Курс мазмұнының қомақтылығы
оқытуда алға қойылған барлық мақсаттарды орындауға бағытталған білім мазмұның анықталуымен қамтамаыз етіледі
3.Бағдарламаның ғылымилығы
прогрессивтік ғылыми білім мен өмір сүру тәжірибесінің ең бағалы жақтарының енгізілуімен сипатталады;
4. Курстың практикалық бағыты
оқушы қабілетін дамытуға және алған білімін іс жүзінде әр түрлі тапсырмаларды орындауда қолдануға мүмкіндік беретін материалдардың қамтылуымен анықталады.
5. Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі
ілгерідегі тақырыптар кейінгі тақырыптардың мазмұнын ашуға , олардың өз ара ортақ байланысын жүзеге асыруға негізделіп, анықталуымен сипатталады.
6.Бағдарламаның оқыту мақсаты мен тапсырмалардың қаншалықты сәйкестігі ,оқыту әдістерін таңдау дәрежесі
оқу тапсырмаларының мазмұны теориялық материалдардың қолданбалы сипатын ашатындай болуымен сипатталады.
7.Мерзімдік ресурстардың нақты мүмкіндік дәрежесі
Оқу материалдарын оқушылардың сапалы игеруіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Қазіргі күнде шәкірттеріміз заман талап етіп жатқан пайдалы, беделді мамандықты таңдайды, белгілі бір оқу саласына түсіп, оны бітіріп, белгілі маман болуды қалайды. Сол үшін мектеп қабырғасында мамандыққа дұрыс бағыт сілтенуі керек деп санаймын. Сондықтан оқушының кәсіби бағдарлануы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Мамандықты дұрыс таңдауда мектептегі берілетін пән негіздерімен қоса қолданбалы курстардың да әсері бар екендігіне жылдан-жылға көзіміз жете түсуде.
Қолданбалы курс мақсаты:
-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау емтиханына тыңғылықты дайындау;
-Оқушыларға эссе жазудың қыр-сырын үйрету;
-Оқушылардың эссеге қойылатын талаптарды меңгеруін қамтамасыз ету;
-Оқушы сауаттылығын арттыру;
-Өз ойын еркін жеткізе алатын Тұлға даярлау
Курс жұмысының міндеті:
Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын
дамыту;
*Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік
сөздерді
анықтау
*Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін
түсінуге
үйрету
*Шығармадағы көркем бейнелердің
ерекшеліктерін аша білуге
бағыттау;
*Ауызекі және жазба тілде байланыстырып
сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу)
дамыту;
*Кітап оқуға деген ынтасын
арттыру;
*Өзіндік ой-пікір айта білуге
баулу;
*Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,
адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді
дарыту.
* Өз бетімен жұмыстану арқылы шығармашылыққа
шыңдау
Қолданбалы курс жұмысынан күтілетін нәтиже:
-11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтиханына тыңғылықты дайындық жүргізеді;
-Оқушыларға эссе жазудың қыр-сырын үйренеді;
-Оқушылар эссеге қойылатын талаптарды меңгеріп алады;
-Оқушы сауаттылығын артады;
-Өз ойын еркін жеткізе алатын Тұлға қалыптасады
-
өздік сөздік қорын
толықтырады
— оқу материалдары бойынша курста әдеби түрде
жазу дағдыларын
меңгереді.
— сөздерді мақсатқа негізгі ойға, мазмұнға
сәйкес өз бетінше талдап қолдана
алады.
-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері
дамиды,өзіндік ой қорытуға ойын әдеби тілмен өрнектей білуге
дағдыланады.
-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,
мағынасын түсініп, одан тәрбие
алады.
Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11- сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.
Емтихандарды өткізу формалары:
Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан эссе түрінде өткізіледі, оған 3 астрономиялық сағат бөлінеді.
Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 10 тақырып беріледі; эссе тақырыптары берілген конверттер емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады; эссе көлемі – 250-300 сөз. Эссе тақырыптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Эссе тақырыптары 10 наурызға дейінгі мерзімде ашық баспасөзде жарияланады.
Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдану, себеп-салдар байланысын және тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.
Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.
Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):
- кіріспе;
- тезис, дәйектер;
- тезис, дәйектер;
- қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.
Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін. Дәйектеме мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін. Мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.
Эссе жазу барысында мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:
- ұзақ кіріспе;
- детальдар санының жетіспеушілігі;
- мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар;
- көпсөзділік, себебі, эссе көлемі нақты мөлшермен шектелген;
- автордың шынайы ойын көрсете алмайын ұзын сөйлемдердің болуы, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болады;
- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мәні төмендейді.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір
түрі – шешендік өнер. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден
өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері
ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында
сақталған. Шешендік сөз парасатты ойға, ұшқыр шешімге, тапқыр
логикаға құрылады. Айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап
қайтару - шешендіктің басты қасиеті.Шешендік өнерді «сөз маржаны»
десе де болады немесе өз ойын жеткізуде ой ұшқырлығын таныта білу
шешен сөйлеудің бір бағыты десе де артық болмас. Сондықтан
оқушыларды шешендік өнерге,ойын әдемі жаза білуге баулудың маңызы
зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, 11-
сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта
түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты
мақсат.
Бұл бағдарлама 11-сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай
алынған.
11- сынып оқушылары әдебиет пәніне негіздей
отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің
арқасында шебер сөйлеуге,сөзін әдеби түрде жазып жеткізе алуға
жаттығады. Эссенің жалпы жазылу құрылымымен таныстыру мақсатында
бағдарлама түзілді. Бұл бағдарлама болашақта мектеп бітірушінің
емтиханға терең дайындықпен келуіне арналған жұмыс жоспарын
қамтиды. Құнттап қараған,қолданбалы курстың жұмысына үздіксіз
қатысып отырған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы
терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады және эссені өз
талаптарына сай әдемі етіп жазып шыға
алады..
Төменде қолданбалы курстың жұмыс жоспары беріліп отыр.
|
р/с |
Тақырыптар |
Күтілетін нәтиже |
Мерзімі |
|
1 |
Эссе және оған қойылатын талаптар |
Оқушылар эссе жазудың талаптарын үйренеді. |
|
|
2 |
Эссенің жазылуына түсінік беру |
Негізгі қамтылуы қажет заңдылықтар ұғындырылады |
|
|
3 |
Эссе жазудағы практикалық қадамдар |
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар туралы мәлімет |
|
|
4 |
Менің отбасым |
Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын жазуға дағдыланады. |
|
|
5 |
Қазіргі жастардың өмірлік ұстанымдары қандай ? |
Оқушылар тақырып бойынша ойларын жаза алады. |
|
|
6 |
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні |
Оқушылар Ыбырай әңгімелері туралы өз ой-пікірлерін білдіре алады. |
|
|
7 |
Ұлттық салт-дәстүрлердің тағылымы қандай ? |
Оқушылар тұрмыс-салт жырларындағы тағылымы туралы эссе жаза алады. |
|
|
8 |
Ежелгі дәуірдің ерен ескерткіштері |
Оқушылар ежелгі дәуір мәдениеті туралы өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
9 |
«Аттанып едім көп үшін...» (Махамбет поэзиясындағы асқақ арман) |
Оқушылар Махамбет жырлары туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіре алады. |
|
|
10 |
Шоқан-дала жұлдызы |
Оқушылар тақырып бойынша өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
11 |
«Сыр сандық» ( белгісіз досыма хат) |
Оқушылар өмір туралы өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
12 |
Кітап оқып жүрміз бе ? |
Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой –пікірін білдіре алады. |
|
|
13 |
Абайдың «Ескендір» дастанындағы философиялық түйіндеулер туралы ой |
Оқушылар эссені өмірмен байланыстыра жаза алады. |
|
|
14 |
Абайдың білім-ғылым туралы ойларының бүгінгі күнгі маңызы |
Оқушылар шығармадағы Абай бейнесіне өзіндік баға бере алады. |
|
|
15 |
«Анамның тілі – Ай, Күнім менің» |
Оқушылар ана тілінің қадір-қасиеті туралы өз ойларын жаза алады. |
|
|
16 |
Өнер құдіреті дегенді қалай түсінесің? |
Оқушылар өнер құдіреті туралы өз ой-пікірлерін жазуға дағды қалыптастырады.
|
|
|
17 |
Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба? |
Оқушылар ғылыми-технологияның адамзат баласына әсері туралы өздерінің ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
18 |
Менің арман-мақсатым |
Оқушылар өздерінің ұстанымдары туралы өздерінің ойларын білдіре алады. |
|
|
19 |
Аналарды аялайық ! |
Оқушылар ана туралы ойларын жазуға дағды қалыптастырады. |
|
|
20 |
Отанды сүю неден басталады? |
Отан туралы ой-пікірлерін өмірмен байланыстыра жаза алады. |
|
|
21 |
Наурызкөже дәмі |
Оқушылар Наурыз мерекесінің тағылымдық мәнін аша алады. |
|
|
22 |
Достықты қалай бағалап жүрміз ? |
Оқушылар достық туралы өздерінің ой-пікірлерін жазуға дағдыланады. |
|
|
23 |
Отандық кино өндірісіне деген көзқарас қандай ? |
Оқушылар отандық кино өндірісіне деген өздерінің көзқарастарын білдіреді. |
|
|
24 |
Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз. |
Оқушылар қайырымдылық туралы өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
25 |
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман -эпопеясындағы адами құндылықтар туралы |
Оқушылар шығармадағы адамгершілік мәселелер туралы өз ойларын жаза алады. |
|
|
26 |
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» хикаятындағы Ұлпан бейнесі туралы |
Шығарма туралы өзіндік ой-пікір жаза алады. |
|
|
27 |
Әлем мәдениеті туралы не білеміз ? |
Оқушылар әлемдік мәдениет туралы өз ой-пікірлерін жазуға дағды қалыптастырады. |
|
|
28 |
Балалық шақтың бал күндері |
Оқушылар балалық бал күндері туралы өз ойларын жаза алады. |
|
|
29 |
Дүниеде не ұлы ? |
Тақырып бойынша өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
30 |
Әдептілік неден басталады? |
Оқушылар тақырып бойынша өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
31 |
ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз. |
Тақырып бойынша өз ой-пікірлерін жаза алады. |
|
|
32 |
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап. |
Отан туралы ой-пікірлерін өмірмен байланыстыра жаза алады. |
|
|
33 |
Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. |
Оқушылар тақырып бойынша ойларын жаза алады. |
|
|
34 |
М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. |
Өз көзқарастарын ашық жазады |
|
Қолданбалы курс жұмысынан кейінгі қол жеткізер нәтиже:
-11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтиханына тыңғылықты дайындық жүргізіп,тапсырады;
-Оқушыларға эссе жазудың қыр-сырын үйренеді;
-Оқушылар эссеге қойылатын талаптарды меңгеріп алады;
-Оқушы сауаттылығы артады;
-Өз ойын еркін жеткізе алатын Тұлға қалыптасады
-
өздік сөздік қорын
толықтырады
— оқу материалдары бойынша курста әдеби түрде
жазу дағдыларын
меңгереді.
— сөздерді мақсатқа негізгі ойға, мазмұнға
сәйкес өз бетінше талдап қолдана
алады.
-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері
дамиды,өзіндік ой қорытуға ойын әдеби тілмен өрнектей білуге
дағдыланады.
-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,
мағынасын түсініп, одан тәрбие
алады.
Жалпы оқу бағдарламасын іске асыру қосымша әдістемелік оқу құралдары, арнайы құралдар мен көрнекі және зертханалық құралдар, баспа материалдар, электрондық оқулық, видеофильмдері және видеофрагменттер, ақпараттық және техникалық оқу құралдары бар арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізуі тиіс.
Қорыта айтқанда, бағдарлы оқытудың мақсаты — өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін- өзі жетілдіріп өсіруші, өзін- өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қолданылатын әдебиеттер:
-
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
-
К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген