400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама "Практикалық қазақ тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге арналған. Қосымша сабақтың жоспары ретінде алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Практикалық қазақ тілі» авторлық бағдарламасы

5-сынып. (аптасына 1 cағат, жылына 34 сағат)

Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын  тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін тәжірибелік жұмыстарға қойылатын талап ерекше.

Тәжірибелік сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар  оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты — оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау,  қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетті жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жан жақты дамыған рухани бай, үш тілді меңгерген жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.

Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы, тіршіліктің негізі болып келеді. Отбасынан бастап тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Сол ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасының бастысы да осы – тіл өнері.

Рухани бай, заманға сай дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы. Сол себепті де оқушыларды өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін жеке тұлға ретінде дамыту мақсатында 5-сыныпқа «Тіл өнері» қолданбалы курсы ұйымдастырылуда.

Бұл қолданбалы курсты жоспарлау барысында ең тиімді жол пәнаралық байланысқа ерекше назар аударылды. Соның ішінде, қазақ тілі мен әдебиет пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай қолданбалы курсқа сүйене отырып, үнемі жүйелі түрде, бірлікте,бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі болмақ.

Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 4 сағаты  тест жұмысына,1 сағаты кіріспеге, 1 сағаты қорытындыға арналған.

Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде

С. Кеңесбаевтың , Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» /лексика, фонетика/, С. Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі», М.Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбектері пайдаланылды.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Бағдарламада  жүргізілетін жұмыс түрлері мынандай:

- Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

- Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

- Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

- Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу;

- Деңгейлік тапсырмалар орындау;

 Қорытындылау: оқушылардың білімі  әр тарауды өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.

Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:


Оқушылар нені білу керек?

— қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;

— білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

— талдау машығының жоғары болуы;

— орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

— салыстыра алу қабілетінің басым болуы;


Оқушылар нені үйрену керек?

— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

— сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

— деңгейлік тапсырмаларды орындай алу;


 

 














«Практикалық қазақ тілі» қолданбалы курсының мақсаты:

— Ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • Аз сөзге терең мағына сыйғызу;

  • Ойын бейнелі, айшықты да шешен оралымдарды пайдалана отырып жеткізу.

  • Ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлілік, айқындық, еркіндік.

  • Жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру.


  Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:

— оқушылардың фонетикалық,  лексикалық машықтары мен дағдыларын дамыту;

— тіл дыбыстары, сөз мағынасы туралы  теориялық білімдерін жүйелеу;

— теориялық білімдерін практикада қолдану;

— оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

— оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;


Курс соңында оқушылардан күтілетін нәтиже:

— салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

— практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;

— сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы.




















«Практикалық қазақ тілі»  қолданбалы курстың мазмұны:


Барлығы — 34 сағат. Апталық сағат саны — 1 сағат

1- тақырып.  Кіріспе сабақ. Қолданбалы курстың мақсат, міндеттерімен таныстыру.

2- тақырып. Фонетика. Тіл дыбыстары.Тіл дыбыстарының ерекшелігі

3- тақырып. Дауысты дыбыстар, ерекшеліктері, түрлері

4 -5- тақырып. Дауыссыз дыбыстар, емлесі.

6-тақырып. Орфография мен орфоэпия.  Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері.

7-8-тақырып. Үндестік заңы. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері.

9-тақырып.  Буын және оның түрлері.

10- Тасымал. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар.

11-тақырып. Тест жұмысы. Фонетика саласын қорытындылау

12-тақырып.  Лексика туралы түсінік.

13-14-тақырып. Омоним сөздер.

15-16-тақырып. Антоним сөздер

17-18-тақырып. Синоним сөздер

19-тақырып. Көп мағыналы сөздер.

20-тақырып. Омоним мен көп мағыналы сөздің айырмашылығы

21-тақырып. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

22-тақырып. Тест жұмысы

23-24-тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің айырмасы.

25- тақырып. Мақал-мәтелдер

26-тақырып. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

27-тақырып. Нақыл сөздер.

28-тақырып. Тест жұмысы

29-тақырып. Эвфемизм сөздер

30-тақырып. Дисфемизм сөздер

31-тақырып. Көнерген сөздер

32-тақырып. Неологизм сөздер.

33-тақырып. Тест жұмысы

34-тақырып. Қорытынды. Сөз мерген сайысын өткізу.









 

 

Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:

 

Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

«Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»

Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

«Жайық ұстазы» газеті

А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

М. Томанов: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» А-1988 ж.

М.Әуезов: «Абай жолы»

 

 

Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын  әдебиеттер:

 

Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы,2006

Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008

Қазақтың би-шешендері

Газет, журнал материалдары

А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

Мақал – мәтелдер жинағы

Диалектологиялық сөздік

5- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

«Практикалық қазақ тілі» курсының жоспары


№

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

1.

Кіріспе сабақ


«Практикалық қазақ тілі» қолданбалы курсының мақсат, міндетімен танысады.

1


2

Фонетика. Тіл дыбыстары.Тіл дыбыстарының ерекшелігі

Фонетика туралы түсінік қалыптастыру, Әр түрлі тапсырмалары арқылы тіл дыбыстарының ерекшелігін анықтау

1


3

Дауысты дыбыстар, ерекшеліктері, түрлері


Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету. Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту

1


4-5

Дауыссыз дыбыстар, емлесі

Дауыссыз дыбыстардың ережесін, түрлерін меңгеру, дауысты дыбыстан айырмашылығын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың дұрыс жазылу емлесін меңгерту, дұрыс, сауатты жаза білуге баулу

2


6

Орфография мен орфоэпия.  Орфогра фияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері

Орфография мен орфоэпия туралы түсінік қалыптастыру, бір-бірінен ажырата білу

1


7-8

Үндестік заңы.Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері


Үндестік заңы туралы түсінік қалыптастыру және оның түрлерін ажырату, сөз ішінен таба білу. Дыбыстардың бір-біріне әсерлерін, ықпалдарын меңгерту, сөз ішінен ықпалдың түрлерін ажырата білу, түрлеріне мысалдар келтіру

2







9

Буын және оның түрлері

Буын туралы түсінік алу, буынның түрлерімен танысу, жасалу жолдарын меңгерту.

1


10.

Тасымал. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар

Тасымал деген не екенін анықтау, тасымалданбайтын сөздер туралы түсінік алу, мысалдар келтіре білу

1


11

Тест жұмысы. Фонетиканы қайталау

Өткен тақырыптарды қайталау, сөз ішінен ажырата білу

1


12

Лексика туралы түсінік

Лексика туралы түсінік қалыптастыру, сөздердің мағынасын ажырата білуге үйрету, мағынасына сай дұрыс қолдануға дағдыландыру

1


13, 14

Омоним сөздер

Омоним сөздердің анықтамасын білу. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерге ұқсастығы мен айырмашылығын меңгерту

2


15, 16

Антоним сөздер

Антоним сөздің ережесін мысалдар арқылы меңгерту, сөйлем ішінен тауып ала білуге дағдыландыру

2


17, 18

Синоним сөздер

Өлең жолдарын табады. Сызбаны сөйлетеді. Талдау жасап, салыстырады.

2


19

Көп мағыналы сөздер

Сұрақтарға жауап береді. Көп мағыналы сөзді табады, оларды кірістіре отырып

әңгіме жазады.

1


20

Омоним мен көп мағыналы сөздің айырмашылығы

Оқушы өзі ізденеді. Салыстырады. Тапсырмаларды орындайды.


1


21

Cөздің тура және ауыспалы мағынасы

Таныстырылымды тыңдайды, бағалайды.

Жұптық жұмыс жасайды.

Тақырыпқа талдау жасайды. Мысалдар келтіреді.

1


22

Тест жұмысы

Тест жұмысын орындайды.

1


23, 24

Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесінің айырмасы.

Тақырыпты ашады. Түсіндіреді. Еркін сөз тіркесі мен т.с.тіркесін ажыратады. Суретті сөйлетеді, пікірін айтады.

1


25

Мақал-мәтелдер

Жаттығулармен жұмыстанады. Талдау жасайды. Қорытынды жасайды.

1


26.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

 Сызба бойынша жұмыстанады..

Өз-өзін бағалауға мән береді.

1


27.

Нақыл сөздер

Нақыл сөзді меңгереді. Өзі де құрастыра алады.

1


28

Тест жұмысы

Тест жұмысын орындайды.

1


29

Эвфемизм сөздер

Сұрақтарға жауап беріп,  талдау жасайды.

1


30

Дисфемизм сөздер

Ойланады.

Мәтінмен жұмыс жасайды. Дисфемизмнің мәнін ашады.

1


31

Көнерген сөздер

Мысалдардан ереже шығарады.

Сөйлемдерді талдайды.

Мысалдарды аяқтап, түсіндіреді.

1


32

Неологизм сөздер

Тақырыпты ашады. Түсіндіреді.Көнерген сөздер мен жаңа сөздерді ажыратады. Суретті сөйлетеді, пікірін айтады.

1


33

Тест жұмысы

Тест жұмысын орындайды.

1


34.

Қорытынды. Сөз мерген сайысы

Өтілген тақырыптар бойынша тыңғылықты дайындалып, жауап береді.

1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
59 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1676
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі