Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама «Тоқу өнер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде дарынды оқушыны анықтау мен іріктеу,оқыту мен дамыту, жетілдіру шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру. Оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту және ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тоқу өнер» үйірме жұмысы


Авторлық бағдарлама

Ә. Молдағұлова атындағы

173 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Абдрахманова Айгүл



Түсінік хат Қолданбалы курс Бағыты: эстетикалық бағыттағы пән (технология) Аптасына 1 сағаттан, жалпы-34 сағат

Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы  41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” . Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Мақсаты:

Жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде дарынды оқушыны анықтау мен іріктеу,оқыту мен дамыту, жетілдіру шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру. Оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту және ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.        



Міндеті: Оқушының қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыға мінездеме беру. Дарынды оқушымен жұмыс жоспарын құру.

Дарынды жеке тұлғаның қабілетін арттыру жолдары

  • Баланың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай туғызу.

  • Өз бетінше білім ала білуі;

  • Өзін-өзі басқара алуы;

  • Өз қызметін өзі ұйымдастыра білуі;

  • Өз көзқарасын қалыптастыра білуі;

  • Өзін-өзі анықтай білуі;

  • Өзіне-өзі сенімді болуға тәрбиелеу;

  • Өзін-өзі реттей алуы;

  • Өзіне-өзі баға бере білуі;

  • Өзінің жағымды қасиеттерін қоғамда пайдалана білуі және басқаларға игі әсер ету қабілеттілігі;

  • Рухани мәдениетінің адам баласына қажеттілік сезімін түсіндіру;

  • Оқушылардың өзара көмек пен біріне-бірі жәрдем беруге дайын дағдысын қалыптастыру;

  • Оқушыларда өзінің тәрбиелік деңгейін жақсы сезіне білуін қалыптастыру;

  • Ата-аналармен мазмұнды тәрбиелік қызмет атқару.

Өзінің жағымды қасиеттерін қоғамда пайдалана білу және игі әсер ету қабілеттілігі.

Күтілетін нәтиже:

  • * Оқушылар дарындылығына қарай тоқу өнерді бағалай білуі

  • * Еркін ойлай білетін білікті белсенді, жауапкершілікпен қарайтын тұлға қалыптасады.

  • * Түпкі нәтиже –оқушының тоқу өнерге ынтасы артып, дизайнерлік қабілеті, кәсіби шеберлігі дамиды.

  • * “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

  • * Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.











«Тоқу өнер» үйірме жұмысының мазмұны

р/с

Жұмыстың мазмұны

Бағыты

1

Дарынды оқушыларды анықтау

Сабақ барысы кезінде

2

Көрме, байқауларға қойылатын талаптармен таныстыру

Үнемі

3

Сабақ және сабақтан тыс уақытта жекелеме жұмыс жүргізу

Кезінде

4

Кітапханаға барып қосымша мәліметтер жинау

Ғылыми жоба түрлері

5

Мектепшілік көрмеге қатысу

Көрменің бағытымен танысу

6

Қалалық көрмелерге қатысу

Кезінде

7

Кітапханаға барып қосымша қолөнерден мәліметтер жинау

Әдебиеттермен жұмыс

8

Тапсырмаларды өз бетінше орындау

Зерттеу жасау

9

Қосымша әдебиеттермен жұмыс

Зерттеу нәтижелерін анықтау

10

Әрбір жұмыс нәтижесін бағалап, мадақтап отыру

үнемі



















«Тоқу өнер» үйірме жұмысының бағдарламасы

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Сәндік қолданбалы қолөнер салалары туралы түсінік

1


2

Керекті материалдармен құрал-жабдықтармен танысу

1


3

Тоқу өнерінің шығу тарихы. Ілмек бізбен тоқу технологиясы

1


4

Ыдыс астына төсеніш тоқу

3


5

Шұлық тоқу

4


6

Шілтерлі орамал тоқу

6


7

Шілтерлі орамалға шашақ жасау

2


8

Қалпақ тоқу

3


9

Шарф тоқу

2


10

Сумка тоқу

2


11

Ойыншық тоқу

4


12

Көрпеше тоқу

5



Барлығы

34сағат


















1 Тақырыбы: Сәндік қолданбалы қолөнер салалары туралы түсінік-1сағат Мақсаты:
Білімділігі: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, бейнелеу.
Көрнекілігі: кітаптар, қолөнер бұйымдары, тоқыма бұйымдары, сөзжұмбақ
Құрал - жабдықтар: түрлі-түсті тоқыма жіптер, қайшы, ілмек біз (ключок) түрлері, біз (спица), тоқыма бұйымдар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) құрал – жабдығын тексеру
б) назарларын сабаққа аудару
2. Жаңа сабақ.
Өнер дегеніміз не? Ою-өрнек дегеніміз не? Тоқыма түрлерін ата. ҚР Президентінің жолдауынан : «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз.»

Балалар, сабағымызды бастамай тұрып екі топқа бөлінейік.  І топ- «Зергер», ІІ топ –«Шебер».   Бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Сәндік – қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.

1.     Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Тоқыма – шілтерлі орамал, шалғы, қалпақ, шұлық, табақ астына төсеніш, ұялы телефон қабы, сумка, т.б.
2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым
. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
3. Зергерлік бұйымдар
. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше. Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары) (модульдік технология бойынша)

Демек, осы қолөнердің ішінен тоқу өнеріне тоқталайық. Ең алғаш ілмектің (петля) қай уақытта пайда болғанын ешкім білмейді. Бірақ, тоқыма бұйымдары біздің эрамызға дейін пайда болыпты. Мұны растайтын факті де бар екен. Египет қазбаларында мәйіттен тоқылған баланың аяқ-киімі табылыпты. Зерттеу нәтижесінде ол аяқ-киімнің жасы 4000 жылдан асады деп тапты.
IX-XI ғасырларда тоқымашылар шұлықтарға сөз жаза бастады. Ежелде ең керемет, озат тоқымашылар арабтар болып саналды. Қиын әрі түрлі-түсті өрнектерді олар 2000 жылдай бұрын ойлап тапқан.
Біздің эрамыздың басында металл спицалар пайда болды. ХІ-Х ғасырларда тоқылған бұйымдар әлі сақтаулы. Сондай ескі бұйымдардың бірі-балаларға арналған шұлық екен. Оның ерекшелігі басындағы саусақ бөлек тоқылған екен, қазіргі қолғаптағыдай. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады.

3.  І тур   «Бой сергіту»
Әр топқа 5 сұрақтан қою.
1.Сандықша  дегеніміз не?
2.Басы да екеу, аяғы да екеу.Ол не?(қайшы)                                                                    

  3. Қошқар мүйіз ою түрін көрсет?
4. Еңбек туралы мақал айтып б
ер?                                                         

  5. Кіруге адам батпайды
Төрт бұрышты тақтайды
 
Затыңды аман сақтайды.
(сандық)

1.Қоржын дегеніміз не?                                                                                         

2. Аққулар оюын бейнелеп бер?
3. Құрақ көрпе дегеніміз деген не?
4. Өнер туралы мақал айтып бер?
5. Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ
Беліне қыстырғаны шидім таяқ
Келбетіне қарасаң ештеңе емес
Беліне буыныпты аямай-ақ (ұршық)
ІІ тур   Тәжірибелік кезең. «Өнерлі өрге озар»

Заттарды әшекейлеу.
ІІІ тур «Жұмбақтас»
1.Өнерлінің он саусағы тең ....
(Өнерсіздің бір саусағы кем.)
2.Еңбексіз өмір жоқ ...
(Ауырсыз жеңіл жоқ)
3. Шын шеберде …
(мін жоқ)
4. Жаңбырменен жер көгерер ....
(еңбекпенен ел көгерер)
5. Еңбек өмірді ұзартады ...
(ұят бетті қызартады)
6. Байлықтың атасы еңбек ...
(Анасы жер)
7. Еңбегіне қарай құрмет ...
(жасына қарай ізет)
8. Өмір үйретеді ....
(еңбек ширатады)
9. Өрнегі көптің ....
(ермегі көп)
4. Бекіту
5. Қорытындылау.
- Сонымен оқушылар, біз бүгін не жайында өттік?
- Қолөнер бұйымдарын жасаушылар неше топқа бөлінеді?
5. Үйге тапсырма беру
Тоқыма құралдарын алып келу (тоқыма жіптер, ілмек біз, қайшы)



2 Тақырыбы: Керекті материалдармен құрал-жабдықтармен танысу-1сағ Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ұлттық бұйымдарға керекті материалдармен құрал-жабдықтармен, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, бейнелеу.
Көрнекілігі: кітаптар, қолөнер бұйымдары, тоқыма бұйымдары. Құрал - жабдықтар: түрлі-түсті тоқыма жіптер, қайшы, ілмек біз (ключок) түрлері, біз (спица)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) құрал - жабдығын тексеру
б) назарларын сабаққа аудару
2. Жаңа сабақ.
Тоқымаға қажетті үшін құралдар:
1. Біз.
2. Жіп 3. Ілмек біз.


Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері.
Зығыр
Мақта иірімжібі
Мохер
Жүн иірім жібі
Ангор
Кашемир
Альпак
Вискоза
Фасонды иірім жіп
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
3. Бекіту
4. Қорытындылау.
- Сонымен оқушылар, біз бүгін не жайында өттік?
-
Бүгінгі сабақта қандай материалдармен және құрал-жабдықтармен таныстық? -Тоқыма жіптен не тоқуға болады? 5. Үйге тапсырма:
Тоқыма құралдарын алып келу (тоқыма жіптер, ілмек біз, қайшы)



3 Сабақтың тақырыбы: Тоқу өнерінің шығу тарихы. Ілмек бізбен тоқу технологиясы 1сағат Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерімен жұмыс жасау жолдарын үйретіп,өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне көмектесу. Оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге, эстетикалық талғамда орындауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауға, оқушыны жауапкершілікке, оны сезіне білуге, алған өнерін нәтижеге жетуге ұмтылдыру, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге және ұлттық ерекшеліктердің құндылығын күнделікті өмірде қолдауға тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу. (І кезең 5 минут, ІІ кезең 25 минут, ІІІ кезең 15 минут) Сабақтың түрі: Сабақтың түрі: Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс сабағы Сабақтың типі: Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі

Сабақтың мазмұны: І,ІІ,ІІІ кезеңдік тапсырмалар (Оқушының жұмыс дәптері) Сабақтың әдіс-тәсілі: І кезеңде сұрақ-жауап ІІ кезеңде а) оқулықпен өз бетімен ізденіс. Ізденіс әдісі: дискуссия. ә) практика: бекіту әдісі ІІІ кезеңде үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйрету, бағалау әдісі. І кезең ұйымдастыру кезеңі

Көпір” тапсырма

Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалдарды үйден орындап келу

Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қолөнер туралы не білесіңдер? Жауабы: Қолөнер ежелден келе жатқан кәсіп.

  2. Қолөнердің тіршіліктегі пайдасы қандай? Жауабы: Қолөнердің ең көп қолданылатын орны үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киім сәндеу кезінде көп қолданылып жүр.

  3. Қолөнерде тоқудың ерекшелігі қандай?

Ұлттық ерекшеліктерге байланысты тоқу технология әдістерімен орындалады. (орамал, шалғы, ойыншық, шұлық, қалпақ,т.б. жіптің түрлерін қолдану арқылы жасалады)

  1. Қандай қолөнер қайраткерлерін білесіңдер? Атын ата.

(Дәркембай Шоқпарұлы т.б. ұстаздар)

ІІ кезең жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр

Теориясы

Білу

Кім?

Не?






Қашан?

Қайда?

Не істеді?








Теориясы (Түсіну)

Неліктен? Себебі?

Не үшін? Неге?


Теориясы. Талдау (салыстыру ерекшелігі неде, ең бастысын бөліп шығару)


Теориясын жинақтау

(қорытынды)


1.Бос орынға қажетті сөздерді жазып сөйлемді толықтыр

Жауабы:

А) Қолөнер – өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.

Ә) Қолөнердің ерекшелігінің бірі – тоқу.

Б) Қолөнер дегеніміз – қазақ қолөнері, өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.

В) Қолөнердің орындау технологиясында түрлі жіптермен тоқу түрлерін орындау.

2.Саған мына тоқу түрлері таныс па? Тоқып көр

Picture 7


3. “Қарлы кесек” ойыны

Оқушылар кезектесіп қолөнер түрлерін айтады. Әр келесі оқушы алғашқы оқушыға айтқан ақпаратты қайталайды. Сосын өзі қайталайды. Соңғысы жинақтап барлық қолөнер ерекшеліктерін айтады


  1. Егер қолөнер болмаса жер бетінде көркемдік мұрасы бола ма?

  2. Қолөнерде тоқу өнері қашан тараған?

  3. Тоқыма киімдер ең ірі көлемде қашан тараған?

Венн диаграммасы: Қолөнердегі ерекшелік

Shape2 Shape1

Қолөнердегі ерекшелік


Қолөнердің рөлі маңызды


Кестелеу әдістеінің түрі, жасау әдісі









1.“Қолөнер жүйесі” туралы білгеніңді жинақта.

Орталығы – қолөнер.

Панно, жіптің, ілмек біздің суреті, сувенир ойыншық, әшекейлі тоқыма киімдер мен заттар.

Теориясын жинақтау (қорытынды)

Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус, т.б. құрастыр.

ІІІ кезең

Практикасы

(қолдану қарапайым тапсырмалар)





Практикасы

(баға беру)

Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?

Қолөнердің табиғаттағы әсем көріністердің бірі және қолөнер бұйымдарының өзара ұқсастығы

  1. Панно.

  2. Тоқыма киімдер

  3. Тоқыма бұйымдар

  4. Жібек жіп арқылы тоқу.

Халық өнері. Сен қалай ойлайсың?

Басқа қолөнер туралы не білесің?

Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарға қарай өзіндік орындау ерекшеліктерін бағалау. Жұмыс жасау кезеңінде эстетикалық талғамды, таза орындауын, мәдени көзқарасын көрсете білу.



ІV. Деңгейлік тапсырма. Компьютер арқылы орындау.

Жұмыс дәптері

Оқушының аты-жөні

І. Деңгейлік тапсырма (5ұпай)

Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қолөнер туралы не білесіңдер?

Жауабы:

  1. Қолөнердің тіршіліктегі пайдасы қандай?

Жауабы:

  1. Қолөнерде тоқудың ерекшелігі қандай?

Жауабы:

  1. Қандай қолөнер қайраткерлерін білесіңдер? Атын ата.

Жауабы:

ІІ. Деңгейлік тапсырма (4 ұпай)

1.Бос орынға қажетті сөздерді жазып сөйлемді толықтыр

Жауабы: Қолөнер, тоқу, қолөнері, тоқу

А) -------------- – өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.

Ә) Қолөнердің ерекшелігінің бірі – ------------

Б) Қолөнер дегеніміз – қазақ ------------------, өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.

В) Қолөнердің орындау технологиясында түрлі жіптермен -------------түрлерін орындау.

2.Саған мына тоқу түрлері таныс па? Тоқып көр

Әр тоқудың атын жаз. Компьютер арқылы орындау.

Picture 7

3. “Қарлы кесек” ойыны

Оқушылар кезектесіп қолөнер түрлерін айтады. Әр келесі оқушы алғашқы оқушыға айтқан ақпаратты қайталайды. Сосын өзі қайталайды. Соңғысы жинақтап барлық қолөнер ерекшеліктерін айтады

  1. Егер қолөнер болмаса жер бетінде көркемдік мұрасы бола ма?

  2. Қолөнерде тоқу өнері қашан тараған?

  3. Тоқыма киімдер ең ірі көлемде қашан тараған?

Венн диаграммасы: Қолөнердегі ерекшелік

Shape4 Shape3







ІІІ. Деңгейлік тапсырма (3 ұпай)

Еркін тақырыпта ілмек бізбен бұйым тоқу

Қолөнердің табиғаттағы әсем көріністердің бірі және қолөнер бұйымдарының өзара ұқсастығы

  1. Панно.

  2. Тоқыма киімдер

  3. Тоқыма бұйымдар

  4. Жібек жіп арқылы тоқу.

Халық өнері. Сен қалай ойлайсың? Басқа қолөнер туралы не білесің?

Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарға қарай өзіндік орындау ерекшеліктерін бағалау. Жұмыс жасау кезеңінде эстетикалық талғамды, таза орындауын, мәдени көзқарасын көрсете білу.

V. Бағалау. Бағалау парағы (+ сыныпта орындалған тапсырмалардың, V – үйде орындалған тапсырмалардың белгісі)

Р/с

Оқушының аты-жөні

І деңгей

(5 ұпай)

ІІдеңгей (4 ұпай)

ІІІдеңгей (3 ұпай)

Сыныпта жинаған ұпайы

Үй тапсырмасының ұпайы

Барлық ұпайы (әділ бағасы)

Журнал

ға қойыла

тын бағасы

1.

Асылбекқызы Жанат

5

4

3

+


12

5

2.

Аяпбергенова Аида

5

4


+


9

4

3.

Байзақова Камила

5

4


+


9

4

4.

Бекенова Мөлдір

5

4

3


Y

12

5



5.



Жолаева Әлия



5



4



3



+




12



5

6.

Мамбетова Гүлнара

5

4



Y

9

4

7.

Сағындықова Ағжан

5

4

3


Y

12

5

8.

Сыбаева Малика

5

4

3

+


12

5

9.

Тоймұратова Мереке

5

4



Y

9

4

10.

Шанжарова Азиза

5

4

3

+


12

5

11.

Шынберген

қызы Аида

5

4

3

+


12

5

12.

Ілияс Әсел

5

4


+


9

4

V. Үйге тапсырма беру

Ілмек бізбен тоқу



4 Тақырыбы: Ыдыс астына төсеніш тоқу – 3сағат

Білімділік мақсаты: Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерімен жұмыс жасау жолдарын үйретіп, өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне көмектесу. Оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге, эстетикалық талғамда орындауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауға, оқушыны жауапкершілікке, оны сезіне білуге, алған өнерін нәтижеге жетуге ұмтылдыру, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге және ұлттық ерекшеліктердің құндылығын күнделікті өмірде қолдануға тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс сабағы Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ, жауап, баяндау Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру 2. Үй тапсырмасын тексеру Үйден тоқып келген жұмыстарын тексеру 3.Жаңа сабақ

АPicture 11 лты қырлы өрнек. 5 үлпілдек шалуды қысқа шалумен дөңгелетіп қосады. 1 қатар (жасыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, шеңбердің ортасына бос жіп қосылған 11 шалу, қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалудың үстіне қысқа шалу тоқылады. 2 қатар (қызыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалу, 4 шалуды қалдырып кетеді, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 2 шалудың үстіндегі 1 жай шалуды 5 рет қайталайды, қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалудың үстіне қысқа шалу тоқиды. 3 қатар (жасыл түсті жіп) – қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған 1-ші ”имектің“ астынан іліп, қысқа шалу, қатарды көтеру үшін және оған қоса 2 бос жіп қосылған 6 шалу, бұрынғы қатардағы 4 үлпілдек шалудан жасалған “имектің” астынан іліп 2 бос жіп қосылған 7 шалу, қатарды көтеру үшін, 3 шалудың үстінен қысқа шалу тоқылады. 4 қатар (қызыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 3 үлпілдек шалу: 3 үлпілдек шалудың негізіне (основание) бос жіп қосылған 1 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 5шалудың үстіне 2 бос жіп қосылған 5 шалу, бұрынғы қатардағы 1 бос жіп қосылған 6 шалудың үстіне 2 бос жіп қосылған 2 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудың біріне 1 бос жіп қосылған 2 шалу, бұрынғы қатардағы келесі 5 шалудың үстіне 2 бос жіп қосылған 5 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудың үстіне 1 бос жіп қосылған 2 шалу, қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалудың үстіне қысқа шалу тоқылады. 5 қатар (жасыл түсті жіп) – қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек шалу, 2 үлпілдек шалудың негізінен 1 бос жіп қосылған 1 шалу, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 3-ші қатардағы (2 қатар төмен) 2 бос жіп қосылған 7 шалудан тұратын екі топтың арасынан 1 жай шалу, бұрынғы қатардағы 1 бос жіп қосылған шалудың үстіне 1 бос жіп қосылған 2 шалу, бұрынғы қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудың үстінен 2 бос жіп қосылған 7 шалу, бұрынғы қатардағы бос жіп қосылған 9 шалудың үстінен 1 бос жіп қосылған 2 шалу, 3 қатардағы 2 бос жіп қосылған 7 шалудан тұратын екі топтың ортасынан 1 жай шалу, қатарды көтеру үшін 2 үлпілдек ілмектің үстінен 1 қысқа шалу тоқылады.

4. Сабақты қорытындылау Оқушылардың оқу білімін бағалау.

5. Үйге тапсырма: Ыдыс астына төсенішті аяқтап келу

5 Тақырыбы: Шұлық тоқу – 4сағат
Мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен танысып, шұлық тоқу әдісін үйрену.
Білімділік: қолмен тоқу өнерін жан - жақты таныстыру.
Дамытушылық: тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу. Оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: халқымыздың асыл мұрасын бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі, құрал - жабдықтар: компьютер, қайшы, тоқыма жіп, ілмек түрлері, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру уақыты
2. Өткен тақырыпты қайталау.
3. Қауіпсіздік ережелері.
4. Жаңа сабақ
Балаларға арналған шұлық.
Балаларға арналған шұлық тоқу үшін 70 - 80 грамм жіп, №5 сым қажет. Сымға 40 шалу бастап алынады да, оны төрт сымға тепе - тең бөліп, алғашқы оң шалуды түйреуішпен белгілеп қояды. 4 - 5 см резинка әдісімен тоқыған соң одан әрі тағы 5см (тобыққа дейін) шұлықша әдісімен тоқиды.
Өкше шығару: тоқыманы екіге тең бөліп одан әрі үшінші және төртінші сымдағы шалулар ғана тоқылады. Бірінші және екінші сымдағы шалулар бір сымға өткізіліп тоқылады. Тоқыманың шетіндегі шалу саны 10 - ға жеткенде (20 қатар) оң шалулармен аяқтап, өкше шығарыла бастайды. Ол үшін сымдағы шалуларды ойша 3 - ке бөліп, яғни екі жағына 6 шалудан, ортасына 8 шалу қалдырып, шалу санын бірте - бірте кеміте беру керек.
1 - қатар (тоқыманың теріс жағы): бірінші жағынан 6 шалу тоқылады, сосын ортадағы 8 шалу ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.
2 - Қатар (тоқыманың оң жағы): шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші жағының көршілес шалуымен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1 - 2 қатарларды қайталап тоқи беру керек. Ақыр аяғында сымда тек ортаңғы бөліктің шалулары ғана қалады.
Шұлықтың басын шығару: бұл бөлік те №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен 1 - ші сымдағы 10 шалуды, басқа сыммен 2 - ші сымдағы 10 шалуды тоқу керек. Бұдан кейін айналдыра тоқи отырып, 3 - 4 - ші сымдағы артық шалуларды әрбір 2 - ші қатарда кеміте береді. Олардың әрқайсысында 10 шалудан қалғанда кеміту тоқтатылып, енді шұлықтың басы шығарыла бастайды. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір - бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де, шалулар қатты тартып тігіледі. Жіпті ұзын ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп, жасыру керек.


5. Сабақты қорытындылау Оқушылардың оқу білімін бағалау.
6. Үйге тапсырма: бастаған шұлықтарын аяқтап келу және ілмек инемен тоқылған шұлықтарын да бітіру.

6 Тақырыбы: Шілтерлі орамал тоқу – 6сағат

Мақсаты: Оқушыларды тоқыма сыммен шілтерлі орамал тоқуға, қажетті тоқыма сымдары мен жіптерді таңдай білуге үйрету.

Білімділігі:Тоқу сызбасына қарап, тоқып  үйренуге жаттықтыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды жинақтылыққа, ойланып  тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен  әсемдікке үйрету.

Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жүргізуге, бастаған жұмысты жауапкершілікпен, ұқыптылықпен  орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:     Сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, суреттер,жіптің түрлері, құрал-саймандар

Пән аралық байланыс:Сызу, сурет, математика, геометрия, тарих.   

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу.

Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) Құрал-жабдықтарын тексеру.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1) ТҚЕ еске түсіру.

2) Тоқыма жіптер.

3) Тоқыма біздерінің түрлері.

4) Шалу әдістері.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Өрнек түрлерін қолданып, шілтерлі орамал тоқу. Алғашқы қатар 5 тізбекше шалу, 8 шалмалы бағанша тоқимыз. Бағаншаның биіктігін көтеру үшін оны бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Ілмек бізге жіпті орап, бұрынғы қатардағы немесе тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалудан тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмек біздегі шалумен бос жіптен 2 шалу өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмек біздегі соңғы 2 шалудан өткізіп алады.3 тізбекше шалып, 5 шалмалы бағанша тоқимыз. 5тізбекше тоқып, 1қатардағы 5тізбекшенің ортасынан жарты бағанша жасап, 5тізбекшемен жалғастырамыз. 6шалмалы бағанша тоқып, келесі қатарды алдыңғы қатарға ұқсатып, тоқып қайталаймыз. 45қатар тоқып, аяқтаймыз.

2.Пайдалы кеңестер          

1.Ангор ,махер, жүн жіптерінен тоқылған бұйымдарды жуғанда  шайу суына шашқа арналған бальзамды қосса жақсы болады.

2.Бұйым өңін бермес үшін суға уксус ерітіндісін қосса, дұрыс болады.

3.Тоқыма бұйымдарын қолмен ғана жуу керек. Сол кезде бұйымда домалақ түйіршіктер пайда болмайды.

4.Тоқыма бұйымдарын ұзақ уақыт көбік суда қалдыруға болмайды,ж/е де су қан жылым болуы керек, себебі: ыстық суда тоқыма бұйымдары отырады.

5.Тоқыма бұйымдарын жуғаннан соң сығуға болмайды,оларды мақта мата сүлгілеріне орап суын сініріп  аламыз да тегіс жерге қағаз бетіне қойып кептіреміз.

6.Тоқылған бұйымдарды киім ілгіште емес бүктеулі күйінде сақтаған дұрыс.

  1. Сарамандық жұмыс .Шілтерлі орамал тоқу.


А)Мәлімет беру.

Б)Шілтерлі орамал түрлерін көрсету.

В)Үлгі сызбасын түсіндіру.

Г)Тоқылу жолын оқушыларға көрсету.

ІV.Оқушылардың өз бетімен жүмысы

А) Тоқыма тоқу.

Б)  Ән салу.

 Қадағалау жүмыстарын жүргізу

А) Т Қ Е сақталуы.

Б) Тыныштық сақталуы.

В) Орындалу реттілігі. 

V. Жана сабақты бекіту 1. Тоқыма өнері.

2.Ерекше жүмыстарды атап өту.

3.Кеткен кемшіліктерге назар аудару. 4.Оқушыларды бағалау.

 VІ. Үйге тапсырма. Тоқыманы аяқтау.



7 Тақырыбы: Шілтерлі орамалға шашақ жасау – 2сағат Мақсаты: Оқушыларға геометриялық пішіндерді таныстыру, пішіндерді пайдаланып өрнек жасауға баулу, дорба тігу кезінде пішіндерді пайдалану тәсілін үйрету. а)Пішіндерді пайдалану туралы ойларын дамыта түсу, шашақ бау жасау технологиясын үйрету. ә) Әсемдікке, ептілікке, ұқыптылықа дағдыландыру б) Еңбек адамдарына сый құрметкөрсете білуге тірбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Пән аралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, дүниетану Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дайын бұйымдар, пішіндер. Құрал жабдықтары: Қайшы, мата, қағаз, желім, ине- жіп, қарындаш. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 2.Үй тапсырмасын тексеру 1.Тоқыма жіп дегеніміз не? 2.Тоқыма жібінің басқа жіптерден айырмашылығы неде? 3.Орамал қандай пішінге жатады? 3.Жаңа сабақ Өрнек түрлерін қолданып, шілтерлі орамал тоқу.

Алғашқы қатар 5 тізбекше шалу, 8 шалмалы бағанша тоқимыз. Бағаншаның биіктігін көтеру үшін оны бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Ілмек бізге жіпті орап, бұрынғы қатардағы немесе тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалудан тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмек біздегі шалумен бос жіптен 2 шалу өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмек біздегі соңғы 2 шалудан өткізіп алады.3 тізбекше шалып, 5 шалмалы бағанша тоқимыз. 5тізбекше тоқып, 1қатардағы 5тізбекшенің ортасынан жарты бағанша жасап, 5тізбекшемен жалғастырамыз. 6шалмалы бағанша тоқып, келесі қатарды алдыңғы қатарға ұқсатып, тоқып қайталаймыз. 45қатар тоқып, аяқтаймыз. Соңында шашақ жасаймыз. Шашақты жасау үшін 20-24 сантиметр жіп қиып алып, орамал шетіне бір іліп, ұзынынан тастаймыз.

V. Жана сабақты бекіту 1. Орамал түрлерін ата.

2.Ерекше жүмыстарды атап өту.

3.Кеткен кемшіліктерге назар аудару. 4.Оқушыларды бағалау.

 VІ. Үйге тапсырма. Шілтерлі орамалға шашақ жасап, аяқтау.



8 Тақырыбы: Қалпақ тоқу – 3сағат

Мақсаты: Оқушыларды тоқыма сыммен қалпақ тоқуға, қажетті тоқыма сымдары мен жіптерді таңдай білуге үйрету.

Білімділігі:Тоқу сызбасына қарап, тоқып  үйренуге жаттықтыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды жинақтылыққа, ойланып  тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен  әсемдікке үйрету.

Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жүргізуге, бастаған жұмысты жауапкершілікпен, ұқыптылықпен  орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:     Сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, суреттер,жіптің түрлері, құрал-саймандар

Пән аралық байланыс:Сызу, сурет, математика, геометрия, тарих.   

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу.

Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) Құрал-жабдықтарын тексеру.

2.Өткен сабақты қайталау.

1) ТҚЕ еске түсіру.

2) Тоқыма жіптер.

3) Тоқыма біздерінің түрлері.

4) Шалу әдістері.

3.Жаңа сабақты түсіндіру. ТОҚУ ӨНЕРІ-қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қолмен тоқу өте кең тараған.Бұл өнер қазіргі талап-тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып , тұрмыспен бірге дамып келеді. Адамдардың тұрмыс қалдерінің үнемі өрлеуіне сай,олардың мәдени-тұрмыстық тілектері де өсуде. Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі  сән үлгісіне сәйкес бола отырып, талғампаздығын, қайталанбас даралығын  танытуға тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі-ТОҚУ. Тоқумен айналысқан адам жеке басына қажет бұйымды өз қолымен жасаумен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулардың үйлесімділігін  қадағалау ,түрлі тоқу әдістері арқылы талғамы, шеберлігі ,көркемдікті сезіну қабілеті дамиды, ой өрісі жетіледі. Соған орай тоқу өнері де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді.

Тоқу үшін таза жүннен ,матадан, вискозадан, сондай-ақ синтетикадан, жүнмен синтетика араласқан  иірілген жіптер пайдаланылады.Бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып қайта пайдалануға болады.Жінішке биязы жіптерден көбініесе балалар киімдерін, өрнекті кофта, орамал, т,б  жеңіл бұйымдар тоқылады.

Тоқу процессі:
Қалпақты 4 жасар қызға деп тоқыдым, көргендер кішкене болады дейді, барған соң кигізіп көремін.
Қалпаққа 86 петля іліп алып, екі оң екі теріс «резинка» тоқыдым. Жобамен болып қалады -ау деген соң бәрін оң бетінен оң, ал теріс бетінен теріс тоқыдым.

4. Жана сабақты бекіту 1. Тоқыма өнері.

2.Ерекше жүмыстарды атап өту.

3.Кеткен кемшіліктерге назар аудару. 4.Оқушыларды бағалау.

 5. Үйге тапсырма. Тоқыманы аяқтау



9 Тақырыбы: Шарф тоқу – 2сағат

Мақсаты: Оқушыларды тоқыма сыммен шарф тоқуға, қажетті тоқыма сымдары мен жіптерді таңдай білуге үйрету.

Білімділігі:Тоқу сызбасына қарап, тоқып  үйренуге жаттықтыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды жинақтылыққа, ойланып  тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен  әсемдікке үйрету.

Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жүргізуге, бастаған жұмысты жауапкершілікпен, ұқыптылықпен  орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, суреттер,жіптің түрлері, құрал-саймандар

Пән аралық байланыс:Сызу, сурет, математика, геометрия, тарих.   

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу.

Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

В) Құрал-жабдықтарын тексеру.

2.Өткен сабақты қайталау.

1) ТҚЕ еске түсіру.

2) Тоқыма жіптер.

3) Тоқыма біздерінің түрлері.

4) Шалу әдістері.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Шарфқа келсем: 
28 петля алдым, «английская резинка» үлгісінде тоқыдым.
1-қатар:1 іліп алу(немесе кром.) «1 оң 1 теріс», 1 оң 1 теріс…
2-қатар:1 іліп алу,1оңды оң етіп тоқып, терісті жай ғана тоқымай с накидом іліп кете бердім. 
3-қатар: 2-қатар қайталанады, біткенше осылай тоқыдым.
Жоғарыдағы бір моток жіп кетті.

4. Сабақты бекіту сұрақтары 1. Тоқыма өнері.

2.Ерекше жүмыстарды атап өту.

3.Кеткен кемшіліктерге назар аудару. 4.Оқушыларды бағалау.

 5. Үйге тапсырма. Шарфты аяқтау





10 Тақырыбы: Сумка тоқу - 2сағат

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тоқу өнері туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дайын тоқылған бұйымдар.
Құрал – жабдықтар: тоқыма жіп, біз, қайшы
Пәнаралық байланыс: тарих, биология.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Оқушыларды түгендеу;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма.
Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.

ІҮ. Сабақты бекіту сұрақтары 1. Сумканы қалай тоқуға болады?

2.Ерекше жүмыстарды атап өту.

3.Кеткен кемшіліктерге назар аудару. 4.Оқушыларды бағалау.

 Ү. Үйге тапсырма. Сумканы безендіру



11 Тақырыбы: Ойыншық тоқу – 4сағат

Мақсаты: Оқушыларды тоқыма сыммен ойыншық тоқуға, қажетті тоқыма сымдары мен жіптерді таңдай білуге үйрету.

Білімділігі:Тоқу сызбасына қарап, тоқып  үйренуге жаттықтыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды жинақтылыққа, ойланып  тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен  әсемдікке үйрету.

Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жүргізуге, бастаған жұмысты жауапкершілікпен, ұқыптылықпен  орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс сабағы Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, суреттер,жіптің түрлері, құрал-саймандар

Пән аралық байланыс:Сызу, сурет, математика, геометрия, тарих.   

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. 

Жұмсақ ойыншықтар жасау үшін қажетті құрал саймандарды даярлау. Техникалық қауіпсіздікті еске түсіру. Бауырсақтың дене мүшелері көзі, мұрны, аузы, басы денесін тоқу. Тоқып, мақтамен толтыру.

 ІҮ. Білімдерін тексеру: Сұрақтарға жауап алу. Ойыншық жасауға арналған материал қалай аталады? Тоқыма жіптің қандай түрлерін қолдандыңдар?

Ү. Қорытынды. Бүгін не тоқыдық? Ойыншық тоқуда қандай қиындық болды?

ҮІ. Үйге тапсырма Ойыншық тоқу

12 Тақырыбы: Көрпеше тоқу – 5сағат

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік:  түрлі-түсті тоқыма жіптерден тоқып үйрену. Түс үйлесімділігін таңдай білуді, нұсқау картаны пайдаланып, тоқып үйрену.

  • дамытушылық:  Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру,  шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

  • тәрбиелік:   Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге,  әсемдікке, ұқыптылыққа,төзімділікке баулу. Тоқу өнері арқылы эстетикалық,  ойлау қабілеті терең дамыған  тұлға тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі:

       Қажетті құрал-жабдықтар :

  • түрлі-түсті тоқыма жіптер, дайын бұйым, ілмек біз (ключок), біз(спица)

 Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, сызу, бейнелеу, математика

Сабақтың әдісі: 

      *  Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. 

Көрпеше тоқу үшін қажетті құрал саймандарды даярлау. Техникалық қауіпсіздікті еске түсіру. Көрпешенің әр қатарын әр түрлі тоқыма жіптермен тоқып безендіреміз. Екі бетін екі бөлек тоқып, бір-біріне қосып тоқып, мақтамен толтыру.

ІҮ. Білімдерін тексеру: Сұрақтарға жауап алу. Көрпеше тоқуға қандай құралдар кетті? Тоқыма жіптің қандай түрлерін қолдандыңдар? Сонымен орындық көрпешесі халқының ұлттық қол өнерінің бір түрі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді.

Ү. Қорытынды. Бүгін не тоқыдық? Көрпеше тоқуда қандай қиындық болды?

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 “Пайдалы кеңестер” журналы.
 
2 “Мектептегі технология” журналы. 
3. “Шаңырақ” 1991ж Нұрғалиева Р. Н
4 “Мода” журналы
5 “Валя-Валентина” журналы
6 “Вязание крючком различных изделий Изд. Москва-2009г
7 “Волшебный клубок” Изд- “Реклама”, 1986г
8 “Вязание”журналдары
9 “Технология” оқулығы 5-9 сынып 10.«Қазақ халқының қолөнері» С.Қасиманов, Алматы «Қазақстан» 1995ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
1901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12