Материалдар / Авторлық мақала: Ұстаз ұлағаты - әлеумет әлеуеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық мақала: Ұстаз ұлағаты - әлеумет әлеуеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ұстаздың мәртебесі туралы жалры түсінік. Ұстаздың қандай болатындығы,мәртебесі, қоғамда алатын орны туралы ой қозғалады. Мұғалімнің мәртебесі қашанда биік болуы керек. Себебі тәрбиемен ұштасатын білім. Білімсіз күнің жоқ демекші саналы ұрпақ қалыптастыруымыз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
759
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз ұлағаты – әлеумет әлеуеті


Ұстаз – таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолдында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды.Ұстаз бейнесі –шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны – әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі.Ол сезім мен нұр шашатын сәуле. Келешек үшін тырмысып,жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан.Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы.Ұстаз –өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған мамандық иесі.Ұстаз баланы адам қылып тәрбиелеп, жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялататын зор тұлға. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзгемамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқан. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандым. Менің мамандығым өзіме қатты ұнайды. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білімуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанның үшінші жаңғыруынасерпін беретін өте өзекті идеяларға тұнып тұр. Елбасы мақаласында «Латыншаға көшудің терең логикасы бар.Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» делінген. Шынымен де, латын қарпіне көшу – бүгінгі заман талабы. «Жас буын үшін латын әліпбиін үйрену ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес» деп сенім білдірген болатын. Елбасымыз ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудың бірнеше бағытын ұсынды. Ұлт көшбасшымыз тағы бір жолдауында патриоттық тәрбиеге көңіл бөлген. Қазақстан халқының қоғамдық келісімінің және бірлігінің нығаюына жағдай жасайтын болады. Патриотизм ортақ тарих пен мәдениеттен, тілден, отбасынан бастау алады. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істерімен қуанттанып, нығайтылуы тиіс. Елбасы «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?» деген сауалды жалпы бұқараға қоя отырып, «Мен еліміз мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадам. Халқымның тағлымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбәр қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын!» деп кесіп айтты.

Ұстаздық жолындағы ұстанған бағытыммен өзімді таныстыра кетсем:

Абай мен Мұхтар, Шәкәрім

Ұлылар шыққан елденмін

Жолдасы болған көк тәңір

Ақындар шыққан белденмін.


Шуағын шашып жатқан нұр,

Жаңатұрмыс дейтін жерденмін.

Руслан, Асхат, Тахмина

Өнерлі елді мекенім.


Киелі Тараз шаһарым,

Көзімнің нұры жаулаған.

Сөздері болған жыр кеме,

Жамбыл Жабаев жырлаған.


Шаһарға келсем құр деме,

Тарихы бай көне бұл қалам,

Дерегі мол кесене

Айша бибі, Қарахан.

Сондықтан Тараз шаһарым,

Жақындау маған бір табан.

550 жылдық тарихта

Ұлы Жібек жолын бастаған.

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында», - деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай болашақтың іргетасын қалайтын жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. «Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, алдымен өзімізден бастауымыз керек. Мен кіммін...? Мен - ұстазбын. Шәкірттерге оқу мен жазуды үйрету, саналы ұрпақ тәрбиелеу, болашаққа жол бастау менің міндетім деп білемін. Біз ұлтымыздың бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білімімізбен бас көтерсек, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналамыз.

Бүкіл түркі елінің ғұламасы атанған Әл Фарабидің айтқаны есіме түсіп отыр: «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейліңше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне батыл, ержүрек болу керек...» деген екен. Ұстаз жайлы қандай керемет сөздер айтылған. «Дарынды шәкірт, дарынды ұстаздан шығады» дейді. Айта берсең, ұстазға деген теңеулер, мадақтаулар таусылмайтынын сөзсіз. Ұстаз мамандығы қаншалықты қиын болса, қызықты, жемісін көретін, сол жемістен мақтанарлықтай мамандық екенін біреу білсе, біреу білмес. Мен, жас маман, ұстаздық өмірдің алғашқы беттерін ашып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өз ісімді қолыма алдым. Ұстаздық жолындағы менің рөлім сапалы білі беру, бір орында тоқтамай ізденісте болу. Өнерге баулу, ұшқыр ойлы болу. Халқымыздың біртуар перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз болады. Олар – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген екен. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Ұстаз – мемлекетіміздің бірінші байлығы, ұрпақтың санасын қалыптастырушысы, жауапкершіліг мол, қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға деп білемін. Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан – тәнімен сүю қажет. Әр адам істеген жұмысының нәтижесін, жемісін көрсем деп армандайды. Мен де армандаймын. Тәрбиелеп отырған шәкірттеріме сапалы білім, саналы тәрбие бере алсам, ол мен үшін қуаныш. Мен үшін жеңіс. Сол нәтижеден шәкірттерімнің жоғарғы деңгейге көтеріліп, биікті бағындырса, мен үшін сол нәтиженің жемісі. Басымның төрге жеткені. Біз бір қауашақ гүл іспеттіміз. Гүлге уақытылы су құйып, топырағын қопсытып, күтіммен қарамаса солып қалады. Сол сияқты мен де шәкірттеріме зер салмасам, солай болары хақ. Шәкірттерім – менің мақтанышым.Менің ұстанымым:

«ақырын жүріп, анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Үстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға». Осы ұстаныммен мәңгілік білім беру жолында ұстанамын. Жұмысқа келгелі бері алдыма мақсат, міндет қойдым. Сол мақсатта жұмыс атқарып келе жатырмын. «Жас тілші» газетіне «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты Қанатбек Көркемайдың мақаласы газет бетіне шықты. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, балалар көркемдік шығармашылығын дамытуға ықпал ету мақстаында өткізілген «Менің Отаным Қазақстан» атты бейнеролик байқауына қатысқан Сағындық Асылбек алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы Республикалық жас маман байқауына қатысып сертификатталдым. Мектепшілік, қашықтық олимпиадалар мен интеллектуалдық ойындарға қатысқан оқушыларымның біраз жетістіктері бар.Әлі де алар асуымыз көп.

Еліміздің болашақтағы келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілеттілік. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болмаған жерде іріп-шіріп, тозып кетеміз. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз. Бәрі санадан басталады. Сол үшін сана түзелуі керек. Сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиіспіз. Еліміздің болашағы біздің яғни жастардың қолында. Менің ойымша жастар әрқашанда жаңару жолында болу керек. Жаңғыру жолында ұстаздардың, яғни біздердің рөліміз өте зор. Жаңғыру жолында өз үлесімді тигіземін деп ойлаймын. Ұстаздық жолын таңдағаныма мақтан етемін. Оның туын жоғары ұстауға бар күш жігерімді саламын.

Ағылшын тілін меңгердім, сабағымда оқушыларға ағылшын тілінде сабақты беруге тырысып жатырмын. Бұл жаңғыру жолында үш тілде сабақ беруді дамыту. Алда көптеген жұмыстар атқарамын. Ел басымыздың өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды біз жастар және ұстаздар бағындырамыз деп ойлаймын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!