жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауа толы айнала
|
Мектеп: Жалпы білім беретін № 9 орта мектеп |
|||||||||
|
Сабақ тақырыбы: Ауа толы айнала |
|||||||||
|
Күні: 29.11.2018 |
Мұғалімнің есімі: Бақтығали Бақытгүл Мұқтарқызы |
||||||||
|
Сынып: 2 «Б» |
Қатысқандар: 18 оқушы |
Қатыспағандар: 0 |
|||||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
2.3.2.2. Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу. |
||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін атайды және жылу өткізгіштік қасиетін зерттейді. Оқушылардың басым бөлігі: Ауаның орын алу және жылу өткізгіштік қасиеттерін сипаттайды және тәжірибе арқылы анықтайды. Кейбір оқушылар: Ауаның кеңістікті толтыру және жылу өткізгіш- тік қасиеттерінің нәтижелерін бағалап, 5- тен кем емес дәлелдер келтіре алады. |
||||||||
|
Бағалау критерий лері:
|
Ауаның қасиеттерін анықтайды және жылу өткізгіштік қасиеттерін тәжірибені қолдана отырып сипаттап, нәтижелерін талдайды. |
||||||||
|
Тапсырма: |
Дескриптор: |
Балл: |
|||||||
|
№1.Ауаның қандай қасиеті бар? Тәжірибелер жаса.Нәтижесін жаз. |
1. Сипаттамасы бойынша қарапайым тәжірибелер жасайды. 2. Ауаның қасиеттерін анықтайды. |
1 1 |
|||||||
|
№2. Ауаның қасиеттерін анықтауға арналған қарапайым тәжірибелер жаса.Нәтижесін жаз. |
1.Қарапайым тәжірибелер жасайды. 2. Тәжірибелер негізінде ауаның қасиетін анықтайды. |
1 1 |
|||||||
|
№3.Түрлі дереккөздерді пайдаланып берілген сұрақтарға жауап ізде. |
1.Дереккөздерден ақпарат жинайды. 2.Сұрақтарға жауап береді. 3.Ауаның қасиеттерін анықтайды. |
1 1 1 |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым. Оқушылар ауаның кеңістікті толтыру қасиетін сипаттайды; Ауаның қасиеттерін санамалап атап береді; Таза ауаны сақтау біздің ғаламшарымыз үшін маңызын әңгімелейді. |
||||||||
|
|
Терминология: Ғаламшар, ауа, тазалық , тыныс алу, мөлдірлік, газдану, сақтау, түсі жоқ, иісі жоқ, көлемі жоқ,жылу өткізгіштік, кеңістікті толтыру, газ тәрізді. |
||||||||
|
|
Сөз тіркестері: Талқылауға арналған сұрақтар: Неліктен біз таза ауасыз тіпті өмір сүре алмаймыз? Ауаны таза болуы неліктен маңызды? Ауаның қасиеттерін ата? Ауаның жылуды өткізу ерекшелігін адам қайда пайдаланады? Ауа қайд а бар? |
||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіру: Табиғатты қорғау керектігін түсінеді. |
||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Менің туған өлкемдегі заттар және олардың қасиеттері |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру. |
||||||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Оқушылардың ауаның бар екендігі, адамның ауамен тыныс алатынын, ауаның жануарлар мен өсімдіктерге де қажет екендігі туралы түсінктері бар. |
||||||||
|
уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||
|
Басталуы 1 минут Біл, түсіну. Топқа бөліну 1 минут Топ мүшелерін тағайындау 1 минут Алдыңғы оқу 1 минут 6 минут Жаңа білім 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Балалар, бәріміз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Жарқырап күн ашылды. Айнала қар шашылды. «Қайырлы күн!» Біз нәзік қыздармыз! «Қайырлы күн!» Біз ер жүрек ұлдармыз! Топқа бөліну «Саусақ санау» арқылы ( 1,2,3) 3 (үш) топқа бөліну. Өзара топ: топ басшысы, таймкипер, хатшы, бақылаушы, баяндамашы, суретші, тәлімгер етіп, әр топтың құрамын тағайындау.
I.«Дұрыс- дұрыс емес» ойынын ойнау. 1. Жер шарын айналдыра су қабаты қоршап тұр. (дұрыс емес) 2. Жердің ауа қабаты – атмосфера деп аталады. (дұрыс) 3. Ауаны түсі, иісі болады.( (дұрыс емес) 4. Ауа қасиеттері азот, көмірқышқыл газ, оттегі. (дұрыс емес) 5. Адам ауасыз өмір сүре алады. (дұрыс емес) II. «Қызығушылықты ояту» 1. Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Сен оны көрмейсің.Бірақ ол біздің маңайымызда жүр. Міне мен есік аштым, ол кірді. Бірақ біз көрмейміз. Сені ол қоршап тұрады. Сенімен жүреді. Ол не? (ауа) 2. Бетімізді желпиікші. Не сездіңдер? -Жел сезілді. Жел емес ол не деп ойлайсыңдар? -Ауа. (Жел ауаның қозғалысы екен) -Ауа туралы біз не білеміз? (Топ бойынща алдын- ала дайындалған сұрақтар қойылады) 1.Ауаның адам, өсімдік, жануарлардың тіршілігі үшін қандай маңызы бар? 2. Ауаның ластануына не әсер етеді? 3.Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек? Ауаның қасиетерін көрсету, айту, тәжірибе жасау: Мөллір, түссір екенін; Ауаның салмағы бар екенін; Иісі жоқ екенін; Ауа судан жеңіл екенін; Пішіні жоқ, кез- келген бос кеңістікті толтырады; Сығымдалады, серпіледі; Жылуды нашар өткізетінін; Жануға септеседі; Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ауа толы айнала Мақсаты:Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу. -Балалар сіздерге конверт беремін конвертте әріптер бар. Сол әріптерді құрастырғанда бүгінгі сабағымыздың тірек сөздері шығады. Тірек сөздер: Жылу. Ыдыс.
Жылу- ауаның жылу өткізгіштін зерттейсіңдер. Ыдыс - мына ыдыстардың, заттардың барлығының ішінде ауа бар. Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін анықтайсыңдар. Оқулықпен жұмыс 1.Мәтінді оқу,танысу. |
|
|||||||
|
Ортасы Қолдану 15 минут
|
1 Ауаның қасиеттерін анықтауға арналған қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз.
Жан жағыңа қара.Не Жан-жағыңдағы заттардың байқадың? Сенің айналаңда түсі қандай? Ауаның түсі көрінеме? ауа бар.Ауаны көріп тұрсыңба? Бұл ауаның қандай екенін білдіреді? Бұл ауаның қандай екенін екенін білдіреді? Ауа Ауа
3-Тәжірибе 4- Тәжірибе Асханаға,дәрігердің бөлмесіне, Допты екі бүйрегінен қаттырақ қыс. Шаштаразға барғанда ненің иісін Не байқадың? Енді сәл қолыңды босан- сезесің? Олар бірдейме? Бұл ауаның сыт. Не байқадың? Доп өзінің бастапқы қандай қасиетін білдіреді? қалпына келдіме ? Бұл ауаның ңандай қасиетін білдіреді? Ауа Ауа
Су толтырылған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкеріп сал. Стақан бірден суға тола ма? Енді стақанды бір жағына қарай қисайт. Не байқадың? Көпіршіктер қайдан пайда болды? Стақан неліктен бірден суға толып кетпей тұр? Себебі, Дескриптор: Білім алушы:
- Тәжірибе негізінде ауаның қасиетін анықтайды; 2-топ Тапсырма
Әр түрлі пішіндегі (дөңгелек, сопақ, ирек ) шарларды үрлеп көр. Ауа неге әр түрлі пішінге ие болды? Дескриптор: Білім алушы:
- Тәжірибе негізінде ауаның қасиетін анықтайды; Себебі, (Шардың көлемі үлкейді,) -Сендер оны немен толтырдыңдар? (ауамен) -Шарды жібер салыңдар? Не болды?(шар ұшып зыр қақты, оның саңылауынан (Ауа үлкен күшпен шыға бастады) -Тәжірибелер негізінде ауаның қасиетін анықтайды. (пішіні жоқ, кез-келген бос кеңістікті толтырады.) 3-топ.Тапсырма Түрлі дереккөздерді пайдаланып берілген сұрақтарға жауап ізде.
2) Торғайлар қыста неліктен жүнін қорбитып отырады?
Дескриптор Білім алушы
- ауаның қасиеттерін анықтайды. |
|
|||||||
|
Талдау 5 минут |
1.Үйлердің терезелеріне екі қабат әйнек қойылады. Неге деп ойлайсыңдар? 2. Неліктен тон, тоқыма киім байпақ денені жылы ұстайды? 3.Қайсысы жылырақ: қалың жүннен тоқылған қолғап па, әлде бірінің сыртынан бірі киген жұқа қолғап па? 4. Тар аяқ киім кигенде неліктен аяғың тоңады? Ауаның бойынан жылу нашар өтеді. Ауа жылуды сақтайды. Деген қорытынды шығаамыз. 5. Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба? 6.-Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба? |
|
|||||||
|
Аяқта луы Жинақтау 4 минут Бағалау 1 минут |
1.«Сен маған- мен саған» ойыны. Шарты: сұрақ- жауапты ұйымдастыру , тақырыпты жинақтау. «Білгенге маржан, білмеске арзан» әр топ сұраққа толық, нақты жауап беру керек. Қорытынды. Неліктен біз таза ауасыз тіпті өмір сүре алмаймыз? Ауаны таза болуы неліктен маңызды? Ауаның қасиеттерін ата? Ауаның жылуды өткізу ерекшелігін адам қайда пайдаланады? Ауа қайд а бар? -Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе? -Ауа туралы жасаған қай зерттеу ұнады? Үйге тапсырма беру: Ауа толы айнала (оқу.) ОүБ құралдары арқылы мадақтап бағалау |
|
|||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? -Ауаның маңыздылығын анықта? |
|
||||||||
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
|
||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
М |
|
||||||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
|||||||||
шағым қалдыра аласыз
-топ







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген