Материалдар / Аялайық ананы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аялайық ананы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2024
113
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аялайық ананы» мерекелік ертеңгілік сценарий

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды  мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Барысы:

Зал  көктем  мерекесіне  орай  әдемі  безендірілген. Көңілді әуен қосылып, балалар залға қатармен кіреді. Орындарына жайғасады.

Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
                      Аналардан туған небір даналар.
                      Ана деген тіршіліктің тірегі,
                      Армысыздар,қасиетті аналар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Аналар, әжелер, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Алғашқы құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Жәния Амангелдіқызына береміз.

Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ-дей келе балаларымыздың  сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді бүгінгі көктемнің керемет мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аялап бізді өсірген,

Тентек болсақ кешірген.

Бар тәттісін жегізген,

Аман жүрші жан әжем-деген өлең жолдарымен келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің әжелеріне арнаған әндерін қабыл алыңыздар.

  1. «Бәйшешек» тобы Айкөркем мен Айзере «Жақсы көрем әжемді»

  2. «Гүлдер» тобы Гүлжайна «Әже»

1 Жүргізуші: Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар-деген өлең жолдарымен әнші қыздарымызды «Беу құрбым-ай» әнімен ортаға шақырамыз.

Ән: «Беу құрбым-ай» ( Гүлдер тобы)

2 Жүргізуші: Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы тұлға, ана-құдіретті жан. Ендеше, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар! Қыздарымыздың орындауында «Өзбек биін» тамашалаңыздар.

Би: «Өзбек биі»(Бәйшешек тобы)

Би: «Грузин биі» (Гүлдер тобы)


  1. Жүргізуші: Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Бұл жалғанда бақыт таппай өтер ем.

Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда,

Аламанда ат оздырмай кетер ем –деген өлең жолдарымен, ортаға кішкентай бүлдіршініміз, Жүсіп Диарды «Менің Қазағым» әнімен ортаға шақырамыз.

Ән: «Менің қазағым» (Бәйшешек тобы)

Жүргізуші: Гүлдер, гүлдер көктесін,

Көбелектер көп келсін.

Гүл қанатты көбелек,

Бақшамыздан кетпесін-дей келе, «Гүлдер» тобының биші көбелектерін ортаға шақырамыз.


Би: «Көбелектер биі» (Гүлдер тобы)

Жүргізуші: Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!-деген өлең жолдарымен бүлдіршіндерімізді «Калинка» биімен ортаға шақырамыз.

Би: «Калинка»

Жүргізуші: Болсын дейді балалар

Бақытты өмір, береке

Әжелер мен аналар

Құтты болсын мереке.

«Көктем вальсі»

Жүргізуші: Жүргізуші:Анаң болса қасында,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет-деген өлең жолдарымен Ақниет қызымызды «Анашым» әнімен ортаға шақырамыз.

Ән: «Анашым»

Құрметті аналар, әжелер. Біздің бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап дайындаған сыйлықтары бар екен. Табыстауға рұқсат етіңіздер.

Би: «МАМА» (Бәйшешек тобы)

Би: «Анашым» (Гүлдер тобы)


Жүргізуші: Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде,

Сенің салған сара жолды таңдағам.

Хор: «Апатайым, анашым» (екі топ)


1 Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында.

Лайым мұң қонбасың жанарыңа.

Осымен мерекемізді аяқтайық,

Гүл бітсін барлықтарыңыздың қадамыңызға- дей отырып, балапандарымыздың сіздерге дайындаған жыр-әндері мәресіне жетті.

8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Көктемнің шуақты күндеріндей жайнап жүре беріңіздер.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!