Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аялайық гүлдерді" ашық оқу іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге және ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Аялайық гүлдерді

Мақсаты: Дәстүрден тыс «Саусақтармен сурет салу» әдісімен таныстыру, қолдың ұсақ қимылдарын дамыту арқылы миды және оның бақылағыштық,талдаушылық қабілеттерін арттыру,ойлау өрісін, тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, гигиеналық нормаларды сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Дәстүрден тыс, саусақтармен сурет салу, түсіндіру, слайд көрсету, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, бөлме, дала, емдік гүлдері,үлестірмелі материалдар, акварель бояуы, салфетка

Сөздік жұмыс: саусақ, гүлдер, бастыру.

Үштілділік компонент: қызыл-красный-red, жасыл-зеленый-green.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ұрайық. Күннің нұрын шашайық, Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жылу сыйлайық, Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, педагогпен бірге қайталайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қар еріп,су көбейіп, сай салаға ағады!

Ағаш басы бүршік шашып,

Жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

-Кәне, көктем айларын атап жіберейікші. –Көктемде қандай ерекшеліктерді сезінесіңдер?


-Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?




-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Көктем мезгілі өте көңілді. Тіршілік оянып, айналамыз жасыл желекке бөленеді. ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды , жеміс ағаштары гүлдейді.Қар ерігеннен кейін, жер бетіне бәйшешек пен жауқазын гүлдері шығады.

Гүл дегеніміз- өсімдік, олар өмір сәні,табиғат көркі. Гүлдер терезенің алдына сән беріп қана қоймайды, бөлменің ауасын тазартады, адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Гүлдердің құрлысы : тамыры, сабағы, жапырағы, тостағанша күлтешелері, аталығы мен аналығы.

Гүлер өсіп тұрған жерде біз өзімізді қуанышты сезінеміз, көңіліміз көтеріңкі болады.Олардың көпеген түрлері болады, түстері де әртүрлі болады. Гүлдер үш топқа бөлінеді: дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдер.

Слайд: «Дала гүлдері» бәйшешек, қызғалдақ, раушан, бақбақ. Бұл гүлдер көктемде, жазда өседі.

«Бөлме гүлдері» қазтамақ, әйел бақыты,фиалка, лалагүл.

«Емдік гүлдер» алоэ, түймедақ, қалампыр, адырыаспан.Бұл гүлдер бөлмеде де, далада да өседі.

Олай болса, біз бүгінгі іс-әрекетімізде әдемі гүлдерді қарапайым, әрі қызықты әдіс «Саусақтармен сурет салу» әдісі арқылы салып үйренеміз.

Слайд: табиғатта өсіп тұрған гүл суреті


Педагог табиғатта өсіп тұрған гүлдің суретін салып көрсетеді.

Жұмыстың орындалу барысымен таныстыру:

1.Сұқ саусақтың ұшын бояуға батырады. Балалардың саусақтарын бояуға толық батырмауын қадағалау.

2.Қағаз бетінде кеңістікті дұрыс бағдарлай отырып, белгіленген нүктелер арқылы күлтешелерді салу.

3. Түстерді ауыстырғанда , қолды суы бар ыдысқа жуып тастап, қолды шүберекпен сүрту.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, қажет болған жағдайда, нұсқаулар көрсету.

Сергіту сәті:

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші ырғалып,

Өсе берші нұрланып.

Жұмбақ жасыру:

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. (гүл)

Үштілділік компоненті: қызыл-красный-red, жасыл-зеленый-green.

-Көктемде.





Наурыз, сәуір, мамыр.

-Қар ериді,су ағады, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады., жылы жақтан құстар келеді.

-Қалың киімдерімізді шешеміз, далаға шығып ойнаймыз,жүгіреміз, гүлдер көп өседі.


Балалар мұқият тыңдайды.











Балалар мұқият тыңдайды.









--



























Балалар гүлдің суретін салады.



Қимыл әрекеттер жасайды.



Жұмбақты шешеді.



Балалар қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Жарайсыңдар балалар! Сендер қандай гүлдермен таныстыңдыр?

-Гүлдердің түстері қандай болады?

-Жапырықтарының түсі қандай болады?

Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне барлықтарың да өте жақсы қатыстыңдар.Гүлдің суретін де өте әдемі етіп салдыңдар.

Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балалардың есімдерін атап өту. Қонақтармен қоштасып, бүгінгі оқу іс- әрекетімізді аяқтаймыз.

-Дала гүлдері, бөлме гүлдері, емдік гүлдері.

-Әртүсті, қызыл, сары, көк,т.б

-Жасыл.







Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүлдердің түрлерін, олардың аттарын;

Игереді: есте сақтау қабілетін дамытады, гүлдің суретін салуды;

Меңгереді: түстерді ажыратуды,





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
3583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12