400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аяласаң,табиғатты аяла!

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты аялап,қорғап жүру шаралары туралы жазылған мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ba046498-0862-45d7-8886-692715156e96.jpeg

«Аяласаң,табиғатты аяла!»

Табиғат – тіршіліктің тірегі,адамзаттың алтын бесігі.Ауа,су,орман,жан-жануар-барлығы бізге өмір сыйлайды.Табиғатсыз адам баласы да өмір сүре алмайды.Сондықтан оны қорғау – әрбір саналы адамның борышы.Қазіргі таңда табиғатты сақтау,оны келер ұрпаққа аман жеткізу – аса маңызды мәселе.Табиғатқа деген сүйіспеншілік бала жастан қалыптасуы тиіс.

Осы мақсатта Алматы қаласындағы №13 мектеп-гимназиясында 10-сынып оқушылары арасында табиғатты қорғауға бағытталған сенбілік ұйымдастырылды.Ала таңнан қолдарына құралдарын ұстаған оқушылар мектеп ауласын тазалап,ағаш отырғызып, гүл егіп, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосты.Олар табиғатқа қамқорлық жасауды тек сөзбен емес,нақты іспен дәлелдеді.

Аталған сенбілікте тәрбиеші ретінде мен де белсенді ат салысып, ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірдім.Алдымен оқушыларды топтарға бөліп,әрқайсысына нақты тапсырмалар жүктедім.Достарымның ынтасын арттырып, олардың әр ісіне қолдау білдіруге тырыстым.Табиғатқа жанашырлықпен қарау–жүректен шығатын шынайы әрекет екенін айтып, үлгі болуға талпындым.Шара барысында топтардың ұйымшылдығы мен белсенділігі мені ерекше қуантты.Олар бір-біріне көмектесіп, көтеріңкі көңіл күймен жұмыс істеді.Бұл – болашақтың жарқын боларына деген сенімді арттырады.Сондай-ақ бұл сенбілік оқушылардың табиғатқа көзқарасын түбегейлі өзгертіп,қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулыды. Олардың табиғатпен етене жақын болуына жол ашты.

«Аяласаң, табиғатты аяла!» – бұл біздің ортақ үндеуіміз!Табиғат бізге өмір сыйлайды, ал оны аялау – біздің ортақ міндетіміз.Қоршаған ортаны таза ұстау – тек бір күндік жұмыс емес,бұл – күнделікті әдетке айналуы тиіс ізгі әрекет.Табиғатты қорғау – жастардың қолында!Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс, әрбір қамқор көзқарас–Жер-Анамызға жасалған үлкен сый.

Сендер де табиғатты аялаңдар, достар!Қайда жүрсеңдер де қоршаған ортаға немқұрайлы қарамаңдар.Қоқысты жерге тастамаңдар,ағаштарды сындырмаңдар,суды үнемдеңдер!Табиғаттың әр сыйын бағалап,мейіріммен қараңдар.Сонда ғана қоршаған ортамыз гүлденіп,ағаштар жайқалып,бұлақтар сылдырап ағып,табиғаттың әр нысаны өзіндік сәні мен салтанатын аша түседі.Табиғатқа деген сүйіспеншілік-адамгершіліктің,тәрбиенің,рухани байлықтың көрінісі болып табылады.

Ұмытпаңдар, табиғат – бізге аманат!Оның әрбір тамшысы, әрбір тынысы – болашақ ұрпақтың еншісі.Қазірден бастап қамқорлық танытсақ, ертеңіміз нұрлы,тіршілігіміз тұғырлы болмақ.Табиғатты аялау – өз өмірімізге жанашыр болу.Олай болса, жүрегімізде мейірім, ісімізде жауапкершілік болсын!

Аружан Мәуліт

№13 мектеп-гимназиясының

10-сынып оқушысы

Алматы қаласы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі