"Аялы алақан "тренинг 4сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аялы алақан "тренинг 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушылармен өткізуге болады.Аялы алақан туралы суреттер салып өз мамандықтар туралы салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:“Аялы алақан” отбасылық клуб отырысы (слайд)
Мақсаты:
- отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
- ата - ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі - біріне жақсы қарым - қатынастарын орнату;
- қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету.
Күтілетін нәтиже:
өз ұлтының әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін қастерлейтін;
өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы;
ата - ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек»
Мағжан Жұмабаев

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір - бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым - қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

Аталар мен апалар ауыл - аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді.
Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді
сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.

Тренинг: “Бұл кім?”
Ата - аналар баласын неге теңейді, бала ата - анасын неге теңейді, соның суретін салады, түсіндіріп айтады.

Аяқталмаған сөйлем
Отбасы - бұл...
Менің ата - анам - бұл...
Менің жанұямдағы қуаныш – бұл...
Үйімнен жыраққа кетсем,...
Ата - анамның басты тілегі – бұл...

Ата - аналарға:
“Менің балаға қатысты міндеттерім:...”

Балаларға:
“Менің ата - анаға қатысты міндеттерім:...”

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан - ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.

Ырымдар мен тыйымдар
Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюі керек, себебі...
Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды, себебі...

Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады, себебі...





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2018
1756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі