Тақырыбы: Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз
Мақсаты:
• 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
• Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет,
кішіге үлгі бола білуге үйрету.
• Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына
тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға
тәрбиелеу.
Би:
«Қазағым-ай»
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті
аналар!
2-
жүргізуші: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер
күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты тәрбие
сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1-
жүргізуші:
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
2-
жүргізуші:
Ана есімін ауызға алмайтын
адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.
Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана
хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл
сөздерін қалдыруы да
сондықтан.
Ән: «Анаға сәлем» әні.
(хор)
1- жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман
әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін
халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ». Бүгінгі айтылатын ақ
тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын әніміз де сіздерге
арналмақ.
2-
жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке
күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күнімен, - деп оқушылардың ақ тілегін қабыл
алыңыздар.
Сая:
Ең күшті нәрсе не? –
десе,
- Әйелдің әмірі! – дер
едім.
Әйелдердің
барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер
едім.
Өз басым әйелді осылай деп
бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін -
әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір
сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры -
әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел
махаббаты.
1-жүргізуші:
Керемет айттың, Сая! Ананың
қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін әдемі жыр жолдарын тыңдап
алайық:
Мақсат:
Туғаннан құлыным деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұлда сайрамаған.
Торғын:
Ана - ол біздің елде ардақты
адам,
Кіші де, үлкенде ардақтаған.
Өзінің аяулысы - Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Нұрислам:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
Гүлназ:
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді
жалғадым.
Өзің мына сыйға берген
өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту
арманым.
Барша ана, құтты болсын
мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен
берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл
анам,
Сонда біз кісілікке
теңесеміз!
Молдияр:
Біз ғана
емес,
Қадір тұтқан
бабалар
Ана деген – тіршіліктің
тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті
Аналар!
Абдулла:
Адам бар ма ана сүтін
татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды
атанған.
Адалдықты, ар-намысты
сақтаған,
Мен анамның сонысына
мақтанам!
Әлішер:
Ана
деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Әли:
Сізге арналады бүгінгі ұлы
ісіміз.
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.
Тәриелі ұл - қыздарды өсірген,
Ұлы Ұстаз - ана мына отырған өзіңіз.
2-жүргізуші:
Біздің шағын көрінісімізді
қабыл алыңыздар!
Көрініс:
Мұғалім: (ұстаз сыныпқа кіреді)
Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңдар.
Ал, балалар аналар мейрамы қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір
шығарма жазуға тапсырма берілген. Кім өз шығармасын оқығысы
келеді?
Қыз: Мен оқиыншы.
Мұғалім: Оқи ғой.
Қыз: «Ананың қолдары... Анам қолдарының бірімен май
шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен
әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен тамақ пісіреді. Келесі
қолымен менің шашымды өреді. Келесі
қолымен...»
Мұғалім: (күледі). Сонда қалай, қызым. Келесімен,
келесімен... сенің анаң қырықаяқ па? Соншама қол адамда бола ма?
Бұл бос сөз бе?
Қыз: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі
қолы әкем үшін... және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз
он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол
болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз.
Тура жиырма алты қол болады. Ананың тура жиырма қолдары бар,
құрметті ұстаз.
Мұғалім: Жазғандарыңның бәрі дұрыс,
қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың
қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген
оындай жан.
1-
жүргізуші:
Ананың қоғам өміріндегі алатын
орны үлкен.
Ана – перзент тәрбиелеуші,
Ана – қызметкер,
Ана – ғалым,
Ана – ғарышкер,
Ана – зейнеткер.
Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады,
сағынады. Аналардың құрметіне ән қабыл
алыңыздар.
Ән: «Құттықтаймын мама -
туған күніңмен!» хор
2-
жүргізуші:
Міне, ана деген сөздің өзі
ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан,
сезбейтін сезім болуға мүмкін емес. Құрметті аналар оқушылардың
жүрек жарды өлеңдерін қабыл алыңыздар.
Талха:
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
Мерей:
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Шапағат:
Ана – жұмақ, мен – шуақ,
саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ
санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық
тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ
жағадағы.
Жансая:
О, аналар осындайсың бәрің
де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің
де,
Сыйынатын осы өмірде
құдірет,
Сыйынар ем ана деген
тәңірге...
1-
жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып, мерекелік кешімізді
аяқтаймыз.
Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты
болсын!