Аяулы
ана.
Расул:Қош, келдіңіздер! Аяулы
аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп
жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Жанна: Саусағы сары ала
жүзікті,
Әрдайым
жайдары,
Жаз
өнді,
Көп ертек білетін
қызықты
Көрсеңдер аяулы
әжемді!.
Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Осынау көркем мерекесін қай
кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен
құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай «Аяулы ана»
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар деп
әжелерімізге біздің әніміз:
Ән: «Әжетайым»
Расул:Тоқыпты әжем
алаша,
Бояуы қынық
тамаша.
Көктемгі
кемпірқосақты
Әжеміз жерге
жасапты.
Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Аяна:Әжем менің жан
әжем,
Ақыл білім
үйреткен.
Аппақ әжем жан
әжем,
Тербететін
мейіріммен.
Аман болсын ақ
әжем,
Жүзге жетсін
жасыңыз
Ағармасын
шашыңыз.
Зере:Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам
кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем? Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.
Ауез:
Әжем менің, ақ
әжем
Ақылын беріп
үйреткен.
Мейірімен
тәрбиелеп
Өнегесін үлгі
еткен.
Ертегі айтып,
ұйықтатып,
Ән жырымен
тербеткен
Талаптанам әр кез
мен
Қолғанат боп
әжеме.
Қуат берер
дәріміз
Жақсылыққа
үйретіп,
Жамандықтан
шектейтін,
Жақсы көрем
әжемді.
Аделина:
Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып
береді,
Маған да сол керегі.
Азалия:Әжемді жақсы
көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Сафия:Әже, әже,
жатпашы,
Ауыр ойға
батпашы.
Болайын мен
дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!»
-
Дәрі жасап
берейін,
Бәрін жасап
берейін.
Ауыртпаймын
әжемді,
Ауырмайсың, әже,
енді.
Әлмансур:Мені жақсы
көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып береді. Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын, Айтқан сөзді тыңдаймын. Апашымды
сыйлаймын.
Жанна: Мың бұралып би билеп, Ән де салып береміз. Осылайша шаттықпен, Біздер өсіп келеміз. Би: «Барби»
(Әуенмен Көктем кіреді)
Көктем: Сәлеметсіңдер ме ,
балалар!
Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып құлпырып
кеткенсіңдер!
Жанна: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем: Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.
Көктем: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл кейіне бастайды.
Көктем: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын
кім айтып береді?
(наурыз, ақпан, мамыр)
Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?
Балалар: Көктем айында табиғат оянады.
Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер.
Расул : Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті біздің топтың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар
Ән « Мамау»
Жанна: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
балаларымыздың көктем ханшайымына арналған тақпақтарына кезек берсек.
Али:
Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған
жайнаған.
Шашыраған
сәулесімен,
Жасыл көктем
сайраған.
Көктем келді
құлпырып,
Арықтардан су
ақты.
Мал төлдеді
мыңғырып,
Бәйшешектер гүл
ашты.
Жан – жануар
оянып,
Бақта бұлбұл
сайрайды.
Жасылға талдар
боянып,
Егінші кетпен
сайлады.
Назар:
Көктем күні
әдемі,
Жерде гүлдер
өскенде.
Көктем күні
әдемі,
Жерде шөптер
өскенде.
Көктем күні
шуақты,
Гүлдер, шөптер
қуатты.
Ешкі, төлдер
туады,
Барлық бала
қуанды.
Акежан:
Ана
тілегі
Балапандай
сәбидің,
Қанаты әсте
талмасын.
Арманы ол әр
үйдің,
Биіктерге
самғасын!
Жол ашыңдар
сәбиге,
Болашағын
қорғаңдар.
Өсе берсін әр
үйде
Бүлдіршіндер –
армандар!
Расул: Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Би : «Кавбой»
Расул: Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай
Тақпақтар:
Аяла:Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз
Алим: Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.
Ақбөкен: Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі
әлемді сыйдырған. ... Айлин:
Мәңгі жарық күн сыйлаған
маған
Бір адам бар ол өзіңсің
ана
Мейірімге бір өзіңнен
қанам
Жылуды да жүрегіңнен
алам
Ардақты ана, аяулы
мама
Асанали:
Сен қуансаң мен бірге
қуанам
Саған ғана сенемін,
жұбанам
Аспандағы ай - күнімсің
маған
Баға жетпес байлығымсың
ана
Ардақты анам, аяулы
мама
Нурислам:
Анам маған: - Үлкенді сыйла, -
деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған
ерен.
Үлкендерден ауысқан
кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға
берем.
Атамнан қалған мұра –
ізеттілік,
Арымды соған қойған
күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым
ғой,
Маңдайынан жүргені жүз
өптіріп.
Жанна: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би: «90 жылғылар»
Расул:
Қыздарымыз сүйкімді болсын
деп,
Өнер –білімге икемді болсын
деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын
деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын
деп,
«Қыздар ,қыздар сұлу
қыздар» атты ұлдарымыздың әнін
тамашалаңыздар.
Жанна: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Тақпақтар:
Адия:
Анам менің – аялаған ақ
гүлім
Анам менің – бақытым мен
шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын
арнаған
Неге ғана естімеген тәтті
үнін
Анам менің – өмірдегі
тірегім
Анам менің – кеудемдегі
жүрегім
Егер менің қасымда сен
болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана
жүремін.
Жәңгір:
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі
өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын
бақ.
Ана деген - асыл жандар
болаттай
Ана деген - мөлдір жандар
бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды
тонатпай.
Жанель:
Суық күнде тоңбады ма
деп
Әлде жолы болмады ма
деп
Жалғызсырап қалмады ма
деп
Мені ойлап қам жемеші
мама
Саған тартқан менің
күлгенім
Сенің арқаң шалқып
жүргенім
Қасыңдамын, әркез
біргемін
Мені ойлап қам жемеші
мама
Мені ойлап қам жемеші
ана
Мансур:
Ей адамзат ойы толып
ержеткен
Ананды умытпа бесигинди
тербеткен
Ана деген аяулы да асыл
жангой
Конил жокта конилинди
сергеткен
Издеп корсем бир анамдай
адамды
Андап бастым арбир баскан
кадамды
Дала кезип издесем таба
алмадым
Бир анамдай бауырмал асыл
жанды
Әміре:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан
анам,
Бар шуағын баласына
арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып
өмірде
Сенің салған сара жолды
жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар
түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен
көгімді.
Бір Алладан саулығыңды
тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап
күнімді.
Қымбат жансың, мен үшін ең
асылсың!
Аллам сенен жамандықты
қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып
бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы
асырсын!
Ержүрек:
Тілегімнің бастауы да бір
өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр
жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр
сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр
күзім.
Бақытымсың, жаным анам, жан
анам,
Мен өзiңдi періштеге
балағам.
Ауырмашы, қартаймашы
ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез
қалаған.
Өзіңсің ғой өмірімнің
тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой
керегі.
Бақытты бол, ауырма деп
тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай
жүрегі!
Жанна:
Қадірлі аналар
көңілі
Көктемдей жайнап гүл
ашсын
Бақытқа толып
өмірі
Шаттыққа шаттық
ұлассын
Би: «Париж»
Расул: Бізді өсірген
апатай
Еңбегіңіз зор
екен
Құтты болсын
апатай
Құтты болсын
мерекең.
Жанна: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Ән:
«Мама»
Расул: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты
болсын!
Жанна: Ана деген асыл
жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар
бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл ойды
талатпай
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз
мерекесімен құттықтаймыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Аяулы ана"
"Аяулы ана"
Аяулы
ана.
Расул:Қош, келдіңіздер! Аяулы
аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер
мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп
жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Жанна: Саусағы сары ала
жүзікті,
Әрдайым
жайдары,
Жаз
өнді,
Көп ертек білетін
қызықты
Көрсеңдер аяулы
әжемді!.
Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Осынау көркем мерекесін қай
кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен
құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр
отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай «Аяулы ана»
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар деп
әжелерімізге біздің әніміз:
Ән: «Әжетайым»
Расул:Тоқыпты әжем
алаша,
Бояуы қынық
тамаша.
Көктемгі
кемпірқосақты
Әжеміз жерге
жасапты.
Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Аяна:Әжем менің жан
әжем,
Ақыл білім
үйреткен.
Аппақ әжем жан
әжем,
Тербететін
мейіріммен.
Аман болсын ақ
әжем,
Жүзге жетсін
жасыңыз
Ағармасын
шашыңыз.
Зере:Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам
кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем? Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.
Ауез:
Әжем менің, ақ
әжем
Ақылын беріп
үйреткен.
Мейірімен
тәрбиелеп
Өнегесін үлгі
еткен.
Ертегі айтып,
ұйықтатып,
Ән жырымен
тербеткен
Талаптанам әр кез
мен
Қолғанат боп
әжеме.
Қуат берер
дәріміз
Жақсылыққа
үйретіп,
Жамандықтан
шектейтін,
Жақсы көрем
әжемді.
Аделина:
Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып
береді,
Маған да сол керегі.
Азалия:Әжемді жақсы
көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Сафия:Әже, әже,
жатпашы,
Ауыр ойға
батпашы.
Болайын мен
дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!»
-
Дәрі жасап
берейін,
Бәрін жасап
берейін.
Ауыртпаймын
әжемді,
Ауырмайсың, әже,
енді.
Әлмансур:Мені жақсы
көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып береді. Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын, Айтқан сөзді тыңдаймын. Апашымды
сыйлаймын.
Жанна: Мың бұралып би билеп, Ән де салып береміз. Осылайша шаттықпен, Біздер өсіп келеміз. Би: «Барби»
(Әуенмен Көктем кіреді)
Көктем: Сәлеметсіңдер ме ,
балалар!
Міне келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып құлпырып
кеткенсіңдер!
Жанна: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем: Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.
Көктем: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл кейіне бастайды.
Көктем: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын
кім айтып береді?
(наурыз, ақпан, мамыр)
Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?
Балалар: Көктем айында табиғат оянады.
Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер.
Расул : Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой сала
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті біздің топтың орындау ында бір жақсы өлең тыңдаңдар
Ән « Мамау»
Жанна: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
балаларымыздың көктем ханшайымына арналған тақпақтарына кезек берсек.
Али:
Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған
жайнаған.
Шашыраған
сәулесімен,
Жасыл көктем
сайраған.
Көктем келді
құлпырып,
Арықтардан су
ақты.
Мал төлдеді
мыңғырып,
Бәйшешектер гүл
ашты.
Жан – жануар
оянып,
Бақта бұлбұл
сайрайды.
Жасылға талдар
боянып,
Егінші кетпен
сайлады.
Назар:
Көктем күні
әдемі,
Жерде гүлдер
өскенде.
Көктем күні
әдемі,
Жерде шөптер
өскенде.
Көктем күні
шуақты,
Гүлдер, шөптер
қуатты.
Ешкі, төлдер
туады,
Барлық бала
қуанды.
Акежан:
Ана
тілегі
Балапандай
сәбидің,
Қанаты әсте
талмасын.
Арманы ол әр
үйдің,
Биіктерге
самғасын!
Жол ашыңдар
сәбиге,
Болашағын
қорғаңдар.
Өсе берсін әр
үйде
Бүлдіршіндер –
армандар!
Расул: Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Би : «Кавбой»
Расул: Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай
Тақпақтар:
Аяла:Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз
Алим: Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.
Ақбөкен: Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі
әлемді сыйдырған. ... Айлин:
Мәңгі жарық күн сыйлаған
маған
Бір адам бар ол өзіңсің
ана
Мейірімге бір өзіңнен
қанам
Жылуды да жүрегіңнен
алам
Ардақты ана, аяулы
мама
Асанали:
Сен қуансаң мен бірге
қуанам
Саған ғана сенемін,
жұбанам
Аспандағы ай - күнімсің
маған
Баға жетпес байлығымсың
ана
Ардақты анам, аяулы
мама
Нурислам:
Анам маған: - Үлкенді сыйла, -
деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған
ерен.
Үлкендерден ауысқан
кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға
берем.
Атамнан қалған мұра –
ізеттілік,
Арымды соған қойған
күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым
ғой,
Маңдайынан жүргені жүз
өптіріп.
Жанна: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би: «90 жылғылар»
Расул:
Қыздарымыз сүйкімді болсын
деп,
Өнер –білімге икемді болсын
деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын
деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын
деп,
«Қыздар ,қыздар сұлу
қыздар» атты ұлдарымыздың әнін
тамашалаңыздар.
Жанна: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Тақпақтар:
Адия:
Анам менің – аялаған ақ
гүлім
Анам менің – бақытым мен
шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын
арнаған
Неге ғана естімеген тәтті
үнін
Анам менің – өмірдегі
тірегім
Анам менің – кеудемдегі
жүрегім
Егер менің қасымда сен
болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана
жүремін.
Жәңгір:
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі
өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын
бақ.
Ана деген - асыл жандар
болаттай
Ана деген - мөлдір жандар
бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды
тонатпай.
Жанель:
Суық күнде тоңбады ма
деп
Әлде жолы болмады ма
деп
Жалғызсырап қалмады ма
деп
Мені ойлап қам жемеші
мама
Саған тартқан менің
күлгенім
Сенің арқаң шалқып
жүргенім
Қасыңдамын, әркез
біргемін
Мені ойлап қам жемеші
мама
Мені ойлап қам жемеші
ана
Мансур:
Ей адамзат ойы толып
ержеткен
Ананды умытпа бесигинди
тербеткен
Ана деген аяулы да асыл
жангой
Конил жокта конилинди
сергеткен
Издеп корсем бир анамдай
адамды
Андап бастым арбир баскан
кадамды
Дала кезип издесем таба
алмадым
Бир анамдай бауырмал асыл
жанды
Әміре:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан
анам,
Бар шуағын баласына
арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып
өмірде
Сенің салған сара жолды
жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар
түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен
көгімді.
Бір Алладан саулығыңды
тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап
күнімді.
Қымбат жансың, мен үшін ең
асылсың!
Аллам сенен жамандықты
қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып
бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы
асырсын!
Ержүрек:
Тілегімнің бастауы да бір
өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр
жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр
сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр
күзім.
Бақытымсың, жаным анам, жан
анам,
Мен өзiңдi періштеге
балағам.
Ауырмашы, қартаймашы
ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез
қалаған.
Өзіңсің ғой өмірімнің
тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой
керегі.
Бақытты бол, ауырма деп
тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай
жүрегі!
Жанна:
Қадірлі аналар
көңілі
Көктемдей жайнап гүл
ашсын
Бақытқа толып
өмірі
Шаттыққа шаттық
ұлассын
Би: «Париж»
Расул: Бізді өсірген
апатай
Еңбегіңіз зор
екен
Құтты болсын
апатай
Құтты болсын
мерекең.
Жанна: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Ән:
«Мама»
Расул: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты
болсын!
Жанна: Ана деген асыл
жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар
бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл
ананы
Жат қылыққа ақыл ойды
талатпай
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз
мерекесімен құттықтаймыз!
шағым қалдыра аласыз













