«Аяулы
Анам қымбаттым»
Мақсаты:
Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп
жүрген азаматшаларға құрмет көрсету,
еңбектерін елеп – ескеру,
мадақтау.
Адамгершілік
сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы
әйел – ананың рөлін айқындай түсу
бағытында қыз балаларға рухани тәрбие
беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын
ұғындыру, білімге және өнерге
ынталандыру.
Безендірілуі:
гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, интерактивті
тақта.(Сахна сыртынан «Қыздар, қыздар,
сұлу қыздар» әні етіліп тұрады. Музыка
бәсеңдеп, ортаға жүргізушілер шығады.
Видео
оқушылардың аналарына тілектері
1
– жүргізуші:
Армысыздар, мектебімнің асылдары,
Жайнаған
көңілдердің жасы бағы.
Сіздер
үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер
үшін мереке шашулары!
2
– жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты арулар!
Эпостағы
Қыз Жібек пен Баян, аңыз аналар Айша
бибі мен Абақ, Абайды туған Ұлжан, ел
билеген Айғаным аналардың сіңілелері,
ардақты арулар!
Өздеріңізге
арналған салтанатты жиынды ашық деп
жариялауға рұқсат етіңіздер!
1
нөмер
Сармолда Раббия «Ана» мәнерлеп оқу
1
– жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса
төгілген қос бұрымымен.
Бұл
күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз
сұлу көрінеді білімімен.
Қыз
сұлу көрінеді шашыменен,
Ай
қабақ қиған қара қасыменен.
Қыз
сұлу көрінеді толған айдай.
Он
бес пен он сегізде жасыменен.
2
– жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп
сөз маржанын тергенімен.
Майысып
бұратылып, майда басып.
Жаныңа
наз қылықпен келгенімен
Дарытқан
бар асылды өз елінен,
Қыз
сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады
мектебімнің арулары,
Өткендей
сұлулықтың елегінен.
Ойын
аналар мен балалар
1
– жүргізуші:
Қымбатты арулар! Өздеріңізге арналған
мереке күннің көктемнің алғашқы шуақты
күндерімен дөп келуі қандай тамаша!
2
– жүргізуші:
Аналар мерекесі кезінде табиғат жадырап,
күн күліп, дархан даламыздың барлық
өңірі жылылыққа бөленеді!
Ұлдарымыздың
керемет әзілдерін тамашалайық
2
- жүргізуші:
«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші
қолымен әлемді тербетеді!»
Құрметті
арулар, асыл жандар! Өздеріңізге арнап
жыр жазбаған ақын, ән арнамаған сазгер
бар ма?
1
– жүргізуші:
Қылқалам шеберлері нәзік жандардың хас
сұлулығын шығармашылығына арқау етіп,
бүкіл әлемге сұлулықты паш етеді!
Мың
бұралған бишілерімізді қарсы алайық
2
- жүргізуші:
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр
алған,
Бүкіл
әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде
егер ана болмаса осылайша,
Туар
ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?!
– деп ақын ағамыз жырлағандай, мақтасақ
бүгін барлығын және білетін, тіршіліктің
бұлағы әйел – ананы мақтайық!
«Ерке
сылқым»
Жангалиева Сымбат Елғон Айзере 6 г сынып
оқушылары
Хор
«Ана»
7 сынып
1
– жүргізуші: Құрметті аналар,
арулар!
Осымен өздеріңізге арналған салтанатты
жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді
мерекелеріңізбен тағы да құттықтай
отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік,
еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге
саулық тілейміз!