«Балапан» тобының Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігі. Тәрбиеші: Отарбаева А.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,қызғалдақ қыздар,құрметті әріптестер. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып
«8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі» де келіп жетті.Осынау көктем
мерекесінің қай кезде де орны бөлек.Өйткені аналар ыстық сезім, алғыс пен
құрмет ешқашан сөнбек емес.Себебі,ана өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Олай болса,бүгінгі аналарға арналған «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің «Аяулы анашым» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: Анашым-анажаным
Жүргізуші: Балалар қар еріп,құстар ән салып,алғашқы гүлдер шығуда.Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем.Олай болса,мерекеге көктемді шақырайық.
Музыкамен залға (көктем) кіреді.
Көктем: Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін.
Құшағым гүлге толсын деп,
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші: Ару көктем, қош келдің,төрге шық.Сенің көктемгң жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенеледі.Кең байтақ даламыз гүлге бөленеді.Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем: Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман тоғай, бақтарда,
Құстар сайрай жөнеледі.
Өйткені мен көктеммін,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.Денсаулық,қуаныш сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді» демекші,балаларымыздың аналарға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Алдияр: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Ақмаржан: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Аян: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көктем: Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін.
Сол гүлдерді өсіріп,
Аялаумен келемін.
Кең даламды хош иісімен,сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім,аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік!
Би: «Гүлдер биі»
Жүргізуші: Балалар туған күнде,мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар қояды.
Дұрыс айтасыңдар,кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді.
Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді.Залға «Кәмпит-ханшайым»кіреді.
Кәмпит ханшайым: Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін.
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
Сәлеметсіздер ме балалар,мені таныдыңыздар ма?
Мен кәмпит
ханшайыммын. Балалар сендер маған тақпақ айтып
беріңдерші.
Әмина: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Нұрәділ: Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Айнар: Мен анамды сүйемінғ
Құшағына енемін.
Жансерік: Боташым-дер саған,
Кім сүйікті адам,
Ол-менің анам.
Айша: Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең!
Ясмина: Анам менің күнім дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Айша: Анам менің «Айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Кәмпит-ханшайым: Қараңдаршы балалар,мына жерде кәмпиттер көп
екен.Тәтті десе-
тәтті екен.Қане,балалар өнерімізді көрсетейік,ойын
ойнайықшы.
Ойын: «Кәмпит тасу»
Кәмпит-ханшайым: Балалар сендер менің тапсырмамды орындап
шықтыңдар.Өздерің
тәртіпті екенсіңдер,мен сендерге ризамын.Сендерге
әкелген
кәмпиттерім бар,соны сыйға бергім кеп тұр.
Мен сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада
мерекелер
болып жатыр,соған барайын.(Қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар,
Өнерлі ғой баршасы.
Міне осындай қойылым,
Көрсетті «Балдырған» бақшасы.
Құрметті аналар,әріптестер:Сіздерді «Балапан» тобының бүлдіршіндер атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналарымыз,ардақты әжелеріміз,сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Аяулы анашым"
"Аяулы анашым"
«Балапан» тобының Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігі. Тәрбиеші: Отарбаева А.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,қызғалдақ қыздар,құрметті әріптестер. Көңілдеріңізге көктем шуағындай, сезім мен нұр құйып
«8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі» де келіп жетті.Осынау көктем
мерекесінің қай кезде де орны бөлек.Өйткені аналар ыстық сезім, алғыс пен
құрмет ешқашан сөнбек емес.Себебі,ана өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Олай болса,бүгінгі аналарға арналған «Балапан» тобының бүлдіршіндерінің «Аяулы анашым» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән: Анашым-анажаным
Жүргізуші: Балалар қар еріп,құстар ән салып,алғашқы гүлдер шығуда.Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем.Олай болса,мерекеге көктемді шақырайық.
Музыкамен залға (көктем) кіреді.
Көктем: Мен көңілді көктеммін,
Былтырда келіп кеткенмін.
Құшағым гүлге толсын деп,
Нөсерімді төгемін.
Жүргізуші: Ару көктем, қош келдің,төрге шық.Сенің көктемгң жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенеледі.Кең байтақ даламыз гүлге бөленеді.Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем: Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман тоғай, бақтарда,
Құстар сайрай жөнеледі.
Өйткені мен көктеммін,
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.Денсаулық,қуаныш сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді» демекші,балаларымыздың аналарға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Алдияр: Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Ақмаржан: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Аян: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көктем: Гүлдердің сан алуан,
Түрлерін мен білемін.
Сол гүлдерді өсіріп,
Аялаумен келемін.
Кең даламды хош иісімен,сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім,аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік!
Би: «Гүлдер биі»
Жүргізуші: Балалар туған күнде,мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар қояды.
Дұрыс айтасыңдар,кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді.
Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді.Залға «Кәмпит-ханшайым»кіреді.
Кәмпит ханшайым: Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін.
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
Сәлеметсіздер ме балалар,мені таныдыңыздар ма?
Мен кәмпит
ханшайыммын. Балалар сендер маған тақпақ айтып
беріңдерші.
Әмина: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Нұрәділ: Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Айнар: Мен анамды сүйемінғ
Құшағына енемін.
Жансерік: Боташым-дер саған,
Кім сүйікті адам,
Ол-менің анам.
Айша: Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең!
Ясмина: Анам менің күнім дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Айша: Анам менің «Айым» дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Кәмпит-ханшайым: Қараңдаршы балалар,мына жерде кәмпиттер көп
екен.Тәтті десе-
тәтті екен.Қане,балалар өнерімізді көрсетейік,ойын
ойнайықшы.
Ойын: «Кәмпит тасу»
Кәмпит-ханшайым: Балалар сендер менің тапсырмамды орындап
шықтыңдар.Өздерің
тәртіпті екенсіңдер,мен сендерге ризамын.Сендерге
әкелген
кәмпиттерім бар,соны сыйға бергім кеп тұр.
Мен сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада
мерекелер
болып жатыр,соған барайын.(Қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар,
Өнерлі ғой баршасы.
Міне осындай қойылым,
Көрсетті «Балдырған» бақшасы.
Құрметті аналар,әріптестер:Сіздерді «Балапан» тобының бүлдіршіндер атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналарымыз,ардақты әжелеріміз,сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын.
шағым қалдыра аласыз













