Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аяулы анашым ертеңгілі "Мектепалды даярлық тобы"8наурызға арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Аяулы анашым ертеңгілі "Мектепалды даярлық тобы"8наурызға арналған сценарий Аналар мерекесіне арналған тақпақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы анашым»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер ,қызғалдақ қыздар! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! «Әліппе» тобының бүгінгі 8 наурыз аналар мерекесіне дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.Сіздердің құрмет қошеметпен ортаға шақырамыз.

Балалардың кіруі:

Аналарға арналған құттықтау сөз.Әбілқайыр,Муслим.

Муслим:Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
Әбілқайыр:Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Құрметті аналар ,ақ жаулықты әжелер ,қызғалдақ қыздар сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Ән: «Менің әжем»

Жүргізуші : Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтаймыз.Келесі кезекті ортаға әжелерімге арналған жылы лебіздерге береміз.

Асия:Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.

Айсезім:Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.

Нұрлыхан:Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті әже ,аналар.

Би:

Жүргізуші:Аналарымызға арналған жылы лебіздерді ортаға шақырамыз.

Каусар:Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам

Ансар:Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.

Алима:Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Димаш:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.

Ануар:Менің анам ардақты

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын

Мәпелейді анашым


Ағылшынша ән:

Көрініс:Әжелер
Ойын:

Би:

Жүргізуші:Көктем мерекесіне арналған жылы лебіздерге кезек береміз.

Раяна:Бақшаларға гүл егіп

Жемістерді тереміз

Дала жасыл түске еніп

Көктем мезгілі келіпті

Жүсіпхан:Күн шуағын шашады

Жауын да жауып алады

Көктем келіп жеткенде

Ағаштар бүршік жарады

Б.София:Көктем болды алақай

Қуанар барлық балақай

Көктемде жаңбыр болады

Бақшаға гүлдер толады

Айсұлтан:Көктем келді күн шығып

Айлар ,күндер тұр күліп

Тура анам секілді

Мейірімді боп тұр күліп

Жүргізуші:Аналарымызға арналған жылы лебіздерді ортаға шақырамыз.

.Айша:Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Қанағат:Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Мариям:Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған

Хақназар:Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.

Ойын:

Би:

Жүргізуші:Бүгінгі мерекеге топтың қыздарына арнаған әндеріне кезек береміз.

Ұлдар әні: «Аспанға қараймын»

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды» Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2022
1853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12