Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аяулы менің анашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған 8-наурызға байланысты тапсырмалар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аяулы менің анашым»

Мақсаты:Балалардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге , оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Көрнекіліетер: гүлдер, шарлар, даналық сөздер, слайд.

Жүргізуші: Армысыздар , құрметті қонақтар, аяулы аналар, ұстаздар, ару қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Асыл аналар! Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.


Қаусытып қар боранды

Көктем қайтып оралды

Таулар тастап ақ тонын

Көк торғынға оранды.

Құрметті қонақтар «Аяулы менің анашым» атты ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер.







  1. Ақ анашым, аппағым,
    Өзің жайлы тақпағым
    Өзің жайлы әнім де,
    Арнадым саған бәрін де .Сүйікті аналар сіздерге деген балаларыңыздың лебізін қарсы алыңыздар.



Ән «Ақ мамам»

2. Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекте қыздарымыздың орындауындағы «Қуыршақ» биін тамашалаңыздар.



3. Жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.



Ортада ұлдарымыздың «Анашым» биі. Шармен би (аналарға сыйлық)



4.Тақпақтар (ұлдар)

Ерназ

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Нұрдос

Айналайын, анашым,

Көкте нұр боп жанасың.

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың.

Айбар

Анам менің асыл жан,

Құшағынан нұр шашылған.

Күн секілді күледі,

Сипап ылғи басымнан.

Елдар

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Медет

Бақытты гой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар!

Нұрәлі

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» - дейтін.



Жандәулет

Әже деген көп шығар,

Әже дейі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай әсем күлкісі

Мұхамедали

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым



Ақнұр

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт,ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Нұртас

Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгінгі сенің мерекең!

Мансұр

Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің аналар!

Алихан

Ана-біздің гүліміз,

Ана-біздің күніміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!





Ибраһим

Менің анам тамаша,

Еркелеткен иіскеп.

Мен өскенде анама,

Берем әсем үй істеп!

Данияр

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайта мені көргенше,

Шын сағынып қаласың!

5. Жүргізуші:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Би маржанын шашайық. «Үнді» биі(Айнара, Айша, Айару К)





6.Ән «Кап-кап,тук-тук-тук»

7.Тақпақтар: (қыздар)

Жанель

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Тамила

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын жадыраған

Қуанышты берекең.

Айару Қ

Анам мені: «Айым» - дейді,

Мен мұңайсам, уайым жейді.

Анам мені: «Күнім» - дейді,

Мен қуансам, күлімдейді



Ақлебіз

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.



Шұғыла

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені, өйткені,

Өте жақсы көреді.



Айару К

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.



Әмина

Қайырымды, қасиетті

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті,

Баға жетпес ақ әжем



Алина

Мама, мамочка родная

Я тебя люблю

В этот день я поздравляю

Мамочку свою.



Ясмина

Өмірдің қызығы

Өзіңсіз өтпейді,

Мен үшін анама,

Ешкім де жетпейді.

Еңлік

Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да

Тек анаңа жақынсың.

Айнара

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам.

Құшағыңда қысылмай.

Інжу

Жүре берсем қасыңда,

Әйбат,анам,ай анам.

«Ботам»деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Айша

Анам менің, ақ анам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әрдайым,

Қуанамын, шаттанам!

8. Жүргізуші : балалар, біз барлығымыз анашымызды жақсы көреміз, ал әжемізді жақсы көреміз бе?

Иә, әжелерімізді аналарымызда да қатты жақсы көреміз!

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып біздің балалалардың әжелеріне арнап дайындаған сахналық көрінісін тамашалаңыздар!

Көрініс «Әжесі мен немересі» (Әмина,Айнара)

Немересімен әжесі

Әжесі ұршық иіріп отырады. Немересі жанында ойнап жүреді. Әжесі немересін еркелетіп:

-жүрегім менің кім?

-Мен, әже!

- тірегім менің кім?

- мен, әже!

-Жаным менің кім?

- мен, әже

-Ботақаным, құлыншағым недеген тәтті баласың. Ой, қарғамау, менің!

-жоқ, әже, мен қарға емеспін!

Қарға қарқ,қарқ етеді

Алысқа ұшып кетеді

Ал мен, жан әжем!

Қасыңда болам әрдайым

Тірегің, жүрегің болам!

Құрметті аналар және әжелер балаларыңыздың сіздерге арнайы дайындаған сыйлығын қабыл алыңыздар.(Балалар сыйлықтарын таратады.)

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыздың ,кішкентай сұлу аруларымызға арнаған силықтары бар екен.

Қыздарға ұлдардың сыйлығы

Ойын: «Аялы алақан»

Шарты: аналар бір қатарға тізіліп отырады. Балалар байлаулы көздерімен өздерінің аналарының қолдарынан ұстап танулары тиіс. Кім өз анасын тез тапса сол жеіңске жетеді.

9.Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баламыз бар.

Ән «Ақ әжем»

Жүргізуші :

Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға

Дей отыра бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар, апалар, мейрамдарыңыз құтты болсын!



Сөз кезегі мектеп директоры Тлеукенов Оралхан Рахымжанұлына және де бастауыш сынып оқу-ісінің меңгерушісі Капашева Айнұр Қабидолдақызына беріледі.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап, 
Ана деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
-деп тобымыздағы аналарға құттықтау сөз кезегін бергіміз келеді.

































































«№ 45 бейімделген орта мектеп» КММ



Shape1

«Аяулы менің анашым»















Тәрбиеші: Раисова А.Ж.



Өскемен 2018 ж

























































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
563
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12