_______________________________________________________________________
«Аяулы менің
ұстазым»
Ұстаздарға арналған
мерекелік іс-шараның сценарийі
Мақсаты: ұстаздарды кәсіби мерекесімен
құттықтау, мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Өтетін
орны: АКТ
зал
Өтетін
күні:
Өтетін
уақыты: 12.00
Жауапты:
Жүргізушілер:
Іс-шараның
барысы
Ән: «Молдабайдың
әні»
Құттықтау
видеоролигі
(1994 жылғы түлектердің
әңгімесі)
-
Жүргізуші: Менің балалығымның айнасы - ол
мектеп...
-
Жүргізуші: Ия, менің де мектеп кезіндегі
қызықты жылдарым естен кетпестей болған.
-
Жүргізуші: Осы сен қайсы мектепте
оқыдың?
-
Жүргізуші: Мен,
************оқыдым
-
Жүргізуші: Мәәәәә, сонда оқыдың ба?
Қаладағы ең мықты мектеп қой.
-
Жүргізуші: Иә, мен сол мектепте оқығаныма
қуанамын. Өз мектебіммен және ұлағатты ұстаздарыммен мақтанамын,
оларды қатты жақсы көремін.
-
Жүргізуші: Мен де. Сыныптастарыңмен
кездесіп тұрасың ба?
-
Жүргізуші: иә, Олардың көбісі сол
мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.
-
Жүргізуші: Кімдер
олар?
-
Жүргізуші: сол мектептегі мұғалімдер
аты-жөні жазылады.
-
Жүргізуші: Көп екен
ғой?
-
Жүргізуші: ия. Ееее, мектеп кезінде от
болып лаулап жүретінбіз ғой, шіркін! Біздің сыныпта Гүлжамал деген
қыз бар еді, өзі қатты төбелесетін. Қазір төбелесті қойып, мықты
мұғалім болып кеткен, қуанамын.
-
Жүргізуші: Біздің сыныпта да сондай бір
қыз бар еді, есімі Дана Айткулова Бірақ ол да мықты ұстаз екен.
Барлық ғылыми жобалардан, олимпиадалардан оқушылары жүлделі орынсыз
қайтпайды дейді.
-
Жүргізуші: Айтпақшы, біздің мектепте
еңбектен сабақ беретін Мурат деген ағай бар еді ғой. Сабақтан сәл
кешіксек, зырқ еткізетін еді. Әлі жұмыс жасап жүр
ме?
-
Жүргізуші: Миша ағай туралы айтып тұрсың
ба? Иә, ол кісі әлі де жұмыс жасап жүр.
-
Жүргізуші: Мықты ұстаз
ғой...
-
Жүргізуші: Иә, ұлағатты ұстаз болу – ең
керемет іс. Оқушыларға бар білгеніңді үйретесің. Менің ойымша,
менің сыныптастарым өздерінің мамандықтарын дұрыс таңдай
алған.
-
Жүргізуші: Олай болса, ұлағатты ұстаздық
өмірді таңдаған сыныптастырымызды, барлық мұғалімдерді келе жатқан
төл мерекесімен құттықтап қайтайық!
1-
Жүргізуші: Уайымдап тұрмын, мұғалімдер
күніне қалай өтеді екен?
2-
Жүргізуші: Уайымдама, сіздерде
уайымдамаңыздар бәрі керемет өтеді.
Би:
ФАНФАР
ОЙНАЙДЫ
Екі жүргізуші
шығады.
-
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
асыл жандар!
-
Жүргізуші: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз»
деген,
Бар тіршілік бақытты
ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше
мұратына
Білім іздеп лапылдап жана
берем, құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз.
-
Жүргізуші: Біздің мектептің ұстаздары
«Алтын» ғой. Алтын деуімнің себебі: мектебіміздің ұлағатты
ұстаздары Қазақстанға танымал шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен
сусындатқан. Дәл № мектептің ұстаздарының берген білімдерімен
біздің түлектеріміз Елімізге танымал.
-
Жүргізуші: Ия, мектептегі әр бір ұстаздың
оқушы үшін мәні бөлек, бала жүрегінен ерекше ойып алар орны
бар.
-
Жүргізуші: Мектебіміздің ұстаздарын қоңыр
күздің самал желімен қатар келген төл мерекелерімен құттықтау үшін
ортаға мектеп директоры ******* шақырамыз.
Құттықтау
сөз
-
Жүргізуші: Осы тұста
мен қызықты ақпараттармен
бөліскім келіп тұр. Бүгін екінші
қазан
Григориан
күнтізбесінде жылдың 275-ші күні яғни 2021 Жылдың
аяқталуына 90 күн қалды.
2009 жылдың 2 мамырында
Копенгагенде әлеуметтік педагогтардың XVII Халықаралық коференциясы
өтті. Айтулы іс-шараға әлемнің 44 елінен келген өкілдер қатысқан.
Осы күні әлеуметтік педагогтар күні
белгіленді.
-
Жүргізуші: Олай болса, бізде
мектебіміздің жалғыз әлеуметтік – педагогін Копенгагенде бекітілген
әлеуметтік педагогтар күнімен шын жүректен
құттықтаймыз.
-
Жүргізуші: Барша ұстаздардың құрметіне
мектептебіміздегі іс-тәжірибеден өтуші, болашақ педагогтердің
сіздерге арналған әнін қабыл алыңыздар.
Ән:
«Ұстазым»
-
Жүргізуші: Дархан , менің саған және
барша ұстаздарға айтар керемет жаңалығым
бар.
-
Жүргізуші: Жағымды болса бөліссей,
барлығымыз мәз болып қалайық.
-
Жүргізуші: ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев 2022
жылдың қаңтар айынан бастап, барша мұғалімдердің жалақысын 25%-ға
көтеріледі деп хабарлады.
-
Жүргізуші: Бұл жаңалықты біздің
мұғалімдер сенен бұрын естіп қойған сияқты ғой, ешкім күліп қуанып
отқан жоқ.
-
Жүргізуші: Просто біздің мұғалімдер
эмоцияларын сақтап отыр. Әйтпесе, бұл жаңалықты естіп, іштерінен
кредиттерін есептеп отыр.
-
Жүргізуші: Сандуғаш, менің де саған айтар
жақсы жаңалығым бар.
-
Жүргізуші: Қандай
жаңалық?
-
Жүргізуші: бүгінгі мерекелік іс-шарамызға
жұлдызды қонақ келіп , сахнаның артында мұғалімдерді құттықтаймын
деп дайындалып тұр.
-
Жүргізуші: Кім болды екен? Қайрат
Нұртасты 2 қазан күні Шымкентке тойға келеді деген еді, сол емес
пе?
-
Жүргізуші: Жоқ, жұлдызды қонағымыз, ол –
біздің ата-анамыз. Жұбайы біздің мектепте
мұғалім.
-
Жүргізуші: Өзі актер, өзі шоумен, өзі
сценарист
-
Жүргізуші: Қарсы алыңыздар № мектептің
ұстаздарын құттықтауға келіп тұрған жұлдызды қонағымыз –
Дәнекеееееер Оразбаааааааай!
ФОН -Rihanna –
Dimonds
Дәнекер Оразбайдың
құттықтауы
-
Жүргізуші: Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға
білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
-
Жүргізуші: Бүгінгі әнде, барлық құрметте,
әзілде тек сіздер үшін.
-
Жүргізуші: Олай болса, шәкірттеріміздің
құттықтау номеріне кезек берейік. «Болашақ» өзін-өзі басқару
ұйымының сәлемдемесін қабыл алыңыздар.
«Болашақ» өзін-өзі басқару
ұйымы
-
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, араларыңызда мектебімізге
ерең еңбегі сінген ұстаздарымызды ортаға шақырып бір сұрақ қойсақ
деп едік, қарсы емессіздер ме?
-
Жүргізуші: Сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы –
ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып,
өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат
етіңіздер.
-
Жүргізуші: 1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай
келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші
оқиға немесе бір жағдай болды ма?
-
Жүргізуші: 2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің
батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай
қасиет адам бойынан табылу керек деп
ойлайсыз?
-
Жүргізуші: 3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен
мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар
тілегіңіз?
-
Жүргізуші: Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан
ұстаздар.
-
Жүргізуші: Сіздердің
құрметтеріңізге мектебіміздің
2008жылғы түлектердің орындауындағы
«Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Ән
«Ұстазым»
-
Жүргізуші: Айта берсек ұстазға тіл
жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін
төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма
Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп
өтпеген?
2-
Жүргізуші: Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар
қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз.