І бөлім: Туған жерім - аялы алтын бесігім
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы «Аяз би» ертегісі
|
Сабақ мақсаттары |
Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.. |
|
Сабақ соңында оқушылар |
|
|
Тірек сөздер |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет теориясы, қазақ тілі |
|
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, сыйластық, құрмет |
|
Қажетті ресурстар: |
А4 қағаздар, түрлі - түсті маркерлер |
|
Тапсырманың негіздемесі: |
шығармадан эпизодтарды анықтауға, эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасауға бағытталған |
Қызығушылықты ояту кезеңі
Мәтінді оқы. Ойыңмен бөліс. Сұрақтарға жауап бер.
-
Аяз бидің тарихта алатын орны қандай?
-
«Аяз би әліңді, Құмырсқа жолыңды біл» мақалындағы Құмырсқаның Аяз би өміріндегі орны қандай?
-
«Барсакелмес» деген жер атауы тарихта шынымен болған ба? Дәлелде
-
Неліктен «Барсакелмес» жер атауы ертегіге арқау болған деп ойлайсың?
Аяз би Жаманұлы (шамамен XII — XIII ғасыр) Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", - деп жазады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының "Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы-қоға, құс жаманы- сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді» Тарихи аңыздарға қарағанда, Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген.Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінен 200 шақырымдай жерде табылған «Аяз» қаласының орны да дәлелдейді. Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір, кейін өзі хан болып ел басқарған. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Мәтін бөлігінде берілген оқиға алдындағы эпизодты суретке қарап отырып, еске түсіріп жаз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2- тапсырма
Эпизод дегенді қалай түсіндің? Ертегідегі өзіңе ұнаған эпизодты мазмұндап айт. Неліктен ең қызықты эпизод екенін дәлелде.
Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді.
-
Тапсырма
Аяз би ертегісіндегі негізгі эпизодтарды анықта.

4-тапсырма
Егер сенде «Аяз би» ертегісіне бір эпизод енгізетін болсаң, ол негізгі эпизод болар ма еді, қосалқы эпизод болар ма еді? Эпизод ертегінің қай кезінде, не туралы болатынын талда, Жұбыңмен ой бөліс
Бағалау дескрипторы
Оқушылар өзін-өзі бағалайды
|
Жанрды анықтайды |
|
|
Ертегідегі эпизод маңызын түсінеді |
|
|
Негізгі эпизодтарды анықтайды анықтайды |
|
|
Ұнаған эпизодын дәлелдеп айтады |
|
Саралау тапсырмасы

Қабілеті жоғары оқушыға арналған тапсырма
«Менің ертегім... » Әдебиет деген сиқырлы әлемде тұратын Шыншыл және Қиял хандықтары туралы ертегі ойлап жаз. Әр хандықтың өз заңы, өз ханы бар. Осы хандықта қандай адамдар тұратынын сипаттаңыз. Қалай ойлайсың, бұл хандықтар арасында татулық болуы мүмкін бе? Қандай адамдар екі хандықта да өмір сүре алады деп есептейсің?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аяз би ертегісі

шағым қалдыра аласыз