"Аяз би" ертегісінің маңызы. ҚМЖ 6-сынып. Қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аяз би" ертегісінің маңызы. ҚМЖ 6-сынып. Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың оқу мақсаты: 6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Туған жерім -аялы алтын бесігім

Педагогтің аты-жөні:

Көрпебаева А.

Күні:


Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Аяз би» ертегісінің маңызы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

Сабақтың мақсаты

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Құндылықтар:

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:


Психологиялық ахуал. «Сатамын және сатып аламын» тренингі. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Шеңберде тұрған оқушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді сатып, сенің шыншылдығыңды сатып аламын». Оқушыларды топқа бөлу. Еркін топта отыру (оқушылар қалаған топтарына барып отырады)


Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа білім



Ойқозғау

Құндылық дегеніміз не?


қандай да бір нәрсенің бағалылығы,

маңыздылығы Shape2 Shape3

қShape5 Shape4

Құндылық

ымбаттылығы


Shape6

Shape7

пайдалылығы мәнділігі


Тарихи құндылық – ұлтымыздың төл тарихы , тілі мен ділі .

Көркем құндылық – ұлттық рух, ұлтымыздың мәдениеті.

Дескриптор

-Құндылықтың не екенін анықтайды;

-тарихи және көркем қөұндылықтың не екенін біледі



«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы

.


Берілетін тапсырмалар:

1-тапсырма

Жеке жұмыс












2-тапсырма.

Жұптық жұмыс

































3-тапсырма.

Жеке













Мәтіннен құндылыққа дәлел болатын үзіндіні табыңдар


құндылық

Үзінді (жауабы)

1

әділдік

Сөз тапқанға қолқа жоқ! Олай болса, мен таққа лайық емес екенмін, осы оқиғаны оймен білген сіз лайықты екенсіз, — деп хан тағынан түсіп, тақты Жаманға береді.

2

тапқырлық

Тұлпарыңыз судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. Сиыр күніне қырық суарсаң да судан айдағанда, аузын суға малымай, артқы аяғын сілікімей, өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға шатыс екенін содан білдім, — дейді. Жұрт таң қалып, бір-біріне қарасады.

Берілген үзінділерден кейіпкерлерді тауып, мінездеме беріңіз.

(дұрыс жауабы тұр, оқушыға бірден айтпау керек)

Үзінді

Кімнің сөзі?

Қандай мінез танытты?


«Бұл Жаман біздің жаман кісі іздегенде ат артына мінгестіріп алып келген жаманымыз еді. Бұл күндерде хан оны өзіне жақсы дос қылды; қыз әперді, бізді есепке алмай тастады. Қой, бүйтіп болмас! Біз бұл екеуін араздастырайық. Жаманның әйелін мақтайық, үйіне конаққа апарып көрсетейік. Сөйтіп, екеуінің арасына от жағайық», — деседі.

уәзірлер

Көреалмаушылық, қызғаншақтық, іштарлық


Ал, халық, мен де біраз хан болып, қызық көрдім. Ендігі хандығымды мынау досыма берем. Сіз де, енді тартынбаңыз, таққа сіз мінуге уақыт жетті, қалған өмірде сізге қызмет етіп, сіздің хан болған қызығыңызды көрейін, — деп, Жаманды қолтықтап әкеліп, хан тағына отырғызды.

Мадан хан

Көрегенділік, мәрттік, адалдық, сыйластық, даналық


сені «Барсақелмеске» жұмсарын көптен-ақ сезгенмін. Риза бол, бірақ жолға жұлқынған жүйрік, жылжыған жорға мінбе, жылқыдағы ең семізді мін. Қырық уәзір сені үш күншілік жерге шығарып салар. Олардың карасы үзілген соң, сен де қайт.

Меңді сұлу

Даналық, ақылдылық, көрегенділік, тапқырлық



Дескриптор:


-құндылыққа дәлел болатын үзінді табады;

- үзінді арқылы кейіпкерлерді табады,

-оларды өзара салыстырады;

-баға береді




«От шашу» әдісі арқылы жұпаралық бағалау



Оқулық, жұмыс дәптерлері, таратпа материалдар,

ертегі үзінділері

Сабақтың соңы

Бекіту

4-тапсырма

Кім тапқыр?

Топтық жұмыс











Берілген сөйлемдерден құндылықты тауып, мақал-мәтелмен түйіндеңіз.

  1. Аяз би әділ би болды.

(Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды)

  1. Жаман таққа отырған соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысыны біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты.

(Досың дос болғанға шаттан,

Дұшпанмен дос болудан сақтан)

  1. Ол қария жұрттан асқан дана еді.

(Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.)

  1. Жаман болса да, ақылына риза болып, тағымды беріп едім.

(Ақылы асқанды аға тұт)

  • Ертегі үзінділерінен құндылықты анықтайды;

  • Мақал-мәтелмен түйіндейді



Үй тапсырмасы

Қазақтың әділ билері туралы хабарлама жазу.



Рефлексия

Қызық. Қиын. Құнды.

Жапырақ бөлімдеріне «Аяз би» ертегісін оқу барысында сендер үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарды жазып, ой қорытыңдар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2024
432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі